• Мое избранное
Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 5

Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 203 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
«Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.04.2015 жылғы № 547 Бұйрығын қараңыз
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 28 ақпандағы
 N 203 қаулысымен
 бекітілген
Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу), іс-шаралар кешенін жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Ереженің қағидалары Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1) жарамды жай-күй - автокөлік құралдарының құрастырмасына, параметрлеріне, функционалдық мақсатына және агрегаттарының, тораптарының, бөлшектерінің қасиеттеріне қойылатын нормативтік кесімдер мен конструкторлық құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келетін техникалық жай-күй; 
2) сенімділік - жұмыстың берілген режимдері және пайдаланудың, техникалық қызмет көрсетудің, жөндеудің және сақтаудың берілген шарттары кезінде белгіленген шектерде берілген функциялардың орындалуын, пайдалану көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін автокөлік құралы агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің техникалық жай-күйі; 
3) жарамсыз жай-күй - автокөлік құралдары агрегаттарының, тораптары мен бөлшектерінің құрастырмасына, параметрлеріне, функционалдық мақсатына және қасиеттеріне қойылатын нормативтік кесімдер мен конструкторлық құжаттама талаптарының біреуіне болса да сәйкес келмейтін техникалық жай-күй; 
4) техникалық қызмет көрсетудің міндетті жұмыстары (бұдан әрі - міндетті жұмыстар) - орындалуы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және автокөлік құралдарының қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға бағытталған операциялар кешені; 
5) автокөлік құралының толық массасы - дайындаушы кәсіпорын белгілеген жолаушылардың немесе жүктің барынша рұқсат етілген саны бар, толығымен жағармай (отын, май, салқындататын сұйықтық) құйылған, жинақталған (қосалқы доңғалақпен және сайманмен) автокөлік құралының массасы; 
6) ұсынылатын техникалық қызмет көрсету жұмыстары (бұдан әрі - ұсынылатын жұмыстар) - орындалуы негізінен бөлшектердің тозуын, агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің техникалық жай-күйі параметрлерінің нашарлауы жағына қарай өзгеру қарқынын азайтуға, автокөлік құралдарының үнемділігін қамтамасыз етуге, істен шығулар мен ақаулықтар туындауының алдын алуға бағытталған техникалық қызмет көрсету операцияларының кешені; 
7) техникалық жай-күй - автокөлік құралы агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің пайдалану процесінде өзгеруге бейім қасиеттері мен нормативтік және конструкторлық құжаттамада белгіленген олардың өз функцияларын орындау немесе оларды мақсаты бойынша қолдану мүмкіндігін анықтайтын параметрлерінің жиынтығы; 
8) техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ) - автокөлік құралдарын жарамды күйде ұстауға, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларды пайдалану және сақтау процесінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған операциялардың (техникалық әсер етудің) кешені; 
9) автокөлік құралдарын техникалық пайдалану - автокөлік құралдарын пайдалануды ұйымдастыруға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық әсер етудің (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу), іс-шаралардың кешені.
4. Автокөлік құралдарының сенімділігін, олардың жолдарда қоршаған ортаға ең аз теріс әсермен қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің жоспарлау-алдын алу жүйесін (бұдан әрі - Жүйе) іске асыру арқылы қол жеткізіледі. 
Жүйе нормативтік құжаттаманың, автокөлік құралдарын пайдалану және сақтау процесінде олардың жарамды күйін қамтамасыз етуге қажетті орындаушылардың және техникалық қызмет көрсету мен жөндеу құралдарының жиынтығын білдіреді.
5. Автокөлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөнiндегi нормативтiк құжаттама пайдалану шарттарын ескере отырып, қағидаттарды, анықтамаларды, ұсынымдарды, технологияны, нормативтердi және оларды түзету әдiстерiн белгiлейдi және осы Ережеден, ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк актiлерден, оның iшiнде конструкторлық құжаттама мен автокөлiк құралының нақты маркасын (моделiн) пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтан тұрады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.2013 жылғы № 735 Қаулысымен (28.02.2008 ж. редакцияны қараңыз)
6. Автокөлік кәсіпорындарында, автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындарда орналасқан автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу құралдары ғимараттар мен құрылыстарды, технологиялық жабдықпен жарақты қамтиды.
7. Автокөлік құралдарын техникалық пайдаланудың белгіленген талаптарға сәйкессіздігі бөлігінде осы Ереженің қағидаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, көліктік бақылау жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органның қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.
8. Жүйені іске асыру процесінде техникалық әсер ету кешені мыналарға: 
1) автокөлік құралын пайдалануға енгізуге, пайдаланудан уақытша алуға және сақтауға дайындауға; 
2) автокөлік құралдарын пайдалану және сақтау процесінде олардың қажетті сенімділік деңгейін ұстап тұруға және жарамды күйін қамтамасыз етуге бағытталған автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі жұмыстарды қамтиды.
9. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу мынадай түрлерге бөлінеді: 
1) сату алдындағы техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ са  ); 
2) сыннан өткізу кезеңіндегі техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ сө  ); 
3) күн сайынғы техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - КҚ); 
4) кезеңдік техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ к  ); 
5) консервациялау алдындағы техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ к  ); 
6) жөндеу (бұдан әрі - Ж).
10. ТҚ операцияларының барлық көлемі екі топқа бөлінеді: 
1) міндетті жұмыстардың тізбесіне кіретін операциялар. Операциялардың бұл тобы меншік нысанына қарамастан автокөлік құралдары иелерінің барлығының орындауы үшін міндетті болып табылады; 
2) автокөлік құралдары иелерінің қалауы бойынша орындалатын, ұсынылып отырған операциялар.
11. Өндірістік бағдарламаға байланысты автокөлік құралдарын диагностикалау және ТҚ бойынша жұмыстар ағынды желілерде немесе тұйықталған постыларда, ал Ж - әмбебап және мамандандырылған постыларда орындалады.
12. Орындалатын жұмыстардың мақсатына, сипатына және көлеміне сәйкес жөндеу ағымдағы (бұдан әрі - АЖ) және күрделі жөндеу (бұдан әрі - КЖ) болып бөлінеді.
2-тарау. Автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін диагностикалау
2.1. Автокөлік құралдарының, агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің техникалық жай-күйін диагностикалау
13. Диагностикалау автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және автокөлік құралдарының, олардың агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің техникалық жай-күйі параметрлерін анықтауға бағытталған.
14. Диагностикалау істен шығулар мен жарамсыз жай-күйдің туындауы мүмкін уақытты болжауды, істен шығу мен ақаулылықтардың болуын анықтауды, сондай-ақ агрегаттың, тораптың немесе бөлшектің қалдық ресурсы мен тоқтаусыз қызмет ету мерзімін параметрлердің нақты мәндерін рұқсат етілген шекті мәндерімен салыстыру арқылы анықтауды қамтиды.
2.2. Автокөлік құралдарын диагностикалау түрлері
15. Диагностикалау орындалатын жұмыстардың мақсаты, кезеңділігі, көлемі, технологиялық процестегі орны бойынша жедел диагностикалауға (жалпы) (бұдан әрі - Д-1) және элемент бойынша диагностикалауға (тереңдетілген) (бұдан әрі - Д-2) бөлінеді.
16. Д-1 қажеттілік бойынша ТҚ және АЖ жүргізу алдында немесе оны орындау кезеңінде, орындалған жұмыстарды жедел не қорытынды бақылауды қамтамасыз ету үшін тікелей ТҚ посттарында орындалады. Ол агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің, жол қозғалысы қауіпсіздігіне, олардың анықтауға арналған. Д-1 нәтижелері бойынша реттеу және жөндеу жұмыстарының көлемдері нақтыланады.
17. Д-2 мамандандырылған посттарда (желілерде), ТҚ-1 және ТҚ-2 орындау алдында автокөлік құралдарының, олардың агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің, оларды жою үшін жөндеу жұмыстары талап етілетін істен шығулары мен ақаулылықтарын анықтау мақсатында, мезгіл-мезгіл орындалады. Д-2 нәтижелері бойынша автокөлік құралдарын жол қозғалысы қауіпсіздігін және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін күйде ұстау үшін қажетті реттеу мен жөндеу жұмыстарының көлемдері белгіленеді, сондай-ақ автокөлік құралдары жарамды жұмысының ресурсы анықталады.
  • 1
2.3. Автокөлік құралдарын рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеру
18. Жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарын рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруді тасымалдаушылар ТҚ посттарында (өндірістік-техникалық база болған кезде), не техникалық қызмет көрсету станцияларында күн сайын оларды желіге шығару (рейске жөнелту) алдында дербес жүзеге асырады.
19. Тасымалдаушы ТҚ посттарында дербес жүзеге асыратын автокөлік құралдарын рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеру автокөлік құралдарына КҚ бойынша жұмыстарды жүргізуі кезінде орындалады.
20. Жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарын рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеру операцияларының тізбесі 1-қосымшаға сәйкес келеді.
21. Рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеру нәтижелері бойынша тасымалдаушының техникалық жағынан жарамды автокөлік құралдарын жолға шығару үшін жауапты тұлға жолдама параққа, не автокөлік құралындағы борт журналына тексеруден өткені туралы белгі қояды.
22. Рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруден өтпеген және жарамсыз күйдегі автокөлік құралдарын жолға шығаруға (рейске жөнелтуге) рұқсат етілмейді.
3-тарау. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету
3.1. Автокөлік құралдарын сату алдындағы техникалық қызмет көрсету
23. ТҚ са  автокөлік құралдарын сату алдында, олардың пайдалануға енгізу кезіндегі толық жұмыс істеу қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында орындалады.
24. Сауда желісі арқылы сатылатын пайдалануда болған автокөлік құралдарына ТҚ са  -ны сауда ұйымы техникалық қызмет көрсету станцияларында немесе өз күштерімен өндірістік үй-жайлар мен қажетті жабдық болған кезде орындайды.
25. ТҚ са  орындау кезіндегі жұмыстардың тізбесі: 
1) КҚ бойынша жұмыстардың толық көлемін; 
2) автокөлік құралын консервациядан алу жөніндегі операцияларды, жинақталуын және жарамды күйін тексеруді қамтиды. 
Бұдан басқа, ТҚ са  операцияларының тізбесі нақтыланады және автокөлік құралының нақты маркасына (моделіне) арналған сервистік кітапша бойынша өңделеді.
3.2. Автокөлік құралдарына сыннан өткізу кезеңінде техникалық қызмет көрсету
26. Жаңа автокөлік құралдарын сыннан өткізу кезеңі бөлшектердің, тораптардың, тетіктердің қарқынды қосымша жұмысымен, бекіткіш қосылыстардың босауымен және технологиялық саңылаулардың бұзылуымен сипатталады.
27. ТҚ сө  бойынша жұмыстарды орындау автокөлік құралы агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің ең аз тозуымен қосымша жұмыс істеуін, босаған бекіткіштер мен қосылған жерлерді бақылауды және қатайтып тартуды қамтамасыз етудің қолайлы жағдайын жасауға бағытталған.
28. Сыннан өткізу кезеңін жасаушы кәсіпорын автокөлік құралының нақты маркасы (моделі) үшін белгілейді және ол құрылымы мен пайдалану шарттарына байланысты 1-ден 5 мың км дейін құрауы мүмкін.
29. Автокөлік құралын сыннан өткізу кезеңінің соңында орындалатын негізгі жұмыстарға: 
1) қозғалтқыштағы майды және май сүзгісін ауыстыру; 
2) майлау, қоректендіру және салқындату жүйелерінің герметиктігін тексеру; 
3) агрегаттардың бекіткіштері мен трансмиссияның тораптарын тексеру; 
4) газ болу тетігі мен қоректендіру жүйесі бойынша реттеу жұмыстары; 
5) басқару тетіктері мен тежегіш жүйесі бойынша бақылау-диагностикалық жұмыстар; 
6) қозғалтқышты пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтінділігіне қатысты тексеру жатады. 
Автокөлік құралының нақты маркасына (моделіне) арналған ТҚ сө  операцияларының толық тізбесін жасаушы кәсіпорын белгілейді және пайдалану жөніндегі басшылықта (сервистік кітапшада) келтіріледі.
3.3. Автокөлік құралдарына күн сайынғы техникалық қызмет көрсету
30. КҚ күн сайын жұмыстың басталуы алдында автокөлік құралының техникалық жай-күйін бақылау мен оны пайдалануға дайындау мақсатымен орындалады.
31. Автокөлік құралына КҚ операциялары: 
1) тиісті сыртқы түрін сақтау бойынша жұмыстарды орындауды; 
2) техникалық жай-күйін тексеруді; 
3) пайдалану сұйықтықтарының деңгейін тексеруді; 
4) санитарлық өңдеуді көздейді. 
Автокөлік құралына КҚ жөніндегі жұмыстардың толық тізбесі 
1-қосымшада келтіріледі.
32. Техникалық күйді тексеруді күн сайын арнайы постта немесе автокөлік құралы тұрақты тұратын (сақталатын) орында жауапты техникалық қызметкер (бақылаушы механик) және (немесе) жүргізуші жүзеге асырады.
33. Автокөлік құралының кәсіпорын тұрақты орналасқан орыннан тыс жұмысы кезінде жүргізуші КҚ бақылау операцияларын күн сайын орындайды. Бақылау операциялары сондай-ақ күні бойы жүргізушілер ауысымы кезінде орындалады.
