• Менің таңдаулыларым
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі N 949 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 14.09.2007 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 2

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 949 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 1599

Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 806 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
"Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 949 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 32, 299-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
Аталған қаулымен бекiтiлген Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы Ереженiң 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
"5. Мемлекеттiк сыйлық екi жылда бiр рет 10 атауда берiледi"; 
Аталған қаулымен бекiтiлген Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi Комиссия туралы Ереженiң 5-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
"5. Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Комиссия екi кезеңде қарайды. Бiрiншi кезеңде сыйлықтар алу конкурсына қатысатын жұмыстар iрiктеледi, екiншi кезеңде - Төралқа үш секцияның бiрлескен мәжiлiсiнде әрқайсысымен сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды".
Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi