Toggle Dropdown
2
Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы N 558 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 02.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 9) тармақшасына және 126-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже) бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар директорлар кеңестерінің басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын Үлгілік ережеге сәйкес белгілеуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы төрағасы және басқарма мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі айқындайды.
Toggle Dropdown
3. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі", "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамдарына акцияларының пакеттерін мемлекет олардың жарғылық капиталына берген ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдарға қатысты басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру шартын Үлгілік ережеге сәйкес белгіленген тәртіппен айқындау ұсынылсын.
Toggle Dropdown
4. "Ұлттық компаниялар мен акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 наурыздағы N 183 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 8, 88-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
3
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 10 маусымдағы
N 558 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже 1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже) акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - ұйымдар) басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен уәждеу мәселелерінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Осы Үлгілік ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Toggle Dropdown
еңбекақы төлеу - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және осы Үлгілік ережеге сәйкес қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
Toggle Dropdown
лауазымдық жалақы - қызметкердің біліктілігін, орындалатын жұмыстың күрделілігін, санын, сапасы мен жағдайын ескере отырып, еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындағаны үшін айына төленетін қызметкер еңбекақысының тіркелген мөлшері;
Toggle Dropdown
бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы - қол жеткізілген табыстарын материалдық көтермелеу және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс нәтижелеріне қарай жылына бір рет ұйымның басшы қызметкерлеріне төленетін сыйақы. Бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы тұрақты сипатта болмайды.
Toggle Dropdown
1
3. Ұйымның басшы қызметкерлеріне:
Toggle Dropdown
1) бірінші басшы (президент Басқарма төрағасы және тағы сол сияқты);
Toggle Dropdown
2) басшының орынбасары (вице-президент, Басқарма төрағасының орынбасары және тағы сол сияқты);
Toggle Dropdown
3) атқарушы органның (Басқарманың) мүшесі жатады.
Toggle Dropdown
4. Ұйымның басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру ұйымның ағымдағы қаржы жылына арналған бюджетінде еңбекақы төлеуге көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
5. Ұйымның басшы қызметкерінің лауазымдық айлық жалақысының мөлшері, бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы алуға құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен жасалатын еңбек шартында айқындалады.
Toggle Dropdown
6. Осы Үлгілік ереже ұйымға белгіленген тәртіппен тартылатын шетелдік мамандарға - басшы қызметкерлерге қолданылмайды. Шетелдік мамандар - басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу шарттары ұйымның Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалады.
Toggle Dropdown
2. Еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру шарттары
Toggle Dropdown
7. Ұйымның басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлық жалақысының мөлшері орындалатын жұмыстың күрделілігіне, атқарып отырған лауазымына, өндірістің (бизнестің) ерекшеліктері мен ауқымына және оларға байланысты қатерлерге, еңбектің салалық ерекшелігіне, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ұйымның рөлі мен орнына қарай сараланып айқындалады және ұйымның Директорлар кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Toggle Dropdown
7-1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
8. Ұйымның басшы қызметкерлерінің өндірістің тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыруға мүдделілігін күшейту үшін бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу жүргізіледі.
Toggle Dropdown
9. Бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақының мөлшері ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың әрбір басшы қызметкерінің қызметін бағалаудың жеке тәсілі негізінде айқындалады және олардың даму жоспары орындалуының сапалық және сандық көрсеткіштеріне байланысты болады.
Toggle Dropdown
10. Ұйымның басшы қызметкерлеріне бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен шарттары ұйымның Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалады.
Toggle Dropdown
11. Басшы қызметкерлерге бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы аудит жасалған қаржылық есептеме негізінде ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін қаржы жылының нәтижелері бойынша төленеді.
Toggle Dropdown
12. Басшы қызметкердің орташа жалақысын есептеу бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы ескерілмей, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
13. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің басшы қызметкерлерінің, оның ішінде шетелдік мамандардың – басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлық жалақысының шекті мөлшері және еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары ұйымның Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалады.
Toggle Dropdown
14. Басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу және сыйлықақы беру жүйесін белгілеу кезінде ұйымның Директорлар кеңесі осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.