Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 678 және 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 358 Қаулысы
Toggle Dropdown
Осы редакция 16.09.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 1 наурыздағы N 190 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Toggle Dropdown
1) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 678 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 23, 199-құжат):
Toggle Dropdown
1-тармақта "Yкiмет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулық" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық (заңдық техникасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық (заңдық техникасы) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
2) "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысында:
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:
Toggle Dropdown
12-тармақта:
Toggle Dropdown
бiрiншi абзацта:
Toggle Dropdown
"бiрiншi басшының мiндетiн атқарушы адам" деген сөздер "бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметке, Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
"сауалға жауап қайтару" деген сөздерден кейiн "немесе атқару туралы есеп (ақпарат) беру" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
"(немесе оның мiндетiн атқарушы адамның)" деген сөздер "(бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметке, Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
"немесе дайындаған" деген сөздер алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"Кеңсеге енгiзiлетiн Yкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң жобаларын, заң жобаларын және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiмет қорытындыларының жобаларын Үкiметтiң Регламентiне сәйкес жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға) әр парағына алдын ала қол қоюға тиiс.";
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"факсимилесi, бояуы және өзге де былғанышы бар, қандай да бiр бүлiнген, оның iшiнде тескiшпен тiгiлген, шимайқағазға және мемлекеттiк органдар бланкiлерiнiң көшiрмелерiне шығарылған құжаттар Кеңсеге қабылдауға жатпайды";
Toggle Dropdown
12 және 45-тармақтарға сiлтемелер мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"* Құжаттар Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мұрағаттарды басқару және құжаттама комитетi төрағасының 2003 жылғы 29 сәуiрдегi N 33 бұйрығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың үлгi ережесiне сәйкес ресiмделуi тиiс.";
Toggle Dropdown
15-тармақта "Құпия пакеттер мен басқа да құпия" деген сөздер "Құпия" деген сөзбен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
17-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"Кеңсеге енгiзілетiн Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары Үкiметтің Регламентiне сәйкес келiсiлуi тиiс.";
Toggle Dropdown
18-тармақтың бiрiншi абзацында:
Toggle Dropdown
"өтiнiштерiн" деген сөзден кейiн "Yкiметтiң Регламентiне және" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
"не авторға қайтарады" деген сөздер алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
20-тармақта:
Toggle Dropdown
1) тармақшада:
Toggle Dropdown
үшiншi абзац алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
төртiншi абзацта "Президент көмекшiлерiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
сегізiншi абзацта "ТМД елдерi мен" деген сөздер "таяу және" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
3) тармақша мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнде сараптама жүргiзудi талап ететiн Президент актiлерiнiң жобалары, заң жобалары мен Үкiметке өзге де өтiнiштер;";
Toggle Dropdown
21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"21. Кеңсеге енгiзілетiн Yкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнде Үкiметтiң Регламентiне сәйкес тiркеуге дейiнгi тексеруден өтедi, одан кейiн белгіленген талаптарға сәйкес келетiн жобаларды қызметтiк хат-хабарлар секторы тiркейдi. Бұл ретте жобалардың түпнұсқалары мәселелердiң сипатына қарай Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiне, ал олардың көшiрмелерi (электронды көшiрмелерi) - Заң бөлiмiне және қажет болған кезде басқа да бөлiмшелерге жiберіледi. Үкiметтiң Регламентiнде көзделген жағдайларда жобалар әзiрлеушiге тiркеусiз қайтарылады.
Toggle Dropdown
22. Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары бойынша Кеңседе сараптама жүргiзу (оның iшiнде қорытындылар дайындау) мерзiмi Үкiметтiң Регламентiнде белгiленген.
Toggle Dropdown
Сараптаманы қоса алғанда, Кеңседе жобалардың өту мерзiмi (жобаның тiркелген күнiнен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн): Үкiмет қаулыларының жобалары мен заң жобалары үшiн - 15 жұмыс күнiнен (басымдықты заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған, өту мерзiмi 10 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс заң жобаларын қоспағанда); Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары үшiн - 10 жұмыс күнiнен аспауы тиiс. Жобалар мәтінiнiң көлемi үлкен және күрделi болуына байланысты өту мерзiмiн (басымдықты заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған, заң жобаларының өту мерзiмiн қоспағанда) Кеңсе Басшысы не оның мiндетiн атқарушы тұлға ұзартуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
23. Үкiмет Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң жобаларына бастамашылық жасаған жағдайда олар Үкiметтiң Регламентiне сәйкес Президент Әкiмшілiгiне енгiзіледi. Бұл ретте енгiзiлетiн жобалардың және оларға материалдардың көшiрмелерi Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң үкiметтiк шешiмдердi шығару секторында қалады.";
Toggle Dropdown
24-тармақтың екiншi абзацында "тiркеуi" деген сөз "қызметтiк хат-хабарлар секторына тiркеуге бeруі" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
28-тармақтың үшiншi абзацында "түпнұсқасы" деген сөз "төлнұсқасы" деген сөзбен ауыстырылсын, "ТМД елдерiне" деген сөздер "таяу және алыс шетелдерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
36-тармақта:
Toggle Dropdown
"түпнұсқасын" деген сөз "төлнұсқасын" деген сөзбен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
үшiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"Бұл ретте шұғыл құжаттар мен тапсырмаларды (орындау мерзiмi үш жұмыс күнiне дейiн) адресаттарға жедел жөнелтудi қамтамасыз ету үшiн Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң мамандары, Үкiмет пен Кеңсе Басшылығының көмекшілерi (кеңесшілерi) мен қабылдау бөлмелерiнiң аға мамандары, құрылымдық бөлiмшелер басшылары көрсетілген құжаттар мен тапсырмаларды факсимильдiк байланыс бойынша кейiннен оларды қызметтік хат-хабарлар секторы арқылы адресаттарға жөнелте отырып, беруi тиiс.";
Toggle Dropdown
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"39. Мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан Кеңсеге келiп түсетiн бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы есептер Кеңсенiң құзыретiне қаралатын бақылаудағы құжаттар және/немесе олардың орындалуын бақылау бекiтiп берілген құрылымдық бөлiмшелерiне көрсетiлген есептерге бақылаудағы құжаттарды орындаудың уақтылылығы, толықтығы мен сапасы тұрғысында талдау жүргiзу үшiн жiберіледi. Талдау Кеңседе есеп тiркелген күнiнен бастап 5 күннен аспайтын мерзiмде жүргiзіледi, одан кейiн талдау нәтижелерi бойынша анықтама және қарардың жобасы есепке қоса тiркеледi және нақты бақылаудағы құжаттың орындалу мерзiмi өткенге дейiн 3 күннен кешiктiрмей шешiм қабылдау үшiн тиiсiнше Үкiметтің немесе Кеңсенiң Басшылығына қарауға енгiзіледi. Үкiметтiң және/немесе Кеңсенiң Басшылығы тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн, егер Басшылық өзгеше белгілемесе, орындаушы есеп авторының атына қабылданған шешiмнiң (қарардың) және талдау нәтижелерi бойынша анықтаманың көшiрмесiн жiбереді.";
Toggle Dropdown
43-тармақта "есеп" деген сөз "тiркеу-бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
45-тармақтың екiншi абзацы "данасында" деген сөзден кейiн "бұрыштама соғу күнi көрсетіле отырып," деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
50-тармақта "арасындағы мiндеттер бөлiсуге" деген сөздер "Кеңсе Басшысы белгiлеген құзыретi мен өкілеттіктерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;