• Мое избранное
Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2011 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 98 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5433 болып енгізілді.

Күші жойылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 01.07.2011 № 68 Қаулысымен (28.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. 
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап: 
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 шілдедегі N 95 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3015 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2004 жылғы 24 тамызда N 216 (23851) жарияланған); 
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің инвестициялық қызметтің бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 30 қарашадағы N 135 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5088 тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 
4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.): 
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін. 
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және арнайы қаржы компанияларына жіберсін. 
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
 Ұлттық Банк 
Төрағасы                                         Ә. Сәйденов Қазақстан Республикасының  
 Ұлттық Банкі Басқармасының  
 2008 жылғы 28 қарашадағы   
 N 98 қаулысымен       
 бекітілген        
Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық " Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы " 1995 жылғы 30 наурыздағы және " Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы " 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді. 
2. Осы Нұсқаулық банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және арнайы қаржы компанияларының (бұдан әрі - ұйымдар) меншікті ақшаны салымдарға, заемдарға, бағалы қағаздарға, туынды құралдарға, аффинирленген бағалы металдарға, шетел валютасына орналастыру бойынша операциялардың, хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ РЕПО және кері РЕПО операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізуін нақтылайды. 
3. Осы Нұсқаулықта халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес мәміле жасау күнгі және мәмілелер бойынша есеп айырысу күнгі қаржы активтерін сатып алу және сату мәмілелерін есепке алу әдісі қолданылады. Осы тармақта көрсетілген қаржы активтерін сатып алу және сату мәмілелерін есепке алу әдістерінің бірін таңдау ұйымның есеп саясатымен айқындалады. 
4. Осы Нұсқаулықтың талаптарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына қайшы келмейтін қосымша бухгалтерлік жазбалар жасауға жол беріледі.
2-тарау. Осы Нұсқаулықта пайдаланылған негізгі ұғымдар
5. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылды: 
1) борыштық бағалы қағаздар - бағалы қағаздар иесінің эмитенттен шығару талаптарында белгіленген мөлшерде және мерзімде негізгі борыш сомасын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаздар; 
2) есептік құн - актив немесе міндеттеме бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құн; 
3) мәміле бойынша шығындар - бұл қаржы активін немесе қаржылық міндеттемені сатып алуға, шығаруға немесе шығынға жазуға тікелей байланысты, оларды сатып алу, шығару немесе өткізу үшін міндетті талап болып табылатын қосымша шығыстар; 
4) Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығының фиксингі - тазартылған қымбат металдардың Лондон қымбат металдар нарығының қауымдастығы белгілеген құны. Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығының фиксингі 1 троя унциясы үшін американдық доллармен көрсетіледі; 
5) сыйлықақының немесе дисконттың (жеңілдік) амортизациясы - бұл есепте тұрған сыйлықақы немесе дисконт (жеңілдік) сомасын ұйымның кірісіне немесе шығысына біртіндеп жатқызу; 
дисконт (жеңілдік) - борыштық бағалы қағазды сатып алу құны (есептелген сыйақыны қоспағанда) және оның номиналдық құны арасында пайда болған, инвестор (сатып алушы) үшін болашақ кезеңдердің кірістерін құрайтын теріс айырмашылық сомасы; 
сыйлықақы - борыштық бағалы қағазды сатып алу құны (есептелген сыйақыны қоспағанда) және оның номиналдық құны арасында пайда болған, инвестор (сатып алушы) үшін болашақтағы кезеңдердің шығыстарын құрайтын оң айырмашылық сомасы; 
6) үлестік бағалы қағаздар - ұйымның таза активтеріндегі (міндеттемелер шегерілген активтер) үлеске құқығын растайтын бағалы қағаздар. Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшін үлестік бағалы қағаздарға акциялар, акцияларға депозитарлық қолхаттар, инвестициялық пай қорлардың пайлары және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес үлестік бағалы қағаздар анықтамасына жататын басқа бағалы қағаздар.
3-тарау. Бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлік есебі
1. Саудаға арналған және сату үшін қолда бар, сатып алынған борыштық бағалы қағаздарды есепке алу
6. "Саудаға арналған бағалы қағаздар" және "сату үшін қолда бар бағалы қағаздар" санатына жіктелген борыштық бағалы қағаздарды сатып алған кезде (мәміле бойынша шығындар қосылатын сатып алу құнына) тиісті шоттардың дебеті (бұдан әрі - Дт) және кредиті (бұдан әрі - Кт) бойынша мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады: 
1) сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың таза құнына (оның номиналдық құнынан аспайтын сомаға): 
Дт 1120 01 "Саудаға арналған қаржы активтері", 
  1140 01 "Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы                    инвестициялары", 
  2030 01 "Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржы                    инвестициялары" 
Кт 1030    "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты", 
  1040    "Карт-шоттардағы ақша қаражаты"; 
2) борыштық бағалы қағаздарды сатып алуға байланысты шығындар қосылған сыйлықақы сомасына: 
Дт 1120 03 "Саудаға арналған, сатып алынған қаржы активтері                    бойынша сыйлықақы", 
  1140 03 "Сату үшін қолда бар, сатып алынған қаржы                    инвестициялары бойынша сыйлықақы", 
  2030 03 "Сату үшін қолда бар, сатып алынған ұзақ мерзімді                    қаржы инвестициялары бойынша сыйлықақы" 
Кт 1030    "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты", 
  1040    "Карт-шоттардағы ақша қаражаты"; 
3) дисконт (жеңілдік) сомасына: 
Дт 1120 01 "Саудаға арналған қаржы активтері", 
  1140 01 "Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы                    инвестициялары", 
  2030 01 "Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржы                    инвестициялары" 
Кт 1120 02 "Саудаға арналған, сатып алынған қаржы активтері                    бойынша дисконт",