Bestprofi Logo

Қаулы № 248 от 2006-04-05г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 10.01.2016 г.

Документ на казахском языке

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 248 Қаулысы

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.03.2009 жылғы № 426 Қаулысымен (20.03.2008 ж. редакцияны қараңыз) Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 10 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 23.12.2015 жылғы № 1034 Қаулысына сәйкес «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2015 жылғы № 161 Бұйрығын қараңыз

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берiлiп отырған Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.

1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.03.2009 жылғы № 426 Қаулысымен (20.03.2008 ж. редакцияны қараңыз)

2. "Республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын ерекше маңызды топтық жүйелерден ауыз су беру қызметiнiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 76 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 2, 40-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 сәуірдегi N 248 қаулысымен бекiтiлген

Құжат мәтініндегі "департаментіне (басқармасына)", "департаменті (басқармасы)" және "департаменттері" (басқармалары) сөздері "басқармасына", "басқармасы" және "басқармалары" сөздерімен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 20.03.2008 жылғы №276 Қаулысы бойынша (05.04.2006 ж. редакцияны қараңыз) Тақырыптағы және құжат мәтініндегі "топтық" сөзден кейін "және оқшау" сөздермен толықтырылды ҚР Үкіметінің 30.03.2009 жылғы № 426 Қаулысы бойынша (20.03.2008 ж. редакцияны қараңыз)

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi

1. Осы Ереже тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебiнен және шегiнде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.02.2011 жылғы № 146 Қаулысымен (29.01.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.05.2011 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.08.2011 жылғы № 943 Қаулысымен (17.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.09.2011 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

су берушi - ауыз су беру жөнiнде сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiне қызмет көрсететiн және су шаруашылығы жүйелерi қызметтерiн көрсету жөнiндегi табиғи монополия субъектiсi болып табылатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;

су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға.

3. Субсидиялар су ресурстарын коммерциялық мүдделерге пайдалануды қоспағанда, өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін су пайдаланушыларға ауыз су беру жөнiндегi сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiне қызмет көрсететiн су берушiлердің шығындарын толық немесе iшiнара өтеуге (көрсетілген қызметтердiң құнын арзандатуға) арналады.

3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.08.2011 жылғы № 943 Қаулысымен (17.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.09.2011 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.07.2014 жылғы № 799 Қаулысымен (14.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

4. Әрбір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) үшін субсидиялардың сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) ұсынған, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған сомалар негізінде бекітіледі.

4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.04.2012 жылғы № 489 Қаулысымен (23.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2012 жылдан бастап) 4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.07.2014 жылғы № 799 Қаулысымен (14.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

5. Субсидиялар су берушiлерге елді мекендердегі бір тұрғынға белгіленген орташа тәуліктік үлестік су тұтыну шегінде субсидияларды ескере отырып, тарифтер бойынша су пайдаланушылардың бөлiнген нүктелерiне ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн төленедi.

5-тармақ өзгертілді өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.02.2011 жылғы № 146 Қаулысымен (29.01.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.05.2011 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

6. Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың топтық су құбырлары және оқшау жүйелері бөлінісінде су берушілер үшін берілген ауыз судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған, тиісті қаржы жылдарына арналған субсидиялар мөлшерін табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің айырмасы ретінде:

6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.08.2011 жылғы № 943 Қаулысымен (17.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.09.2011 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.04.2012 жылғы № 489 Қаулысымен (23.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2012 жылдан бастап) 6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.09.2012 жылғы № 1201 Қаулысымен (19.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)

1) үйлері немесе пәтерлері ішкі сумен жабдықталған, жеке су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 30 (отыз) теңгені;

2) теңгерімдік тиесілілігі шегінде орналасқан және бірыңғай су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған сумен жабдықтау желілерін пайдаланатын су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 40 (қырық) теңгені;

3) бұдан әрі тазалауды және оны ауыз су су тұтыну жағдайына дейін жеткізуді қажет ететін, ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше топтық және оқшау жүйелерінен берілген 1 (бір) текше метр суға 0 (нөл) теңгені шегергенде белгіленген лимиттің шегінде кепілдік берілген сапада ауыз су беру жөнінде көрсетілген қызметтер үшін белгілейді.

6-1. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері мен Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті жылға арналған төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде облыстардың және Астана, Алматы қалалары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлемдеріне сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана, Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударады.

6-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.04.2012 жылғы № 489 Қаулысымен (23.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2012 жылдан бастап) 6-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.07.2014 жылғы № 799 Қаулысымен (14.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

6-2. Сумен жабдықтаудың топтық, оқшау жүйелері бойынша облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттік бағдарлама әкімшісі тиісті жылға арналған төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлеміне сәйкес су берушілерге субсидиялар сомасын аударады.

Ереже 6-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 19.07.2014 жылғы № 799 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

7. Ауыз су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялар алу үшін су беруші:

7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.04.2012 жылғы № 489 Қаулысымен (23.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2012 жылдан бастап) 7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.09.2012 жылғы № 1201 Қаулысымен (19.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)

1) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен келісілген субсидияларды ескеріп, берілетін ауыз су көлемін, көрсетілетін қызметтерге ақыны және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ауыз су беру жөніндегі қызметтерге бекіткен тарифті көрсете отырып, тариф бойынша ауыз су беруге арналған шарт жасалатын су пайдаланушылардың тізбесін (бұдан әрі – су пайдаланушылардың тізбесі) ұсынады;

1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.07.2014 жылғы № 799 Қаулысымен (14.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

2) осы Ережеге қосымшаға сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен келісілген және үш данада (су беруші, су пайдаланушы, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы үшін) жасалған субсидияларды ескеріп, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде қызметтер көрсету актілерімен қоса бере отырып, су пайдаланушылар бөлінісінде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ай сайын субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін береді;

2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.07.2014 жылғы № 799 Қаулысымен (14.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

3) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

3-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 14.09.2012 № 1201 Қаулысымен (19.04.2012 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)

8. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы:

8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.03.2009 жылғы № 426 Қаулысымен (20.03.2008 ж. редакцияны қараңыз) 8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.04.2012 жылғы № 489 Қаулысымен (23.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2012 жылдан бастап) 8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.07.2014 жылғы № 799 Қаулысымен (14.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

су пайдаланушылардың тiзбесiн алған күннен бастап он күн мерзiмде оны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегiнде бекiтедi;

су пайдаланушылар бөлiнiсiнде ұсынылған субсидиялар ескерiле отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн, осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес қызметтер көрсетудi негiздейтiн құжаттарды ай сайын тексередi және алған күнiнен бастап он күн мерзiмде бекiтедi;

ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн және төлемге шоттарды алған күнiнен бастап он күн мерзiмде оларды субсидияларды төлеу үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарына ұсынады;

есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiне дейiн субсидиялардың тиесiлi сомаларын су берушiлердiң есеп шоттарына аударады;

облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне қарай, бірақ тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бекіткен нысан бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне төленген субсидиялар көлемі туралы есеп пен субсидиялардың нысаналы пайдаланылғанын көрсететін басқа да есептерді береді.

9. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің аударылмағаны үшін жауапты болады.

9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.04.2012 жылғы № 489 Қаулысымен (23.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2012 жылдан бастап) 9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.07.2014 жылғы № 799 Қаулысымен (14.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

10. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес келмейтіндей пайдаланғаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін жауапты болады.

10-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 30.03.2009 жылғы № 426 Қаулысына сәйкес

11. Қандай да бір облыс және Астана, Алматы қалалары бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті жылға арналған республикалық бюджетке көзделген қаражат шегінде субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.

11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.04.2012 жылғы № 489 Қаулысымен (23.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2012 жылдан бастап) 11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.07.2014 жылғы № 799 Қаулысымен (14.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесіне қосымша

Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.04.2012 жылғы № 489 Қаулысымен (23.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2012 жылдан бастап)

«БЕКІТЕМІН» Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз су беру жөніндегі нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі

Р/с № Су пайдаланушылардың атауы Су беру лимиті мың текше метр Берілген су, мың текше метр Бекітілген тариф 1000 текше метр үшін теңге
Жыл басынан бері Оның ішінде есепті айда
1 2 3 4 5 6

Көрсетілген қызметтердің құны, теңге Субсидиялар мөлшері (тарифтік сметаларда ескерілген шығындардың %-ы) теңге Жыл басынан бері субсидиялар төленді, теңге Төленуге тиіс, теңге
Жыл басынан бері Оның ішінде есепті айда Жыл басынан бері Оның ішінде есепті айда
7 8 9 10 11 12






Ескертпе: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы бекіткен су пайдаланушылар тізбесіндегідей ретпен келтіріледі.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание