Bestprofi Logo

Қаулы № 806 от 2007-09-14г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі N 806 Қаулысы

"Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы N 381 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі N 806 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. "Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі N 949 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 32, 299-құжат).

2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі N 949 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 1599 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 52, 505-құжат).

3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі N 949 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 27 қазандағы N 1085 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 38, 343-құжат).

4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі N 949 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 қазандағы N 1529 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 42, 491-құжат).

5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 қазандағы N 1099 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 33, 358-құжат).

6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі N 949 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 қарашадағы N 1180 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 39, 400-құжат).

8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі N 949 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1283 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 48, 615-құжат).

9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы N 588 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 236-құжат).

10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 шілдедегі N 949 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1030 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 40, 441-құжат).

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание