Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 9) тармақшасына және 126-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы N 558 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 9) тармақшасына және 126-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже) бекітілсін.
2. Ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар директорлар кеңестерінің басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын Үлгілік ережеге сәйкес белгілеуді қамтамасыз етсін.
3. "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі", "ҚазАгро" ұлттық холдингі", "Қазына" орнықты даму қоры", "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамдарына акцияларының пакеттерін мемлекет олардың жарғылық капиталына берген ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдарға қатысты басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру шартын Үлгілік ережеге сәйкес белгіленген тәртіппен айқындау ұсынылсын.
4. "Ұлттық компаниялар мен акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 наурыздағы N 183 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 8, 88-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы N 558 қаулысымен бекітілген
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |