• Мое избранное
Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы
Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 9

Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.04.2015 жылғы № 213 Қаулысына сәйкес
Редакция 27.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1189 Қаулысымен (24.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасына еттiң кейбір түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1189 Қаулысымен (24.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағына қатысушы елдермен еркін сауда туралы келісім жасалмаған, не тауарға қатысты еркін сауда режимінен алып қою қолданылатын елдерден шығатын және әкелінген етті Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін 2011 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемдері;
3) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында 2011 жылға арналған тарифтік квоталар көлемдерін бөлу (1-кезең) бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 70-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 750 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 45, 406-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1411 қаулысы.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бір апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 269 қаулысымен
бекітілген
  • 1
Қазақстан Республикасына еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1189 Қаулысымен (24.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасына еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және тарифтiк квоталар көлемдерiн сыртқы сауда қызметiн реттеу құралы ретiнде бөлудiң тәртiбi мен әдiсiн айқындайды.
2. Лицензияларды беру тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында айқындалады.
2. Терминдер мен анықтамалар
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) осының алдындағы кезең – тарифтiк квота белгіленетін жылдың тiкелей алдындағы екi жыл;
2) өнiм берушi елдер – Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы елдер еркiн сауда туралы келiсiм жасаспаған не тауарға қатысты еркiн сауда режимiнен алып қою қолданылатын елдер;
3) тауарды тарихи өнiм берушiнiң әкелу көлемi – өнiм берушi елдерде шығарылған, осының алдындағы кезең үшін Қазақстан Республикасының аумағына «ішкі тұтыну үшін шығару» кедендік рәсімінде әкелінген тауарлардың заттай мәндегі саны;
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2014 жылғы № 157 Қаулысымен (08.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
4) коммерциялық пайдалы сан – тауардың 25 килограмнан астам көлемі;
5) тарифтiк квота көлемi – әкелiнуiне Кеден одағының Бірыңғай кеден тарифі кедендiк әкелу баждарының квотаiшiлiк мөлшерлемелері бойынша салық салынатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi күнтiзбелiк бiр жылға айқындайтын тауарлар көлемi;
6) тарихи өнiм берушi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, мынадай өлшемдерге сәйкес келетін заңды немесе жеке тұлға:
6-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2014 жылғы № 157 Қаулысымен (08.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
осының алдындағы кезеңде немесе тiкелей осы жылдың алдындағы тарифтiк квота белгіленген жылдың ішінде өнiм берушi елдерден тауарды «ішкі тұтыну үшін шығару» кедендік рәсімінде әкелуді жүзеге асыруы тиіс;
тiкелей осы жылдың алдындағы тарифтiк квота белгіленген жылдың iшiнде тауарды әкелу көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болмауы тиiс;
7) тауар – өнім беруші елдер шығарған, оларға қатысты тарифтiк квота белгiленген еттің кейбір түрлері;
7-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2014 жылғы № 157 Қаулысымен (08.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
8) жаңа өнiм берушi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, тауардың тарихи өнiм берушiсі болып табылмайтын заңды немесе жеке тұлға;
8-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2014 жылғы № 157 Қаулысымен (08.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
9) қайта өңдеуші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, мынадай өлшемге сәйкес келетін заңды немесе жеке тұлға:
осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнімдер жіктеуішінің кодтарымен жіктелетін ет өнімінің өндірісін квота белгіленетін жылдың алдындағы жыл ішінде жүзеге асыруы тиіс;
10) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды немесе жеке тұлғалар.
3. Тарифтiк квоталардың көлемдерiн бөлу тәртiбi
4. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiне қарай сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органға және ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органға мынадай: Кеден одағы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 10 белгісі денгейінде кедендік рәсімдерді көрсете отырып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар шығарған елдер бөлінісінде еттің заттай және құндық көлемдері туралы ақпаратты 0201, 0202, 0203, 0207-позициялары бойынша ұсынады.
Көрсетілген ақпарат ішкі тұтыну үшін тауарларды шығару күні бойынша қалыптастырылады.
5. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган жыл сайын:
1) тарифтiк квота белгіленген жылдың 1 қаңтарынан бастап
31 желтоқсанға дейін мыналарға:
жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара мал етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелу үшін лицензия алуға өтініштер беру кезектілігі тәртібімен сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға;
лицензия алуға өтініш беру кезектілігі тәртібімен құс етiн (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелу үшін жаңа өнім берушілерге;
сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202), шошқа (коды КО СЭҚ ТН 0203) және құс етiн (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелу үшін тарифтік квоталарды бөлу нәтижелері бойынша есептелген көлемде тарихи өнім берушілерге;
сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202), шошқа (коды КО СЭҚ ТН 0203) етін әкелу үшін тарифтік квоталарды бөлу нәтижелері бойынша есептелген көлемде қайта өңдеушілерге лицензиялар беруді жүзеге асырады;
2) тарифтік квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 қазанына дейін түсіндірулер беру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, www.minplan.gov.kz, www.comtorg.kz, www.trade.gov.kz интернет ресурстарында өзіне қатысты тарифтік квота белгіленетін тауардың атауы туралы ақпаратты, жаңа өнім берушілер мен сыртқы сауда қызметіне қатысушылар үшін айқындалған тарифтік квотаның көлемін, жаңа өнім берушілер мен сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тауар әкелуі үшін шарттарды орналастырады;
3) тарифтік квота белгіленетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін тарихи өнім берушілер арасында бөлудің бірінші кезеңін, сондай-ақ тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлудің бірінші кезеңін бекіту бойынша Үкіметтің тиісті шешімінің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады;
4) тарифтік квота белгіленетін жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін тарихи өнім берушілер арасында бөлудің екінші кезеңін, сондай-ақ тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлудің екінші кезеңін бекіту бойынша Үкіметтің тиісті шешімінің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады.
6. Ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган жыл сайын:
1) тарифтiк квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 қазанына дейін түсіндірулер беру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, www.minagri.gov.kz интернет ресурсында қайта өңдеушілер арасында бөлінетін тауардың түрлері мен көлемін көрсете отырып, тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу үшін қайта өңдеушілерден өтінімдер қабылдау туралы хабарламаны, сондай-ақ өтінімдерді қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты орналастырады;
2) тарифтік квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін (қоса алғанда) қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталарды бөлуге қатысу үшін қайта өңдеушілерден өтінімдер жинауды жүзеге асырады;
3) тарифтік квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға қайта өңдеушілер талап етпеген тарифтік көлемдер туралы ақпаратты ұсынады;
4) тарифтік квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін қайта өңдеушілер арасында бөлуді, сондай-ақ қайта өңдеушілер үшін бөлінген тарифтік квоталарды қайта өңдеушілер арасында бөлуді бекіту бойынша Үкіметтің тиісті шешімінің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады.
7. Тарихи өнім берушілер арасында сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202) шошқа (коды КО СЭҚ ТН 0203) және құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге тарифтік квоталар көлімдерін бөлу осы Қағидаларда айқындалған Тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлу әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жаңа өнім берушілер арасында құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге тарифтік квотаның көлемдерін бөлу осы Қағидаларда айқындалған Жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлу әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қайта өңдеушілер арасында сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202) және шошқа етiн (коды КО СЭҚ ТН 0203) әкелуге тарифтік квоталар көлемдерін бөлу осы Қағидаларда айқындалған Қайта өңдеушілер арасында тарифтік квоталарды бөлу әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталар көлемдерін бөлу Жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге тарифтік квоталар көлемдерін бөлу әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.
8. Тарихи өнім берушілердің, жаңа өнім берушілердің, қайта өңдеушілердің және сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында тарифтік квоталардың жыл сайын белгіленетін көлемдерін бөлу мынадай:
тарихи өнім берушілерге: сиыр етiн (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 55 %-ы, шошқа етiне (коды КО СЭҚ ТН 0203) 70 %, құс етіне (коды КО СЭҚ ТН 0207) 90 %;
қайта өңдеушілерге: сиыр етiн (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 45 %-ы, шошқа етiне (коды КО СЭҚ ТН 0203) 30 %;
жаңа өнім берушілерге: құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 10 %-ы;
сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға: жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 100 %-ы.
9. Тарифтiк квоталар көлемдері өнiм берушi елдер арасында Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша осының алдындағы кезеңде көрсетілген елдерден әкелу көлемiне барабар бөлінуі мүмкін.
4. Тарихи өнiм берушiлер арасында тарифтiк квоталарды бөлу әдiсi
10. Тарихи өнім берушілер үшін бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін тарихи өнім берушілер арасында бөлу екі кезеңде жүзеге асырылады.
  • 1
11. Бірінші кезең шеңберінде тарихи өнім берушілер арасында тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемінің 25 пайызы бөлінеді.
Әрбір тарихи өнiм берушiлердің тарифтік квотасының көлемін есептеу әрбір өнім беруші үшін тауардың әрбір түрі бойынша мынадай формула бойынша жеке жүргізіледі:
q 9 = V I + V II-9
_____________
V’ I+ V’ II-9
*0,25*Q
мұндағы:
q9 – бірінші кезең шеңберiнде тарихи өнім берушiге бөлінген тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;
Q - тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтiк квотаның жылдық көлемi, килограммен;
VI – осының алдындағы кезеңнiң бiрiншi жылында тарихи өнiм берушiнiң тауарды әкелу көлемi, килограммен;
VII-9 - тарифтiк квота белгіленген жылдың алдындағы жылдың 9 айында тарихи өнiм берушiнiң тауарды әкелу көлемi, килограммен;
V’I – тарифтік квота белгіленген жылдың тікелей алдындағы жылдың 9 айында әкелуді жүзеге асыратын барлық тарихи өнiм берушiлердiң осының алдындағы кезеңнің бірінші жылында тауарды әкелу көлемi, килограммен;
V’II-9 - тарифтiк квота белгіленген жылдың тікелей алдындағы жылдың 9 айында барлық тарихи өнiм берушiлердің Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелу көлемi, килограммен.
12. Екінші кезең шеңберінде тарихи өнім берушілердің арасында тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерінің 100 пайызы бөлінеді.
Әрбір тарихи өнiм берушiнiң тарифтiк квотасының көлемiн есептеу әрбір өнім беруші үшін тауардың әрбір түрі бойынша мынадай формула бойынша жеке жүргiзiледi:
q 12 = V
_____
V’
* Q – q 9
мұндағы:
q12 – екінші кезең шеңберiнде тарихи өнiм берушiге бөлінген тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;
Q – тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтiк квотаның жылдық көлемi, килограммен;
q9 – бірінші кезең шеңберiнде тарихи өнiм берушiге бөлінген тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;
V – осының алдындағы кезеңде тарихи өнім берушi жүзеге асырған тауарды әкелу көлемi, килограммен;
V’– тарифтік квота белгіленген жылдың тікелей алдындағы жылы әкелуді жүзеге асырған барлық тарихи өнiм берушiлердiң осының алдындағы кезеңде тауарды әкелу көлемі, килограммен.
13. Осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында белгіленген формулалар бойынша жүргiзiлген есептердің нәтижелері математикалық түрде тұтас санға дейiн дөңгелектенедi (килограмм мәніне дейін).
Егер есеп нәтижелері бойынша тарихи өнім беруші үшін алынған тарифтік квотаның көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болса, онда осы көлем қалған тарихи өнім берушілер арасында бөлінеді.
5. Жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квоталар көлемдерін бөлу әдісі 
14. Жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квоталар көлемдерін бөлу әкелуге лицензия алуға жаңа өнім берушілердің өтініштер беруінің кезектілігі тәртібімен жүзеге асырылады.
Жаңа өнім берушілер үшін көзделген тарифтік квоталар көлемдерін сарқылғанға дейін әкелуге лицензияны сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган береді.
15. Лицензия алу үшін өтінім берілген тауардың көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болмауы тиіс және жаңа өнім берушілер үшін бекітілген тарифтік квотаның жалпы көлемінің 15 %-ынан аспауы тиіс.
15-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2014 жылғы № 157 Қаулысымен (08.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
16. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган құс етін әкелуге (коды КО СЭҚ ТН 0207) лицензиялар берілген тарифтік квоталардың көлемі туралы және бөлінбей қалған көлем туралы мәліметтерді www.minplan.gov.kz, www.comtorg.kz, www.trade.gov.kz интернет ресурстарында апта сайын жариялайды.
6. Қайта өңдеушілер арасында тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлу әдiсi
17. Қайта өңдеушілер арасында тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлу қайта өңдеушілердің өтінімдері негізінде жүзеге асырылады.
18. Қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу үшін қайта өңдеушілер ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
еттің әрбір түрі бойынша тарифтік квоталардың қажет етілетін көлемін көрсете отырып, сондай-ақ дайын тауардың әрбір түрі бойынша дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылған шикізат көлемінде еттің әрбір түрінің үлесін көрсете отырып осы, Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтінімді;
кәсіпорынның (дара кәсіпкерлер үшін – өнеркәсіптік өнім өндірумен айналысатын дара кәсіпкерлерді іріктеп байқап тексеру сауалнамасы) осының алдындағы толық жыл үшін құжатты қабылдау туралы статистика органының белгісімен өнімді өндіру және жөнелту туралы статистика органдарына есебінің нотариатта куәландырылған көшірмесін (не салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде көшірмені) ұсынады.
19. Егер барлық қайта өңдеушілер өтінім берген тауардың көлемі қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлеміне тең немесе одан аз болса, онда тарифтік квоталар көлемі қайта өңдеушілер арасында сұратылатын көлемге сәйкес бөлінеді.
Қайта өңдеушілер пайдаланбаған тарифтік квоталар көлемдері Тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлу әдісіне сәйкес тарихи өнім берушілер арасында бөлінеді.
  • 1
20. Егер барлық қайта өңдеушілер өтінім берген тауардың көлемі қайта өңдеушілер үшін бөлінген тарифтік квоталар көлемінен асып кетсе, онда тарифтік квота көлемі тарифтік квоталар көлемдерін бөлудің алдындағы толық жылға әрбір қайта өңдеушінің еттің әрбір түрін тұтынуының көлеміне пропорционалды түрде мынадай формулалар бойынша бөлінеді:
1)
V Г тұтыну = P * K * S Г
__________
100%


;
V С тұтыну = P * K * S С
_____________
100%
мұндағы:
VГ тұтыну – тарифтік квоталар көлемін алуға өтінім берген қайта өңдеушінің сиыр етін тұтыну көлемі, килограммен;
Р – кәсіпорынның өнімді өндіру және жөнелту туралы статистика органдарына есебінде (дара кәсіпкерлер үшін өнеркәсіптік өнімнің өндірумен айналысатын дара кәсіпкерлерді іріктеп байқап тексеру сауалнамасы) көрсетілген қайта өңдеуші өндірісінің көлемі, килограммен;
К – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ет өнімдерін етке ауыстыру коэффициенті;
SГ – дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын шикізаттың жалпы көлемінде сиыр етінің үлесі, пайыздық мәнде;
VС тұтыну – қайта өңдеушінің шошқа етін тұтыну көлемі, килограммен;
SС - дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын шикізаттың жалпы көлемінде шошқа етінің үлесі, пайыздық мәнде;
2)
D Г = V Г тұтыну
__________
V Г тұтыну


*100%


;


D С =
V С тұтыну
_________
V С тұтыну


*100%
  • 1
мұндағы:
DГ – тарифтік квоталар көлемдерін алуға өтінім берген қайта өңдеушілердің сиыр етін тұтынуының жалпы көлемінде қайта өңдеушінің үлесі, пайыздық мәнде;
 VГ - барлық өтінім берген қайта өңдеушілердің сиыр етін тұтыну көлемінің сомасы, килограммен;
DС - тарифтік квоталар көлемдерін алуға өтінім берген қайта өңдеушілердің шошқа етін тұтынуының жалпы көлемінде қайта өңдеушінің үлесі, пайыздық мәнде;
 VС - барлық өтінім берген қайта өңдеушілердің шошқа етін тұтыну көлемінің сомасы, килограммен;
3)


V Г trq =
V ОГ trq * D Г
______________
100%


;


V С trq =
V ОС trq * D С
________________
100%
мұндағы:
VГ trq – қайта өңдеуші үшін есептелген сиыр етін (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның көлемі;
VОГ trq – қайта өңдеушілер үшін сиыр етін (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның жалпы көлемі;
VС trq – қайта өңдеуші үшін есептелген шошқа етін (коды КО СЭҚ ТН 0203) әкелуге тарифтік квотаның көлемі;
VОС trq – қайта өңдеушілер үшін шошқа етін (коды КО СЭҚ ТН 0203) әкелуге тарифтік квотаның жалпы көлемі.
21. Егер қайта өңдеуші өтінім берген тарифтік квотаның көлемі жоғарыда көрсетілген формулалар бойынша кәсіпорын үшін есептелген тарифтік квотаның көлемінен аз болса, онда қайта өңдеушіге тарифтік квотаның өтінім берілген көлемі айқындалады, қалған көлемдері қалған қайта өңдеушілер арасында еттің әрбір түрі бойынша тұтынудың жалпы көлемінде олардың үлестері пропорционалды түрде бөлінеді.
22. Осы Қағидалардың 20-тармағында белгіленген формулалар бойынша жүргiзiлген есептердің нәтижелері математикалық түрде тұтас санға дейiн дөңгелектенедi (килограмм мәніне дейін).
Егер есеп нәтижелері бойынша қайта өңдеуші үшін тарифтік квотаның алынған көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болса, онда осы көлем басқа қайта өңдеушілер арасында бөлінеді.
23. Кедендік квота әкелу баждарын төлеуден босатуды болжайтын кедендік рәсімдерде тауарды әкелуді жүзеге асыратын қайта өңдеушілерге бөлінбейді.
Кедендік баждарды төлеуден босату іс-қимылдары тоқтатылған жағдайда қайта өңдеушілер тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлуге жалпы негіздерде қатысуға құқығы бар.
24. Ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган тарифтiк квота қолданылатың жылдан бастап:
1) 1 қазанға дейін нақты әкелінген ет туралы деректерді ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта қайта өңдеушілер өндірген өнімнің көлемімен салыстырып тексереді;
2) 1 сәуірге дейін нақты әкелінген ет туралы деректерді толық өткен жылы ет өнімдерін қайта өңдеушілер өндірген ет өнімінің көлемімен салыстырады.
Егер қайта өңдеушінің әкелу көлемі етке қайта есептеуде ет өнімі өндірісінің көлемінен асып кететін жағдайларда, осы қайта өңдеуші келесі 2 жылға тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу құқығынан айырылады.
  • 1
25. Бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін пайдаланбаған қайта өңдеушілер келесі 2 жылға тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлуге қатысу құқығынан айырылады.
Қайта өңдеушілер пайдаланбаған тарифтік квоталар көлемдері осы Қағидаларда айқындалған әдіске сәйкес басқа қайта өңдеушілерге қайта бөлуге жатады.
Тарифтік квоталарды келесі жылдарға бөлу кезінде тарифтік квотаның бөлінген көлемін ішінара пайдаланған қайта өңдеушілер үшін тарифтік квотаның көлемі бұрын әкелінген көлемнен аспайтын деңгейде белгіленеді.
7. Жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге тарифтік квоталарды бөлу әдісі
26. Жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге тарифтік квоталардың көлемдерін бөлу сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың әкелу үшін лицензия алуға өтініштер беру кезектілігі тәртібімен жүзеге асырылады.
Әкелуге лицензияны жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелу үшін көзделген тарифтік квоталардың көлемі сарқылғанға дейін сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган береді.
27. Лицензия алу үшін өтінім берілген тауардың көлемі жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге белгіленген квотаның жалпы көлемінен аспауы тиіс.
28. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган жаңа сойылған немесе мұздатылған ірі қара малдың етін әкелуге (коды КО СЭҚ ТН 0201) лицензиялар берілген тарифтік квоталардың көлемдері туралы және бөлінбей қалған көлемдер туралы мәліметтерді www.minplan.gov.kz, www.comtorg.kz, www.trade.gov.kz интернет ресурстарында апта сайын жариялайды.
8. Өтпелі ережелер
29. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган:
1) 2013 жылғы 15 қарашаға дейін түсіндірулер беру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, www.minplan.gov.kz, www.comtorg.kz, www.trade.gov.kz интернет ресурстарында жаңа өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін көрсете отырып, кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемелері бойынша жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) және құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге лицензия алудың жаңа өнім берушілер үшін мүмкіндіктері туралы хабарландыру орналастырады:
2) 2013 жылғы 15 қарашадан бастап 31 желтоқсанға дейін жаңа қайта өңдеушілерге құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге лицензиялар беруді өтініштер беру кезектілігі тәртібімен жүзеге асырады:
30. Осы Қағидалардың 25-тармағының бірінші бөлігінің ережесі тарифтік квотаның бөлінген көлемін 2015 жылдан бастап пайдаланбаған қайта өңдеушілерге қолданылады.
Қазақстан Республикасына
еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге
арналған тарифтiк квоталардың
көлемдерін бөлу қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің жіктеуіші
Коды Атауы
101314 Еттен, еттік қосымша өнімдерден немесе малдың қанынан жасалған шұжық және ұқсас бұйымдар
101315 Еттен жасалған дайын жартылай фабрикаттар мен еттік қосымша өнімдерден басқа, өзге де еттен, еттік қосымша өнімдер немесе мал қандарынан жасалған дайын және консервіленген өнімдер
Қазақстан Республикасына
еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге
арналған тарифтiк квоталардың
көлемдерін бөлу қағидаларына
2-қосымша
Өтінім
_____________________________________________________________________
(қайта өңдеушінің толық атауы)

Мыналарды:
____________________ тонна көлемінде сиыр етін (коды КО СЭҚ ТН 0202);
____________________ тонна көлемінде шошқа етін (коды КО СЭҚ ТН 0203)
импортқа квота бөлуді сұрайды.
      Кәсіпорнымызда дайын өнім өндірісінде шикі ет түрлерінің
қатынасы мынадай:
Дайын өнімнің атауы Өндірістің көлемі (жылдар бойынша) Дайын өнім өндіру кезінде пайдаланылатын сиыр етінің үлесі, % Дайын өнім өндіру кезінде пайдаланылатын шошқа етінің үлесі, %
























Әкелінетін шикізатты мақсатына қарай пайдалануға міндеттенеміз.
Бірінші басшы ______________________________________________ (Т.А.Ә.)
М.О. (күні)
  • 1
Қазақстан Республикасына
еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге
арналған тарифтiк квоталардың
көлемдерін бөлу қағидаларына
3-қосымша
Ет өнімдерін етке аудару коэффициенттері
Өнім Коэффициент
Шұжық өнімдері (орташа коэффицент) 1,37
Пісірелген шұжықтар, жіңішке шұжықтар, сардельдер 1,2
Жартылай ысталған шұжықтар 1,7
Пісіріліп ысталған шұжықтар 2,0
Шикілей ысталған шұжықтар 2,5
Ет консервілері:

шартты банкілерден қайта есептеу үшін 0,5
салмағынан (тонна) есептеу үшін 1,4
Ет-өсімдік консервілері 0,18
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 269 қаулысымен
бекітілген
  • 1
Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағына қатысушы елдермен еркін сауда туралы келісім жасалмаған, не тауарға қатысты еркін сауда режимінен алып қою қолданылатын елдерден шығатын және әкелінген етті Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін 2011 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемдері
 
СЭҚ ТН коды Тауардың атауы, тауарлардың шыққан елі Көлемі, тонна
0201 Ірі қара малдың еті, жас немесе тоңазытылған 20
0202 Ірі қара малдың еті, мұздатылған 10 000
0203 Шошқаның жас, тоңазытылған немесе мұздатылған еті 7 400
0207 0105 тауар позициясында көрсетілген үй құсының еті және тағамдық қосымша өнімдері, жас, тоңазытылған немесе мұздатылған 110 000
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 269 қаулысымен
бекітілген
  • 1
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында 2011 жылға арналған тарифтік квоталар көлемдерін бөлу (1-кезең)
 
Р/с
СЭҚ-ке қатысушылардың атауы СЭҚ-ке қатысушылардың СТН-і тонна
1 2 3 4
Ірі қара малдың еті, мұздатылған (СЭҚ ТН 0202 коды)
1 «Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 271800004553 740,504
2 «Фахрад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600400236114 494,358
3 «Агропродукт ЛТД» ЖК, Сұлтанғалиев Асан Меңдібайұлы 271812413934 117,767
4 ЖК Сүлейманов Жігерхан Дәулетханұлы 430110158050 187,846
5 «Орал Логистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 270100235356 184,369
6 «United Industries» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600400520260 141,542
7 «Фирма «Рассвет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 061800258789 100,514
8 «Заман-PVL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 451500244239 95,059
9 «Класс Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» біріккен кәсіпорны 150900009128 96,786
10 «Etalim Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 620300298576 136,407
11 «Асадар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 182700238227 62,936
12 «Семей ет комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 182700217070 35,762
13 «Kazakhstan Commerce Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600400540749 26,097
14 «Стерх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 361800035735 7,888
15 «Constant-A» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600700207397 10,568
16 «Unimpex» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 270100235587 1,120
17 ЖК О.Н.Загуменнова 151010745189 0,122
18 «Golden fish ltd.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600400531728 0,293
19 «Ваол лтд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600900584463 0,051
20 «Astra» ЖК, Көмекбаев Жандос Жұмағазыұлы 600411876903 0,009

ЖИЫНЫ
2 500,0
Шошқаның жас, тоңазытылған немесе мұздатылған еті (СЭҚ ТН 0203 коды)
1 «Орал Логистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 270100235356 564,795
2 «Агропродукт ЛТД» ЖК, Сұлтанғалиев Асан Меңдібайұлы 271812413934 239,255
3 «Оптовая Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 090500217222 286,801
4 «Фахрад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600400236114 357,124
5 «Etalim Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 620300298576 108,939
6 ЖК Трубин Николай Михайлович 301211725531 85,777
7 «Беккер и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600200026766 64,502
8 «Павлодарский Смак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 451500246863 37,384
9 «Заман-PVL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 451500244239 27,454
10 Ахметова Любовь Арыстанқызы 061811722785 6,536
11 «Класс Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» біріккен кәсіпорны 150900009128 18,021
12 «Артон-KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 182700237702 10,948
13 «Zaman» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 451500257638 20,365
14 «Unimpex» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 270100235587 5,229
15 ЖК Звягинцев Виктор Александрович 271810163811 6,536
16 ЖК Қуатов Сағидолла Самиғоллаұлы 271812660697 4,565
17 «Стерх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 361800035735 2,151
18 «Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 271800004553 3,265
19 Бұрақанов Нұрлан 151011357479 0,353

ЖИЫНЫ
1 850,000
0105 тауар позициясында көрсетілген үй құсының еті және тағамдық қосымша өнімдері, жас, тоңазытылған немесе мұздатылған (СЭҚ ТН 0207 коды)
1 «Орал Логистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 270100235356 5 010,754
2 «Фахрад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600400236114 3 060,205
3 «Фирма «Рассвет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 061800258789 2 786,043
4 «Агора-М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 061800228171 1 505,424
5 «АЛТА-ХХІ век» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 391700074672 1 634,853
6 «Опт Торг Company plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 391700222672 1 353,748
7 «Каскад LLC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 451500214062 1 143,987
8 «Компания Айс Фуд. Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 620300307634 1 722,508
9 «Казпродукт-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 301900217816 966,460
10 «Ұлан-Б» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 582100271440 1 212,648
11 «Заман-PVL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 451500244239 644,408
12 «Алмас-2000» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 301900211581 1 084,740
13 «Торговый дом Казрос-ІІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600900163377 404,013
14 «ПродСервисАктобе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 061800284854 541,934
15 «Голд Фрейк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600700610810 654,196
16 «Хладоленд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 270100219859 473,954
17 «Оптовая Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 090500217222 334,484
18 «Фрост Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 582100259756 420,895
19 «Агропродукт ЛТД» ЖК, Сұлтанғалиев Асан Меңдібайұлы 271812413934 288,918
20 «Береке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 302000063623 324,803
21 «КРОМЭКСПО-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600400503810 148,362
22 Мамешев Рахым Рахатұлы 061811124557 205,929
23 «Meat team» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600500578497 209,512
24 «Престиж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600700184636 324,533
25 «Санылау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 451500255616 193,105
26 «Талапкер плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 061800279110 158,407
27 «Zaman» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 451500257638 146,022
28 ЖК Сулейманов Жігерхан Дәулетханұлы 430110158050 179,143
29 «АқтауИнвестҚұрылыс 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 430100252482 135,778
30 «Стерх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 361800035735 75,769
31 «Рид-Актау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 430600020072 90,405
32 ЖК Звягинцев Виктор Александрович 271810163811 27,157
33 «The Caspian international restaurants company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600700587757 27,268
34 «Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 271800004553 2,801
35 «Интерфуд» ҚГБК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы облыстық филиалы 090900021750 1,477
36 «Класс Продукт» БК жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 150900009128 2,471
37 «Golden fish ltd.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600400531728 1,539
38 ЖК Грушкевич Светлана Степановна 430610631301 0,152
39 Бұрақанов Нұрлан 151011357479 0,152
40 «Interfood» («Интерфуд») ҚГБК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600900146916 0,995
41 Салихов А.Д. 150310015631 0,049

ЖИЫНЫ
27 500,0