Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1142 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 226 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1142 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес туралы ережедегі 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.»;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес құрамына мыналар енгізілсін:
Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер- Серік Нығметұлы Министрі, төраға Әбденов - Қазақстан Республикасының Еңбек және Серік Сақбалдыұлы халықты әлеуметтік қорғау министрі Досаев - Қазақстан Республикасының Экономика және Ерболат Асқарбекұлы бюджеттік жоспарлау министрі Қуандықов - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Болатбек Баянұлы қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы Әбдімомынов - Қазақстан Республикасы Президенті Азамат Құрманбекұлы Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі Айтжанов - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» Дулат Нулиұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша); мына: «Сағынтаев - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму Бақытжан Әбдірұлы және сауда министрі» «Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия және Әсет Өрентайұлы жаңа технологиялар министрі» «Әбілқасымова - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму Мәдина Ерасылқызы және сауда вице-министрі, хатшы» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бақытжан Әбдірұлы бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Исекешев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Әсет Өрентайұлы орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әбілқасымова - Қазақстан Республикасының Экономика және Мәдина Ерасылқызы бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы»;
көрсетілген құрамнан: Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов, Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова, Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов, Серік Кеңесұлы Нокин, Эльдар Мақсұтұлы Сыздықов, Берік Тұрсынбекұлы Бейсенғалиев шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |