"Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1288 қаулысын iске асыру мақсатында бұйырамын:
Отправить по почте
Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 19 ақпандағы N 06-2-2/51 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 5 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2730
Күші жойылды ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылғы 29 қарашадағы № 02-02-18/222 Бұйрығымен.(алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1288 қаулысын iске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
2. Жоғары жетiстiктер спорты және спорт резервi басқармасы белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Б.Қанағатовқа жүктелсiн.
4. Бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
Төрағаның
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Төрағасының мiндетiн атқарушының 2004 жылғы 19 ақпандағы "Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" N 06-2-2/51 бұйрығымен бекiтiлген
Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеуден өткiзу жөнiндегi НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер
1. Осы дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеуден өткiзу туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және "Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1288 қаулысын iске асыру мақсатында әзiрлендi.
2. Нұсқаулық дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеуден (бұдан әрi - Аккредиттеу) өткiзудi нақтылайды.
3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктер (бұдан әрi - бiрлестiктер) Қазақстан Республикасының атынан тиiстi халықаралық ұйымдарға қатысушы болу құқықтарын таныту мақсатында аккредиттеуден өтедi.
4. Тiркелген бiрлестiктердi аккредиттеудi және тiзiлiм жүргiзудi бiрлестiктiң қызметiн бағалау негiзiнде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
5. Бiрлестiктердi аккредиттеу мәселелерiн алқалы әрi жариялы түрде қарау үшiн уәкiлеттi орган консультативтiк-кеңесшiлiк орган - республикалық қоғамдық бiрлестiктерiн аккредиттеу жөнiндегi комиссияны (бұдан әрi - Комиссия) құрады.
2. Аккредиттеу жөнiндегi комиссия
6. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Нұсқаулықты басшылыққа алады.
7. Аккредиттеу туралы куәлiк (бұдан әрi - куәлiк) беру немесе беруден бас тартуға, сондай-ақ куәлiктiң қолданылуын тоқтатуға ұсынылған материалдарды қарау үшiн Комиссия құрылады.
8. Комиссияның құрамында уәкiлеттi органның мамандары мен спорт ұйымдарының өкiлдерi болады. Уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының немесе оның мiндетiн атқарушы адамның бұйрығымен комиссияның құрамы бекiтiледi.
9. Комиссия оның қызметiне қойылатын негiзгi талаптарды ескере отырып, ұсынылған мынадай құжаттарды:
1) спорт түрiн және спорттық қызметiнiң бағытын ескере отырып, уәкiлеттi орган әзiрлеген нормативтiк-құқықтық ережелердiң сақталуын;
2) қажеттi материалдық-техникалық базаның болуын;
3) республикада спорт түрiнiң даму деңгейi мен осы спорт түрiн немесе спорттағы қызметтiң бағытын дамытуға бiрлестiктiң қатысуын;
4) спорт саласындағы және тиiстi спорт түрiнен халықаралық нормалар мен ережелердiң сақталуын;
5) оқу-жаттығу сабақтары мен спорттық iс-шаралар өтетiн объектiлердiң құрылыс, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы нормалары мен техника қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгiн;
6) жоғары сыныпты спортшылар мен спорт резервiн, жаттықтырушы кадрларды даярлау жүйесiн жетiлдiрудi талдайды.
10. Комиссия:
1) бiрлестiктi аккредиттеуге;
2) бiрлестiктi аккредиттеуден бас тартуға;
3) куәлiктiң қолданылуын тоқтату үшiн ұсыным жасауға құқылы.
11. Бiрлестiктiң аккредиттеуге ұсынған құжаттарын қарау үшiн Комиссия қажетiне қарай, бiрақ та кемiнде екi айда бiр рет шақырылады.
12. Комиссия мәжiлiсi комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде 2/3-ci жиналған жағдайда өткiзiледi.
13. Комиссия ашық дауыс беру арқылы (әдеттегi көпшiлiк дауыспен) бiрлестiктi аккредиттеу, аккредиттеуден бас тарту, iс-әрекетiн тоқтата тұру туралы ұсынымдық сипаттағы ұсыныстар енгiзедi.
14. Уәкiлеттi орган комиссия қорытындысының негiзiнде бiрлестiктi аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Уәкiлеттi органның шешiмi бұйрықпен бекiтiледi және соның негiзiнде куәлiк берiледi.
15. Комиссияның жауапты хатшысы комиссия мәжiлiстерiнiң хаттамаларын жүргiзедi.
16. Комиссияның жауапты хатшысы iс жүргiзедi, құжаттарды, анықтамаларды (актiлердi), хаттамалар мен шешiмдердi даярлайды, Комиссия мүшелерiне мәжiлiстiң өтетiн орны мен уақытын хабарлайды, қабылданған шешiмдердiң орындалуын жүзеге асырады.
3. Аккредиттеудi өткiзу
17. Бiрлестiк аккредиттеу алу үшiн Уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
1) уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша өтiнiштi (1-қосымша);
2) бiрлестiк жарғысының нотариалды расталған көшiрмесiн;
3) заңды тұлға ретiнде бiрлестiктiң мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмесiн;
4) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияның көшiрмесiн;
5) уәкiлеттi орган бекiткен спорт түрi бойынша жарыстарды өткiзу ережесiн;
6) бiрлестiктiң дене шынықтыру және спорт саласындағы бағдарламаларды iске асыруға қатысуы туралы ақпаратты;
7) «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары кәсіби немесе орташа кәсіби білімді мамандардың бар болуы туралы дипломдардың көшірмесі меншік құқығында бар немесе жалға алған спорт ғимараттарының немесе үй-жайлардың болуы туралы құжаттардың көшірмесі.
17-тармақ өзгертілді ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 12.01.2011 № 02-02-18/2 бұйрығымен (19.02.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми бірінші жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
18. Бiрлестiк ұсынған құжаттарды қарау құжаттарды берген күнiнен бастап екi айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей Комиссия отырыстарында жүзеге асырылады.
19. Куәлiк 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 4 жыл мерзiмге берiледi.
20. Мынадай себептер бойынша:
1) Осы Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттар түгел ұсынылмаса;
2) куәлiк алу үшiн бiрлестiк ұсынған құжаттарда күмәндi немесе бұрмаланған ақпараттар бар болса, аккредиттеу туралы куәлiк беруден бас тартылады.
Бiрлестiктiң аккредиттеу туралы өтiнiшi көрсетiлген бұзушылықтарды жойғаннан кейiн жалпы негiзде қаралады.
20-тармақ өзгертілді ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 12.01.2011 № 02-02-18/2 бұйрығымен (19.02.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми бірінші жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату
21. Уәкiлеттi орган өз шешiмiмен куәлiктiң қолданылуын мынадай жағдайларда:
1) аккредиттеу алу үшiн бiрлестiк ұсынған құжаттарда күмәндi немесе бұрмаланған деректер анықталғанда;
2) бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылғанда алты ай мерзiмге тоқтата тұруы мүмкiн.
22. Куәлiктiң қолданылуы 15 күнтізбелік күн ішінде мынадай жағдайларда:
1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылса немесе таратылса;
2) куәлiктiң қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаса;
3) бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензия қайтарып алынса;
4) бiрлестiк куәлiктiң қолданылуын тоқтату туралы өтiнiш берсе;
5) оның қолданылу мерзiмi аяқталса тоқтатылады.
22-тармақ өзгертілді ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 12.01.2011 № 02-02-18/2 бұйрығымен (19.02.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми бірінші жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
23. Бiрлестiк куәліктің қолданылуы кезеңінде қайта ұйымдастыру немесе тарату жүргізілген кезде бір ай мерзімде уәкілетті органға құрылтай құжаттарының көшірмелерін және заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) куәлігін ұсынады.
23-тармақ жаңа редакцияда ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 12.01.2011 № 02-02-18/2 (19.02.2004 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(ресми бірінші жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
24. Бiрлестiк уәкілетті органға оның атауы немесе заңды мекен-жайы өзгерген жағдайда, болған жағдай туралы он бес күнтізбелік күн ішінде хабарлайды және қайта ресiмдеу туралы өтiнiшті және құрылтай құжаттарының көшірмесін және заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiкті бередi.
24-тармақ жаңа редакцияда ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 12.01.2011 № 02-02-18/2 (19.02.2004 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(ресми бірінші жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
25. Куәлік жоғалған және бүлінген кезде уәкілетті орган өтініштің негізінде бiрлестiкке өтініш берілген күннен бастап он бес күн ішінде куәліктің телнұсқасын бередi.
25-тармақ жаңа редакцияда ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 12.01.2011 № 02-02-18/2 (19.02.2004 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(ресми бірінші жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Төрағасының мiндетiн атқарушының 2004 жылғы 19 ақпандағы N 06-2-2/51 бұйрығымен бекiтiлген Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу жөнiндегi нұсқаулыққа 1-қосымша
Кiмге __________________________________________ (дене шынықтыру және спорт жөнiндегi ________________________________________________ уәкiлеттi орган басшысының лауазымы, тегi, аты-жөнi)
Кiмнен ________________________________________________ (Республикалық қоғамдық бiрлестiк басшысының ________________________________________________ немесе өкiлiнiң тегi, аты-жөнi) ________________________________________________ (мекен-жайы, телефоны, электронды поштасы)
Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктi аккредиттеуге Өтiнiш
Сiзден ______________________________________________________
(Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң атауы)
құжаттарын қарауыңызды және мемлекеттiк аккредиттеу туралы куәлiк
беруiңiздi сұраймын.
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:
1. __________________________________________________________
2. __________________________________________________________
3. __________________________________________________________
4. __________________________________________________________
5. __________________________________________________________
6. __________________________________________________________
7. __________________________________________________________
8. __________________________________________________________
9. __________________________________________________________
М.О. ________ ____________________
(қолы) (тегi, аты-жөнi)
"___" ______ 200_ жыл
Өтiнiштiң түскен күнi "___" ______ 200_ ж.
Тiркеу нөмiрi __________________________________________
(жауапты тұлғаның қолы, тегi, аты-жөнi)
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Төрағасының мiндетiн атқарушының 2004 жылғы 19 ақпандағы N 06-2-2/51 бұйрығымен бекiтiлген Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу жөнiндегi нұсқаулыққа 2-қосымша
2-қосымша өзгертілді ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 12.01.2011 № 02-02-18/2 бұйрығымен (19.02.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми бірінші жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Елтаңба Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктi аккредиттeу туралы КУӘЛIК
Заңды тұлғаның атауы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі республикалық қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының атынан ________________________ тиiстi халықаралық ұйымдарға
(спорт түрi)
қатысушы болу мәртебесiн, құқықтары мен өкiлеттiктерiн растайды.
(200_ жылғы "___" __________ N ___ бұйрық)
Куәлiк 200_жылғы "__" ______ дейiн қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
Сериясы:
Берiлген күнi:
Астана қ.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |