"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 173 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабының 7-тармағына және "2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 252-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 30 қаңтардағы
№ 173 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған cтратегиялық жоспары
1-бөлiм. Миссиясы мен пайымдауы
Азық-түлік қауіпсіздігін және өнім экспортының өсуін қамтамасыз ететін бәсекеге қабiлеттi агроөнеркәсiп кешенін құру, сондай-ақ, агроөнеркәсiп кешенінде, су, орман, аңшылық және балық шаруашылықтарында мемлекеттiң саясатын тиімді қалыптастыру және iске асыру арқылы елдің табиғат ресурстарын сақтау және дамыту.
Министрлік Стратегиялық жоспарды іске асыру нәтижесінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізетін болады:
1) АӨК-нiң жалпы қосылған құнын 2014 жылы 2008 жылмен салыстырғанда кемінде 16 %-ға ұлғайту;
2) агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнiмдiлiгiн арттыру;
3) агроөнеркәсіп кешенінің өнімін сатудан түскен экспортты табысын 2014 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 20 %-ға арттыру
4) ішкі азық-түлiк нарығын 75 % деңгейінде отандық тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету.
2-бөлiм. Ағымдағы жағдайды және тиiстi салалар (аялар) қызметiнiң даму үрдiстерiн талдау
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту
Қазіргі уақытта республиканың агроөнеркәсiп кешенiндегi (бұдан әрi – АӨК) жағдай өндiрiс тиiмдiлiгiнiң өсуiмен, ауылдағы қаржы қызметi нарығының дамуымен, ауыл халқының тұрмыс сапасының жақсаруымен сипатталады.
2010 жылы ауыл шаруашылығы өнiмдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 1 442,6 млрд. теңгенi құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,7 %-ға төмен. Елдің ЖIӨ көлемiндегi ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң үлесi 4,4 %-ды құрады.
2010 жылы ауылдық жерлердегi жұмыссыздық деңгейi 5,2 % деңгейiнде қалыптасты.
Жыл сайын ауыл шаруашылығының негiзгi капиталына инвестициялар ұлғаюда. Егер 2002 жылы инвестициялар салу 15,9 млрд. теңгенi құраса, ал 2010 жылы – 83,6 млрд. теңгені құрады немесе 5,2 есе артық болды.
Өсiмдiк шаруашылығы саласында азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, экспортқа бағдарланған бәсекеге қабiлеттi өнiмдердiң өндiрiсiн ұлғайту үшін құрылымдық және технологиялық әртараптандыруды, басымды ауыл шаруашылығы дақылдарының (бұдан әрi – ауыл шаруашылығы дақылдары) егiстiк алаңдарын кеңейтуді жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Сонымен, жалпы республика бойынша 2010 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiк алаңдары 21,4 млн. гектарды, дәнді және дәнді-бұршақ дақылдары – 16,6 млн.гектарды (2009 жылдың деңгейінен 582,0 мың гектарға кем) құрады, оның iшiнде, бидай – 14,3 млн. гектар алаңға егілген, бұл, өткен жылдың деңгейінен 483,1 мың гектарға кем, астыққа арналған жүгерi – тиісінше 97,4 мың гектарға егілген және 4,2 мың гектарға кем. Күрiш 94,1 мың гектарға егілген, 2009 жылмен салыстырғанда 7,5 мың гектарға артық.
Майлы дақылдар 1749,5 мың гектар алаңға (2009 жылдың деңгейінен 564,1 мың гектарға артық), күнбағыс – тиісінше 870,1 мың гектар (147,9 мың гектар), қытай бұршақ – 61,8 мың гектар (8,8 мың гектар), рапс – 352,9 мың гектар (157,8 мың гектар), мақсары – 201,7 мың гектар (49,8 мың гектар) алаңға егілді.
Көкөніс және бақша дақылдарының егістік алаңы 183,8 мың гектарды (2009 жылдың деңгейінен 18,3 мың гектарға артық), картоп – тиісінше 179,8 мың гектарды, (7,6 мың гектар), жеміс-жидек дақылдары – 41,2 мың гектарды (4,0 мың гектар), жүзім – 12,8 мың гектар (0,8 мың гектар) құрады.
2010 жылдың құрғақ ауа райы жағдайы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өсуі мен дамуына, дәнді және басқа да дақылдардың өнімділік көрсеткіштеріне қолайсыз әсерін тигізді.
Сонымен бірге, ылғал қорын сақтау технологияларын қолданудың, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді айналым қаражатымен, жанар-жағар май материалдарымен және басқа тауарлы-материалдық ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың арқасында құрғақшылықтың әсерін жеңілдетуге және осы жыл үшін салыстырмалы түрде жаман емес егін өсіруге мүмкіндік туды. 2010 жылы ылғал қорын сақтау технологияларын қолдана отырып 11,2 млн. гектар алаңға (дәнді дақылдардың егістік алаңдарының 67,5 %-на) дәнді дақылдар өсірілді, бұл 2009 жылдың деңгейінен 932,3 мың гектарға немесе 9,0 %-ға артық.
Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің деректері бойынша дәнді дақылдар 15,2 млн. гектар алаңнан жиналды, 8,0 ц/га өнімділік кезінде өңдеуден кейінгі салмақта 12,2 млн. тонна астық жиналды. Астықтың көрсетілген көлемі өткен жылдар өнімдерінің қалдықтарын есептегенде елдің ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті 6,0 млн.тоннаға дейін жеткізуге жеткілікті.
Басқа дақылдар өндірісінің қол жеткізілген көлемі ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сонымен, майлы дақылдарының жалпы жиналымы 775,5 мың тоннаны, көкөніс және бақша дақылдарының жалпы жиналымы – 3,7 млн. тоннаны, қант қызылшасының жалпы жиналымы – 152,0 мың тоннаны, картоптың жалпы жиналымы – 2,6 млн. тоннаны, жүзімнің жалпы жиналымы – 56,4 мың тоннаны құрады.
Бұл ретте майлы тұқымдар өндірісі 2009 жылдың деңгейінен
71,9 мың тоннаға (10,2 %), көкөніс-бақша дақылдары – 385,5 мың тоннаға (11,6%), жүзім – 0,7 мың тоннаға (1,3%) артық.
Сонымен бірге, картоптың жалпы жиналымы 201,0 мың тоннаға (7,9%), қант қызылшасының жалпы жиналымы – 29,3 мың тонна (19,2%), жеміс-жидек дақылдарының жалпы жиналымы – 12,8 мың тоннаға (7,7%) кеміді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің деректері бойынша 2010 жылы астық эквивалентіндегі ұнды есептегенде шамамен 8,7 млн. тонна астық экспортқа жөнелтілді, оның ішінде астық түрінде – 5,5 млн.тонна, ұн түрінде – шамамен 2,3 млн.тонна жөнелтілді. Бұл ретте, ұнды есептегендегі астық экспортының көлемі 2009 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 2,0 млн.тоннаға немесе 1,3 есеге артық.
2010 жылы тұқым шаруашылығын қолдау бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 2 087,5 млн. теңге бөлінді, бұл 7,5 мың тонна бірегей тұқым өндірісін субсидиялауға, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сатып алған 81,1 мың тонна көлеміндегі элиталық тұқымның және 2 223 мың дана жеміс-жидек дақылдары мен жүзім көшеттерінің құнын ішінара арзандатуға, сондай-ақ 13,6 гектар алаңда жеміс-жидек дақылдарының, жүзімнің көпжылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға жұмсалған шығындарды толық өтеуге және 25,55 гектар алаңда отырғызылған аналықтардың аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.
2010 жылы облыстардың ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 152,4 мың тонна арзандатылған минералды тыңайтқыштар сатып алды, шамамен 176 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыштар енгізілді. Алайда, енгiзiлген минералды тыңайтқыштардың осы көлемi қажеттiлiктiң тек 7 %-ын жабады.
Егiншiлiктi тиiмдi жүргiзу, топырақ құнарлылығын сақтау және молайту үшiн тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) қолдануды одан әрi ынталандыру қажет.
Республика аумағында фитосанитариялық жағдайға тұрақты бақылау жүзеге асырылады және жыл сайын шамамен 3 млн. га алаңда аса қауiптi зиянды және карантиндiк организмдерге қарсы күрес бойынша iс-шаралар жүргiзiледі.
2010 жылдың болжамына сәйкес 5 626,8 мың гектар алаңда аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуы күтілген болатын, оның ішінде шегіртке тектес зиянкестер – 1 880,7 мың гектар, дәннің сұр көбелегі – 918,5 мың гектар, зиянды тасбақашық – 151,0 мың гектар, астық қоңызы – 38,0 мың гектар, гессен шыбыны – 74,5 мың гектар, мақта көбелегі – 90,7 мың гектар, сарышұнақ пен тышқан тектес кеміргіштер – 12,7 мың гектар, колорад қоңызы – 17,2 мың гектар, дәнді дақылдарының септориозы мен тат кеселі – 2 374,7 мың гектар алаңда күтілген болатын.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының көрсетілген аса қауіпті зиянды организмдеріне қарсы күрес жүргізу үшін республикалық бюджеттен 2 934,1 млн. теңге бөлінді және көрсетілген қаражат есебінен пестицидтер сатып алынды және оларды сақтау, тасымалдау мен қолдану жөніндегі жұмыс ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта саяқ шегірткеге қарсы күрес мәселесі өзекті болып табылады, олар жаппай таралуы кезінде үйірлі шегіртке келтіретін зияннан кем емес зиян келтіреді.
2010 жылы "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамның әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекеменің деректері бойынша саяқ шегірткенің таралуы 895,5 мың гектар алаңда болжанған. Өңдеулер 549,3 мың гектар алаңда жүргізілді, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 475,4 мың гектар алаңда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер есебінен – 74,0 мың гектар алаңда жүргізілді.
Саяқ шегірткеге қарсы жүргізілген химиялық өңдеулер нәтижесінде ауыл шаруашылығы егістіктерінің бүлінуі анықталған жоқ.
2010 жылы 148,701 мың гектар алаңда карантиндік объектілерге қарсы химиялық өңдеулер жүргізу жоспарлаған болатын. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 1 043 505,0 мың теңге бөлінді. Алайда, өңірлердегі табиғи-климаттық жағдайлар тек 146,8 мың гектар алаңында өңдеулер жүргізуге мүмкіндік берді.
Мал шаруашылығы республикада экономиканың аграрлық секторының негiзгi салаларының бiрi болып табылады.
Мал шаруашылығында малдардың барлық түрлерi санының жыл сайынғы тұрақты өсімі орташа есеппен 4 %-ды құрайды.
2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда iрi қара мал саны 1,3 %-ға өстi және 6175,4 мың басты құрады; тиiсiнше: қой және ешкi – 3,6 %-ға өсті және 17988,1 мың басты құрады; шошқа – 1,3%-ға өсті және 1344,0 мың басты құрады; жылқы – 6,2 %-ға өсті және 1528,3 мың басты құрады; түйе – 9,1 %-ға өсті және 169,6 мың басты құрады; құс – 0,3 %-ға өсті және 32780,3 басты құрады.
2010 жылы жалпы мал басынан ірi қара мал санының үлес салмағы үй шаруашылықтарында 80,7 %-ды, ауыл шаруашылығы кәсiпорындарында – 5,1 %-ды, шаруа-фермерлiк қожалықтарында - 14,2 %-ды құрады; қой мен саны бойынша тиiсiнше - 68,3 %; 4,9 %; 26,8 %; жылқы - 66,5%; 5,9% және 27,6%; шошқа - 75,3%; 17,6% және 7,1%, түйе - 65,6%; 8,9% және 25,5%, құс – 43,8%, 55,3% және 0,9%.