"Көлік құралдарын еріксіз тоқтатуға "Кірпі" арнайы құрылғысын қолдану тәртібінің нұсқамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1996 жылғы 13 тамыздағы N 265 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 7 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5605 болып енгізілді.
Көлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтатуға арналған "Кірпі" арнайы. құрылғысын ішкі істер органдарының қызметінде қолдануды одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көлік құралдарын еріксіз тоқтатуға "Кірпі" арнайы құрылғысын қолдану тәртібінің, нұсқамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1996 жылғы 13 тамыздағы N 265 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 316 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
1) аталған Нұсқаманы ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін ұйымдастырып, сынақтар қабылдай отырып, практикалық сабақтар өткізілсін;
2) белгіленген тиесілік нормаларына сәйкес "Кірпі" арнайы құрылғысын сатып алуды қамтамасыз етсін;";
3 және 4-тармақтар алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Ө.Т. Түсімов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет-министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберіп оны мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жарияланғанын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция полковнигі О.А. Федоровқа және Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитетіне (Ө.Т. Түсімов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастан он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының