Toggle Dropdown
1
"Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуiрдегi № 266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 наурыздағы № 212 қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуiрдегi № 266 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 122-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2013 жылғы 5 наурыздағы
№ 212 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 4 сәуiрдегi
№ 266 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесі
Toggle Dropdown
1. Осы Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесі «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына сәйкес әзiрлендi және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру тәртiбiн айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар (бұдан әрi – мемлекеттік стипендиялар) Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын берiледi.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік стипендиялар алуға мыналар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, халық жазушысы, халық әртiсi, халық суретшiсi, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткері құрметті атақтары бар немесе әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары болып табылатын;
Toggle Dropdown
2) қазақстандық мәдениеттің дамуы үшін шығармашылық әлеуеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер болады.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік стипендияны мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) жанынан арнайы құрылған Мемлекеттік стипендияларды беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрі - Комиссия) шешімінің негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.
Toggle Dropdown
Комиссия өз міндеттерін қоғамдық бастама негізінде орындайтын уәкiлеттi орган мен шығармашылық одақтардың өкілдері қатарынан қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
Комиссияның құрамы уәкiлеттi органның бұйрығымен бекітіледі.
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауға және жеті адамнан кем болмауға тиіс.
Toggle Dropdown
Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.
Toggle Dropdown
5. Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды алуға ұсынылатын құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Toggle Dropdown
6. Қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шығармашылық одақтар мен мәдениет ұйымдары уәкiлеттi органға ағымдағы жылғы бірінші тамызға дейін мынадай құжаттарды: мемлекеттік стипендия алушыға берілген қолдаухат пен шығармашылық мiнездеменi қағаз немесе электронды түрде жібереді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік стипендия алушыға келіп түскен құжаттарды уәкiлеттi орган қабылдайды және бір күн мерзімде тіркеп, Комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия отырысы ағымдағы жылғы бесінші қыркүйектен кешіктірілмей өткізіледі.
Toggle Dropdown
7. Комиссияның мемлекеттік стипендиялар беруге кандидатураларды бекіту туралы шешiмi Комиссия отырысында қарапайым көпшiлiк дауыспен ашық дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Егер Комиссия мүшелерiнiң үштен екiсiнен астамы қатысса, отырыс заңды деп есептеледі.
Toggle Dropdown
Комиссия шешімі хаттамамен (бұдан әрі – хаттама) ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.
Toggle Dropdown
Уәкiлеттi орган тиісті жылға мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын хаттама көшірмесімен қоса, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ағымдағы жылғы бірінші қазаннан кешіктірмей енгізеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті жылға мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын қарап, ағымдағы жылғы бірінші қарашадан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізеді.