1. Қоса беріліп отырған "Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
Отправить по почте
Осы редакция 15.11.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 мамырдағы N 743 Қаулысы
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 мамырдағы N 743 қаулысымен бекітілген
"Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) осы Техникалық регламентке қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының жіктеуіші бойынша кодтармен пайдаланылатын барлық өндірілетін (дайындалатын) және әкелінетін (импортталатын) балық және балық өнімдерінің түрлеріне қолданылады.
Осы Техникалық регламент балықтан алынатын тағамдық өнімдердің қауіпсіздігіне, соның ішінде аквадақылдары өнімдеріне, балық және балық өнімдерін өндіру процестеріне, орамасына, таңбалауына және айналымына талаптар белгілейді.
2. Осы Техникалық регламент талаптары:
1) балықтарды көбейту және өсіру (жетілдіру) процестеріне;
2) балалар үшін арнайы тағайындалған (соның ішінде емдәмдік және емдік-профилактикалық) тағамдарға, балық және балық өнімдеріне;
3) балықтан әзірленген биологиялық активті және тағамдық қоспаларға;
4) балықтан әзірленген азықтық және техникалық өнімдерге қолданылмайды.
3. Балық және балық өнімдерін бірдейлендіру ондағы бірдейлендіру белгілерінің бар-жоғын қарап, тексеру арқылы жүргізіледі.
Өнімдерді зерттеу және сынақтан өткізу үшін сынама алу және бірдейлендіру өнімдердің нақты атауына талаптар белгілейтін стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды пайдалану арқылы мынадай жолмен жүргізіледі:
өнім партиясын сипаттаушы құжаттарды талдау;
өнімді зерттеу және сынақтан өткізу;
өнімді қарап (органолептикалық) тексеру;
заттаңбасында, тұтыну ыдысында, қосымша бетінде өніммен бірге ұсынылған мәтін түріндегі ақпаратты зерделеу.
4. Нәтижесінде балық және балық өнімдері адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсерін тигізетін қауіпті ерекшелікке ие болатын неғұрлым ықтимал қатерлерге мыналар жатады:
1) балық және балық өнімдерінің құрамында химиялық ластағыштардың болуы;
2) құрамында улы элементтер, пестицидтер, радионуклидтер, басқа да зиянды заттар мен олардың қалдықтарының болуы;
3) балық және балық өнімдерінің микробиологиялық және паразитологиялық контаминациясы;
4) құрамында пайдалануға тыйым салынған тағамдық қоспалар мен гендік инженерия өнімдерінің болуы.
5. Балық және балық өнімдерін дайындауда және өндіруде:
кәсіпорынның орны мен аумағын таңдау, балық және балық өнімдерін дайындайтын өндірістік аймақтарды (үй-жайларды) орналастыру және жабдықтау;
шикізатты өңдеуге дайындау;
персоналды, жабдықтарды және тұрмыстық үй-жайларды дайындау;
балық және балық өнімдерін өндіру, сақтау және олардың айналымы кезінде туындайтын барлық ықтимал қатерлері ескерілуі тиіс.
2. Терминдер мен анықтамалар
6. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының " Ветеринария туралы " 2002 жылғы 10 шілдедегі, "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ мыналар пайдаланылады:
1) аквадақыл өнімдері - бақыланатын жағдайда өсірілген немесе жетілдірілген балық және балыққа жатпайтын объектілер;
2) балық консистенциясының бұзылуы - етті сүйектен ажырату кезінде паста тәрізденіп, бұлшық ет құрылымының бұзылуы салдарынан балық консистенциясының өзгеруі;
3) жаңа ауланған балық - алыну кезінде сақталу шарты тек салқындату болған балық және балық өнімдері;
4) балық өнімі - тағамдық мақсатта қолдануға арналған табиғи немесе өңделген түрдегі балық;
5) балық шикізаты - азық өнімдерін дайындау үшін қолданылатын тірі, шикі, салқындатылған, мұздатылған балық;
6) жүзу базасы (жүзу құралы) - бортындағы балық аулау өнімдері бір немесе бірнеше орау, салқындату, мұздату, етінен сылыну, кесу операцияларынан өтетін кез келген кеме;
7) жасанды өнім - органолептикалық көрсеткіштері табиғи өнімге сәйкестендірілген балық және балыққа жатпайтын объектілерді пайдалану арқылы дайындалған өнім;
8) контаминация - тамақ өнімдеріне түскен кезде оларды қолдануға қасақана емес қауіпті және жарамсыз ететін балық және балық өнімдерінің табиғаты биологиялық және химиялық бөгде заттармен ластануы;
9) мұздату кемесі - бортындағы балық және балық өнімдері салқындатудан өтетін барлық кемелер;
10) мұздатылған балық - мұздатуға ұшыраған, осы жерде өзіне тән сапаны сақтау үшін температурасы жеткілікті төмендетілген және кейін сату уақытын қоса алғанда, тасымалдау, сақтау және өткізу кезінде осы төмен температураларда сақталған балық;
11) мұздату - тиісті құралмен өнімнің қалыңындағы температурасы -18 о С-тан аспайтындай етіп жүзеге асырылатын технологиялық процесс;
12) сүйектен етті ажырату - балық ұзынынан екі бөлікке бөлінетін, ал қабығы, басы, омыртқасы, иық және қабырға сүйектері, жүзу қанаттары, ішкі құрылысы алынатын, терісі алынатын немесе қалдырылуға болатын балықты бөлудің түрі;
13) салқындатылған балық - өнімнің бұлшық ет қалыңындағы ұлпасы температурасының -1 о С-тан -5 о С-қа дейін төмендеуін қамтамасыз ететін салқындату процесінен өткен балық;
14) салқын ысталған балық - алдын ала тұздалған балықтан түтінмен, түтінсіз немесе аралас әдіспен +40 о С температурада ысталған және ысталған иісі мен дәмі бар өнім;
15) тірі балық - дене, жақ, желбезек қақпағының табиғи қимылы бар табиғи немесе оған жақын келетін тіршілік ортасында жүзетін балық;