Toggle Dropdown
Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 524 Қаулысы
Редакция 21.05.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 18-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары бекiтiлсiн.
2 Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 524 қаулысымен
бекітілген
Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары
1. Осы Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағида) «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 18-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмi (бұдан әрi – тiзiлiм):
1) механикалық көлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне мiндеттi техникалық байқау жүргiзудi жүзеге асыратын техникалық байқау операторларының бiрыңғай тiзбесiн жасау;
2) техникалық байқау операторларының механикалық көлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне мiндеттi техникалық байқау жүргiзу тәртiбiнiң және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
3. Тiзiлiм бiрыңғай, мерзiмдiк нақтыланатын техникалық байқау операторларының және олар туралы барлық қажеттi ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәлiметтердi қамтитын тiзбенi бiлдiредi.
4. Тізілімде тіркеуді және оны жүргізуді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық көліктік бақылау органдары (бұдан әрі - көліктік бақылау органдары) ұсынған ақпарат негізінде жүзеге асырады.
2. Тізілімді жүргізудің тәртібі
1) дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғаның көліктік бақылау органдарына өзінің тіркелген орны бойынша осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуды;
2) көліктік бақылау органдарының Тізілімге енгізу немесе оған енгізуден бас тарту туралы шешімді қарауын, қабылдауын қамтиды.
6. Тiзiлiмге енгiзу үшiн дара кәсiпкер немесе заңды тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
2) заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі;
3) дара кәсiпкер үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсiпкер ретiнде тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
4) техникалық байқау операторының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртабан қойылған, жылжымайтын мүлiкке меншiк немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырған көшiрмелерi;
5) сынақ жабдығын аттестаттау және өлшем құралдарын салыстырып тексеру сертификаттарының көшiрмелерi;
6) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынақ жабдықтары мен өлшеу құралдары туралы ақпарат.
7. Өтініш берушіге құжаттардың келіп түскен күні, құжаттарды қабылдаған маманның тегі, аты (әкесінің аты), Тізілімге енгізу үшін ұсынылған құжаттардың тізбесі көрсетілген қолхат беріледі.
8. Көлiктiк бақылау органдары өтiнiштi оған қоса берiлiп отырған құжаттармен бiрге ол берiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.
9. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10. Ұсынған мәліметтердің дұрыстығын тексеру қорытындысы бойынша көліктік бақылау органдары өтініш берушіні Тізілімге енгізу немесе Тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
11. Тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм бұйрық нысанында ресiмделедi.
Тізілімге енгізгенде немесе тiзiлiмге енгiзуден бас тартқан кезде көлiктiк бақылау органдары өтiнiш берушiге осы Қағиданың 8-тармағында көрcетiлген мерзiмде тізілімге енгізу туралы жазбаша хабарламаны немесе жазбаша дәлелденген бас тартуды жiбередi.
12. Көлiктiк бақылау органдары тiзiлiмге енгiзу туралы бұйрық шыққан күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға:
1) техникалық байқау операторының атауын;
2) техникалық байқау операторының мекенжайын және байланыс телефонын;
3) техникалық байқау орталығының мекенжайын және байланыс телефондарын;
4) техникалық байқаудың стационарлық желiсiнiң орналасқан жерiн;
5) техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желiлерiнiң үлгісін және санын;
6) техникалық байқау операторы қызметiнiң өңiрiн қамтитын ақпаратты ұсынады.
13. Уәкiлеттi орган тоқсан сайын тiзiлiмнiң мерзiмдiк баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануын жүзеге асырады және өзiнiң www.mtc.gov.kz ғаламтор-ресурсында орналастырады.
14. Тiзiлiмге енгiзiлген техникалық байқау операторы көлiктiк бақылау органдарына тiзiлiмге енгiзу кезiнде ұсынылған мәлiметтер мен құжаттардың қандай да бiр өзгерiстерi туралы осындай өзгерiстер енгiзiлген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
15. Көлiктiк бақылау органдары тiзiлiмге енгiзу кезiнде ұсынылған мәлiметтер мен құжаттардың қандай да бiр өзгерiстерi туралы хабарламаны алған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға техникалық байқау операторының мәлiметтерi мен құжаттарының өзгерiстерi туралы ақпаратты ұсынады.
16. Тізілімге енгізуден бас тарту үшін:
1) осы Қағиданың 6-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттарды ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің дәйексіздігі;
3) осы Қағиданың 19-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша өтініш берілген күнге дейін алты ай ішінде Тізілімнен алып тастау негіз болып табылады.
17. Осы Қағидада көзделмеген негіздер бойынша Тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім шығаруға тыйым салынады.
18. Тізілімге енгізуден бас тартуға негіз болған себептерді жойғаннан кейін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну арқылы көліктік бақылау органдарына қайта жүгінеді.
19. Тiзiлiмiнен алып тастау үшiн:
1) дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның техникалық байқау операторларының тiзiлiмiнен ерiктi түрде алып тастау туралы өтiнiшi;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылуы, заңды тұлғаның таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы;
3) техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзу кезiнде көрiнеу дәйексiз ақпарат ұсыну;
4) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсетулер бойынша көрсетiлетiн қызметтердi қоса атқару;
5) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды жүзеге асыру саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасау негiз болып табылады.
20. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмінен алып тастау туралы хабарлама көліктік бақылау органы тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде дара кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға жiберiледi.
21. Тiзiлiмнен алып тастау техникалық байқау операторы қызметiнiң тоқтауына алып келедi.
22. Көліктік бақылау органдары Тізілімнен алып тастау туралы шешім қабылданғаннан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.
23. Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көліктік бақылау органдарына қабылдау-тапсыру актісі бойынша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлікті тіркеу журналы;
2) міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілері.
Техникалық байқау орталықтарының
тізілімін жүргізу қағидасына
1-қосымша
Техникалық байқау операторларының тiзiлiмi
Р/с № | Техникалық байқау операторының атауы | Техникалық байқау операторының мекен-жайы және байланыс телефоны | Техникалық байқаудың стационарлық желiсiнiң орналасқан жерi | Техникалық байқаудың стационарлық желiсiнiң жұмыс iстеу режимi | Техникалық байқаудың стационарлық желiсiнiң типi және саны | Техникалық байқаудың ұтқыр желiсiнiң типi және саны | Техникалық байқау оператолары қызметiнiң өңiрi | Техникалық байқау операторының тiзiлiмiне енгiзiлетiн өзгерiстер және толықтырулар | Техникалық байқау операторының тiзiлiмінен алып тастау |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| | | | | | | | | |
Техникалық байқау орталықтарының
тізілімін жүргізу қағидасына
2-қосымша
Сынақ жабдықтары мен өлшем құралдары туралы ақпарат
1. Техникалық байқау орталығымен қолданылатын сынақ жабдықтары (бұдан әрі - СЖ)
Анықталатын сипаттамалар (көрсеткіштер) | СЖ атауы, ТИПІ (маркасы), жасаушы зауытты және түгендеу нөмірлері | Негізгі техникалық сипаттамалары | Пайдалануға берілген жылы | СЖ аттестаттау жөніндегі құжаттың күні мен нөмірі, кезеңділігі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
2. Техникалық байқау орталығымен қолданылатын өлшем құралдары (бұдан әрі - ӨҚ)
Анықталатын сипаттамалар (көрсеткіштер) | ӨҚ атауы, ТИПІ (маркасы), жасаушы зауыттың және түгендеу нөмірлері | Негізгі техникалық сипаттамалары | Пайдалануға берілген жылы | Тексеру немесе аттестаттау туралы сертификаттың (куәліктің) күні мен нөмірі, кезеңділігі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |