Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Консультации
Консультации
Отправить по почте
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 592 Қаулысына сәйкес «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 10.04.2015 жылғы № 221 Бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2012 жылғы № 1772 Қаулысымен (18.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.01.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.08.2013 жылғы № 817 Қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2014 жылғы № 121 Қаулысымен (13.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.
2. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге бағытталған шаралар тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және қаражат шегінде:
1) кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек, оқыту және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар беру, психологиялық бейімдеу бойынша қызмет көрсету;
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (28.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
2) стипендия төлей отырып, біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) тегін курстарына жіберу;
3) кәсіптік оқуға материалдық көмек беру;
4) лайықты бос жұмыс орындарын іздеуге және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына орналастыруға жәрдемдесу;
5) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;
6) жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбегіне ақы төлеу жолымен іске асырылады.
3. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Бағдарламаға қатысушылар - жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (28.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
2) Бағдарлама операторы - халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1066 Қаулысымен (28.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
3) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
4) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсетуді басқару функцияларын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары;
6) уәкілетті орган – өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;
7) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын мемлекеттік мекеме;
8) оқуға материалдық көмек – кәсіптік оқудан өтіп жатқан Бағдарламаға қатысушыға жол жүруге және тұруға арналған шығындарды ішінара өтеуге төленетін ақшалай қаражат;
9) жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер – толық емес жұмыс уақыты немесе жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы жағдайында немесе қызметкерлер әлеуметтік демалыста немесе өндірістің тоқтатылуына байланысты еріксіз бос жүрген жағдайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер;
10) әлеуметтік демалыс – ана болу, балалардың күтімі үшін, өндірістен қол үзбей білім алу және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;
11) кәсіптік оқыту – Бағдарламаға қатысушыларды білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілердің өндірістік кәсіпорындары мен ұйымдарының жанындағы оқу орталықтарында (бұдан әрі – оқытатын ұйымдар) оқыту, кәсіптік оқыту:
мамандығы (кәсібі) жоқ, мамандық (кәсіп) игеруді және сол мамандығы (кәсібі) бойынша жұмыс істеуді қалайтын адамдарды; еңбек нарығында сұранысқа ие емес мамандығы (кәсібі) бар, жаңа мамандық (кәсіп) игеруді және сол мамандығы (кәсібі) бойынша жұмыс істеуді қалайтын адамдарды кәсіптік даярлауды;
егер Бағдарламаға қатысушыларға мамандығы (кәсібі) бойынша лайықты жұмыс ұсына алмаған немесе олардың белгілі бір мамандықтар (кәсіптер) бойынша жұмысты орындауға қабілеттілігі жойылған жағдайда, жаңа мамандықтар (кәсіптер) меңгеру мақсатында қайта даярлауды;
біліктілігін арттыруды – анағұрлым жоғары разряд (сынып, санат) алу, озық техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында өндірістік қажеттілікке қарай, кәсіби шеберлігін жетілдіруді қамтиды;
12) өңірлік комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жанындағы жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар өкілдерінің қатысуымен Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
13) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «ЖЖК 2020» ААЖ) – автоматтандырылған режимде Бағдарламаға қатысушылардың деректер қорын қалыптастыруды, жүргізуді және пайдалануды қамтамасыз ететін жүйе.
2. Кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек, оқыту және жұмысқа орналасу жөніндегі консультациялар, психологиялық бейімдеу бойынша көрсетілетін қызметтер
4. Кәсіптік бағдарлау кәсіптерді саналы түрде таңдау үшін 50 жастан асқан адамдарды қоса алғанда, үміткерлердің бейімділіктерін, қабілеттерін айқындауға бағытталған. Кәсіптерді таңдау Жалпыұлттық деректер қорындағы мәліметтерді ескере отырып жүзеге асырылады.
5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган кәсіптік бағдарлауды халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз топтары, орта білім беру ұйымдарының 9, 11-сыныптарының оқушылары арасында білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.06.2014 жылғы № 726 Қаулысымен (20.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.04.2014 жылдан бастап)
6. Кәсіптік бағдарлау жүргізуді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар немесе олар тартатын жеке жұмыспен қамту агенттіктері және/немесе үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік сатып алу және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
7. Кәсіптік бағдарлаудан өткен адамдар туралы мәліметтер «ЖЖК 2020» ААЖ-де орналастырылады.
3. Оқыту және жұмысқа орналасу мәселелері жөніндегі консультациялар
8. Оқытуға қажеттілікті, еңбекке қабілетті халықтың саны мен құрылымын, жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдардың санын, іске асырылатын жобалар шеңберінде құрылып жатқан жұмыс орындарының санын айқындау мақсатында жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама операторы бекіткен әдістемеге сәйкес Өңірлердің жұмыспен қамту картасын қалыптастырады.
Жергілікті атқарушы органдар жылына екі рет (есепті жылғы 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша), 5 қаңтарда және 5 шілдеде Өңірлердің жұмыспен қамту картасының мәліметтерін жаңартады.
9. Халықты жұмыспен қамту орталықтары:
1) Өңірлердің жұмыспен қамту картасы негізінде жұмысқа орналасуға мұқтаж еңбекке қабілетті жастағы адамдардың санын айқындайды;
2) жұмыс берушілерді – аудан (қала) аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын барлық заңды және жеке тұлғаларды есепке алуды жүзеге асырады;
3) жұмыс берушілерге Бағдарламаға қатысу, оның ішінде жұмыс берушілерге Бағдарламаға қатысуға үміткерлерді таңдау, кәсіптік оқудан өту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу тәртібі және шарттары туралы консультация береді;
4) жылына бір рет кем емес кезеңділікпен кадрларға ағымдағы және болжамды қажеттілікті айқындау мақсатында жұмыс берушілерге сауалнама жүргізуді жүзеге асырады (оның ішінде коммуникация құралдары (интернет, электрондық почта, телефония құралдары және басқалары) арқылы);
5) Өңірлердің жұмыспен қамту карталарының, жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің және жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде кадрларға ағымдағы және болжамды қажеттілікті қалыптастырады.
10. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысуға үміткерлерге:
1) мамандық (кәсіп) таңдауға, кәсіптік оқу және оны аяқтағаннан кейін деректер қорына енгізілген жұмыс орындарын, ағымдағы бос жұмыс орындарын және болжамды қажеттілікті ескере отырып, ықтимал жұмысқа орналасуға көмек;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |