Toggle Dropdown
6
Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 150 Жарлығы
Toggle Dropdown
Редакция 29.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 27-1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру тәртібін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Toggle Dropdown
1) "Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 59 өкімі;
Toggle Dropdown
1
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 59 өкіміне толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 323 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 235-құжат).
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Президенті Н. Назарбаев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 150 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою
ҚАҒИДАЛАРЫ
Toggle Dropdown
Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 27-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты шетелде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат болып табылады, 1961 жылғы Дипломаттық қатынастар туралы Вена конвенциясына және Қазақстан Республикасының басқа да халықаралық шарттарына сәйкес оның дипломатиялық иммунитеті болады.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты Қазақстан Республикасының азаматы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді атқару үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан, келген, тұрған кезде оның жеке басын, иесінің ресми мәртебесін куәландыратын құжат болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Дипломаттық немесе қызметтік паспортты (бұдан әрі – паспорт) шетелге жеке сапарлар үшін пайдалануға тыйым салынады.
Toggle Dropdown
4. Паспорт Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Паспорт Қазақстан Республикасынан әлемнің барлық мемлекеттеріне шығу үшін жарамды болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Паспортты Қазақстан Республикасының дипломаттық немесе қызметтік паспортын алуға құқығы бар адамдардың тізбелеріне сәйкес (1 және 2-қосымшалар ) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) береді.
Toggle Dropdown
7. Ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Қазақстан Республикасының дипломаттық паспортын алуға құқығы бар адамдардың тізбесінде көрсетілмеген адамдарға дипломаттық паспорт беруге құқығы бар.
Toggle Dropdown
8. Ұзақ шетелдік іссапарға баратын және дипломаттық немесе қызметтік паспорты бар адамдармен бірге жүретін жұбайларына/зайыптарына, 18 жасқа дейінгі балаларға да тиісінше дипломаттық немесе қызметтік паспорт, сондай-ақ қызметтік паспорты бар адамдармен бірге жүретін, жасы 18-ден асқан, тұрмысқа шықпаған қыздарға да қызметтік паспорт беріледі.
Toggle Dropdown
9. Паспорт бес жыл мерзімге беріледі.
Toggle Dropdown
Дипломатиялық қызметтің Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі дипломаттық дәрежесі бар қызметкерлерінің және олардың жұбайларының/зайыптарының Қазақстан Республикасының дипломаттық паспортын өмір бойы пайдалануға құқығы бар.
Toggle Dropdown
10. Паспорттардың бланкілері Министрліктің өтінімі бойынша жасалатын қатаң есептегі құжаттар болып табылады.
Toggle Dropdown
11. Паспорттарды беруді, есепке алуды, сақтауды және жоюды Министрлік жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Негізгі ұғымдар
Toggle Dropdown
12. Осы Қағидаларда мынандай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) уәкілетті адам – осы Қағидаларда көзделген іс-қимылды жасауға іссапарға жіберуші орган уәкілеттік берген, осы органның қызметкері.
Toggle Dropdown
Уәкілетті адам туралы ақпарат іссапарға жіберуші орган басшысының немесе Министрлікте оны алмастыратын адамның қолы қойылып, жазбаша түрде алдын ала жіберіледі;
Toggle Dropdown
2) іссапарға жіберуші орган – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы немесе ұйым;
Toggle Dropdown
3) жауапты қызметкер – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің осы Қағидаларда көзделген іс-қимылды жүзеге асыратын қызметкері;
Toggle Dropdown
4) өтінім хат – іссапарға жіберуші орган басшылығының немесе іссапарға жіберуші органның құрылымдық бөлімшесі басшысының қолы қойылған фирмалық бланкідегі іссапарға жіберуші органның хаты;
Toggle Dropdown
5) лауазымды адамдардың тізбелері – Қазақстан Республикасының дипломаттық немесе қызметтік паспортын алуға құқығы бар адамдардың тізбелері;
Toggle Dropdown
6) иесі – Қазақстан Республикасының дипломаттық немесе қызметтік паспорты ресімделген адам.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою
Toggle Dropdown
13. Паспортты ресімдеу үшін іссапарға жіберуші орган уәкілетті адам арқылы Министрлікке мынадай құжаттар пакетін:
Toggle Dropdown
1) өтінім хат (3-қосымша );
Toggle Dropdown
2) іссапарға жіберуші органның кадр бөлімі куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың немесе өзге құжаттың көшірмесін;
Toggle Dropdown
3) паспорт беруге толтырылған өтініш (бұдан әрі – өтініш);
Toggle Dropdown
4) 3,5 х 4,5 мөлшеріндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
Toggle Dropdown
5) жеке куәліктің көшірмесін береді.
Toggle Dropdown
14. Құжаттарды қабылдаған кезде жауапты қызметкер өтініште көрсетілген деректердің жеке басын куәландыратын құжаттардың деректерімен сәйкестігі тұрғысынан салыстырып тексеру жүргізеді.
Toggle Dropdown
15. Басқа дипломаттық немесе қызметтік паспорты болған жағдайда, дипломаттық немесе қызметтік паспортты ресімдеуге мынадай:
Toggle Dropdown
1) басқа шет мемлекетке кіру үшін кедергі болуы мүмкін шетел визасы болған;
Toggle Dropdown
2) қысқа мерзімде бірнеше мемлекеттің визаларын алу қажет болған;
Toggle Dropdown
3) Сыртқы істер министрінің, оның орынбасарларының немесе жауапты хатшысының жазбаша нұсқауы болған жағдайларда рұқсат етіледі.
Toggle Dropdown
16. Паспортты ресімдеу мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.
Toggle Dropdown
17. Уәкілетті адамға паспорт беру жеке куәлігін немесе ұлттық паспортын көрсеткен жағдайда паспорттарды беру журналына қолын қойғызып жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
18. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің мұрағатынан паспорттарды беру уәкілетті адам арқылы ұсынылған өтінім хат пен іссапарға жіберуші органның кадр бөлімі куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың немесе өзге құжаттың көшірмесі негізінде жүзеге асырылады. Уәкілетті адам паспортты алғаннан кейін оны иесіне дереу береді.
Toggle Dropdown
19. Паспорттың қолданылу мерзімін Министрлік немесе Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері мынадай:
Toggle Dropdown
1) иесі шұғыл түрде шетелге іссапарға шығу қажет болған;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіндегі жұмыс мерзімі ұзартылған жағдайларда бір жылға дейінгі мерзімге бір мәрте ұзартуы мүмкін.
Toggle Dropdown
20. Егер иесі бір ай мерзімде Қазақстан Республикасынан тыс жерге тағы да шықпаса, азаматтар шетелдік сапардан оралғаннан кейін он күн мерзімде паспорт Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің мұрағатына тапсыратын уәкілетті адамға берілуі тиіс. Паспортты тапсыру негізсіз кідіртілген жағдайда, Министрлік оны жарамсыз деп тану құқығын өзіне қалдырады. Тапсырылғаннан кейін паспортты сақтау жауапкершілігі Министрлікке жүктеледі.
Toggle Dropdown
Іссапарға жіберуші орган берілген паспорттардың есебін жүргізеді және паспорт иелерінің қызметтік қозғалысы (жұмыстан босатылуы, лауазымының жоғарылауы, төмендеуі) туралы Министрлікке тоқсанына бір рет хабарлап отырады.
Toggle Dropdown
Егер иесі оны иелену құқығын жоғалтқан болса, Министрлік паспортты талап етеді. Паспорт қайтарылмаған жағдайда, Министрлік Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне паспортты жарамсыз деп тану туралы ақпарат жібереді.
Toggle Dropdown
21. Паспорт шетелде жоғалған, ұрланған жағдайда, оның иесі бұл туралы болу мемлекетінің құқық қорғау органдарына және Қазақстан Республикасының ең таяу шетелдегі мекемесіне, егер жоғалу, ұрлану Қазақстанның аумағында орын алса – Министрлікке және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына дереу мәлімдейді.
Toggle Dropdown
Жоғалған, ұрланған паспорттың орнына жаңасын беру жоғалту, ұрлану туралы ақпарат тексерілгеннен кейін жүргізіледі.
Toggle Dropdown
22. Паспорттарды сақтау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің мұрағатында жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Паспортпен бірге паспорт қолға берілген кезде мұрағатта қалатын есепке алу карточкасы да сақталады.
Toggle Dropdown
23. Паспорттарды жою осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес акт жасау арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4. Қорытынды ережелер
Toggle Dropdown
24. Осы Қағидалар бұзылған жағдайда, іссапарға жіберуші органдардың басшылары, иелер және уәкілетті адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
дипломаттық және қызметтік
паспорттарын беру, есепке алу,
сақтау және жою қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының дипломаттық паспортын алуға
құқығы бар адамдардың тізбесі
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелері.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
Toggle Dropdown
7. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы.
Toggle Dropdown
8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы.
Toggle Dropdown
9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы.
Toggle Dropdown
10. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.
Toggle Dropdown
11. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары.
Toggle Dropdown
12. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы.
Toggle Dropdown
13. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары.
Toggle Dropdown
14. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы.
Toggle Dropdown
15. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілдері, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарлары.
Toggle Dropdown
16. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы.
Toggle Dropdown
17. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары.
Toggle Dropdown
18. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалаушы сот алқаларының төрағалары.
Toggle Dropdown
19. Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері.
Toggle Dropdown
20. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары.
Toggle Dropdown
21. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.
Toggle Dropdown
22. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары.
Toggle Dropdown
23. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараттарының басшылары.
Toggle Dropdown
24. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің меңгерушісі – Премьер-Министр протоколының бастығы.
Toggle Dropdown
25. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі.
Toggle Dropdown
26. Қазақстан Республикасынан жіберілетін Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері (жұбайлары/зайыптары, балалары), халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері (жұбайлары/зайыптары, балалары).
Toggle Dropdown
27. Әскери атташелер, олардың көмекшілері мен отбасы мүшелері (жұбайлары/зайыптары, балалары).
Toggle Dropdown
28. Қазақстан Республикасының экс-Президенті мен оның зайыбы.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
дипломаттық және қызметтік
паспорттарын беру, есепке алу,
сақтау және жою қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының қызметтік паспортын алуға
құқығы бар адамдардың тізбесі
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары.
Toggle Dropdown
2. Аудандардағы қалалардың және қалалардағы аудандардың, селолардың, селолық округтердің, кенттердің, ауылдардың әкімдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес дипломаттық паспорт алуға құқығы жоқ саяси мемлекеттік қызметшілер.
Toggle Dropdown
3. Аудандардағы қалалар және қалалардағы аудандар әкімдерінің орынбасарларын қоспағанда, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары.
Toggle Dropdown
4. Дипломаттық паспорт алуға құқығы бар адамдарды қоспағанда, А және В санаттарындағы, С-1, С-2, С-3, С-4 санаттарындағы қызметтерді атқаратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілер.
Toggle Dropdown
5. Аумақтық органдардың қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) офицерлік атағы бар қызметкерлері.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелері (жұбайлары/зайыптары, балалары).
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық даму институттары, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер атқарушы органдарының бірінші басшылары.
Toggle Dropdown
8. Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының халықаралық ұшып өтуін қамтамасыз ету үшін тартылатын қазақстандық авиакомпаниялардың ұшқыш-техникалық персоналы.
Toggle Dropdown
1
9. Осы тізбенің 7-тармағында көрсетілген шет мемлекеттердегі ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері (жұбайлары/зайыптары, балалары).
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
дипломаттық және қызметтік
паспорттарын беру, есепке алу,
сақтау және жою қағидаларына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Паспортты (дипломаттық, қызметтік) ресімдеу үшін
Іссапарға жіберуші органның бланкісінде
Toggle Dropdown
№ _____________________
Toggle Dropdown
20_ ж. "__"____________
Toggle Dropdown
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
Консулдық қызмет
департаменті
Toggle Dropdown
... (ел) шығу үшін паспортты (дипломаттық, қызметтік) ресімдеуді/беруді сұраймыз:
Toggle Dropdown
Т.А.Ә. – лауазымы
Toggle Dropdown
Шығуы жылы/күні/айына,... күн (жыл) мерзімге жоспарланған
Toggle Dropdown
Баратын қалалар:
Toggle Dropdown
Сапардың мақсаты:
Toggle Dropdown
Шығуының негізі:... (ұйымның атауы) шақыруы бойынша
Toggle Dropdown
Сапарды:... (ұйымның атауы) қаржыландырады
Toggle Dropdown
1) іссапарға жіберуші органның кадрлар бөлімі куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың немесе өзге құжаттың көшірмесі;
Toggle Dropdown
2) паспорт беруге толтырылған өтініш;
Toggle Dropdown
3) 3,5 х 4,5 мөлшеріндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
Toggle Dropdown
4) жеке куәліктің көшірмесі.
Toggle Dropdown
Ұйымның басшысы Қолы Т.А.Ә.
Toggle Dropdown
Мөрдің орны
Toggle Dropdown
Орындаушы: Т.А.Ә.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
дипломаттық және қызметтік
паспорттарын беру, есепке алу,
сақтау және жою қағидаларына
4-қосымша
Toggle Dropdown
Дипломаттық/қызметтік паспортты жою актісі
Toggle Dropdown
"Бекітемін"
___________________
(КҚД басшысы)
___________________
Т.А.Ә.
20__ ж. "__"_______
Toggle Dropdown
Қатаң есептегі бүлінген бланкілерді жою туралы
АКТ
Toggle Dropdown
Біз, төменде қол қоюшылар
Toggle Dropdown
1. _______________________,
Toggle Dropdown
(лауазымы) Т.А.Ә.
Toggle Dropdown
2. _______________________,
Toggle Dropdown
(лауазымы) Т.А.Ә.
Toggle Dropdown
3. _______________________
Toggle Dropdown
(лауазымы) Т.А.Ә.
Toggle Dropdown
№ ______ паспорттардың бланкілерін жойдық деп, осы актіні жасадық.
Toggle Dropdown
Қосымша: жойылған паспорттар бланкілерінің көшірмелері.
Toggle Dropdown
____________
Toggle Dropdown
қолы, Т.А.Ә.
Toggle Dropdown
____________
Toggle Dropdown
қолы, Т.А.Ә.
Toggle Dropdown
____________
Toggle Dropdown
қолы, Т.А.Ә.
Toggle Dropdown
Орын.: Тегі, аты