Toggle Dropdown
Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1229 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 29.11.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 138-бабының 11-тармағына, 140-бабының 2-тармағына, 141-бабының 6 және 8-тармақтарына, 154-бабының 1-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидасы;
Toggle Dropdown
2) Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушілердің кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке шоттарын жүргізу қағидасы;
Toggle Dropdown
3) кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша салыстыру актісінің нысаны бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 1229 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидасы
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленді және кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды бюджетке аудару, олардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын бюджеттен, аванстық төлемдердің сомаларын қайтару (есепке жатқызу) тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
Toggle Dropdown
1) лауазымды адам - кеден органының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен бюджетке кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың дұрыс есептелуіне, толық және уақтылы түсуіне, сондай-ақ жеке шоттарды жүргізу жауапкершілігі жүктелген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның (облыстар, мемлекеттік маңызы бар қалалар, астана бойынша) аумақтық бөлімшесінің, кеденнің, кеден бекеттерінің лауазымды адамы;
Toggle Dropdown
2) кеден органдары - облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (кедендік бақылау департаменттері) кедендер, кеден бекеттері;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті органның бірыңғай шоты - кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бюджеттері арасындағы түсімдерді есепке алу және бөлу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде корреспонденттік шоты бар уәкілетті органдағы шот.
Toggle Dropdown
Осы Қағидада қолданылатын өзге ұғымдар кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мәндерінде қолданылады.
Toggle Dropdown
1
2. Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды бюджетке аудару тәртібі
Toggle Dropdown
3. Кедендік баждар, салықтар мен өсімпұлдар кедендік транзиттің кедендік рәсімінде шығарылған тауарларды қоспағанда, тауарларды шығару жүргізілетін немесе аумағында кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған кеден органында төленеді (өндіріп алынады).
Toggle Dropdown
4. Кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды бюджетке төлеуші қолма қол ақшамен және қолма қол ақшасыз ұлттық валютада, сондай-ақ есепке жатқызуды жүргізу жолымен төлейді.
Toggle Dropdown
5. Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды төлеуші бюджетке Кодекстің 120, 131-баптарына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 271, 298, 610-баптарына сәйкес мерзімдерде төлейді.
Toggle Dropdown
6. Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды бюджетке аударуды Кодекстің 138-бабында және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
7. Кеден органдары кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке төлеушіден немесе төлеушінің шотына үшінші тұлғадан уақтылы және толық түсуін бақылауды ұсынылған құжаттарға сәйкес төлеуге есептелген (есепке жазылған, толықтырып есептелген) кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың әрбір түрін салыстыру жолымен жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Кедендік әкету баждарының, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын бюджеттен, аванстық төлемдердің сомаларын қайтару (есепке жатқызу) тәртібі
Toggle Dropdown
8. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын бюджеттен, аванстық төлемдердің сомаларын қайтару (есепке жатқызу) мақсатында төлеуші бюджетке артық (қате) төленген сомаларының бар екені туралы растауды (бұдан әрі - Растау) алу үшін өтінішпен кедендік декларациялауды, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысанда кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың алдын ала шешім қабылдауды жүргізген кеден органына жүгінеді.
Toggle Dropdown
9. Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша салыстыру актісі болған жағдайда төлеуші одан әрі кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомасын қайтару немесе артық (қате) төленген сомаларды басқа кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар бойынша міндеттемелер шотына есепке алу үшін бенефициар салық органына жүгіну мақсатында Растауды берген кеден органы жеке шотта көрсетілген соманы қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінен қазынашылықтың ықпалдастырылан ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі - ҚЫАЖ) қайтарулар мен есепке алулар бойынша ақпаратты алғанға дейін ескереді және көздейді.
Toggle Dropdown
Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінен ҚЫАЖ-дан қайтарулар мен есепке алулар бойынша ақпаратты алғаннан кейін төлеушінің жеке шотынан көрсетілген сомалар есептен шығарылады.
Toggle Dropdown
10. Төлеушінің қате төленген кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бар екені туралы жазбаша өтініші бойынша кеден органы мұндай қателер расталмаған жағдайда өтінішті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны жазбаша түрде хабардар етеді.
Toggle Dropdown
11. Егер қате төленген кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бюджетке сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретінде тіркелмеген төлеушілерден түскен болса, салық органы кеден органының жазбаша сұрау салуы бойынша мұндай сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушінің бюджетке басқа міндетті төлемдер мен салықтар бойынша салықтық берешегінің жоқ екені (бар екені) туралы жауап жолдайды.
Toggle Dropdown
12. Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлеушінің сол бір төлем құжаты бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомаларын қайталап төлеуге әкеп соқтырған төлем құжатын қате орындаған жағдайда кеден органы банктің өтініші бойынша өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасын қайтару үшін Растауды ұсынады.
Toggle Dropdown
13. Кеден органы қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінің нысандары бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомаларын тапқан жағдайда кеден органдары тапқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органдарын жазбаша түрде төлемнің тағайындалуы бойынша сомаларды есепке алу үшін хабардар етеді. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомасы бюджетке есептелгеннен кейін салық органы бес жұмыс күні ішінде кеден органдарын жазбаша түрде хабардар етеді.
Toggle Dropdown
14. Кодекстің 397-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, кері импорттың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты, егер көрсетілген тауарлар мұндай тауарларды экспорттың кедендік рәсіміне орналастылған күннен кейінгі күннен бастап алты айдан кешіктірілмей кері импорттық кедендік режиміне орналастырылған болса, кедендік әкету баждарының сомасын қайтару (есепке жатқызу) жүргізіледі.
Toggle Dropdown
15. Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша берешектің өндіріп алынған сомасын қайтаруға төлеуші сотқа шағым жасаған жағдайда кеден органы көрсетілген соманы соттың тиісті шешімі негізінде төлеушінің шотына қайтаруды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Кедендік әкелу баждарының артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын халықаралық шарттарда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып қайтару (есепке жатқызу)
Toggle Dropdown
16. Кедендік әкелу бажын төлеу есебіне салықтар мен алымдар, сондай-ақ 2010 жылғы 21 мамырдағы «Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы» Келісімге (бұдан әрі - Келісім) сәйкес бюджетке төлеуге жататын өзге де төлемдер есепке алынады.
Toggle Dropdown
17. Кедендік әкелу баждары өзге төлемдерді төлеу шотына есепке алынбайды.
Toggle Dropdown
18. Кедендік әкелу баждарын төлеушілер бюджетке жекелеген төлем құжаттарымен төлейді.
Toggle Dropdown
19. Кедендік әкелу баждарын қайтаруды жүзеге асыру үшін қаражат жетіспеген жағдайда аталған қайтару есепті күннен кейінгі келесі күндері қайтаруды жүзеге асыру күніне уәкілетті органның бірыңғай шотына түскен (есепке жатқызылған) кедендік әкелу баждарының сомалары шегінде жүзеге асырылады. Төлеушіге кедендік әкелу баждарын төлеушіге уақтылы қайтармағаны үшін өсімпұлдар (пайыздар) уәкілетті органның бірыңғай шотынан төленеді және кедендік әкелу баждарының құрамына енгізілмейді.
Toggle Dropdown
20. Осы Қағидада көзделген тәртіпте Кодекстің 401-бабының 2) тармақшасында көрсетілген, кері экспорттың кедендік режиміне орналастырылған және кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының, салықтардың төленген сомаларын қайтару (есепке жатқызу) жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік
алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате)
төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын,
аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару,
қайтару (есепке жатқызу) қағидасына
қосымша
Toggle Dropdown
Бекітемін
________________________ бастығы
(кеден органының атауы)
________________________________
(Т.А.Ә.)
________________________________
(МО, қолы)
20 ____ жылғы «___» ____________
Toggle Dropdown
Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және
өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомасының бар
екені туралы
№ ______ растау
Toggle Dropdown
___________________________________________________________ беру үшін
Toggle Dropdown
(төлеушінің атауы / Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
беру үшін төлеушінің СТН ____________________________________________
Toggle Dropdown
ЖСН/БСН (бар болған жағдайда) _______________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________ берілді