Toggle Dropdown
1
Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 36 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 29 ақпанда № 7451 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 12.11.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Төрағасына жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Әділет министрі Б. Имашев
Toggle Dropdown
«Келісілді»
Toggle Dropdown
Республикалық нотариаттық
Toggle Dropdown
палатаның Төрағасы
Toggle Dropdown
2012 жылғы 31 қаңтар
Toggle Dropdown
____________ Ә.Б. Жанәбілова
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 31 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
2
Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасы
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының Бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-тармағы негізінде әзірленді және тағылымдамадан өтушілердің барлығына міндетті болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Тағылымдаманы ұйымдастыруды мемлекеттік нотариаттық кеңседе әділет органы, жекеше нотариустарда аумақтық нотариаттық палата жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2-1. Тағылымдамадан өтуші Нотариаттық палатаның басқармасының шешімімен бекітілген нотариуста тағылымдамадан өтеді.
Toggle Dropdown
3. Бағдарлама бір күнтізбелік жылға арналған теоретикалық дайындық пен практикалық дағдылардан тұрады.
Toggle Dropdown
4. Практикалық дағдылар:
Toggle Dropdown
нотариаттық іс жүргізу туралы сабақтардан;
Toggle Dropdown
нотариаттық құжаттардың жобаларын дайындаудан;
Toggle Dropdown
тағылымдамадан өту туралы қорытынды есепті дайындаудан тұрады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Бағдарламаның мазмұны
Toggle Dropdown
5. Тағылымдамадан өтушінің теориялық дайындығы тізбесін аумақтық нотариаттық палата бекіткен нормативтік құқықтық актілерді өз бетінше зерделеу арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
6. Практикалық дағдыларды игеру:
Toggle Dropdown
1) іс жүргізу барысында қажетті практикалық дағдыларды игеру келесі мәселелерді қарастырады:
Toggle Dropdown
қызметтік құжаттарды әзірлеу;
Toggle Dropdown
құжаттарды қабылдау, тіркеу мен жолдау;
Toggle Dropdown
құжаттардың орындалуын бақылау;
Toggle Dropdown
істер номенклатурасын жасау;
Toggle Dropdown
шағымдар мен өтініштерді шешу;
Toggle Dropdown
кіріс және шығыс хат-хабарлар журналдарын жүргізу;
Toggle Dropdown
мұрагерлік істердің есеп кітабын жүргізу;
Toggle Dropdown
мұрагерлік мүлікті қорғау жөніндегі шаралар қабылдау бойынша өтінімдердің есеп кітабын жүргізу;
Toggle Dropdown
мұрагерлік істер алфавиттік кітабын жүргізу;
Toggle Dropdown
өсиеттерді есепке алудың алфавиттік кітабын жүргізу;
Toggle Dropdown
тұрғын үйлерді (пәтерлерді) меншіктен шығаруға, тұрғын үйлерді (пәтерлерді) тұтқындауға тыйым салудың алфавиттік есеп кітабын жүргізу;
Toggle Dropdown
статистикалық есептілік жасау;
Toggle Dropdown
нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілім жүргізу (тізілімнің нысандары мен оларға қойылатын талаптарды зерделеу, қағаз бетінде және электрондық тасымалдағыштардағы тізілімдерде тіркеу тәртібі );
Toggle Dropdown
нотариустың мөрін, бланкілерді, куәландыратын мөртаңбаларды сақтау мен қолдану;
Toggle Dropdown
шетелдегі іс-әрекеттерге арналған құжаттарды ресімдеу;
Toggle Dropdown
құжаттарды қалыптастыру және сақтау, сондай-ақ оларды нотариустың мұрағатына беруге әзірлеу;
Toggle Dropdown
істерді бұдан әрі жекеше нотариаттық мұрағатқа (мемлекеттік мұрағатқа) тапсыруға дайындау;
Toggle Dropdown
тұрақты және уақытша сақталатын құжаттарды іріктеу;
Toggle Dropdown
тұрақты сақталатын істер тізімдемесінің тәртібі;
Toggle Dropdown
құжаттарды жою тәртібі;
Toggle Dropdown
2) тағылымдамадан өтуші нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға қатысады және келесі нотариалдық құжаттардың жобаларын жасайды:
Toggle Dropdown
мемлекеттік тіркеуге жататын мәмілелер (пәтер, тұрғын және тұрғын емес жайды, жер учаскесін, автокөлік құралын сыйға тарту шарты; пәтер, тұрғын және тұрғын емес жайды, жер учаскесін, автокөлік құралын сату - сатып алу шарты);
Toggle Dropdown
тіркеуге жататын мүлікті (пәтер, тұрғын және тұрғын емес жайды, жер учаскесін, автокөлік құралын) кепілге беру шарты;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде күші бар сенімхаттар;
Toggle Dropdown
өсиет бойынша және заң бойынша мұра құқығы туралы куәлік;
Toggle Dropdown
өсиетхат;
Toggle Dropdown
азаматты тірі деп тану фактісі туралы куәлік;
Toggle Dropdown
азаматты белгілі бір жерде табу фактісі туралы куәлік;
Toggle Dropdown
өтініш бойынша берілетін, жалпы мүліктегі ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік;
Toggle Dropdown
артында қалған жұбайына берілетін, ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі жалпы мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік;
Toggle Dropdown
мұрагерлік мүлікті бөлу туралы келісім;
Toggle Dropdown
теңіз наразылығы туралы акт;
Toggle Dropdown
вексельді төлемеу және акцептемеу наразылығы туралы акт;
Toggle Dropdown
акцептің күнін белгілемеу туралы наразылық актісі;
Toggle Dropdown
өтінішті беру туралы куәлік;
Toggle Dropdown
құжаттарды сақтауға қабылдау туралы куәлік;
Toggle Dropdown
нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудан бас тарту туралы қаулы;
Toggle Dropdown
нотариаттық іс-әрекетті кейінге қалдыру және тоқтата тұру туралы қаулы;
Toggle Dropdown
3) тағылымдамадан өту туралы қорытынды есеп:
Toggle Dropdown
тағылымдамадан өтетін орын, мерзімдері мен тәртібі, нотариаттық іс-әрекеттерді жасау және іс қағаздарын жүргізу кезінде қажетті теоретикалық дайындығы, игерген дағдылары туралы мәліметтерді;
Toggle Dropdown
тағылымдамадан өту кезінде тағылымдамадан өтуші өз қолымен жасаған, тағылымдамадан өтуші және тағылымдама жетекшісі қол қойған нотариаттық құжаттардың үлгілерін қамтиды.
Toggle Dropdown
7. Тағылымдамадан өтуші әр тоқсан сайын аумақтық нотариаттық палатаның басқарма отырыстарында тағылымдаманың барысы туралы баяндайды.
Toggle Dropdown
Тағылымдама аяқталған соң тағылымдама жетекшісі тағылымдамадан өтушінің кәсіби дайындық бағдарламасынан өту деңгейі көрсетілген қорытындыны әзірлейді. Бұл қорытындыны тағылымдама жетекшісі аумақтық нотариаттық палатаға жолдайды, бұдан әрі ол тағылымдамадан өтуші мен тағылымдама жетекшісінің қатысуымен қарастырылады.
Toggle Dropdown
8. Тағылымдамадан өтуші бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйедегі практикалық дағдыларды игеруін демо-нұсқада жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 31 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі:
Toggle Dropdown
1. «Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережені бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 20 тамыздағы N 169 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2468 болып тіркелген және 2003 жылғы 12 қыркүйектегі «Заң газетінде» жарияланған).
Toggle Dropdown
2. «Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрiнiң 2003 жылғы 20 тамыздағы N 169 "Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережені бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы" тіркеу N 2468 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 127 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2842 болып тіркелген).
Toggle Dropdown
3. «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 бұйрығының 1 тармағы 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3191 болып тіркелген)
Toggle Dropdown
4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 129 бұйрығының 1 тармағы 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 6185 болып тіркелген және 2010 жылғы 27 қарашадағы «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
Toggle Dropdown
5. «Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 101 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3547 болып тіркелген және 2005 жылғы 23 маусымда «Заң газетінде» жарияланған).