34. Жуу-жинау жұмыстары қажетті жуатын жабдықпен жабдықталған және қоршаған ортаның автокөлік құралдары агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің тозу өнімдерімен, пайдалану материалдарымен және техникалық сұйықтықтармен ластану мүмкіндігін болдырмайтын мамандандырылған посттарда орындалады. Жуу-жинау жұмыстары, сондай-ақ автокөлік құралдары диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу посттарына келер алдында орындалады.
35. Автокөлік құралдарының шанақтарын дезинфекциялағыш ерітінділермен өңдеу Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау ережесінің, жүктің нақты түрін тасымалдауға қойылатын талаптарына, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
36. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын автобустардың салондары, орындықтарын, тұтқаларын, терезе шыныларын және едендерін қоса алғанда, жолға шығу алдында жуғыш және дезинфекциялағыш заттарды пайдалана отырып күн сайын міндетті түрде жуылуға тиіс.
3.4. Автокөлік құралдарына мерзімдік техникалық қызмет көрсету
37. ТҚ м  жұмыстардың көлемі, олардың орындалу мерзімділігі мен еңбекті қажет етуі бойынша шартты түрде үш сатыға бөлінеді: бірінші техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ-1), екінші техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ-2) және маусымдық техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - МҚ) операциялары.
38. ТҚ к  сатыларын қамтитын негізгі операциялар міндетті жұмыстардың тізбесіне кіреді және 2-қосымшада аталып өткен. 
Негізгі операциялар пайдалану жөніндегі басшылыққа немесе автокөлік құралының сервистік кітапшасына сәйкес орындалуы және 2-қосымшаның деректерін ескере отырып өңделуі мүмкін.
39. Автокөлік құралын жасаушы кәсіпорын жүріс аралықтарының нормалары мен ТҚ к  операцияларының тізбесін белгілемеген немесе олар толық болмаған жағдайда, 2, 3-қосымшалар басшылыққа алынады.
40. Жол жамылғысының үлгісімен және жер рельефімен сипатталатын автокөлік құралдарын пайдалану шарттарын сыныптау 4-қосымшаға сәйкес санаттарға бөлінеді.
41. МҚ автокөлік құралын көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау жөніндегі жұмыстарды орындай отырып жылына екі рет (көктемде және күзде) жүргізіледі.
42. МҚ кезінде орындалатын жұмыстардың жалпы көлеміне ТҚ-2 міндетті жұмыстары және МҚ тікелей операциялары (2-қосымша) кіреді.
43. Төменгі температуралар кезінде қозғалтқыштың іске қосылуын, автокөлік құралының жолаушы салонының (кабинасының) герметиктігін және қыздырылуын қамтамасыз етумен байланысты МҚ қосымша жұмыстары күзгі кезеңде орындалады.
44. МҚ негізгі жұмыстарына: 
1) қоректендіру жүйесінің герметиктігін, қозғалтқыштың майлануы мен салқындатылуы; 
2) от алдыру жүйесін (жоғарғы вольтті сымдардың, бөлгіштің және тұтандыру оттықтарының жай-күйін) тексеру; 
3) электролит тығыздығының деңгейін бақылау мен пайдалану шарттарымен сәйкестікке келтіру және аккумулятор батареясының бақылау-жаттығу циклін жүргізу; 
4) қозғалтқыштағы майды және салқындатқыш сұйықтықты ауыстыру (қажет болғанда) жатады.
45. СО жұмыстары қажетті жабдықпен жабдықталған, қоршаған ортаның автокөлік құралдары агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің тозу өнімдерімен, пайдалану материалдарымен және техникалық сұйықтықтармен ластану мүмкіндігін болдырмайтын мамандандырылған посттарда орындалады.
3.5. Автокөлік құралдарына консервациялау алдында техникалық қызмет көрсету және оларды сақтау
46. Жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдары ауысымаралық уақытта, сондай-ақ ТҚ және Ж посттарына қойылуы алдында жабық үй-жайларда, қалқаның астында немесе ашық алаңшаларда сақталады (көлік жайсыз сақталу).
47. Ауысымаралық уақытта жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде пайдаланылатын автобустар мен таксилер, сондай-ақ жұмыс сипаты тұрақты дайындықты қажет ететін автокөлік құралдары жылытылатын жабық үй-жайларда сақталуы тиіс.
48. Қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауға арналған және пайдаланылатын мамандандырылған автокөлік құралдары басқа автокөлік құралдарынан бөлек, олар үшін арнайы бөлінген алаңшаларда сақталады.
49. Автокөлік құралдарын сақтау орындарына қою, автокөлік құралдарының және ғимараттар мен құрылыстардың элементтері арасындағы қашықтық белгіленген талаптарға сәйкес келетіндей және олардың еркін шығуын қамтамасыз ететіндей жүзеге асырылуы тиіс. Сақтау аймағында жөндеу жұмыстары мен автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге, сондай-ақ сүрткіш және пайдаланымдық материалдарды сақтауға рұқсат етілмейді.
50. Ұзақ сақтауға (үш айдан артық) қойылған кезде автокөлік құралдары консервациялаудан өтуі тиіс.
51. Консервациялау алдында жуу-жинау жұмыстары, және қажет болған жағдайда, автокөлік құралдарын жарамды күйге келтіру үшін ТҚ және ТЖ жұмыстары орындалады.
52. Консервациялау деп автокөлік құралдарының ұзақ уақыт кезеңі ішінде сақталуын және қысқа мерзімде көліктік күйге келтірілу мүмкіндігін қамтамасыз ететін арнайы дайындалған жағдайларда және осы мақсаттарға бөлінген алаңшаларда ұзақ сақтауға дайындау жөніндегі операциялар түсініледі.
53. Алты айға дейінгі мерзімге сақтауға қойылатын автокөлік құралдарына ТҚ к  бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде мынадай операцияларды орындау қажет: 
1) салқындату жүйесіне төменгі температурада қататын сұйықтықты құю (күзгі-қысқы уақыт кезеңінде сақтауға қою кезінде); 
2) желдеткіш, генератор және сығымдағыш жетегі белдіктерінің тартылуын босату; 
3) тұтандыру оттықтарын бұрап алу және қозғалтқыштың цилиндрлеріне 50-70 см 3  -ден май құю, содан кейін иінді білікті 5-6 айналымға бұру және тұтандыру оттықтарын қайта бұрап жабу; 
4) сығымдағыштың цилиндрлеріне 20 см 3  -ден май құю; 
5) электролиттің тығыздығын тексеру және сақтау температурасына сәйкес келетін қажетті деңгейге дейін жеткізу және аккумулятор батареясын толығымен зарядтау. Аккумулятор батареясының минустық клеммасын шанақпен (массамен) қосатын сымды ажырату; 
6) қоректендіру жүйесі ауа сүзгісінің кіріс келтеқұбырын және сөндіргіштің шығыс құбырының саңылауын майлы қағазбен тығыздап жабу; 
7) қолмен тежегіштің үйкелу түйіндерін майлау; 
8) автомобильді, доңғалақтардың жер бетінен көтерілуін қамтамасыз ететін тұғырыққа қою; 
9) кабина мен шанақтың есіктерін, терезелерін және желдеткіш люктерді жабу.
54. Автокөлік құралдарын алты айдан артық мерзімге сақтауға қойған кезде ТҚ к  операцияларының тізбесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі: 
1) салқындатқыш сұйықтықты салқындату жүйесінен ағызып алу (жүк автомобильдері мен автобустар үшін) және жүйені таза сумен жуу, ағызу крандарын ашық күйде қалдыру; 
2) отынды отын багынан ағызып алу; 
3) аккумулятор батареясын, оны қоймада сақтау үшін автокөлік құралынан алу; 
4) шиналарды жарық өткізбейтін материалмен жабу немесе қорғағыш ерітіндісімен өңдеу (ашық алаңдарда сақтау кезінде); 
5) жеңіл автомобильдер мен автобустар шанағының және жүк автомобильдері кабинасының сыртқы бетін балауыз пастасымен, ал сәндік бөлшектердің хромдалған немесе жылтыратылған беттерін бұзылудан сақтайтын май қабатымен жабу. 
Автокөлік құралдарын ашық алаңшада сақтаған кезде резеңке-техникалық, пластмасса бұйымдардың және лакты-бояулы жамылғысының сақталуын қамтамасыз ету үшін автокөлік құралын тура түсетін күн сәулелерінің және жауын-шашынның әсерінен қорғайды (тентпен жабады, уақытша қалқа жасайды).
4-тарау. Автокөлік құралдарын жөндеу
4.1. Автокөлік құралдарын ағымдағы жөндеу
55. АЖ автокөлік құралдарын, олардың агрегаттары мен тораптарын диагностикалау нәтижелері бойынша жоспарлы не істен шығуы (ақаулылығы) кезінде орындалады және автокөлік құралдарының жарамды күйін қамтамасыз етуге немесе қалпына келтіруге арналған.
56. АЖ негізгіден (жинақталған ілінісу картері бар қозғалтқыш, беріліс қорабы, бөлгіш қорап, гидромеханикалық беріліс қорабы, артқы белдік, ортаңғы белдік, алдыңғы білік (белдік) рульдік басқару, жүк автомобилінің кабинасы мен жеңіл автомобильдің шанағы, автобустың шанағы, рама, өзіаударғыш автомобиль платформасының көтеру жабдығы) басқа, жол берілген шектік тозу параметрлеріне жеткен жеке агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің, ауыстырылуын қамтиды және әдетте, ТҚ к  -пен бір мезгілде орындалады.
57. АЖ орындалу көлеміне, орнына және уақытына байланысты: 
1) тапсырыстық ағымдағы жөндеу (бұдан әрі - АЖ т  ); 
2) ілеспелі ағымдағы жөндеу (бұдан әрі - АЖ і  ); 
3) жоспарлы-алдын алу ағымдағы жөндеу (бұдан әрі - ЖААЖ) болып бөлінеді.
58. АЖ т  агрегат, торап немесе бөлшек жол берілген шектік тозу параметрлеріне жеткен немесе кенеттен істен шыққан, немесе ақаулылық пайда болған кезде қажеттілік бойынша орындалады.
59. АЖ і  аз еңбекті қажет ететін, технологиялық жағынан байланысты және ТҚ к  бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде орындалатын операцияларды қамтиды.
60. Орындалатын жұмыстардың сапасын белгіленген көлемде қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру мақсатында ТҚ к  жүргізу кезінде ілеспелі ағымдағы жөндеу көлемін шектеу ұсынылады. Ілеспелі ағымдағы жөндеу операцияларының жалпы еңбек сыйымдылығы ТҚ к  тиісті түрінің еңбек сыйымдылығынан 20%-дан аспауы тиіс.
61. ЖААЖ автокөлік құралының нақты маркасы (моделі) үшін берілген пайдалану шарттарында негізделген жүріс аралығынан немесе уақыт кезеңінен кейін мәжбүрлі түрде орындалады.
62. ЖААЖ-ға жол қозғалысы қауіпсіздігіне, экологиялық қауіпсіздікке әсер ететін, сондай-ақ автокөлік құралдарын белгілі бір жағдайда пайдалану кезінде едәуір жиі туындайтын істен шығулар мен ақаулықтарды болдырмауға бағытталған жұмыстар жатады.
4.2. Автокөлік құралдарын күрделі жөндеу
63. Жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарын, олардың агрегаттары мен тораптарын КЖ автокөлік кәсіпорындарының күшімен және құралдарымен ТҚ посттарында, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы мақсатталған және жабдықталған өндірістік үй-жайларда (агрегаттық, дәнекерлеу, мыстау, қаптау, бояу, ұста, вулкандандыру цехтарында, отын аппаратурасы мен электр жабдығын жөндеу цехтарында) не техникалық қызмет көрсету станцияларында орындалады.
64. КЖ автокөлік құралдарының агрегаттары мен тораптарының техникалық жай-күйі параметрлерін, олардың жүрісін келесі күрделі жөндеуге дейін қамтамасыз ету не жаңа автокөлік құралдарына арналған жүріс нормаларының кемінде 80%-ын есептен шығару үшін қалпына келтіруді көздейді.
65. Автокөлік құралдарын, агрегаттар мен тораптарды КЖ қажеттілік бойынша диагностикалау нәтижелеріне және (немесе) жасаушы кәсіпорын белгілеген жөндеуаралық жүріс нормаларына сәйкес орындалады.
66. КЖ-ге автобустар мен жеңіл автомобильдерге арналған шанақты, жүк автомобильдеріне арналған раманы ауыстырумен немесе 56-тармақта көрсетілген кемінде үш негізгі агрегатты кез келген үйлесімде бір мезгілде ауыстырумен байланысты қосымша жұмыстар жатады.
5-тарау. Сұйытылған мұнаймен және сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу ерекшеліктері
67. Сұйытылған мұнаймен және сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдарына (бұдан әрі - газбаллонды автокөлік құралдары) техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу кезінде газ аппаратурасы үшін газбен және бензинмен қоректендіру жүйелерінің ТҚ және АЖ қосарласа орындалатын технологиялық процесі де, ТҚ және АЖ дербес орындалатын технологиялық процесі де ұйымдастырылуы мүмкін. Жұмыстар мамандандырылған учаскеде жүзеге асырылады. Бұл ретте, бірінші жағдайда, мамандандырылған учаскеге екі дербес пост кіреді, оларда жұмыс бензинмен (дизельдік) және газбен қоректендіру жүйелері үшін бөлек орындалады. Екінші жағдайда, газбен қоректендіру жүйесіне ТҚ және АЖ бойынша жүргізілетін жұмыстар мамандандырылған учаскеде орындалады, ал бензинмен (дизельдік) қоректендіру жүйесіне жалпы посттар мен желілерде орындалады.
68. Газбаллонды автокөлік құралдарына ТҚ және АЖ ұйымдастыру кезінде ашық алаңшада орналасқан газ аппаратурасының герметиктігін тексеру посттары көзделеді. Газбаллонды автокөлік құралдарының ТҚ, АЖ посттарына, сондай-ақ сақтауға қоюға тек газ аппаратурасының жарамдылығына тексеру жүргізілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Бұл ретте газ қоректендіру жүйесінен шығарылуы тиіс және қозғалтқыштың ТҚ мен ТЖ және сақтау аймағындағы әрі қарайғы жұмысы бензинмен (дизельдік) қоректендіру жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
69. Газбаллонды автокөлік құралдарына ТҚ және АЖ жұмыстары аяқталғаннан кейін газ аппаратурасының герметиктігін тексеру жүргізіледі. Жоғарғы қысымды газ құбырларының барлық қосылыстары, газ баллондарының мойындары, шығыс және магистральдық вентильдері (жабық және толығымен ашық күйде) герметиктігі тексеруден өткізіледі.
70. Газбаллонды автокөлік құралдарын сақтау тұрақ ауданының әрбір 200 шаршы метріне бір пост деген есеппен, өрт сигналын беру және өртке қарсы посттармен жабдықталған ашық алаңшаларда жүзеге асырылады. Газбаллонды автокөлік құралдарын сақтауға арналған алаңшаларды, құрылымы оларда орнатылған газ баллондарының қызып кету мүмкіндігін болдырмайтын қыздыру жүйесімен жабдықтауға рұқсат етіледі.
Автокөлік құралдарын
 техникалық пайдалану
 ережесіне
 1-қосымша
Автокөлік құралдарын рейс алдында (ауысым алдында) техникалық тексеру және КҚ операцияларының тізбесі
 
Операциялардың атауы
1 2
Автокөлік құралы (кабина, шанақ)
1. Автокөлік құралын (тіркемені, жартылай
тіркемені) тексеру, сыртқы зақымдануларды
байқау, есіктердің, платформаның және
олардың тиек тетіктерінің жай-күйін
тексеру, жинақталуын тексеру
2. Шалқайма кабинаның тіреу-шектеу
құрылғысын тексеру
3. Автомобиль-тартқыштың ершікті құрылғы-
сының қармауыштары серіппелерінің, тиек
жұдырығының және ысырма серіппелерінің
жай-күйі мен бекітілуін тексеру
4. Қауіпсіздік белдіктерінің бүтіндігін
тексеру
5. Шыныны жылыту және қыздыру жүйелерінің
жұмысын тексеру
6. Мыналардың:
6.1 артқы жақ айналарының;
6.2 күннен қорғайтын маңдайшалардың;
6.3 мемлекеттік нөмір белгілерінің;
6.4 тіреу-тіркеу құрылғысының жай-күйі
мен бекітілуін тексеру
7. Платформаны көтеру тетігі
гидрожүйесінің герметиктігін, майының
деңгейін және жұмысын тексеру





Байқалған кезде
ақаулылықты жою











Ершікті тартқыштарда




Өзіаударғыштарда
Автобустар бойынша қосымша жұмыстар
8. Еденнің, аяқ салғыштардың, тұтқалар-
дың, орындықтардың, шынылардың және салон
есіктерінің жай-күйін тексеру
9. Пневматикалық аспаның герметиктігін
тексеру
10. Есіктерді ашу тетіктерінің жұмысын
тексеру
11. Салоннан жүргізушіге сигнал беру
жұмысын, салонның және аяқ салғыштардың,
көлемді шамдар мен бағдарғы көрсеткіш-
терінің жарығын тексеру

Жинау-жуу жұмыстары
12. Кабинаны (шанақты) және платформаны жинау
13. Автомобильді жуу (қажет болса) және
кептіру, санитарлық өңдеуді жүргізу
14. Артқы жақ айналарын, фараларды, кіші
фараларды, бұрылыстар көрсеткіштерін,
артқы шамдар мен тоқтату сигналдарын,
кабинаның шынысын, сондай-ақ нөмірлік
белгілерін сүрту

Арнайы жүктерді
тасымалдау кезінде

Қозғалтқыш (майлау және салқындату жүйелерін қоса алғанда)
15. Картердегі майдың деңгейін тексеру
16. Салқындату жүйесіндегі сұйықтықтың
деңгейін тексеру
17. Майлау және салқындату жүйелерінің
герметиктігін тексеру

Құю жұмыстары
18. Автокөлік құралына отын құю
19. Желге қарсы шынылар мен фараларды
жуғыштардың кеспекшелерін сумен толтыру
(үстемелеп құю)

Қоректендіру жүйесі
20. Барлық қосылыстардың герметиктігі мен
бекітілуін тексеру
21. Жоғарғы қысымды отын сорғысындағы
және иінді біліктің айналу жиілігін
реттегіштегі майдың деңгейін тексеру
22. Отын сүзгілерінен тұнбаны төгу

23. Газ жабдығының бекітілуін тексеру

24. Газ жабдығы қосылыстарының герметик-
терін тексеру
25. Газ жүйесінің арматурасы мен аспапта-
рын тазалау
26. Газ редукторынан тұнбаны төгу

Дизельдік қозғалт-
қыштарда Дизельдік қозғалт-
қыштарда
Газбаллонды автомо-
бильдерде
Электр жабдығы
27. Жарық беру, жарықтық сигнал беру,
дыбыстық сигнал аспаптарының, шыны
тазартқыштар мен желге қарсы шыны
жуғыштың жұмысын тексеру
28. Бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын
тексеру

Ілінісу және берілісті ауыстырып қосу қорабы
29. Ілінісу гидрожетегіндегі сұйықтықтың
деңгейін тексеру
30. Ілінісуді ажырату тетігінің жұмысын
тексеру
31. Гидромеханикалық берілісті ауыстырып
қосу қорабындағы майдың деңгейін тексеру

Рульдік басқару
32. Рульдік басқару жетегінің жай-күйін
тексеру
33. Рульдік басқару гидрокүшейткішінің
жай-күйі мен герметиктігін тексеру

Тежегіш жүйесі
34. Тежегіш басқышының еркін жүрісін
тексеру
35. Тежегіш сұйықтығының деңгейін тексеру
36. Жүйенің герметиктігін тексеру
37. Тежегіштердің жұмысын тексеру
38. Субөлгіш пен тежегіштер пневможете-
гінің ауа баллондарынан конденсатты төгу
Көзбен шолып
Рама, аспа, доңғалақтар
39. Доңғалақтардың бекітілуі мен
жай-күйін тексеру
40. Шиналардағы қысымды тексеру
41. Доңғалақ редукторының герметиктігін
тексеру
42. Шанақ күйін реттеуішті тексеру



Автобустарда

Сондай
Автокөлік құралдарын
 техникалық пайдалану
 ережесіне
 2-қосымша
Автокөлік құралдарына ТҚ к  бойынша міндетті жұмыстардың тізбесі
 
Жұмыстардың атауы ТҚ-1 ТҚ-2 МҚ
1 2 3 4
КҚ көзделген жұмыстарды орындау


Автокөлік құралы (шанақ, кабина, платформа)
1. Шалқайтқыш платформаның едені
қаңқасының, тұтқаларының, орындық-
тарының, аяқ салғыштарының, кірқал-
қандарының, тораптарының және
бөлшектерінің жай-күйі мен
бекітілуін тексеру






+

2. Шанақ пен кабина бояуының
жай-күйін тексеру және қажет болса
сәйкестікке келтіру


+

3. Қозғалтқыш тірегінің жай-күйі
мен бекітілуін тексеру


+


4. Пайдаланылған газдарды шығару
жүйесінің бекітілуі мен герметик-
тігін тексеру және қажет болса
ақаулықты жою



+


Қозғалтқыш
5. Жетек белдіктерінің тартылуын
тексеру. Қажет болса реттеу


+


6. Қозғалтқыш картерінің желдету
жүйесін тазарту және оның
герметиктігін тексеру


+

Қоректендіру жүйесі
7. Карбюратор мен отын сорғысын
ағыту, жуу. Дроссельдік және ауа
қалқалағыштарының жұмысын тексеру
және қажет кезде реттеу. Карбюратор
мен отын сорғысының жұмысын стендте
тексеру






+

8. Қоректендіру жүйесі тораптарының
жай-күйін, олардың бекітілуін және
қосылыстардың герметиктігін тексеру

+


9. Отын багының, құбырлардың, отын
сорғысының және карбюратордың
бекітілуі мен герметиктігін,
жетектің жұмысын, дроссельдік және
ауа қалқалағыштарының ашылуы мен
жабылуының толықтығын тексеру






+

10. Бос жүріс режиміндегі иінді
біліктің ең төменгі айналу жиілігін
және пайдаланылған газдардағы
көміртек тотығы мен көмірсутегілер-
дің құрамын, ал дизельдіктерде
түтіндену деңгейін тексеру және
қажет болса реттеу






+


11. Қалтқы камерасындағы отынның
деңгейін, қозғалтқыштың іске
қосылуы мен жұмысын тексеру



12. Жоғарғы қысымды отын сорғысын
(дизельдерде) ажырату, жуу және
оның жай-күйі мен жұмысын стендте
тексеру




+

13. Отын багын жуу және қоректен-
діру жүйесінің құбырларын үрлеу




+
14. Дизельдік қозғалтқыштың
жұмысын, жоғарғы қысымды отын
сорғысының, бүріккіштердің,
иінді біліктің айналу жиілігін
реттеуіштің жарамдылығын тексеру.
Отын бүркудің алға шығу бұрышын
тексеру. Қажет болса реттеу
жұмыстарын орындау








+

Сұйытылған және сығылған газбен жұмыс істейтін автокөлік
қоректендіру жүйесі бойынша ерекше жұмыстар
15. Магистральдық сүзгінің сүзу
элементін және газ редукторының
торлы сүзгісін ажырату және тазарту


+

16. Магистральдық, толтыру және
шығыс вентильдері штоктарының
бұрандалы бөліктерін майлау



+
17. Араластырғыштың ауа сүзгісін
ажырату және жуу. Араластырғыш
ваннасына жаңа май құю


+

18. Карбюратордан жалынсөндіргішті
ажырату, торларын жуу және сығылған
ауамен үрлеу


+

19. Барлық газ жүйесінің герметик-
тігін азотпен немесе сығылған
ауамен тексеру


+

20. Газ жабдығы мен газ құбырлары-
ның жай-күйі мен бекітілуін, газ
баллонының рама лонжерондарына
бекітілуін тексеру




+

21. Редуктордың бірінші және екінші
сатыларындағы қысымды, штоктың
жүрісі мен редуктордың екінші
сатысы клапанының герметиктігін,
түсіру құрылғысының герметиктігін
тексеру






+

22. Газбен жұмыс істейтін қозғалт-
қыштың жұмысы кезінде от алдырудың
алға шығу бұрышының қондырмасын
тексеру




+

23. Газбен жұмыс істейтін қозғалт-
қыштың жұмысын иінді біліктің түрлі
айналу жиіліктері кезінде тексеру.
Пайдаланылған газдардағы көміртек
тотығының құрамын тексеру және
қажет болғанда реттеу






+

Электр жабдығы
24. Дыбыс сигналының, жарық және
сигнал беру лампалары мен аспаптар
қалқаншасының, бақылау-өлшеу
аспаптарының, фаралардың, артқы
шамдардың, тоқтату сигналының және
жарықты ауыстырып қосқыштың, ал
жылдың суық мезгілінде жылыту
жүйесін іске қосу жылытқышының
электр жабдығы аспаптарының
жұмысын тексеру 25. Шыны тазартқыштар мен желге
қарсы шыны мен фараларды
жуғыштардың жұмысын тексеру 26. Фаралардың орнатылуын,
бекітілуін және жұмысын тексеру,
жарық ағынының бағытын реттеу 27. Жарықты аяқпен ауыстырып қосқыш
пен тоқтату сигналын ажыратқыш
бетін және клеммаларын кірден
тазарту 28. От алдырғыштың үзу-бөлу
түйіспелерін тазалау немесе қажет
болса ауыстыру. Тұйықталу күйінің
бұрышы бойынша саңылауды реттеу 29. От алдырғыштардың үзу-бөлу
түйіспелерін ажырату, тазарту, оның
жай-күйін стендте тексеру және
реттеу 30. Стартердің, генератордың, от
алдырғышты үзгіш-бөлгіштің
бекітілуін және электрлік қосылыстар түйіспелерінің жай-күйін
тексеру
31. Генераторды, стартерді ажырату,
тазарту, үрлеу, тозған бөлшектерді
ауыстыру және мойынтіректерді майлау
32. Оттықтар оқшаулағыштарының
ұштықтарын және от алдырғыштың үзгіш-бөлгішін ластанудан тазарту 33. Оттықтар мен от алдыру
катушкасының жұмысын тексеру 34. От алдыруды және отын бүркуді
басқарудың процессорлық жүйесін
тексеру және қажет болса нормаға
келтіру (жасаушы кәсіпорынның
нұсқаулығына сәйкес) 35. Аккумулятор батареясын зарядтау
үшін ағыту және электролиттің
тығыздық деңгейін сәйкестікке
келтіру





+



+




+




+




+




Жылына бір рет
+



Жылына бір рет


Күзде


+







+



Күзде
Ілінісу
36. Гидрожетек (пневможетек)
жүйесінің герметиктігін және
ілінісудің жұмыс істеуін тексеру,
қажет болса реттеу 37. Тарту серіппесінің жұмысын және
ілінісу басқышының еркін жүрісін
тексеру


+


+

Берілісті ауыстырып қосу қорабы
38. Берілісті ауыстырып қосу
қорабының бекітілуі мен герметик-
тігін, берілісті ауыстырып қосу
тетігі жетегінің жұмысын тексеру

+


Берілісті ауыстырып қосудың гидромеханикалық қорабы
39. Электр сымдары ұштықтарының бекітілуін тексеру 40. Берілісті автоматты ауыстырып
қосу режимдерінің реттелу дұрысты-
ғын тексеру 41. Жүйедегі майдың қысымын тексеру 42. Майдың температурасы мен қысымы
датчиктерінің жарамдылығын тексеру


+





+


+

+
Карданды беріліс
43. Аспалы мойынтіректің жай-күйін,
аралық тіректер мен фланецтердің
бекітілуін тексеру 44. Топсалардағы және көпкілтек
қосылыстардағы люфтты және карданды
біліктің соғуын тексеру


+




+


Артқы (ортаңғы) белдік
45. Қосылыстардың герметиктігін
және картердің және артқы белдік
редукторы мен доңғалақ берілісте-
рінің, басты берілістің жетекші
тістегершігінің фланеці сомынының
жай-күйін тексеру (карданды білік
ағытылған кезде)

46. Жарты біліктердің фланецтерін
тексеру және қажет кезде бекіту





+




+

Рульдік басқару және алдыңғы белдік
47. Рульдік басқару картері мен руль гидрокүшейткішінің герметик-
тігін тексеру 48. Руль колонкасы мен руль
тетігінің бекітілуін тексеру 49. Рульдік басқару карданды
білігінің сыналары сомындарының
тартылуын тексеру 50. Руль ілмегі сомынының тартылуын
тексеру 51. Руль доңғалағының люфтын,
рульдік тартымдар топсаларының
жай-күйі мен бекітілуін тексеру 52. Рульдік басқару гидрокүшейткі-
шінің жұмыс істеуін тексеру, егер
қажет болса, сұйықтықты үстемелеп
құю 53. Бұрылыс жұдырықтары цапфалары-
ның және алдыңғы доңғалақтар
мойынтіректерінің жай-күйін тексеру 54. Алдыңғы доңғалақтар мойынтірек-
терінің тартылуын реттеу 55. Тең бұрыштық топсалардың жай-күйін тексеру 56. Шар тіректерінің және
сайлент-блоктардың жай-күйін тексеру 57. Алдыңғы білік арқалығы мен
рессорларды орнату дұрыстығын
тексеру 58. Алдыңғы доңғалақтардың қойылу
бұрыштарын тексеру. Қажет болса
реттеу жұмыстарын орындау 59. Алдыңғы таған-амортизатордың
герметиктігі мен бекітілуін тексеру 60. Руль гидрокүшейткішіндегі
сұйықтықты үстемелеп құю немесе
ауыстыру (қажет болғанда)


+





+



+


+



+



+




+

+


+



+




+



+



+




+

Тежегіш жүйесі
61. Тежеу жүйесіндегі крандар мен
құйып алу құрылғыларының жай-күйі
мен жұмысын тексеру 62. Тежегіш жүйесі тораптарының,
оның ішінде басты тежегіш
цилиндрінің, тежегіш камераларының,
олардың кронштейндерінің және ашу
жұдырықтары тіректерінің, алдыңғы
және артқы доңғалақтардың тіреу
тежегіш қалқандарының бекітілуін
тексеру 63. Құбырлардың, шлангалардың және
тетіктердің жай-күйі мен
герметиктігін тексеру 64. Сығымдағыштың жұмысын және
пневможетек жүйесіндегі қысымды
контурлар бойынша тексеру 65. Тежегіштерді күшейткіштің
жай-күйі мен жұмысын тексеру 66. Тежегіш барабандарының,
дискілерінің, қалыптарының,
жапсырмаларының, серіппелерінің
және доңғалақтар мойынтіректерінің
(күпшектері алынған кездегі)
жай-күйін тексеру 67. Тежегіш камералары штоктарының
шплинтовкасын және олардың жұмыс
жүрісін тексеру 68. Тежегіш басқышының еркін
жүрісін тексеру 69. Блоктауға қарсы жүйенің жұмыс
істеу параметрлерін тексеру және
қажет кезде нормаға келтіру 70. Тіркеуге қарсы жүйенің жұмыс
істеу параметрлерін тексеру және
қажет кезде сәйкестікке келтіру 71. Жұмыстық және тұрақтау
тежегішінің жұмыс тиімділігін
тексеру және реттеу 72. Мотор тежегіші жетегінің
жай-күйі мен жұмысын тексеру 73. Тежегіш күштерін реттегіштің
жұмысын тексеру.
74. Тежегіш сұйықтығын тексеру және
қажет кезде үстемелеп құю 75. Тежегіш сұйықтығын ауыстыру
76. Қатуға қарсы сақтандырғыштағы
жұмыстық сұйықтықты ауыстыру 77. Икемді тежегіш шлангаларын
ауыстыру


Күзде








+


+



+




+



+



+




+


Жасаушы
кәсіпорынның
нұсқаулығына сәйкес


Сондай

+





+




+




+

Екі жылда бір рет




+


Екі жылда бір рет
Рама, аспа, доңғалақтар
78. Артқы (ортаңғы белдіктің)
орналасу дұрыстығын (қисаюдың
болмауы), раманың, буксир
құрылғысының жай-күйін тексеру




+

79. Рессорлар, амортизаторлар
қамыттарының, баспалдақтарының және
саусақтарының, реактивтік штанга-
лардың және теңгеру аспасы
біліктерінің бекітілуін тексеру


+

80. Амортизаторлардың герметиктігі
мен бекітілуін тексеру



+

81. Көлденең орнықтылық тұрақтан-
дырғышының бекітілуін тексеру



+

82. Доңғалақтар күпшектерінің
мойынтіректеріндегі саңылауды
реттеу


+

83. Доңғалақтардың жай-күйі мен
бекітілуін, шиналардың және
шиналардағы ауа қысымының жай-күйін
тексеру

+


84. Шиналар бұжыртабаны суретінің
тереңдігін тексеру


+


85. Шиналар мен қосарланған
доңғалақтардың арасында тұрып
қалған бөгде заттарды алып тастау

+


Майлау және тазарту жұмыстары
86. Агрегаттардың картерлеріндегі
сапундарды тазарту



+

87. Рульдік басқару гидрокүшейткіші
сорғысының сүзгілерін және
тежегіштер күшейткішінің сүзгісін
ажырату және жуу




+

88. Ылғал бөлгіштің сүзу элементтерін жуу


+

89. Тежегіштердің пневматикалық
жетегінің баллондарынан конденсатты
төгу


Күзде
Ескертпе: Тиісті бағандағы ( + ) белгісі операцияның қызмет көрсетудің осы түріне тиісті екенін көрсетеді.
Автокөлік құралдарын
 техникалық пайдалану
 ережесіне
 3-қосымша
Жүріс аралығы бойынша автокөлік құралдарының ТҚ-1 және ТҚ-2 кезеңділігі (мың км)
 
Автокөлік құралдарының үлгісі ТҚ-1 ТҚ-2
Жеңіл автомобильдер
Автобустар

Жүк автомобильдерінің базасында
жасалған жүк автомобильдері
мен автобустар; толық жетекті
автомобильдер, тіркемелер мен
жартылай тіркемелер
5,0 20,0
5,0 20,0
4,0 16,0
Ескертпе: Егер ТҚ к  кезеңділігінің жасаушы кәсіпорын ұсынған кезеңділіктен айырмашылығы болса, жасаушы кәсіпорынның құжаттамасын басшылыққа алу қажет.
Автокөлік құралдарын
 техникалық пайдалану
 ережесіне
 4-қосымша
Автокөлік құралдарын пайдалану шарттарының жіктемесі
 
Пайда-
лану
шарт-
тары-
ның
санаты
Қозғалыс шарттары
Елді мекендер-
дің сыртында
Тұрғындарының
саны 100 мыңға
дейінгі елді
мекендерде
Тұрғындарының саны
100 мыңнан астам
елді мекендерде
І Ж 1 1 , Р 2 , Р 3 - -
ІІ Ж 1 4 Ж 2 1 , Р 2 , Р з , Р 4 Ж з 1 , Р 2 , Р 3 Ж 1 1 , Р 2 , Р з , Р 4

Ж 2 1
-
ІІІ Ж 1 5 Ж 2 5
Ж 3 4 , Р 5

Ж 4 1 , Р 2 , Р з ,
Р 4 , Р 5
Ж 1 5

Ж 2 2 , Р з , Р 4 , Р 5 Ж з 1 , Р 2 , Р з , Р 4 ,
Р 5
Ж 4 1 , Р 2 , Р з , Р 4 , Р 5
Ж 1 1 , Р 2 , Р 3 , Р 4 , Р 5

Ж 2 1 , Р 2 , Р з , Р 4
Ж з 1 , Р 2 , Р з

Ж 4 1
IV Ж 5 1 , Р 2 , Р 3 ,
Р 4 , Р 5
Ж 5 1 , Р 2 , Р з , Р 4 , Р 5 Ж 2 5
Ж з 4 , Р 5
Ж 4 2 , Р з , Р 4 , Р 5
Ж 5 1 , Р 2 , Р з , Р 4 , Р 5
V Ж 6 1 , Р 2 , Р 3 , Р 4 , Р 5
Жол төсемдері: 
Ж 1  - цементбетон, асфальтбетон, кеспе тас; 
Ж 2  - битумминералды қоспалар (шағыл тас немесе битуммен өңделген қиыршық тас); 
Ж 3  - өңделмеген шағыл тас (қиыршық тас); 
Ж 4  - тұтқырғыш материалдармен өңделген жұмыр тас, шағылған тас,   топырақ және беріктігі аз тас (қыстық); 
Ж 5  - жергілікті материалдармен күшейтілген немесе жақсартылған топырақ; жатық және бөрене төсемдер; 
Ж 6  - табиғи топырақ жолдар; уақытша карьерішілік және үйінді жолдар; қатты төсемі жоқ кірме жолдар. 
Жел рельефінің үлгісі (теңіз деңгейі үстінің биіктігі мен белгіленеді): 
Р 1  - жазық (200 м дейін); 
Р 2  - аз төбешікті (200 артық 300 м дейін); 
Р 3  - төбешікті (300 артық 1000 м дейін); 
Р 4  - таушықты (1000 артық 2000 м дейін); 
Р 5  - таулы (2000 м артық).