• Мое избранное
Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі N 775 Қаулысы

Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.01.2013 жылғы № 47 Қаулысымен (03.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 21.11.2016 жылғы № 714 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.01.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 47 Қаулысымен (03.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 3 шілдедегі
 № 775 қаулысымен
 бекітілген
Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 47 Қаулысымен (03.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жұмыс технологиялық карталары – теңіз портында жүктерді өңдеу, қоймаға жинау және жүктерді кемеге тиеу мен жүктерді кемеден түсірудің технологиялық процестерін сипаттайтын порттың техникалық құжаттары;
2) бақылау органдары – кедендік, шекаралық, фитосанитарлық, ветеринарлық, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер, Порттың теңіз әкімшілігі;
3) тальмандық қолхат – кемеден/ге жүктерді қабылдау немесе түсіру кезіндегі жүктің саны мен оның жай-күйін куәландыратын және жүк орындары есебінің фактісін растайтын жүк құжаты;
4) штурмандық қолхат – капитанның аға көмекшісі беретін және қол қоятын кеме бортына жүк қабылданғанын растайтын құжат;
5) қабылдау актісі – порт қызметкері мен экспедитор қол қойған порт терминалының жүк қоймасына жүк қабылдау фактісін куәландыратын құжат;
6) ХТЖҚК жүкқұжаты (Халықаралық темір жол жүк қатынасы туралы келісім) – жүк жөнелтуші мен темір жол арасында жасалатын тасымалдау шартын куәландыратын халықаралық құжат;
7) жүк манифесі – жүк туралы барлық негізгі мәліметтері әр порт бойынша бөлек жазылған құжат;
8) жүк жоспары (карго жоспары) – жүк үй-жайларын неғұрлым оңтайлы пайдалану мақсатында жүкті теңіз кемесінде орналастыру жоспары;
9) кеменің дайындығы туралы нотис – жүк жұмыстарын жасауға кеменің дайындығы туралы кеме капитанының порт әкімшілігіне беретін жазбаша хабарламасы;
10) порттың үрдістер жиынтығы – жүк операцияларын ұйымдастырумен, ол бойынша шығындарды бөлумен, жүк жұмыстарын нормалаумен және сталиялық, контрсталиялық уақытты есептеумен байланысты тасымалдауға қатысушылардың өзара қарым-қатынасын реттейтін осы порттың қалыптасқан үрдістері мен практикасы көрініс тапқан, порт иесі бекіткен құжат;
11) палубалық жүк – кеменің ашық палубасында және қауіпсіз жерінде тасымалданатын, тоннаждың брутто/нетто өлшеміне кірмеген жүктер;
12) порт құрылыстары – теңізде жүзу және кемелер тұрағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған, су ортасымен байланысатын теңіз портының аумағында және (немесе) акваториясында орналасқан инженерлік-техникалық құрылыстар (жағалауды қорғайтын құрылыстар, толқын тосқылары, бөгеттер, молдар, пирстер, айлақтар, сонымен қатар түбін тереңдету жұмыстары нәтижесінде пайда болған кіру арналары, су асты құрылыстары);
13) порт құрылысының паспорты – құрылыстың арнауы, сипаттамасы және техникалық жай-күйі (ақаулықтар, жөндеулер, сындарлылық өзгерістер, авариялар және пайдалану беріктілігін бұрынғы қалпына келтіру жөніндегі қабылданған шаралар) көрсетілген техникалық құжат;
14) пайдалану режимі – жобада немесе құрылысты пайдалану үдерісінде белгіленген параметрлермен бірге бағыты бойынша құрылыстарды пайдалану қарқындылығы;
15) пайдалану шарттары – құрылысты пайдалану кезінде оған әсер ететін қозғаушы күштердің жиынтығы;
16) теңізде жүзушілерге хабарлау қағазы – навигациялық карталарды түзету жөніндегі гидрографиялық деректердің өзгерістері қамтылған, теңізде жүзу үшін құралдары мен басшылығы бар құжат;
17) техникалық тексеріп қарау журналы – құрылысты тұрақты түрде техникалық тексеріп қарауды өткізу үдерісінде жүзеге асырылатын порт құрылыстарын пайдалану, техникалық жай-күйіне және режиміне бақылауды есепке алу жөніндегі құжат;
18) порттың паспорты – портқа жүктелген өндірістік міндеттерді орындауға арналған порттың өндірістік мүмкіндігін, өндіріс құралдары мен материалдық ресурстар жиынтығының қолдағысы мен жай-күйін куәландыратын құжат;
19) порттың режимі – теңіз портында жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ осы теңіз портына келетін кемелер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңы негізінде теңіз порты белгілеген шаралар жиынтығы.
2. Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар
 теңіз порттарын пайдалану тәртібі
3. Жүктерді көліктің бір түрінен екінші түріне және кейін қарай ауыстырып тиеу үшін портты пайдалану порттың инфрақұрылымы мен құрал-жабдығын пайдаланумен жүзеге асырылады.
4. Жүктерді ауыстырып тиеу бойынша порт жұмысын ұйымдастыру портқа жүк келуін жоспарлау, жүкті қабылдау, порттың қойма алаңдарында қоймаға жинау, сондай-ақ жүкті теңіз терминалдарынан не қойма алаңдарынан тиеу жолымен жүзеге асырылады.
5. Осы Қағидаларда айқындалмаған жүк тегіне, порт жұмысының технологиясына және тасымал түріне (экспорт, импорт, транзит) байланысты жүктерді ауыстырып тиеу кезінде жүргізілетін техникалық операциялар порттың үрдістер жиынтығына, порттың нұсқаулықтары мен стандарттарына, сондай-ақ порттың жұмыс технологиялық картасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Жүкті ауыстырып тиеу бойынша жоспарлар:
1) кемелер, вагондар, өзге де жүктер, контейнерлер және автокөлік құралдарының келуі туралы;
2) жүк тиеу-түсіру орындарында жүк тиеп-түсіретін вагондардың бар-жоғы, өзге жүктің, контейнерлердің және қойма алаңдарында автокөлік құралдарының бар-жоғы туралы;
3) вагондарды кіргізуге, палубалық жүкті, дөңгелек техниканы тиеуге жасалған жүк жоспарларының бар-жоғы туралы;
4) ресімделген жүк құжаттары туралы тәуліктік ақпарат негізінде қалыптастырылады.
7. Порт арқылы жүктің нақты көлемін тиеу мүмкіндігін жүк жөнелтуші темір жолмен, темір жол портымен, ал порт кеме иесімен (агентпен) келіседі.
8. Жүктерді темір жол құрамынан қабылдау және түсіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 682 қаулысымен бекітілген Теміржол көлігімен жүк тасымалдау қағидаларымен және Халықаралық жүк қатынасы туралы келісіммен көзделген тасымал құжаттарының толық топтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.
9. Тасымалдаушы вагондарды алдағы жүк түсіруге беруден 2 сағаттан кешіктірмей портқа хабарлайды.
10. Жүк вагоннан порттың қойма аумағына түсірілгеннен кейін порт қызметкері жүктің саны бойынша есебін жүргізеді, ХТЖҚК жүкқұжатына енгізілген мәліметтермен салыстырып тексереді, жүктің, орауыштың, ыдыстың зақымданғанын немесе бүлінгенін тексеруді жүргізеді.
Одан әрі тасымалдауда немесе алушыға бергенге немесе бағыты бойынша жөнелтілгенге дейін жүктің сақталуын қамтамасыз етпейтін жүктің бұзылғаны, орауыштың, ыдыстың ақаулықтары анықталған жағдайда тасымалдаушы жүк алушы (экспедитор) мен порт арасында жалпы нысандағы акт жасалады.
11. Порт қызметкері жүк вагоннан түсірілгеннен кейін жүкке таңба басады (вагонның соңғы төрт саны, лоты, қосымшасы, порт экспедиторы, күні).
12. Портта вагондардың нақты тұрған уақыты нөмірлік әдіспен есепке алынады және вагондарды тиеу/түсіру жеріне нақты берген сәттен бастап тасымалдаушыға вагондарды жинастыруға дайын екені туралы хабарлама берген сәтке дейін есептеледі.
13. Жүкті (контейнерді) автокөлікпен кіргізу порт әкімшілігінің рұқсат беру бұрыштамалары мен бақылаушы органдардың мөрлері қойылған жүк жөнелтушінің (экспедитордың) хаты және тауарлық-көліктік жүкқұжаты болуының негізінде жүзеге асырылады.
Тауарлық-көліктік жүкқұжатына сәйкес бос контейнерлерді порт қызметкері сыртқы түрі және нөмірі бойынша, жүк тиелген контейнерлерді жүк жөнелтушінің жарамды пломбасы және нөмірі бойынша, өзге жүкті жөнелтушінің салмаққа саны бойынша қабылдайды.
14. Бақылау органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы кеменің өткенін ресімдегеннен кейін кемеден жүк қабылдау жүзеге асырылады.