Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1142 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 04.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізін қалаушы қағидаттары, міндеттері мен тәсілдері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
Toggle Dropdown
2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1142 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес туралы ереже
Toggle Dropdown
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес қызметінің міндеттерін, функциялары мен ұйымдастыру негіздерін айқындайды.
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) мемлекеттік және жеке сектор арасындағы әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Кеңес елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негіз қалаушы қағидаттары, міндеттері мен әдістері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін құрылады.
Toggle Dropdown
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Toggle Dropdown
4. Кеңестің қызметі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді тетіктерін құру бойынша практикалық ұсыныстар мен ұсынымдарды бірлесе әзірлеу мақсатында мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми қауым мен үкіметтік емес ұйымдардың практикалық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған.
Toggle Dropdown
Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өзге де кеңестермен өзара іс-қимыл жасайды.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Кеңестің міндеттері мен функциялары
Toggle Dropdown
6. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары:
Toggle Dropdown
1) Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша бірыңғай саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Toggle Dropdown
2) Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негіз қалаушы қағидаттары, міндеттері мен тетіктері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
Toggle Dropdown
3) базалық факторлар («Макроэкономика», «Бизнес», «Технологиялар және инновациялар», «Институттар», «Адами даму») көрсеткіштерін жақсарту арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Toggle Dropdown
4) елдің бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі баяндаманы қалыптастыруға қатысу болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Кеңестің құқықтары
Toggle Dropdown
7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыруға қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін Кеңестің отырыстарына шақыруға және қаралатын мәселелер бойынша тыңдауға;
Toggle Dropdown
3) қажеттілігіне қарай проблемалық мәселелерді талдау және зерделеу үшін мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға;
Toggle Dropdown
4) барлық институционалдық құрылымдармен жүйелі консультациялар беруге;
Toggle Dropdown
5) өз құзыретінің шегінде Кеңестің жанынан кіші жұмыс топтарын құруға құқылы.
Toggle Dropdown
4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
Toggle Dropdown
8. Кеңесті лауазымы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып табылатын төраға басқарады.
Toggle Dropdown
Кеңестің төрағасы Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Кеңес мүшелерінің келісімі бойынша отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу уақыты мен орнын, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды және нақтылайды, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді, Кеңес шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі үшін дербес жауапты болады.
Toggle Dropdown
Кеңес төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
Toggle Dropdown
9. Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін Кеңес хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.
Toggle Dropdown
10. Жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңес мүшелеріне жіберілуі тиіс.
Toggle Dropdown
11. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде үш айда бір рет өткізіледі.
Toggle Dropdown
12. Кеңестің отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды болады. Кеңестің мүшелері оның қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады.
Toggle Dropdown
13. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
14. Кеңес отырыстарына Кеңес мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
15. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Toggle Dropdown
Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңес отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
Toggle Dropdown
Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Toggle Dropdown
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңес хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Toggle Dropdown
Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
Toggle Dropdown
16. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
5. Кеңестің қызметін тоқтату
Toggle Dropdown
17. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1142 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің құрамы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі (келісім бойынша)
Toggle Dropdown
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы (келісім бойынша)
Toggle Dropdown
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Toggle Dropdown
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Toggle Dropdown
«Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Toggle Dropdown
«Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
Toggle Dropdown
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Toggle Dropdown
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
Toggle Dropdown
«Қазақстан кәсіпкерлері форумы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Toggle Dropdown
Қазақстан құрылыс салушылары қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
Toggle Dropdown
«Қазақстан астықты қайта емдеушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің құрылтайшылар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)