• Мое избранное
Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке басының куәліктерін айырбастау мен берудің мерзімін ұзарту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 12.07.2000 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке басының куәліктерін айырбастау мен берудің мерзімін ұзарту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 4 желтоқсан N 1235.

Қазақстан Республикасының халқын жаңа үлгідегі паспорттармен және жеке басының куәліктерімен құжаттаумен толық қамту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан 
Республикасындағы паспорт жүйесі туралы ережені бекіту туралы" 1993 жылғы 
5 сәуірдегі N 256  

 
  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 
1993 ж., N 10, 124-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
     5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "5. Паспорттардың ескі үлгісін Қазақстан Республикасы азаматтарының 
жаңа үлгідегі паспорттары мен жеке басының куәліктеріне айырбастау 1999 
жылдың 1 наурызына дейін аяқталсын".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі