Toggle Dropdown
11
Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1463 Қаулысы
Toggle Dropdown
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 49 және 50-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1463 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасында медициналық көмектің аталған түрлерін көрсету тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Жедел медициналық көмек (бұдан әрі – ЖМК) – денсаулыққа келетін елеулі зиянның алдын алу немесе өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жағдайлар туындаған кездегі медициналық көмек ұсыну нысаны.
Toggle Dropdown
3. Санитариялық авиация – пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әртүрлі көлік түрлерімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу немесе науқасты тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4. Мыналар ЖМК көрсетудің негіздемелері болып табылады:
Toggle Dropdown
1) уақтылы медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда жағдайдың ауырлауына немесе өлімге алып келуі мүмкін, өмірге тікелей төнген қауіп;
Toggle Dropdown
2) өмірге тікелей қаупі жоқ, бірақ патологиялық жағдайға байланысты қауіпті кезең кез келген уақытта басталуы мүмкін;
Toggle Dropdown
1
3) өмірге қаупі жоқ, бірақ қоршаған ортаға тікелей қауіп төндіретін жай-күй.
Toggle Dropdown
1
5. ЖМК көрсетуді қажетті емдік-диагностикалық жабдықпен, дәрі-дәрмектермен жарақталған және дайындалған білікті медициналық қызметкерлермен жасақталған көшпелі бригадалар жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
1
2. Жедел медициналық көмек көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
6. Жедел медициналық көмек ұйымы (станция, бөлімше) (бұдан әрі – ЖМКҰ) ересектер мен балаларға өміріне қауіп төндіретін жағдайларда, жазатайым оқиғаларда, ауыр науқастарға оқиға болған жерде де, жол жүрген кезде де тәулік бойы жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым болып табылады. ЖМКҰ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының барлық аумағында ЖМК мен санитариялық авиация қызметінің үйлестірушісі болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Ірі қалалар мен аудан орталықтарында жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ЖМКҰ құрамында кіші станциялар ұйымдастырылады. Кіші станцияларға қызмет көрсету аудандарын мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдары шұғыл және жедел медициналық станцияның бас дәрігерінің ұсынысы бойынша бекітеді. Кіші станциялар 15 минутта көлікпен жетуді қамтамасыз ету есебімен ұйымдастырылады. Кіші станциялардың қызмет көрсету аймақтары халықтың саны, тығыздығы және жас мөлшерінің құрамы, құрылыс ерекшеліктері, ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындарының, ірі ауыл шаруашылығы кешендерінің тығыздығы, көліктік магистральдардың болуы және жағдайы, қозғалыс қарқындылығы және өңірдің басқа да ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленеді.
Toggle Dropdown
8. ЖМКҰ әрбір 100 мың тұрғынға 2 тіркелмелі қалалық телефон байланысымен, бірақ 2-ден аз болмауы тиіс (оның ішінде медициналық ұйымдармен, Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Көлік және байланыс министрлігінің қызметтерімен – жол-пайдалану учаскелері), қалааралық байланыс телефонымен, сондай-ақ көшпелі бригадалармен радио байланыспен қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
Жедел медициналық көмектің барлық станциялары мен бөлімшелері автоматтандырылған басқару жүйесімен, медициналық ұйымның автомобиль көлігіне жерсеріктік мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін жүйелермен және шақыртуды қабылдау жазбасын тіркейтін жүйемен жабдықталады.
Toggle Dropdown
ЖМКҰ қызметіне халық ұялы немесе қалалық телефондар арқылы байланыса алады.
Toggle Dropdown
9. ЖМКҰ-да шұғыл медициналық көмек көрсетуді ЖМК-ның көшпелі бригадалары (фельдшерлік, дәрігерлік, мамандандырылған) – штаттық нормативтерге сәйкес ұйымдастырылған ЖМКҰ функционалдық бірліктері жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
10. ЖМК фельдшерлік көшпелі бригадасы құрамына фельдшер ("емдеу ісі" мамандығы бойынша дипломы бар, мамандық бойынша жеке тұлғаға медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжат – маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) бар орта медициналық білімі бар маман), санитар және жүргізуші кіреді.
Toggle Dropdown
11. ЖМК дәрігерлік көшпелі бригадасы құрамына дәрігер (жоғары медициналық білімі, "емдеу ісі" немесе "педиатрия" мамандығы бойынша дипломы және "жедел медициналық көмек" мамандығы бойынша сертификаты бар маман), фельдшер (орта медициналық білімі, "емдеу ісі" мамандығы бойынша дипломы, сертификаты бар маман), санитар және жүргізуші кіреді.
Toggle Dropdown
12. Қалалар мен аудан орталықтарында қызмет көрсетілетін қала немесе аудан халқының санына байланысты мамандандырылған бригадалар ұйымдастырылады:
Toggle Dropdown
70 мыңнан астам тұрғын – қарқынды терапия бригадалары, сондай-ақ балаларға медициналық көмек көрсететін бригадалар;
Toggle Dropdown
100 мыңнан астам тұрғын – арнайы бейінді мамандандырылған бригадалар (кардиологиялық, неврологиялық, акушериялық-гинекологиялық, реанимациялық, психиатриялық және басқалар).
Toggle Dropdown
13. ЖМК мамандандырылған көшпелі бригадасы құрамына дәрігер (жоғары медициналық білімі, "емдеу ісі" немесе "педиатрия" мамандығы бойынша дипломы, "жедел медициналық көмек" мамандығы бойынша дәрігер сертификаты бар және мамандандырылған бригада бейіні бойынша мамандандыруы бар маман), фелдьшер (орта медициналық білімі, "емдеу ісі" мамандығы бойынша дипломы, сертификаты бар маман), санитар және жүргізуші кіреді.
Toggle Dropdown
14. ЖМКҰ шақырту түскен кезде мынадай деректер жазып алынады:
Toggle Dropdown
1) науқастың тегі, аты, әкесінің аты, жасы және жынысы;
Toggle Dropdown
2) пациенттің жай-күйі және жазатайым оқиғаның немесе ауруының мән-жайы бойынша қысқаша деректер;
Toggle Dropdown
3) нақты мекенжайы мен телефоны, кіреберіс есігінің коды, сондай-ақ пациенттің тұратын жеріне өтетін жол туралы деректер.
Toggle Dropdown
15. Келіп түскен шақырту сипаты, ауру бейіні бойынша өңделеді және ЖМК көшпелі бригадасына беріледі. Көшпелі бригадалар:
Toggle Dropdown
1) ЖМК көрсету және жазатайым оқиғалар жағдайында, жарақаттанған және уланған кезде пациенттерді тасымалдау үшін;
Toggle Dropdown
2) сырқаттану, оның ішінде психикалық, науқастың және оның айналасындағы тұлғалардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін аурулар кезінде;
Toggle Dropdown
3) босану және жүктілік ағымының асқынулары кезінде;
Toggle Dropdown
4) шұғыл медициналық көмекті талап ететін науқастарды емдеуге жатқызуға, оның ішінде бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) ұйымының мамандарын шақырту бойынша тасымалдау үшін жіберіледі.
Toggle Dropdown
16. Шақыртуды алған кезден бастап ЖМК бригадасына қызмет көрсету үшін бергенге дейін ЖМК бригадаларының шығу регламенті осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес шақырту жеделдігі санатының тізбесімен анықталады:
Toggle Dropdown
1) 1-3 жеделділік санаты – 5 минутқа дейін;
Toggle Dropdown
2) 4-5 жеделділік санаты – 20 минутқа дейін;
Toggle Dropdown
3) 6 жеделділік санаты – 30 минутқа дейін.
Toggle Dropdown
Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ЖМК бригадасының шақырту жеделділігіне байланысты ЖМК станциясынан (бөлімшесінен) қызмет көрсету бойынша тапсырма алынған уақыттан бастап науқастың орналасқан жеріне дейін ЖМК бригадасының жету уақыты:
Toggle Dropdown
1-3 жеделділік санатында – 15 минутты;
Toggle Dropdown
4-5 жеделділік санатында – 25 минутты;
Toggle Dropdown
6 жеделділік санатында – 30 минутты құрайды.
Toggle Dropdown
17. Мамандандырылған бригадаларды жіберу медицина қызметкерлерінің шақыртуы бойынша да, тікелей халықтың шақыртуы бойынша да жүзеге асырылады. Бұл ретте мамандандырылған бригаданы шақырған медицина персоналы өздері шақырған бригада келгенге дейін қажетті медициналық көмек көрсетеді.
Toggle Dropdown
18. Зардап шеккендер мен пациенттер тексеру және ауруханаға жатқызу үшін стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға (ургенттік стационарлар) жеткізілуі тиіс. Қажет болған жағдайда өмірлік айғақтары бойынша алдын-ала хабарлай отырып, жақын орналасқан денсаулық сақтау ұйымына жеткізу жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
19. ЖМК станциясының (бөлімшесінің) ауысымдағы аға дәрігері стационар жағдайында шұғыл емдеу-диагностика іс-шараларын талап ететін пациенттер жеткізілген кезде:
Toggle Dropdown
пациент жеткізілетін стацонарлық көмек көрсетуші медициналық ұйымның қабылдау бөлімімен байланыс орнатады;
Toggle Dropdown
жеткізілген науқастың жай-күйі туралы ақпаратты қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі стационарлық көмек көрсететін қабылдаушы медициналық ұйымның назарына жеткізеді.
Toggle Dropdown
20. ЖМК бригадасының стационардың қабылдау бөлімінде болу уақыты (пациентті немесе зардап шегушіні жауапты кезекші дәрігерге беру уақыты) ЖМЖ бригадасының пациентті жеткізу уақыты мен қабылдау бөлімшесі дәрігерінің науқасты қабылдау уақыты шақырту картасына белгілене отырып, келген сәттен бастап 10 минутты құрайды.
Toggle Dropdown
21. Өміріне қауіп төндіретін аурумен пациентті немесе кәмелетке толмаған тұлғаны шұғыл стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына тасымалдау кезінде ЖМКҰ санитариялық автокөлікте туысының (бір адамнан артық емес) оны алып жүруіне рұқсат етіледі.
Toggle Dropdown
22. Емдеуге жатқызуға айғақтары болмаған немесе пациент емдеуге жатқызудан бас тартқан кезде учаскелік дәрігер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен нысан бойынша сигнал парағы ресімделеді.
Toggle Dropdown
23. ЖМКҰ тәуліктік режимде халық жеке жүгінген кезде немесе телефон арқылы медициналық көмек көрсетілген станцияның (бөлімшенің) медицина қызметкерлері пациенттердің немесе бақытсыз жағдайлар кезінде зардап шегушілердің қай жерде екендігі туралы ауызша анықтамалар береді. Шұғыл қызмет көрсетуді талап етпейтін жағдайларда ЖМКҰ ауысымының аға дәрігері пациентке медициналық көмекке жүгіну үшін медициналық ұйымның координаттарын (мекенжайы, телефоны) ұсынады.
Toggle Dropdown
24. ЖМКҰ:
Toggle Dropdown
1) сот-медициналық қорытындысын;
Toggle Dropdown
2) психобелсенді заттарды тұтыну және мас болу фактісін белгілеу үшін медициналық куәландыру қорытындысын;
Toggle Dropdown
3) ЖМК бригадасын шақырту туралы жазбаша анықтамаларды, ЖМК бригадасы қойған диагноз туралы қорытынды ұсынбайды.
Toggle Dropdown
25. ЖМКҰ:
Toggle Dropdown
1) шұғыл және жедел медициналық көмекті талап етпейтін;
Toggle Dropdown
2) БМСК көрсететін ұйымдардың жұмыс уақытында өміріне қауіп төндірмейтін жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсетуді талап ететін;
Toggle Dropdown
3) медициналық ұйымдар тағайындаған диагностикалық және емдік емшараларды орындау қажет болған;
Toggle Dropdown
4) шұғыл емдеуге жатқызуды қажет етпейтін зардап шегушілерді, пациенттерді және жүкті әйелдерді тасымалдаған;
Toggle Dropdown
5) сот-наркологиялық, сот-медициналық, сот-психиатриялық сараптама жүргізген;
Toggle Dropdown
6) медициналық ұйымдарда консультациялық көмек көрсеткен;
Toggle Dropdown
7) пациентті стационарлардан үйге жеткізген;
Toggle Dropdown
8) қайтыс болуын куәландырған және актіні әзірлеген жағдайларда қызмет көрсетпейді.
Toggle Dropdown
26. Төтенше жағдайлар режимінде ЖМКҰ:
Toggle Dropdown
1) аумақтық апаттар медицинасы орталығының нұсқауы бойынша әрекет етеді;
Toggle Dropdown
2) төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарын жою бойынша ЖМК көшпелі бригадаларын төтенше жағдай аймағына жібереді;
Toggle Dropdown
3) төтенше жағдайларды жою кезінде зардап шегушілерге емдеу-эвакуациялық іс-шараларды жүргізеді.
Toggle Dropdown
27. Осы Қағидаларда көзделген әуе санитариялық авиакөлігін пайдалануға негіз болған жағдайларда ЖМКҰ санитариялық авиация нысанында медициналық жәрдем көрсететін ұйымдарға шақыртуларды береді.
Toggle Dropdown
28. ЖМКҰ қызмет көрсететін көлік айыру белгілермен (жарқыл шамшырақ, дыбыс дабылы және басқалар) жарақталады, амбулаториялық (далалық) жағдайларда және санитариялық автокөліктің қозғалысы кезінде жүрек-өкпе реанимациясын көрсету үшін тиісті медициналық жарақтары мен жабдықтары бар.
Toggle Dropdown
29. Санитариялық автокөлік жоспарлы санитариялық тазартуға жатады. Санитариялық автокөлікті медициналық емес мақсатқа пайдалануға тыйым салынады.
Toggle Dropdown
30. ЖМКҰ штаттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен типтік штаттар мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
Toggle Dropdown
2
3. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
31. Санитариялық авиация санитариялық автокөлікті пайдалана отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде консультациялық, диагностикалық және емдеу көмегін көрсету үшін тиісті білікті мамандарды пациент орналасқан жерге жеткізуді немесе оны медициналық ұйымға тасымалдауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
32. Санитариялық авиация бөлімшелері облыстық орталықтарда, санитариялық авиацияның ұтқыр бригадаларының тұрақты дайындығын және жедел басқарылуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады және тәуліктік көмек көрсететін медициналық ұйымдардың (республикалық, облыстық, қалалық жедел медиициналық көмек ұйымдары) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Toggle Dropdown
33. Санитариялық авиация бөлімдерінің қызметін уәкілетті орган анықтайтын Санитариялық авиация бойынша республикалық үйлестіру орталығы (бұдан әрі – Республикалық үйлестіру орталығы) үйлестіреді.
Toggle Dropdown
34. Санитариялық авиацияның қызметтері:
Toggle Dropdown
1) көліктік қызметтерді (мамандарды пациент орналасқан жерге және кері жеткізу);
Toggle Dropdown
2) медициналық қызметтерді қамтиды.
Toggle Dropdown
35. Санитариялық авиация бөлімшелерінде шақыртуларды қабылдау мен тіркеу бойынша тәуліктік диспетчерлік (фельдшерлік және мейірбикелік) қызмет ұйымдастырылады, санитариялық авиацияның әуе көлігі ұшқыштарымен, тапсырма бойынша халыққа шұғыл көмек көрсету үшін ұшқан дәрігер-консультанттармен, Республикалық үйлестіру орталығымен тұрақты байланысты жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
36. Әуе санитариялық авиакөлікті (тік ұшақ, ұшақ) пайдалану негізі:
Toggle Dropdown
1) жету қиын аудандарда;
Toggle Dropdown
2) әуе көлігіндегі санитариялық авиацияның қызметін ұсынатын медициналық ұйымның орналасқан жерінен 150 километрден аса арақашықтықта орналасқан науқастарды, босанатын әйелдерді және зардап шегушілерді шығару және тасымалдау үшін;
Toggle Dropdown
3) жарақаттанушылық және улану, пациенттің және айналасындағы адамдардың денсаулығына, өміріне қауіп төндіретін жағдайлар кезінде, диагноз қою қиын болған жағдайларда шақырту шұғыл мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажеттілігі кезінде сол жерге білікті мамандарды, оның ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымдарынан жеткізу үшін;
Toggle Dropdown
4) медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған немесе облыстық, қалалық медициналық ұйымдардың деңгейінде бұл қызметтің түрі болмаған жағдайда, пациентті республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізу үшін;
Toggle Dropdown
5) қала сыртындағы автомагистральдарда болған ЖКО кезінде жедел медициналық көмек көрсету үшін;
Toggle Dropdown
6) жол-көліктік жарақаттанушылықтың алдын алу мақсатында трассалардың, оның ішінде республикалық маңыздыларының авариялық-қауіпті учаскелерін, оның бойымен көлік құралдарының барынша көп қозғалысы сағаттарында патрульдеу үшін.
Toggle Dropdown
37. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету үшін республикалық және облыстық маңызы бар ұтқыр бригадалар құрылады.
Toggle Dropdown
38. Санитариялық авиация қызметтің штаттық ұтқыр бригадасының құрамына дәрігер (жоғарғы медициналық білімі, "емдеу ісі" немесе "педиатрия" мамандығы бойынша дипломы бар немесе "жедел медициналық көмек" мамандығы бойынша сертификаты бар маман), фельдшер (орта медициналық білімі, "емдеу ісі мамандығы бойынша дипломы бар немесе "жедел медициналық көмек" мамандығы бойынша сертификаты бар маман), санитар және жүргізуші және/немесе ұшқыш кіреді.
Toggle Dropdown
39. Қажет болған жағдайда республикалық немесе облыстық маңызы бар ұтқыр бригадалар "емдеу ісі" немесе "педиатрия" мамандықтары бойынша дипломы бар, тиiстi бейінді мамандық бойынша сертификаты бар жоғарғы немесе орташа медициналық бiлiмi бар мамандар, оның iшiнде медициналық жоғарғы оқу орындарының және республикалық ғылыми-зерттеу орталықтарының және институттардың қызметкерлерiнен тартылған мамандармен (ұтқыр топ) жасақталады.
Toggle Dropdown
40. Республикалық үйлестіру орталығы облыстардың санитариялық авиация бөлімшелерінің өтінімі бойынша тәуліктік режимінде Қазақстан Республикасының аумағында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге дайын, тартылған жоғары білікті дәрігер-мамандардан тұратын ұтқыр бригадаларды жасақтайды.
Toggle Dropdown
41. Шұғыл жағдайларда (ЖКО, жазатайым оқиға және өмірге қауіп төндіретін басқа жағдайлар) санитариялық авиацияны шақыруды оқиға орнынан телефон байланысының (ұялы телефон, таксофон және тағы басқалар) кез келген түрі бойынша медицина қызметкерлері, зардап шегушілердің немесе куәгерлердің "112" төтенше жағдайлар қызметіне, "103" қызметіне немесе арнайы құрылған санитариялық авиацияның диспетчерлік қызметіне қоңырау шалу арқылы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Республикалық үйлестіру орталығының ұтқыр бригадалары уәкілетті органның өтінімі бойынша шетелдік медициналық ұйымдарда ауыр халде жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық тасымалдауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
42. Санитариялық авиация қызметін шақырту мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен анықталатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының жауапты тұлғасының өтінімі негізінде жүзеге асырылады. Шұғыл жағдайлар кезінде (ЖКО, жазатайым оқиға және өмірге қауіп төндіретін басқа жағдайларда) санитариялық авиацияны шақырту медицина қызметкерлерінің, зардап шегушілердің немесе куәгерлердің оқиға орнынан санитариялық авиация қызметіне қоңырау шалуы арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
43. Санитариялық авиация қызметін көрсетуге медициналық ұйымдардан өтінім келіп түскен кезде санитариялық авиация бөлімшесінің диспетчері:
Toggle Dropdown
санитариялық авиация бөлімшесінің меңгерушісімен байланысты, қажет болған жағдайда бейінді маманның консультациясын ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
мамандандырылған және жоғарғы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін қалалық, облыстық, республикалық деңгейлердегі тікелей пациентті қабылдаған медициналық ұйымдарға жеткізілетін пациент туралы ақпаратты жеткізеді;
Toggle Dropdown
қажет болған жағдайда жіберуші мен қабылдаушы медициналық ұйымдардың арасында байланысты жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
санитариялық авиакөліктің орналасқан жеріне көшпелі бригадаларды автокөлікпен жеткізуді ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
көшпелі бригаданың белгіленген жерге келіп жетуін растау, науқастың, босанатын әйелдердің немесе зардап шегушілердің қабылдайтын медициналық ұйымға жеткізілуі туралы ақпаратты сұратады.
Toggle Dropdown
44. Санитариялық авиацияның барлық бөлімшелері медициналық ұйымдармен, ішкі істер, төтенше жағдайлар, қорғаныс министрліктерімен және санитариялық авиация бойынша көлік қызметін ұсынатын авиакомпаниялармен тұрақты қалалық, қалааралық және ұялы телефон байланысымен, сондай-ақ көшпелі бригадалармен радиобайланыспен және навигациялық жүйелермен қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
45. Санитариялық авиация бөлімшелеріне қызмет көрсететін санитариялық авиакөлікте бірдей айыру белгілері, арнайы жабдықталған жарқыл шамшырағы, дыбыс дабылы, қажетті медициналық жарақтар, соның ішінде жерде және авиакөліктердің қозғалысы кезінде және амбулаториялық (далалық) жағдайларда жүрек-өкпе реанимациясын көрсететін жабдықтары болады.
Toggle Dropdown
46. Санитариялық авиация бөлімшелері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша есепке алу - есеп құжаттамасын жүргізеді.
Toggle Dropdown
47. Санитариялық авиация бөлімшелерінің штаттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен денсаулық уәкілетті орган бекіткен үлгі штаттар мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
Toggle Dropdown
48. Республикалық үйлестіру орталығының ағымдағы жылғы қызмет көлемін санитариялық авиацияның бюджеттік бағдарламалар әкімшісі анықтайды.
Toggle Dropdown
Жедел медициналық көмек және
санитариялық авиация нысанында
медициналық көмек көрсету қағидаларына
қосымша
Toggle Dropdown
Жедел медициналық көмек бойынша шақыртулардың жеделділік санатының тізбесі
Toggle Dropdown
| Санаты |
Шақыртудың себебі |
Жасы |
Науқастың орналасқан жері |
| 1 |
2 |
3 |
4 |
| 1-жеделдік санаты (5 минутқа дейін) |
| 1 |
кеуде қуысының, құрсақтың, арқаның жарақаттануы |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
бастың, мойынның жарақаттануы (есін жоғалтпаған) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
оқ дәрімен жарақаттану |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
ұлғайған термиялық жарақат |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
беттің, тыныс алу жолдарының күйігі |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
аяқ-қолдың жарақаттық ампутациясы |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
көптеген, қосалқы жарақат |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
тұншығу (аллергия) |
балалар |
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
құрысқақ (жоғары температура) |
балалар |
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
құрысқақ (улану) |
балалар |
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
қан құсу |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
босану, қан кету |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
босану, су кету + қансырау |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
іш ауру + құсу |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
ессіз (бронх демікпесі) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
ессіз (қақалу) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
ессіз (жанып кету) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
ессіз (диабет) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
ессіз (есірткі мөлшерін артық қабылдау) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
ессіз (жарақат) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
ессіз (кардиологиялық ауру) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
ессіз (жоғары температура) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
ессіз (талма) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
ессіз (улану) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
ессіз (суға кету) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
ессіз (себебі белгісіз) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
ессіз (жіті қан кету) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
ессіз (анафилаксиялық шок) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 1 |
ессіз (асылу) |
|
|
| 1 |
ЖКО (1-2, ересектер) |
|
|
| 1 |
ЖКО (1-2, балалар бар) |
|
|
| 1 |
ЖКО (2-ден көп, ересектер) |
|
|
| 1 |
ЖКО (2-ден көп, балалар бар) |
|
|
| 1 |
жаяу жүргіншіні соғып кету |
|
|
| 1 |
өрт (1-2, ересектер) |
|
|
| 1 |
өрт (1-2, балалар бар) |
|
|
| 1 |
өрт (2-ден көп, ересектер) |
|
|
| 1 |
өрт (2-ден көп, балалар) |
|
|
| 1 |
жарылыс, ТЖ (1-2, ересектер) |
|
|
| 1 |
жарылыс, ТЖ (1-2, балалар бар) |
|
|
| 1 |
жарылыс, ТЖ (2-ден көп, ересектер) |
|
|
| 1 |
жарылыс, ТЖ (2-ден көп, балалар) |
|
|
| 1 |
теракт қаупі бар жағдайдағы кезекшілік |
|
|
| 1 |
жоғарыдан құлау (есін жоғалтпаған) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2-жеделділік санаты (5 минутқа дейін) |
| 2 |
соғылу, аяқ-қолдың сынуы |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
кеуде қуысының, құрсақтың, арқаның жарақаты |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
бастың, мойынның жарақаты (есін жоғалтпаған) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
аяқ-қолдың жарақаттануы (қан кетпеген) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
аяқ-қолдың жарақаттануы (қан кету) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
кеуде қуысының, құрсақтың, арқаның жарақаттануы |
|
|
| 2 |
тістелген жарақат |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
бастың, мойынның жарақаттануы (есін жоғалтпаған) |
|
|
| 2 |
тамырын тілу |
|
көше, қоғамдық орын үйде |
| 2 |
ұрып кеткен (есін жоғалтпаған) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
оқ дәрімен жарақаттану |
|
|
| 2 |
ұлғайған термиялық жарақат |
|
|
| 2 |
беттің, тыныс алу жолдарының күйігі |
|
|
| 2 |
көз жарақаты |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
аяқ-қолдың жарақаттық ампутациясы |
|
|
| 2 |
жыныс мүшелерінің жарақаты |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
электр жарақаты (есін жоғалтпаған) |
|
көше, қоғамдық орын үйде |
| 2 |
көптеген, қосалқы жарақат |
балалар |
|
| 2 |
алкогольден, суррогаттан улану |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
қақалу (есін жоғалтпаған) |
балалар |
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
иістен улану (есін жоғалтпаған) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
улармен улану (есін жоғалтпаған) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
дәрілермен улану (есін жоғалтпаған) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
сірке суымен улану |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
улану (себебі белгісіз) (есін жоғалтпаған) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
аритмия |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
кеудесі ауру (анамнезде гипертониялық ауру (бұдан әрі - ГА) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
ГА ауыратын науқаста көтеріңкі артериалдық қан қысымы (бұдан әрі - АҚ) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
көтеріңкі АҚ |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
кеуденің ауруы (анамнезде жүректің ишемиялық ауруы (бұдан әрі - ЖИА) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
кеуденің ауруы (анамнезде ЖИА) |
60 дейін |
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
кеуденің ауруы (кардио ауру) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
кеуденің ауруы (есірткі қабылдайды) |
балалар |
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
кеуденің ауруы (ЖИА қауіп-қатері) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
кеуденің ауруы (қайталанған жүгіну) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
кеуденің ауруы (этиологиясы белгісіз) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
аритмия (қайталанған жүгіну) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
тұншығу (бронх демікпесі) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
тұншығу (бронхит, пневмония) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
тұншығу (аллергия) |
ересектер |
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
тұншығу (аллергия) |
балалар |
|
| 2 |
тұншығу (кеуде қуысының жарақаты) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
тұншығу (кардио ауру) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
тұншығу (себебі белгісіз) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
тұншығу (зоб) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
құрысқақ, абстиненттік синдромы (алкогольдік) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
сал болды (анамнезде ГА) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
құрысқақтар (диабет) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
сал болды |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
кенеттен сал болды |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
құрысқақ (жоғары температура) |
ересектер |
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
құрысқақ (жоғары температура) |
балалар |
|
| 2 |
құрысқақ, абстиненттік синдромы (есірткі) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
құрысқақ (жиі нәжіс) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
құрысқақ (құсу) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
құрысқақ (себебі белгісіз) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
құрысқақ (улану) |
ересектер |
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
құрысқақ (улану) |
балалар |
|
| 2 |
эпилепсия (талма) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
қан құсу |
|
|
| 2 |
уланудан кейінгі қан кету |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
ішектен қан кету |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
босану, су кету |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
босану, қан кету |
|
|
| 2 |
босану, су кетті + қан кету |
|
|
| 2 |
іш ауруы + ішектік қан кету |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
іш ауруы + құсу |
|
|
| 2 |
температура + тұншығу |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
ГА науқаста құсық |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
Квинке ісігі |
балалар |
|
| 2 |
температура + бөртпе |
балалар |
балалар |
| 2 |
ессіз (бронх демікпесі) |
|
|
| 2 |
ессіз (қақалып қалды) |
|
|
| 2 |
ессіз (иістен уланды тиді) |
|
|
| 2 |
ессіз (диабет) |
|
|
| 2 |
ессіз (нарко мөлшерін артық қабылдау) |
|
|
| 2 |
ессіз (жарақат) |
|
|
| 2 |
ессіз (кардио ауру) |
|
|
| 2 |
ессіз (жоғары температура) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 2 |
ессіз (онко) |
|
|
| 2 |
ессіз (талма) |
|
|
| 2 |
ессіз (уланды) |
|
|
| 2 |
ессіз (суға кету) |
|
|
| 2 |
ессіз (себебі белгісіз) |
|
|
| 2 |
ессіз (жіті қан кету) |
|
|
| 2 |
ессіз (анафилаксиялық шок) |
|
|
| 2 |
ессіз (асылып қалды) |
|
|
| 2 |
есірткіні мөлшерінен көп қабылдау |
|
көше, қоғамдық орын, үйде |
| 2 |
ЖКО (кезекшілік) |
|
|
| 2 |
өрт (кезекшілік) |
|
|
| 2 |
жарылыс, ТЖ (кезекшілік) |
|
|
| 3-жеделділік санаты (5 минутқа дейін) |
| 3 |
жоғарыдан құлау (есін жоғалтпаған) |
|
|
| 3 |
соғып алу, аяқ-қолдың сынуы |
|
|
| 3 |
кеуде қуысының, құрсақтың, арқаның жарақаты |
|
|
| 3 |
бастың, мойынның жарақаты (есін жоғалтпаған) |
|
|
| 3 |
аяқ-қолдың жарақаттануы (қан кетусіз) |
|
|
| 3 |
аяқ-қолдың жарақаттануы (қан кетумен) |
|
|
| 3 |
тістелген жарақат |
|
|
| 3 |
ұрып кету (есін жоғалтпаған) |
|
|
| 3 |
шектелген термиялық жарақат |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
көз жарақаты |
|
үйде |
| 3 |
құлақ жарақаты |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
жыныс мүшелерінің жарақаты |
|
|
| 3 |
ескі жарақат, жағдайдың нашарлауы |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
алкогольден, суррогаттан улану |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
алкогольден, суррогаттан улану |
балалар |
|
| 3 |
қақалып қалу (есін жоғалтпаған) |
|
|
| 3 |
иістен улану (есін жоғалтпаған) |
|
|
| 3 |
улармен улану (есін жоғалтпаған) |
|
|
| 3 |
дәрілермен улану (есін жоғалтпаған) |
|
|
| 3 |
тамақтан улану |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
сірке суынан улану |
ересектер |
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
сірке суынан улану |
балалар |
|
| 3 |
улану (белгісіз)(есін жоғалтпаған) |
|
|
| 3 |
аритмия |
|
|
| 3 |
кеуденің ауруы (анамнезде ГА) |
|
|
| 3 |
кеуденің ауруы (алкогольді пайдалану) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
ГА ауыратын науқаста көтеріңкі АҚ |
|
|
| 3 |
көтеріңкі АҚ |
|
|
| 3 |
кеуденің ауруы (анамнезде ЖИА) |
|
|
| 3 |
кеуденің ауруы (анамнезде ЖИА) |
60 дейін |
|
| 3 |
кеуденің ауруы (кардио ауру) |
|
|
| 3 |
кеуденің ауруы (есірткі қабылдайды) |
ересектер |
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
кеуденің ауруы (есірткі қабылдайды) |
балалар |
|
| 3 |
кеуденің ауруы (ЖИА қауіп-қатері) |
|
|
| 3 |
кеуденің ауруы (қайталанған жүгіну) |
|
|
| 3 |
кеуденің ауруы (этиологиясы белгісіз) |
|
|
| 3 |
аритмия (қайталанған жүгіну) |
|
|
| 3 |
тұншығу (бронх демікпесі) |
|
|
| 3 |
тұншығу (бронхит, пневмония) |
|
|
| 3 |
тұншығу (аллергия) |
ересектер |
|
| 3 |
тұншығу (кеуде қуысының жарақаты) |
|
|
| 3 |
тұншығу (кардио ауру) |
|
|
| 3 |
тұншығу (онкология) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
тұншығу (туберкулез) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
тұншығу (себебі белгісіз) |
|
|
| 3 |
тұншығу (зоб) |
|
|
| 3 |
құрысқақ, абстиненттік синдромы (алкогольдік) |
|
|
| 3 |
сал болу (анамнезде ГА) |
|
|
| 3 |
құрысқақ (диабет) |
|
|
| 3 |
сал болу |
|
|
| 3 |
кенеттен сал болу |
|
|
| 3 |
құрысқақтар (жоғары температура) |
ересектер |
|
| 3 |
құрысқақтар, абстиненттік синдром (есірткі) |
|
|
| 3 |
құрысқақтар (жиі нәжіс) |
|
|
| 3 |
құрысқақтар (құсу) |
|
|
| 3 |
құрысқақтар (себебі белгісіз) |
|
|
| 3 |
құрысқақтар (улану) |
ересектер |
|
| 3 |
эпилепсия (талма) |
|
|
| 3 |
селкілдеу (себебі белгісіз) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
варикоз тамырларынан қан кету |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
әйелдердің жыныстық жолдарынан қан кету |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
қан құсу |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
уланғаннан кейінгі қан кету |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
әйелдердің жыныстық жолдарынан қан кету |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
ішектік қан кету |
|
|
| 3 |
қан құсу |
|
|
| 3 |
босану, су кету |
|
|
| 3 |
асқынуларсыз босану |
|
|
| 3 |
іш ауруы |
|
|
| 3 |
іш ауруы + ішектік қан кету |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
бүйректік шаншу |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
бүйір, бел ауруы |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
психоз? шақырту аға дәрігермен қабылданды |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
бас ауруы (глаукома) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
төмен қысым, бас айналу |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
температура + тұншығу |
|
|
| 3 |
температура + құсу |
балалар |
|
| 3 |
температура + іш өту |
балалар |
|
| 3 |
құсу, бөртпе (аллергия) |
балалар |
|
| 3 |
жүкті әйелдің құсуы |
|
көше, қоғамдық орын, үйде |
| 3 |
құсу (қант диабеті) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
Квинке ісігі |
ересектер |
|
| 3 |
температура + бөртпе |
балалар |
|
| 3 |
құсу (неврологиялық ауру) |
балалар |
|
| 3 |
жіті ауру немесе аяқ-қолдың ісігі |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
адам нашар жағдайда (диабет) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
адам нашар жағдайда (онко ауру) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
есірткіні мөлшерінен артық қабылдау |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
сірке суынан улану |
|
|
| 3 |
адам нашар жағдайда (себебі белгісіз) |
|
көше, қоғамдық орын |
| 3 |
тамақтың бөгде заты |
|
|
| 3 |
жәндіктердің, жыланның және т.б. шағуы |
|
|
| 4-жеделділік санаты (20 минутқа дейін) |
| 4 |
шектелген термиялық жарақат |
|
|
| 4 |
құлақ жарақаты |
|
|
| 4 |
алкогольден, суррогаттардан улану |
|
|
| 4 |
құлақтың бөгде заты |
|
|
| 4 |
кеуденің ауруы (алкогольді теріс пайдалану) |
|
|
| 4 |
кеуденің ауруы (есірткі қабылдайды) |
ересектер |
|
| 4 |
ГА ауыратын науқастың құсуы |
|
|
| 4 |
селкілдейді (себебі белгісіз) |
|
|
| 4 |
варикоз тамырларынан қан кету |
|
|
| 4 |
тісті жұлғаннан кейінгі қан кету |
|
көше, қоғамдық орын |
| 4 |
асқынуларсыз босану |
|
|
| 4 |
іш ауруы |
|
|
| 4 |
құсық + іш өту |
|
|
| 4 |
бүйректік шаншу |
|
|
| 4 |
Психоз? шақырту аға дәрігермен қабылданды |
|
|
| 4 |
бас ауруы (глаукома) |
|
|
| 4 |
төмен қысым, бас айналу |
|
|
| 4 |
бас ауруы (бас жарақаты болған) |
|
|
| 4 |
босанғаннан кейінгі температура |
|
|
| 4 |
құсу, бөртпе (аллергия) құсу, бөртпе (аллергия) |
ересектер |
|
| 4 |
құсу (қант диабеті) |
|
|
| 4 |
температура + бөртпе |
ересектер |
көше, қоғамдық орын |
| 4 |
құсу (неврологиялық ауру) |
ересектер |
|
| 4 |
бөртпе |
балалар |
|
| 4 |
құсу |
|
|
| 4 |
медициналық араласудан кейінгі аурулар, ісіктер |
|
|
| 4 |
асқынған геморрой |
|
көше, қоғамдық орын |
| 4 |
аяқ-қолдың ауруы (кардиологиялық ауру) |
|
|
| 4 |
аяқ-қолдың жіті ауруы және ісіктер |
|
|
| 4 |
адам нашар жағдайда (диабет) |
|
|
| 4 |
адам нашар жағдайда (себебі белгісіз) |
|
|
| 4 |
адам нашар жағдайда (себебі белгісіз) |
балалар |
|
| 4 |
ессіз (онкологиялық ауру) |
|
|
| 4 |
балалар реанимациясын өзіне шақырту |
|
|
| 4 |
балаларға арналған бригаданы өзіне шақырту |
|
|
| 4 |
дәрігерлер бригадасын өзіне шақырту |
|
|
| 4 |
фельдшерлік бригаданы өзіне шақырту |
|
|
| 5-жеделділік санаты (20 минутқа дейін) |
| 5 |
құлақтың бөгде заты |
|
|
| 5 |
ескі жарақат, нашарлану |
|
|
| 5 |
көздің бөгде заты |
|
|
| 5 |
тамақтан улану |
|
|
| 5 |
температура + құсу |
|
|
| 5 |
температура + іш жүру |
|
|
| 5 |
іш жүру |
|
|
| 5 |
құсу + іш жүру |
|
|
| 5 |
жыныс мүшелерінің ісігі |
|
|
| 5 |
басқа да бөгде заттар |
|
|
| 5 |
caл болған адам жағдайының нашарлануы |
|
|
| 5 |
қанды несеп |
ересектер |
көше, қоғамдық орын |
| 5 |
қанды несеп |
балалар |
|
| 5 |
мұрыннан қан кету |
ересектер |
|
| 5 |
мұрыннан қан кету |
балалар |
|
| 5 |
тісті жұлғаннан кейінгі қан кету |
|
|
| 5 |
тұншығу (онкология) |
|
|
| 5 |
тұншығу (туберкулез) |
|
|
| 5 |
бүйір, бел ауруы |
|
|
| 5 |
медициналық араласулардан кейінгі температура |
|
|
| 5 |
температура (мастит?) |
|
|
| 5 |
медициналық араласулардан кейінгі аурулар, ісіктер |
|
|
| 5 |
жыныс мүшелерінің ісігі |
ересектер |
|
| 5 |
алкогольден масаю |
|
|
| 6-жеделділік санаты (30 минутқа дейін) |
| 6 |
емханада медициналық бөлімшеде көмек көрсету |
|
|
| 6 |
несептің жіті кідірісі |
|
|
| 6 |
бас ауруы (абстинентті-алкоголь) |
|
|
| 6 |
дренаж түтігігің шығып кетуі |
|
|
| 6 |
Интенсивті терапия блогына (бұдан әрі - ИТБ) арналған жедел тасымал |
|
|
| 6 |
балалар реанимациясына арналған жедел тасымал |
|
|
| 6 |
балалар бригадасына арналған жедел тасымал |
|
|
| 6 |
кардиоға арналған жедел тасымал |
|
|
| 6 |
дәрігерлік бригадаға арналған жедел тасымал |
|
|
| 6 |
реанимацияға арналған жедел тасымал |
|
|
| 6 |
фельдшерлік бригадаға арналған жедел тасымал |
|
|
| 6 |
ИТБ стационарға, стационардан тасымалдау |
|
|
| 6 |
балалар реанимациясына стационарға стационардан тасымалдау |
|
|
| 6 |
балаларға арналған стационарға стационардан тасымалдау |
|
|
| 6 |
кардиологияға стационардан стационарға тасымалдау |
|
|
| 6 |
стационардан стационарға тасымалдау |
|
|
| 6 |
реанимацияға стационардан стационарға |
|
|
| 6 |
тасымалдау |
|
|
| 6 |
стационардан стационарға тасымалдау |
|
|
| 6 |
бас ауруы, температура |
|
|
| 6 |
бас ауруы (абстинентті-есірткі) |
|
|
| 6 |
құлақ ауырады |
|
|
| 6 |
бас ауруы |
|
|
| 6 |
температура + тамақтағы аурулар |
|
|
| 6 |
температура + жөтел |
|
|
| 6 |
температура + құлақтағы ауру |
|
|
| 6 |
асқынуларсыз температура |
|
|
| 6 |
температура + бөртпе |
ересектер |
|
| 6 |
құсу (онкологиялық ауру) |
балалар |
көше, қоғамдық орын |
| 6 |
бөртпе |
|
|
| 6 |
адам нашар жағдайда (онко ауру) |
|
|
| 6 |
бұқаралық іс-шаралардағы кезекшілік |
|
|
| 6 |
бағыттас шақырту |
|
|
| 6 |
ИТБ арналған белсенді шақырту |
|
|
| 6 |
балалар реанимациясына арналған белсенді шақырту |
|
|
| 6 |
балалар бригадасына арналған белсенді шақырту |
|
|
| 6 |
кардиоға арналған белсенді шақырту |
|
|
| 6 |
дәрігерлік бригадаға арналған белсенді шақырту |
|
|
| 6 |
реанимацияға белсенді шақырту |
|
|
| 6 |
фельдшерлік бригадаға белсенді шақырту |
|
|
Toggle Dropdown
Ескертпе: "науқастың орналасқан жері" бағанында арнайы нұсқау жоқ болса, пациент үйде немесе басқа жерде.