• Мое избранное
"Консервілер, пресервілер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Консервілер, пресервілер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 1201 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.03.2021 жылғы № 189 Қаулысына сәйкес 
Редакция 30.01.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Консервілер, пресервілер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысымен (15.11.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысымен (15.11.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3) «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 743 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 236-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
4) тармақшада «өнімдерге қолданылмайды.» деген сөздер «өнімдерге;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) балықтан, аквадақылдардан әзірленген консервілерге, пресервілерге қолданылмайды;»;
62-тармақтың төртінші абзацы алып тасталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 15 қарашадағы
 № 1201 қаулысымен
 бекітілген
«Консервілер, пресервілер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламент
1. Қолданылу саласы
1. Осы «Консервілер, пресервілер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының аумағындағы айналымда және:
1) еттен, ет өнімдерінен;
2) балық, уылдырықтан;
3) аквадақылдардан;
4) жемістерден, көкөністерден және саңырауқұлақтардан;
5) сүтті, сүтті құрайтын, құрамында сүт бар өнімдерден әзірленген консервілердің, пресервілердің қауіпсіздігіне, сондай-ақ олардың тіршілік циклының үдерістеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі - КО СЭҚ БТН) бойынша осы Техникалық регламентке қолдану аясына түсетін консервілер, пресервілер осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
2. Қауіпті факторлар
3. Консервілердің, пресервілердің тіршілік циклы үдерісінде туындайтын, адамның, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барынша азайтылатын қауіпті факторларға:
1) биологиялық - консервілердің, пресервілердің тіршілік циклі үдерісінде қолданылатын, адамдар және азық-түлік шикізаты пайда болу көздері болып табылатын бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар және паразиттер;
2) химиялық - табиғи пайда болған немесе өндіріс үдерісінде енгізілген. Табиғи пайда болған химиялық факторларға аллергендер, микотоксиндер, гистамин, саңырауқұлақтардың токсиндері, моллюскалардың токсиндері, пирролиздинді алкоидтер; енгізілген химиялық факторларға полихлорирленген бифенилдер, пестицидтер, антибиотиктер, өсу гармондары, уытты элементтер, радионуклидтер, нитраттар, нитриттер, бенза(а)пирен, тазалайтын заттар, санитария заттары;
3) физикалық - консервілерді, пресервілерді өндіру үдерісінде пайда болатын шикізаттың, техникалық заттардың, орамның, тамақ қоспаларының және дайын өнімнің лас болуынан пайда болатын басқа қатты объектілер.
3. Бірдейлендіру
4. Бірдейлендіруді консервілердің, пресервілердің олардың сипатталуына және (немесе) үлгісіне және (немесе) қасиеттеріне сәйкестігін растау үшін жеткілікті болып табылатын белгілер, параметрлер, көрсеткіштер мен талаптар бойынша жүргізіледі.
5. Консервілерді, пресервілерді бірдейлендіру стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда, нормативтік-техникалық құжаттамада, тұтыну орамының затбелгілеріндегі ақпаратта және осы консервілерді, пресервілерді сипаттайтын басқа да құжаттарда келтірілген белгілер ескере отырып жүргізіледі.
6. Консервілерді, пресервілерді бірдейлендіру консервілердің, пресервілердің накты атауына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік-техникалық құжаттама пайдаланыла отырып мынадай жолмен жүргізіледі:
1) консервілердің, пресервілердің топтамасын сипаттайтын құжаттарды талдау;
2) консервілерді, пресервілерді зерттеу және (немесе) сынақтан өткізу;
3) консервілердің, пресервілердің құжаттарын және зерттеулердің және (немесе) сынақтардың нәтижелерін талдау.
4. Терминдер мен анықтамалар
7. Осы Техникалық регламентте тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген, сондай-ақ осы Техникалық регламентте қолданылатын терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) аквадақыл өнімдері - су ағзалары (балық, моллюскалар, балдырлар, шаян тәрізділер);
2) балықтан (аквадақылдардан) әзірленген консервілер - құрамында нетто массасы кемінде елу пайыз болуы тиіс балық шикізатынан (аквадақылдардан) әзірленген консервілер;
3) балықтан (теңіз өнімдерінен) әзірленген пресервілер - нетто массасын кемінде алпыс бес пайыз балық (теңіз өнімдері - елу бес пайыздан кем емес) құрайтын, нөл градус Цельсийден аспайтын температура кезінде сақтауға жататын тағам қоспаларын, ингредиенттерді қоса отырып немесе қоспай сегіз пайыздан көп емес ас тұзының салмақтық үлесі бар балықтан (теңіз өнімдерінен) әзірленген пресервілер;
4) балық-өсімдік консервілері - балық шикізаты немесе теңіз өнімдері бөлігінің нетто массасы кемінде елу пайызды құрайтын балықтан немесе теңіз өнімдерінен, аквдақылдардан және өсімдік қоспаларынан әзірленген консервілері;
5) джем (конфитюр) - қант немесе табиғи қант алмастырғыш қосып пісірілген, созылмалы ететін заттар, тағамдық қышқылдар, хош иісті заттар, бояғыштар және басқа да тағамдық қоспалар қосып немесе қоспай, бүтін, туралған немесе ірі етіп үгітілген жемістердің бір немесе бірнеше түрінен алынған созылмалы етілген консервілер;
6) (жемістерді, көкөністерді, саңырауқұлақтарды) бұқтыру жемістердің, көкөністердің, саңырауқұлақтардың қарайып кетпеуін болдырмау, сыртын алып тастау, нитриттер (нитраттар) құрамын азайту, ащы дәмін, өзіне тән иісін жою үшін аз уақыт аралығында өнімді қайнаған сумен немесе бумен өңдеу;
7) жартылай консервілер (пресервілер) - қамтылған ыдысқа тығындалған, қызуға төзімді емес ұрық пайда болдыратын микрофлораларды жоюды қамтамасыз ететін, ұрық пайда болдыратын микроағзалардың санын азайтатын және микробиологиялық тұрақтылыққа кепілдік беретін және алты градус Цельсийден жоғары емес және төмен температуралары кезінде шектелген сақтау мерзімі бойы өнімнің қауіпсіздігін, осы түрінде қолдануға дайын жылу өңдеуге салынған тамақ өнімдері;
8) жеміс (көкөніс, саңырауқұлақ) желесі - бозартылған немесе бозартылмаған жеміс (көкөніс) шырындарынан, сығындыдан немесе жемістің (кекөністің) концентратталған шырындарынан, қанттан немесе қанттардан, және (немесе) қант алмастырғыштардан, және (немесе) тәттілеуіштерден, желелейтін заттардан, хош иістендіргіштен және (немесе) татымды хош иістендіргіш өсімдіктердің сығындылары, тағамдық органикалық қышқылдар, тағамдық бояғыштар мен консерванттар қосып немесе қоспай дайындалған, жемістің берік желелік консистенциясы бар жеміс (көкөніс, саңырауқұлақ) консервілері, бұл ретте жеміс (көкөніс) желесінде жемістер, көкөністер немесе олардың бөліктері, тұқым дәні және біркелкі бөлінген жалпы массада басқа да өсімдік құрамдас бөліктері болуы мүмкін;
9) жеміс (көкөніс) десерті - жаңа піскен, салқындатылған немесе тез мұздатылған бүтін және (немесе) кесілген және (немесе) бір немесе бірнеше түрдегі жемістен (көкөністен), қант немесе қанттар және (немесе) табиғи тәттілеуіштер, жарма немесе басқа да тағамдық ингредиенттер, қоюлатқыштар, тағамдық органикалық қышқылдар, тағамдық хош иістендіргіштер және тағам бояғыштарды қосып немесе қоспай дайындалған жеміс (көкөніс) консервілері;