• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 07.07.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 20 қараша N 1494

Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 7 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 25.06.2018 жылғы № 374 Қаулысына сәйкес
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Заңының 4-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 27, 324-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
кiрiспедегі "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235  Заң күшi бар Жарлығын" деген сөздер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексiн (Салық кодексi)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
4-тармақтағы "Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шетелден Қазақстан Республикасының кеден аумағына iзгiлiк көмегi ретiнде тауарларды әкелу тәртiбi туралы ережеде: 
1-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Уәкiлеттi ұйымдар арқылы Қазақстан Республикасының Yкiметi бөлетiн азық-түлiк, халықтық тұтыну тауарлары, техника, керек-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар мен дәрi-дәрмектер, халықтың өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшiн шетелдер мен халықаралық ұйымдар жiберген өзге заттар, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою түрiнде Қазақстан Республикасына тегiн берiлетiн мүлiк ізгiлiк көмегі болып табылады.". 
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мүдделi министрлiктермен бiрлесiп, он күндiк мерзiмде Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамын өзгерту жөнiндегi қаулы жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн. 
3. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия 2001 жылғы
20 желтоқсанға дейiн халықаралық ізгiлiк көмектi бөлудi жүзеге асыруға 
уәкiлеттi ұйымдардың тiзбесi жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
     4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 1-тармақты 
қоспағанда, жарияланған күнінен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жұманазарова А.Б.