Кедендік одақ туралы келісімге қатысушы мемлекеттерге әкелінетін тауарларға қатысты техникалық, медициналық, фармацевтикалық, санитарлық, мал дәрігерлік, фитосанитарлық және экологиялық стандарттардың, нормалардың, ережелердің және талаптардың қолданылуының бірыңғай тәртібі туралы хаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 қараша N 1716
1998 жылғы 24 қарашада Мәскеу қаласында Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының үкіметтері басшыларының кеңесінде қабылданған шешімдерді атқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1999 жылғы 28 қаңтарда Мәскеу қаласында жасалған Кедендік одақ туралы келісімге қатысушы мемлекеттерге әкелінетін тауарларға қатысты техникалық, медициналық, фармацевтикалық, санитарлық, мал дәрігерлік, фитосанитарлық және экологиялық стандарттардың, нормалардың, ережелердің және талаптардың қолданылуының бірыңғай тәртібі туралы хаттама бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының барлық мүдделі министрліктері мен ведомстволары аталған Хаттаманың ережелерін іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Хаттаманың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Интеграциялық комитетке Хаттаманың бекітілгендігі туралы құлақтандыру жолдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Кеден одағы туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттерге
әкелiнетiн тауарларға қатысты техникалық, медициналық,
фармацевтiк, санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық
және экологиялық стандарттарды, нормаларды, ережелердi
және талаптарды қолданудың бiрыңғай тәртiбi туралы
Хаттама
Бұдан әрi тараптар деп аталатын, Беларусь Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi және Ресей Федерациясының Yкiметi,
1997 жылғы 22 қазандағы Кеден одағын қалыптастыру кезiндегі тарифтiк емес реттеудiң бiрыңғай шаралары туралы Келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
тауарлар импорты саласындағы техникалық, медициналық, фармацевтік, санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық және экологиялық стандарттарды, нормаларды, ережелердi және талаптарды (бұдан әрi - "стандарттар мен талаптар") қолдану тәртiбiн сәйкестендiру - бiрыңғай кеден одағына бiртiндеп көшу шарттарының бiрi болып табылатындығын тани отырып,
қабылданатын шаралар Кеден одағы туралы Келісiмге қатысушы мемлекеттер азаматтарының өмiрiн, денсаулығын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға жәрдемдесетiн болады деп санай отырып,
халықаралық сауда қауіпсiздiгiн сақтау саласындағы халықаралық мiндеттемелерге сәйкес iс-қимыл жасай отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
Тараптар аумағына әкелiнетiн тауарларға қатысты стандарттар мен талаптарды қолданудың бiрыңғай тәртiбiне олар үшiн бiрыңғай стандарттар мен талаптар белгiленген жекелеген тауарларды әкелу тәртiбiн бұзушылықтарды айқындауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған шаралар мен ережелердiң жиынтығы енедi.
Тараптар N 1 Ережеде көрсетiлген министрлiктер мен ведомстволарға Кеден одағы туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттерге әкелiнетiн тауарларға қатысты техникалық, медициналық, фармацевтік, санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық және экологиялық стандарттардың, нормалардың, ережелердің және талаптардың қолданылуын бақылауды белгiлеуге және жүзеге асыруға уәкiлеттiк бередi.
Стандарттар мен талаптарды қолданудың бiрыңғай тәртiбi Тараптар мемлекеттерiнің кеден аумағына әкелiнетiн тауарларға да және өндiрiлетiн тауарларға да қолданылады.
Осы Хаттамада көзделген және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумағында қолданылатын стандарттар мен талаптарға сәйкес келмейтiн тауарларды Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумағына әкелуге тыйым салынсын.
Тараптардың уәкiлеттi органына Тараптар бiрыңғай стандарттар мен талаптарға сәйкес келмейдi деп таныған тауарлар әкелудің жолын кесу үшiн келiсiлген iс-қимылдарды қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тараптардың уәкiлеттi органына Өнiмдердi сертификаттаудан өткiзудiң тәртiбi мен ережелерiне қойылатын жалпы талаптарды басшылыққа алып отыру тапсырылсын (N 2 Ереже).
Кеден органдарына мiндеттi сертификатталуға жататын тауарларды Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумағына әкелу тәртiбi туралы ереженi басшылыққа алуды тапсырылсын (N 3 Ереже).
Уәкiлеттi органға осы Хаттама күшiне енгiзiлген күнiнен бастап үш ай iшiнде сертификаттар үлгiлерiн, сәйкес келудiң ұлттық белгiлерiн, тауарларды сертификаттауды жүзеге асыратын аккредиттелген органдардың тiзбелерiн алмасып отыру тапсырылсын.
Бiрыңғай кеден аумағын құру рәсiмiн аяқтауға дейiн үш айдан кешiктiрмей әкелiнетiн тауарларды мiндеттi сертификаттау кезiнде сәйкес келудiң ұлттық белгiлерiн өзара тану жөнiндегі ведомствоаралық құжат әзiрленсiн және келiсiлсiн.
Келiсiмге қатысушылар болып табылмайтын мемлекеттерден импортталатын мiндеттi сертификатталуға және гигиеналық тiркелуге жататын тауарларды әкелу мен өткiзуге қатысты Кеден одағын қалыптастыру кезiндегi тарифтiк емес реттеудiң бiрыңғай шаралары туралы ұлттық режим қолданылсын.
Осы Хаттаманы iске асыру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру мақсатында Интеграциялық Комитеттiң жанынан Өнiмдердi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комиссияны құру қажет деп саналсын.
Комиссияның, оның жұмысының регламентi және құрамы туралы Ереженi тараптардың уәкiлеттi органдары осы Хаттама күшiне енген күнiнен бастап үш ай iшiнде әзiрлеуге және Интеграциялық Комитеттiң бекiтуiне табыс етуге тиiс.
Комиссия бiрыңғай кеден аумағын құру рәсiмi аяқталғанға дейiн үш айдан кешiктiрмей Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтарына тауарларды әкелу кезінде олардың ұлттық мүдделерiн ескере отырып, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн мiндеттi сертификатталуға жататын тауарлардың бiрыңғай тiзбесiн әзiрлесiн және келiссiн.
Тараптардың уәкiлеттi органдары Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауға жататын тауарларды әкелу тәртiбi туралы Ереженi басшылыққа алсын (N 4 Ереже).
Интеграциялық Комитетке Тараптардың уәкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып осы Хаттама күшiне енген күнiнен бастап үш ай iшiнде мемлекеттiк санитариялық қадағалауға жататын тауарларды (N 4.1 Ереже); ветеринариялық бақылауға жататын тауарларды (N 4.2 Ереже); фитосанитариялық бақылауға жататын тауарларды (N 4.3 Ереже) оларды Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарына әкелу кезiнде тауарлардың кодталған тiзбесiн келiссiн.
Бiрыңғай кеден аумағын құрғанға дейiн Тараптар Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтарына дәрi-дәрмек заттарын, медициналық мақсаттағы және медициналық техника бұйымдарын әкелу кезiндегi рұқсат тәртiбiне қатысты ұлттық режимдi қолданатын болады деп келiсiлсiн.
Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтарына жануарларға арналған дәрi-дәрмек заттарын әкелу Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң 1993 жылғы 12 наурыздағы "Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы" үкiметаралық келiсiммен реттеледi.
Тараптар бiрыңғай кеден аумағын құрған кезде дәрi-дәрмек заттарын, медициналық мақсаттағы және медициналық техника бұйымдарын әкелудi реттеудiң бiрыңғай тәртiбi Тараптар қатысушылары болып табылатын Кеден одағын қалыптастыру кезiндегі тарифтiк емес реттеудiң бiрыңғай шаралары туралы Келiсiмнiң 10-бабында көзделген рәсiмдер мен мерзiмдерге сәйкес белгіленетiн болады деп мақұлдайды.
Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтарына есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды, күштi елiтетiн және улы заттарды әкелген кезде Тараптар өздерiнiң мiндеттемелерiн 1972 жылғы түзетулерiмен 1961 жылғы 30 наурыздағы Есiрткi құралдары туралы бiрыңғай конвенция, 1971 жылғы 21 ақпандағы Психотроптық заттар туралы конвенция және БҰҰ-ның 1988 жылғы 20 желтоқсандағы Есiрткi құралдары мен психотроптық құралдардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенция шеңберiнде басшылыққа алатын болады.
Тараптар бiрыңғай кеден аумағын құрғанға дейiн есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды, күштi елiтетiн және улы заттарды әкелуге рұқсат тәртiбiне қатысты ұлттық режимдi қолданады.
Тараптар уәкiлеттi органдарға Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтарына есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды, күштi елiтетiн және улы заттарды заңсыз әкелудiң жолын кесу мақсатымен тиiмдi ынтымақтастықты жүзеге асыруды тапсырады.
Тараптар бiрыңғай кеден аумағын құру кезiнде есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды, күштi елiтетiн және улы заттарды әкелудiң бiрыңғай тәртiбi олар қатысушылары болып табылатын Кеден одағын қалыптастыру кезiндегi тарифтiк емес реттеудiң бiрыңғай шаралары туралы Келiсiмнiң 10-бабында көзделген рәсiмдер мен мерзiмдерге сәйкес белгiленетiн болады деп мақұлдайды.