Қазақстан Республикасы Бюджеттiк Кодексiнiң 34-бабына және «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 10 қазандағы № 702 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 қарашада № 8111 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 12.06.2014 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 19.03.2014 жылғы № 144 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Бюджеттiк Кодексiнiң 34-бабына және «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) «Бiлiктiлiк санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттiк қызметі регламентi осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Бiлiктiлiк санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттiк қызметі регламентi осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Медициналық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттiк қызметі регламентi осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке тұлғаларды аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызметі регламентi осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттiк қызметі регламентi осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгiлi түрiн өндiру құқығына бiлiктiлiк беру» мемлекеттiк қызметі регламентi осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Б.С. Байсеркин):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Заң қызметi департаментi (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi Е.Ә. Байжүнiсовке жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2012 жылғы 10 қазандағы № 702 бұйрығына 1-қосымша
«Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 қаулысымен бекітілген «Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес әзірленген.
2. «Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және оның аумақтық департаменттері (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынады.
3. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік емтиханы - медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандығына сәйкестігін анықтау және тиісті маман сертификатын бере отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс iстеуге) жiберу мақсатында өткізілетін емтихан;
2) біліктілік санатын бере отырып маман сертификаты (бұдан әрі – маман сертификаты) - жеке тұлғаға медициналық қызметтің нақты бір мамандығы бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға құқық беретін және біліктілік санатын алатын құжат;
3) кеңсе қызметкері - мемлекеттік қызметті алушы өтініш жасаған сәтінен бастап құжаттарды қабылдауға және тіркеуге жауапты уәкілетті органның қызметкері;
4) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) - мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлға;
5) маман - мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге және құжаттарды беруге жауапты уәкілетті органның қызметкері;
6) мемлекеттік қызметті алушы – медициналық білімі бар, маман сертификатын алуға үміткер жеке тұлға.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-бабына, «Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4596 болып тiркелген) сәйкес көрсетіледі.
7. Уәкілетті органның орналасқан жерлері және жұмыс кестесі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету барысы және тәртібі туралы ақпаратты стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша алуға болады.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі маман сертификатын беру не оны беруден жазбаша түрде уәжделген бас тарту болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар
9. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) интернет-ресурсында орналасқан www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша және осы стандартқа 1-қосымшада көрcетiлген мекенжайларда орналасқан уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде орналастырылады.
12. Мемлекеттік қызметті алушыдан құжаттарды алған сәтінен бастап және мемлекеттік қызметтің қорытындысын беруге дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
Уәкілетті органда:
мемлекеттік қызметті алушылардың құжаттарын қабылдау осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес уәкілетті орган кеңсесінде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күні ішінде іске асырылады;
мемлекеттік қызметті алушының өтінішін алу сәтінен бастап кеңсе қызметкері:
1) өтініште көрсетілген барлық құжаттарды тексереді;
2) өтініштерді тіркеу журналында тіркейді;
3) Уәкілетті органның басшысына құжаттарды тапсырады;
4) Уәкілетті органның басшысы келіп түскен құжаттарды бөліп, қарар қояды;
Уәкілетті органның маманы:
1) құжаттарды тіркеген сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді;
2) ұсынылған құжаттар толық емес және (немесе) сәйкес келмеген жағдайда уәжделген бас тарту туралы жауабын дайындайды;
3) мемлекеттік қызметті алушыға тестілеудің уақыты мен өтетін жерін хабарлайды;
4) тестілеуді өткізуге қатысады;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |