1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 129 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 22 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6185 болып енгізілді
Редакция 31.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1) тармақшаның күшін жойды ҚР Әділет министрінің 31.01.2012 № 36 Бұйрығымен (20.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі)
2) «Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 264 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2625 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде, 2004 жылы № 19-20, 919-құжатында жарияланған):
3-тармақта «аумақтық әділет органдарының» деген сөздер «әділет департаменттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережеде бүкіл мәтін бойынша «аумақтық әділет органында», «аумақтық әділет органы», «аумақтық әділет органының», «аумақтық әділет органына» деген сөздер «әділет департаментінде», «әділет департаменті», «әділет департаментінің», «әділет департаментіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
3-тармақта «бес күн мерзімде» деген сөздер «бес жұмыс күннің ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
10, 11, 18-тармақтарда «күн» деген сөзі «күнтізбелік күннің» деген сөздермен ауыстырылсын.
12-тармақта «күн мерзімде» деген сөздер «жұмыс күнінің ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ереженің 1-қосымшасында «басқармасының» деген сөз «департаментінің» деген сөзбен ауыстырылсын.
3) «Жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестациялау туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 9 наурыздағы № 150 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 483 тіркелген):
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестаттау туралы ереже»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестаттау туралы ережеде бүкіл мәтін бойынша «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі», «аумақтық әділет органы» «аумақтық әділет органдарына», «аумақтық әділет органдарының», «аумақтық әділет органының», «аумақтық әділет органына» деген сөздер «әділет департаменті», «әділет департаменттеріне», «әділет департаменттерінің», «әділет департаментінің», «әділет департаментіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестаттау туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) көрсетілген адамдарды аттестаттау тәртібін, шарттары мен мерзімдерін реттейді.»;
2, 14-тармақтарда «жергілікті атқарушы органының» деген сөздер «аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Р. Түсіпбеков
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |