Toggle Dropdown
Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 316 қаулысы
Toggle Dropdown
Осы редакция 21.07.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Toggle Dropdown
" Автомобиль көлiгi туралы " 2003 жылғы 4 шiлдедегі және " Автомобиль жолдары туралы " 2001 жылғы 17 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өту ережесi және қауіпті жүктердi тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлік құралдарына қойылатын бiлiктiлік талаптар бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жiберiлген қауіпті жүктердiң тiзбесi бекiтілсiн.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 12 наурыздағы
N 316 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту ережесi және қауiптi жүктердi тасымалдайтын жүргізушілер мен автокөлік құралдарына қойылатын біліктілік талаптары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту ережесi және қауiптi жүктердi тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптары (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi, "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрленген.
Toggle Dropdown
2. Ереженiң әрекетi қауiптi жүктердің тасымалына байланысты заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
Toggle Dropdown
3. Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезінде олардың өзiндiк ерекшелiгiне байланысты техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өрт шығуына немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтімiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез-келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiс және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады.
Toggle Dropdown
4. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде қолданыстағы стандарттарға сәйкес қауiптi жүктердiң жiктемесi қолданылады.
Toggle Dropdown
2. Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктер
тасымалын ұйымдастыру
Toggle Dropdown
5. Қауiптi жүктердi тасымалдау көлiк саласындағы уәкiлеттi орган беретiн лицензияның негiзiнде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктердiң тасымалын жүзеге асыратын көлiк құралдарының жүргiзушiлерi және қауiптi жүктердiң тасымалы үшiн пайдаланатын автокөлiк құралдары осы Ереженiң 3 және 4-бөлiмдерiнде жазылған бiлiктiлiк талаптарына сай болуы тиiс.
Toggle Dropdown
7. Қауiптi жүктер мамандандырылған автокөлiк құралдарымен немесе осы мақсатқа бейiмделген басқа көлiк құралдарымен тасымалданады.
Toggle Dropdown
8. Қауіпті жүктердi тасымалдау кезiнде тиiстi уәкiлеттi орган берген нақты қауіпті жүкпен қызметтi жүзеге асыруға лицензияның (рұқсаттың) болуы талап етiледi.
Toggle Dropdown
9. Лицензияның (рұқсаттың) болуы туралы белгі қауiпті жүктi тасымалдау бағытының бланкісіне қойылады (3-қосымша).
Toggle Dropdown
10. Қауiптi жүктер тасымалы жүк жөнелтушi (жүк қабылдаушы) мен тасымалдаушы арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттың негізiнде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Қауіпті жүктердi тасымалдауға арналған шарт өзiндiк ерекшелiктерiне байланысты мынадай:
Toggle Dropdown
1) автокөлiк құралдарын арнайы өңдеу жөнiндегi іс-шаралар туралы;
Toggle Dropdown
2) iлесiп жүрудi ұйымдастыру (қажеттi жағдайда) туралы;
Toggle Dropdown
3) жүргiзушiлердi жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртібi туралы;
Toggle Dropdown
4) қауiп туралы ақпарат жүйесiнiң элементтерiмен қамтамасыз ету тәртiбi туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс.
Toggle Dropdown
11. Қауiпті жүктердi тасымалдау шарты көлiк жүк құжатымен расталады.
Toggle Dropdown
Көлiк жүк құжаты үш данада жасалады және оған жүк жөнелтуші мен тасымалдаушы қол қояды.
Toggle Dropdown
12. Көлiк жүк құжатында мыналар:
Toggle Dropdown
1) жасалған орны және күнi;
Toggle Dropdown
2) жөнелтушiнiң, тасымалдаушының және алушының атаулары (аттары) мен заңды мекен-жайы;
Toggle Dropdown
3) жүктi тасымалдауға қабылдау орны мен күнi және оны тапсырудың көзделген орны;
Toggle Dropdown
4) қауiпті жүктiң БҰҰ қабылдаған нөмiрiнiң белгiленуi, оны ораудың саны мен тәсiлi (ыдыс, контейнер);
Toggle Dropdown
5) жүк орнының саны, олардың ерекше белгiсi мен нөмiрi;
Toggle Dropdown
6) жүктiң брутто салмағы немесе жүктiң басқаша айтылатын өлшеу бiрлiгіндегi саны;
Toggle Dropdown
7) бастапқы әрiптерi - "ҚЖЖТ" (қауiптi жүктердiң жол тасымалы);
Toggle Dropdown
8) тасымалдауға байланысты шығыстар (алып жүру төлемi, қосымша шығыстар, кедендік баждар мен алымдар, сондай-ақ шарт жасасқан сәттен бастап жүктi тапсыруға дейiнгі өзге де шығындар);
Toggle Dropdown
9) тасымалдау кезiнде қабылдайтын алдын ала сақтық шаралары туралы ақпарат көрсетiлуi тиiс.
Toggle Dropdown
13. Жүк жөнелтуші тасымалдаушыға қауiптi жүктердi тасымалдауға жасалған шартпен бiрге мыналарды:
Toggle Dropdown
1) әрбiр автокөлiк құралына ақпарат кестесiн;
Toggle Dropdown
2) қауiптi жүктiң әрбiр түрiне жүргізушiге арналған нұсқаулықты;
Toggle Dropdown
3) тасымалданатын қауiптi жүкпен қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияны (рұқсатты) ұсынады.
Toggle Dropdown
Көрсетiлген құжаттар жол полициясы органдарымен тасымалдау бағытын келiсу мақсатында, тасымалдау шарты жасалғаннан кейiн, бiрақ тасымал басталғанға дейiн 5 күннен кешiктiрiлмей ұсынылуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
14. Қауiптi жүктердi тасымалдау бағытын әзiрлеудi тасымалдаушы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Тасымалдау бағытын әзiрлеген кезде тасымалдаушы мынадай негiзгi талаптарды басшылыққа алуы тиiс:
Toggle Dropdown
1) бағыт маңында iрi өнеркәсiп объектiлерi болмауы тиiс;
Toggle Dropdown
2) бағыт iрi елдi мекендер арқылы өтпеуі тиiс. Қауiптi жүктердi iрi елдi мекендер пункттерiнiң iшiмен тасымалдау қажет болған жағдайда бағыт ойын-сауық, мәдени-ағарту, оқу, мектепке дейiнгi және емдеу мекемелерінің қасынан өтпеуi тиiс;
Toggle Dropdown
3) тасымалдау бағытында көлiк құралдарының тұрақ орны ескерiлуi тиiс.
Toggle Dropdown
15. Бағыт бiр облыстың шегiнде өтетiн кезде тасымалдау бағыты осы облыста орналасқан жол полициясының бөлiмшелерiмен келiсiледi.