"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 148 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 261 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 01 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6030 болып енгізілді
Редакция 29.11.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 2 қазандағы № 148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5365 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесінде:
19-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«банктердің «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ге дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ»-тен «kzВ+»-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар;»;
20-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ге дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен «kzВ+»-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар бір екінші деңгейдегі банкте (Қормен жасалған агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын агент-банкті қоспағанда) және оның аффилирленген тұлғаларында салымдарға жиынтық орналастыруы – Қор активтерінің бес пайызынан, бірақ осы банктің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан асырылмайды;».
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына және «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.