БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке алу жөніндегі ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 17 маусымдағы N 655 және "Шетелдіктердің асырап алуына берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 11 сәуірдегі N 08-1/31 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 30 қарашадағы N 08-1/363 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4025
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 6 шілдеден бастап ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 03.04.2015 жылғы № 11-1-2/130 Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.05.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылдды - ҚР Сыртқы істер министрінің 04.05.2012 № 08-1-1-1/60 Бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2) "Шетелдіктердің асырап алуына берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 11 сәуірдегі N 08-1/31 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2264 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған 2003 ж., N 25-26, 866-құжат) бұйрығында:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктердің асырап алуына берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу туралы нұсқаулықта:
15-тармақта:
"жарты жылда бір рет" деген сөздер алынып тасталсын;
"барып тұруға міндетті" деген сөздер "барып тұрады" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
МИНИСТР
"Келісілді" Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметінің директоры
2005 жылғы 21 желтоқсан
"Келісілді" Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2005 жылғы 11 желтоқсан
"Келісілді" Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2005 жылғы 1 желтоқсан
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |