Toggle Dropdown
4
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi шаралар бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы N 149 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 27.08.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 маусымдағы шешiмiмен мақұлданған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi шаралар бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. 2006-2008 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi шаралар бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында (бұдан әрi - Іс-шаралар жоспары) көзделген шығыстардың сомасы 2006 және одан кейiнгi жылдарға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтылауға және түзетуге жатады деп белгiленсiн.
Toggle Dropdown
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Бағдарлама бекiтiлгеннен кейiн бiр ай мерзiмде мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, өңiрлiк бағдарламалар мен оларға iс-шаралар жоспарларын әзiрлесiн.
Toggle Dropdown
4. Бағдарламаны iске асыруға жауапты мемлекеттiк органдар мен мүдделi ұйымдар (келiсiм бойынша):
Toggle Dropdown
1) Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екi рет, 10-қаңтарға және 10-шiлдеге Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсiн.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екi рет, 25-қаңтарға және 25-шiлдеге Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
Toggle Dropdown
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң агроөнеркәсiптiк кешен мәселелерiне жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.
Toggle Dropdown
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрi
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 6 наурыздағы
N 149 қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты
дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске
асыру жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған бiрiншi
кезектегi шаралар бағдарламасы
Toggle Dropdown
1. Бағдарламаның паспорты
Toggle Dropdown
2. Кiрiспе
Toggle Dropdown
3. Агроөнеркәсiп кешенi экономикасының қазiргi таңдағы жай-күйi
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi шаралар бағдарламасының мақсаттары мен мiндеттерi
Toggle Dropdown
5. Бiрiншi кезектегi шараларды iске асырудың жолдары мен тетiктерi
Toggle Dropdown
Параграф 1. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiру және қайта өңдеу
Toggle Dropdown
Параграф 1.1. Ғылыми-негізделген агротехнологияның сақталынуы негiзiнде егiншілiктi өңiрлiк мамандандыру
Toggle Dropdown
Параграф 1.2. Егіншілiктiң ылғалқорсақтау технологиясын енгiзу
Toggle Dropdown
Параграф 1.3. Суармалы егiншілiктi дамыту
Toggle Dropdown
Параграф 1.4. Ауыл шаруашылығы өндiрiсi үшiн жанар-жағар май материалдары рыногын басқарудың жаңа тетiктерi
Toggle Dropdown
Параграф 1.5. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiру және қайта өңдеудiң техникалық жарақтануын сапалы арттыру
Toggle Dropdown
Параграф 1.6. Өсiмдiк шаруашылығының кластерлiк басым бағыттары негiзiнде тiгiнен және көлденеңiнен ықпалдасқан өндiрiстi құру
Toggle Dropdown
Параграф 1.7. Өсiмдiк шаруашылығы және оның қайта өңделген өнiмдерiнiң азық-түліктік рыногын реттеу тетiктерi
Toggle Dropdown
Параграф 1.8. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiру жөнiндегі инновациялық жобалар
Toggle Dropdown
Параграф 1.9. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiру мен қайта өңдеудi дамыту жөнiндегi iс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету
Toggle Dropdown
Параграф 2. Мал шаруашылығы мен балық шаруашылығы өнiмдерiн өндiру және қайта өңдеу
Toggle Dropdown
Параграф 2.1. Мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру
Toggle Dropdown
Параграф 2.2. Мал шаруашылығы өнiмiн өндiру мен қайта өңдеудi техникалық жарақтандыруды арттыру
Toggle Dropdown
Параграф 2.3. Мал шаруашылығындағы және балық шаруашылығындағы кластерлiк басымдықтар негiзiнде тiгiнен және көлденеңiнен ықпалдасқан өндiрiстi құру
Toggle Dropdown
Параграф 2.4. Мал шаруашылығы өнiмдерiнiң азық-түлiктiк рыногын реттеу тетiктерi
Toggle Dropdown
Параграф 2.5. Мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудiң экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
Toggle Dropdown
Параграф 2.6. Мал шаруашылығы және балық шаруашылығы өнiмдерiн өндiру мен қайта өңдеудi дамыту жөнiндегi iс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету
Toggle Dropdown
Параграф 3. Отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту
Toggle Dropdown
Параграф 3.1. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамытудың негiзгi бағыттары
Toggle Dropdown
Параграф 3.2. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту шараларын қаржылық қамтамасыз ету
Toggle Dropdown
Параграф 4. Қызмет көрсету құрылымын және өнiмнiң қауiпсiздiгiн және сапасын бағалау жүйесiн дамыту
Toggle Dropdown
Параграф 4.1. АӨК өнiмiнiң қауiпсiздiгi қаупiн бағалау және сапасын бақылау жүйесiн жаңарту және нығайту, техникалық реттеудi жетiлдiру
Toggle Dropdown
Параграф 4.2. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн даярлау жүйесi
Toggle Dropdown
Параграф 4.3. АӨК өнiмдерiн көтерме саудада сату
Toggle Dropdown
Параграф 4.4. АӨК қаржы және сақтандыру құрылымдары
Toggle Dropdown
Параграф 4.5. Ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету
Toggle Dropdown
Параграф 4.6. АӨК салаларын ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету
Toggle Dropdown
Параграф 4.7. Қызмет көрсету инфрақұрылымдарын және өнiмдердің сапасын бақылау және қаупiн бағалау жүйесiн дамыту бойынша
Toggle Dropdown
iс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету