Toggle Dropdown
4
Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы N 1116 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 03.06.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Құқықтық мәдениет деңгейін одан әрі арттыру, құқықтық түсіндіру жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Жергілікті атқарушы органдар құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлесін.
Toggle Dropdown
3. "Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1382 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 654-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жыл сайын жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
Toggle Dropdown
5. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бақылау мен үйлестіру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
Toggle Dropdown
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 29 қарашадағы
N 1116 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
2
Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама Астана қ. 1. Бағдарламаның паспорты
Toggle Dropdown
Бағдарламаның атауы Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі
Toggle Dropdown
2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама)
Toggle Dropdown
Бағдарламаны әзірлеу Мемлекет басшысының 2008 жылғы 25 үшін негіздеме қаңтарда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында айтылған тапсырмасы.
Toggle Dropdown
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Toggle Dropdown
2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары (184-т.
Toggle Dropdown
1-тармақшасы)
Toggle Dropdown
Негізгі әзірлеуші Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Toggle Dropdown
Мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының құқыққа сай мінез-құлқына қол жеткізу
Toggle Dropdown
Міндеттері Қазақстан заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызметшілердің және жалпы халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру;
Toggle Dropdown
бұқаралық ақпарат құрамдарымен қарым-
Toggle Dropdown
қатынас, құқықтық түсіндіру жұмыстарында жаңа ақпараттық технологияларды, оның ішінде әлемдік
Toggle Dropdown
"ИНТЕРНЕТ" жүйесін қолдану;
Toggle Dropdown
құқықтық түсіндіру жұмыстары және құқықтық оқыту жұмыстарының өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді жандандыру.
Toggle Dropdown
Қажетті ресурстар және Осы Бағдарламаны іске асыру оларды қаржыландыру көздері республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттан 227,033 млн. теңге сомасында қаржыландыруды талап етеді.
Toggle Dropdown
Республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы көлемі (227,033 млн. теңге), соның ішінде жылдар бойынша:
Toggle Dropdown
2009 жыл - 45,033 млн. теңге;
Toggle Dropdown
2010 жыл - 91 млн. теңге;
Toggle Dropdown
2011 жыл - 91 млн. теңге.
Toggle Dropdown
Көзделетін сомалар жыл сайын тиісті жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Toggle Dropdown
Күтілетін нәтижелер Бағдарламада көзделген іс-шараларды орындау:
Toggle Dropdown
қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге және қабылданатын нормативтік-құқықтық актілердің сапасын арттыруға;
Toggle Dropdown
құқық бұзушылықтардың жекелеген санаттарының санын азайтуға;
Toggle Dropdown
ақпараттық-құқықтық кеңістіктің бірлігін қамтамасыз етуге;
Toggle Dropdown
азаматтардың құқыққа сай емес әрекеттер мен әрекетсіздіктерден құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға;
Toggle Dropdown
азаматтардың білікті заңгерлік көмек алуға конституциялық құқықтарын жүзеге асырудың сапасын арттыруға жағдай жасауға;
Toggle Dropdown
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық түсіндіру жұмыстарының сапасын арттыруға;
Toggle Dropdown
құқықтық түсіндіру жұмысын, азаматтарды құқықтық оқыту мен құқықтық тәрбиелеуді қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін үйлестіруге;
Toggle Dropdown
қазақстан азаматтарының құқықтық сауаттылық деңгейін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Toggle Dropdown
Іске асыру мерзімдері 2009 - 2011 жылдар
Toggle Dropdown
2. Кіріспе
Toggle Dropdown
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы халықтың құқықтық мәдениетінің даму процесінен ажырағысыз. Бұл өз кезегінде дамыған азаматтық қоғам құруға ықпал етеді. Қоғамдық санада құқыққа әлеуметтік әділдік, ізгілік, жеке бас бостандығы негізінде өшпейтін әлеуметтік құндылықтар ретінде қарау орын алуы тиіс.
Toggle Dropdown
Азаматтардың құқықтық мәдениетінің жай-күйі оның құқық жүйесі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық санасын дамыту - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері.
Toggle Dropdown
Қоғамның құқықтық мәдениетін арттырмай, әрбір азаматты заңды аса құрметтеуге тәрбиелемей, оның ережелерін күнделікті өмірге енгізуге тікелей әрі белсенді қатысу дайындығын қалыптастырмай экономикалық, саяси және әлеуметтік міндеттерді сәтті шешу мүмкін емес.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 14 мамырдағы N 14-622к тапсырмасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес 2004 жылғы 24 желтоқсанда Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды. Еліміздің барлық өңірінде осындай бағдарламалар қабылданған болатын.
Toggle Dropdown
Бағдарламаны іске асыру мынадай негізгі қағидаттарды: кешенділік және нәтижелілік; іске асырушылық (орындаушылық); сабақтастық; жүйелілік; атаулы бағыттылықты сақтай отырып, ауқымды ұйымдастырушылық шаралар кешенін орындауды көздеді. 2007 жылы Бағдарламаның қолданысы аяқталды.
Toggle Dropdown
Жалпы, осы Бағдарламаның қабылдануымен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі жұмыс оң нәтиже көрсетті. Аталмыш жұмысты үйлестіру қажет деген түсінік қалыптасты. Осы бағыттағы тәжірибе зерделеніп, республика азаматтарын жүйелі құқықтық ағартудың заманауи әрі өзекті нысандарын, сондай-ақ жүйелі әдістерін әзірлеу мақсатымен өткізілген іс-шаралар кешені талдануда.
Toggle Dropdown
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Toggle Dropdown
Адам мен азаматтың конституциялық, азаматтық және басқа да құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан халықтың құқықтық сауаты мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізуін талап етеді.
Toggle Dropdown
Бұндай іс-шаралар ретінде БАҚ-та сөз сөйлеулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, брифингтер өткізілуде. Көрсетілген іс-шаралардың саны мен сапасы да жыл санап артып келеді. Айталық, 2007 жыл аралығында әділет органдары "Қазақстан - 2030" Стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарын түсіндіру бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 1 467 астам сөз сөйлеулер, 608 астам дөңгелек үстелдер, 4 342 астам дәрістер, 680 астам семинарлар, конференциялар өткізілді.
Toggle Dropdown
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 айында 2007 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда нормативтік-құқықтық актілерге қатысты қанағаттандырылған прокурорлық актілерінің саны 90 пайыздан 56 пайызға дейін төмендеп отыр. Ол өз кезегінде әділет органдары қызметкерлері атқарған құқықтық түсіндіру жұмыстарының негізінде қол жетімді болып отыр.
Toggle Dropdown
Сондай-ақ, ағымдағы жылы орталық атқарушы органдармен шағын және орта бизнестің өзекті мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіліп, оның барысында осы органдардың өкілдеріне құқықтық сипаттағы сұрақтар қойылып, оларға толықтай жауаптар берілді.
Toggle Dropdown
Қазіргі уақытта мемлекет саясатының негізгі бағыттары бойынша құқықтық насихатты Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2347 қаулысына сәйкес халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық хабардарлығын арттыру, экономикалық бағдарламаларды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін көтеру әрі заңдылықты, құқықтық тәртіпті, реттілікті нығайту мақсатында құрылған құқықтық білім беру мектептері жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Аумақтық әділет органдарының деректеріне сәйкес өңірлерде 7097 құқықтық білім беру мектебі (ҚБМ) жұмыс істейді. Ондағы тыңдаушылар саны 237951 адамды құрайды. ҚБМ-дағы жұмысты ұйымдастыруға, сабақтар өткізуге мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау, сот органдарының тәжірибелі мамандары, адвокаттар, нотариустар, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, қоғамдық ұйымдар мен басқалар тартылады. Құқықтық білім беру мектептеріндегі сабақтар дәріс, семинар, брифингтер нысанында өткізіледі. Қазіргі күні ҚБМ-да тыңдаушылардың әртүрлі санаттарымен сараланған жұмыс жүйесі қалыптастырылған. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлікті қолдай, азаматтық қоғамның түрлі институттарын ынтымақтастыққа тарта отырып, қоғаммен жұмысты жандандыру қажет.
Toggle Dropdown
Республика аймақтарындағы тұрғындар үшін құқықтық түсіндіру жұмысының әртүрлі қырлары бойынша: "Конституция - мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының кепілі", "Адам саудасы - өркениеттің кері кетуі", Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларын түсіндіру бойынша, "Мүлікті жария етуде өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз", "Әділет органдарының, прокуратураның, құқық қорғау органдарының жұмысы туралы", "Халыққа қызмет көрсету орталықтары туралы", "Жастар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу" және басқа тақырыптарда дәрістер топтамасы ұйымдастырылды. Мүлікті жария ету мәселелері бойынша ауылдық жерлерде жиындар, еңбек ұжымдарында кездесу-әңгімелер өткізілген болатын.
Toggle Dropdown
Құқықтық түсіндіру жұмысының тәжірибесіне "тікелей желілер", көшпелі консультациялар және азаматтарды қабылдау жүргізуді ұйымдастыру сияқты құқықтық насихаттың нысандары ретінде өздерін жақсы көрсете білген жаңа нысандар енгізілуде.
Toggle Dropdown
Мерзімді баспасөз басылымдарында құқықтық тақырып бойынша тұрақты айдарлар ашу және ақпараттық материалдарды орналастыру жұмыстары жүргізілді. Республикалық электронды бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық тақырып бойынша телевизия бағдарламалары мен радиохабарларын, жарнамалық-бет-бейнелік роликтер жасау жөніндегі шаралар кешені жүзеге асырылады. Құқық қорғау органдарының жәрдемімен құқықтық бағдарламалар және құқықтық тақырып бойынша радиохабарлар жасалып, жұмыс істеуде.
Toggle Dropdown
Азаматтарды құқықтық ағарту, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі жүйелі жұмыс мақсатында біліктілікті арттыру жүйесінде құқықтық тәрбиенің сабақтар өткізу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру тәрізді нысандары мен әдістері көп қолданылады. Заңгер-ғалымдар, саясаттанушылар, құқық қорғау органдары, сот және өзге де органдардың тәжірибелі қызметкерлерін шақырта отырып, құқықтық пәндер оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды.
Toggle Dropdown
Қоғамдық қатынастардың неғұрлым маңызды салаларында заңнаманы жетілдіру мақсатында тиісті мемлекетті органдар тоқсан сайын мемлекеттік органдардың заң жобалау қызметінің өзекті мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізеді.
Toggle Dropdown
Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың, БАҚ, қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін үйлестіру жөнінде біршама жұмыс атқарылғанын атап өткен жөн.
Toggle Dropdown
Сонымен қатар, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша мемлекеттік қызметшілердің құқықтық дайындығы, сапалы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізгені үшін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу әдістері мен төлемақы төлеу жүйесін жетілдіру мәселелері шешілмейінше құқықтық түсіндіру жұмыстарының проблемалары тиімді шешімін таппайды. Сондай-ақ, құқықтық түсіндіру жұмыстарының тиімділік көрсеткіштерінің жоқтығы әділет органдарына бұл жұмыстың нәтижелерін анықтауға мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде құқықтық түсіндіру жұмыстары негізінен сандық көрсеткіштерге сүйеніп, Бағдарламада көрсетілген ұстанымдардың бірқатары құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу әдістемесінің жоқтығынан, бұл бағыттағы отандық және шетелдік тәжірибенің болмауына байланысты жүзеге аспай қалды.
Toggle Dropdown
Жүргізіліп жатқан құқықтық түсіндіру жұмыстарының біркелкі еместігі, әсіресе ауылдық жерлерде азаматтардың маргиналдық қатынастарын қалыптастырып, мемлекеттік органдар мен жергілікті халық арасында даулы жағдайлар, азаматтар арасында соттық таластар тудыруда. Сонымен қатар, білікті заңгерлердің жоқтығы және "Заң" деректер қоры тәрізді ақпараттық-құқықтық қорлардың қол жетімсіздігі азаматтардың құқықтық қорғалуы мен құқықтық сауаттылығын арттыруға жағдай туғызбайды.
Toggle Dropdown
Өзекті құқықтық ақпараттардың қолжетімсіздігі жағдайында азаматтардың жоғарғы мемлекеттік органдарға шағымдануы артуы мүмкін. Қазақстандық Интернет кеңістігінде қолданыстағы заңнамаға түсіндірме беруді және осыған ұқсас заңды мәселелерді шешуде шетелдік тәжірибені айтпағанда нормативтік құқықтық актілердің басым көпшілігі жоқ. Бүгінгі таңда қазақстандық Интернет кеңістігінде тиімді жұмыс істеп отырған жеке-меншік ақпараттық-құқықтық портал www.zakon.kz болып отыр.
Toggle Dropdown
Ал, көршілес Ресейде мамандандырылған заңгерлік порталдар мен сайттар жұмыс істеуде. Сонымен қатар, қазіргі кезде орталық мемлекеттік органдардың web-ресурстарында азаматтарға салық, кеден, еңбек заңнамалары бойынша заңгерлік кеңес беру үрдісінің дамуы байқалуда. Құқықтық түсіндіру процесін жетілдіру, өзекті құқықтық ақпаратты тарату және алу, оң тәжірибемен алмасу, Министрлік қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін кеңейту мақсатында интернет-ресурстың жұмыс істеуі жыл сайын жетілдірілуде: айдарлар жаңартылуда, материалдарды орналастыру нысаны өзгертілуде және т.б.
Toggle Dropdown
Құқықтық ақпараттың қолжетімділігі тұрғысында еуропа елдерінің тәжірибесі қызығушылық тудыруда. Бұл елдерде нормативтік құқықтық актілер мен заңгерлік әдебиеттерді Интернет жүйесі арқылы қолжетімділігі жасалған. Айталық, Францияда www.legifrance.gouv.fr сайтында әр азамат қажетті құқықтық ақпаратты ала алады. Ресей мен Белоруссияда Ұлттық құқықтық ақпарат орталықтары жұмыс істеуде.
Toggle Dropdown
2002 жылғы 3 қаңтардағы Беларусь Республикасы Президентінің N 1 Жарлығына сәйкес көпшілік құқықтық ақпарат орталықтары "құқықтық білім, құқыққа сай мінез-құлық, құқыққа деген құрмет қалыптастыру мақсатында азаматтардың ресми құқықтық ақпараттарды еркін көру мүмкіндігін ұсынатын орындар" деп анықталған. Бұл орталықтарды ұйымдастыру барысында орталық кітапханалар жүйесіне енетін кітапханалардың құрылымы қолданылды. Бұл елдердің тәжірибелерін қолдану халыққа құқықтық білім, құқықтық ақпарат беру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруда оң нәтиже берері сөзсіз.
Toggle Dropdown
Сонымен қатар, іскерлік, рольдік ойындар, оқиғалар мен тәжірибелерді талдау, слайд-шоуды қолдана отырып, шағын дәрістер өткізу, топішілік және жеке зерттеулер, талқылаулар секілді тренингтік оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін қолдану қажеттілігі туындауда және бұл ретте халықтың жекелеген топтарының психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет, оны ескермейінше іс жүзінде құқықтық ұстанымдарды қалыптастыру формальдық сипатқа ие болады.
Toggle Dropdown
Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2347 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы оқушы жастарды құқықтық оқыту Тұжырымдамасында былай деп көрсетілді: "Бүгінгі күнге дейін қалыптасқан орта және жоғары мектепте құқықтық оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру деңгейі қазіргі кездің талаптарына сай келмейді. Құқықтық мемлекет құру жағдайында жастар арасындағы қылмыстық жағдай мен орта және жоғары оқу орындарындағы құқықтық оқытудың төмен деңгейі алаңдатуда".
Toggle Dropdown
Елбасының өсімтал ұрпақтың құқықтық жағдайындағы бұл шарттарды көрсетуі республикамыздың демократиялық жолмен дамуы барысында бұл мәселенің маңызы зор екендігін көрсетеді. Сондықтан, балаларды құқықтық тәрбиелеу мен оқыту мәселесі қашан да өзекті болып саналады. Француздардың "Еркіндік, теңдік, ағайындық" ұраны секілді балаларда құқықтық идеяны қалыптастыратын құқықтық ұран жасау қажеттілігі туындауда. Мұндай ұранға еліміздің Конституциясында бекітілген еркіндік, теңдік және бірлік идеалдарын қолдануға болады.
Toggle Dropdown
Құқықтық идеяларды тарату және ақпараттық-құқықтық қызметтерді дамыту компьютер ойындары мен Интернет жүйесінің, балалардың құқыққа қарсы психологиялық ұстанымдарын қалыптастыратын батыстық көркем фильмдердің балалардың психикалық денсаулығына кері әсерінің алдын алуға септігін тигізеді. Бұл факторлар қылмыстық аяларды қалыптастырып, балалардың құқықтық әлеуметсізденуінің себептері болады. Сол себепті, халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары процесінде алдын-алу, сипатындағы мәселелерге баса назар аудару қажет. Бұл сипаттағы шараларға кәмелетке толмағандарға тыйым салынған ақпараттық өнімдер бойынша ұсыныстар жасау, кәмелетке толмағандарға арналған сайттар мен құқықтық телехабарлар дайындау, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің мамандарының балаларды құқықтық тәрбиелеу бойынша біліктіліктерін арттыру, құқық қорғау, сот және басқа да органдардың тәжірибелі қызметкерлерін, заңгер-ғалымдарды тарта отырып, құқықтық пәндердің оқытушыларын (жеке жоспар бойынша) қайта даярлау және біліктілігін арттыру секілді шараларды жатқызуға болады.
Toggle Dropdown
Заңгерлік пәндер бойынша қазақстандық оқулықтардың сапасы бойынша олардың әр кезде заңгерлердің құқықтық мәдениет қалыптастыру бойынша міндеттерге сай келе бермейтіндігін мойындау қажет. Мысалы, мемлекет және құқық теориясы бойынша қазақстандық оқулықтардың мазмұнына талдау жүргізе отырып, оларда "құқықтық тәрбие", "құқықтық білім беру", "құқықтық түсіндіру жұмыстары" секілді түсінік түрлеріне жеткілікті түрде көңіл белінбейтіндігін атап өту қажет.
Toggle Dropdown
Қолданыстағы заңнамада "құқықтық түсіндіру жұмыстары" және "заңгерлік қызмет" түсініктерінің арасындағы айырма белгілері анықталмаған, ол өз кезегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың тегін құқықтық түсіндіру жұмыстары мен адвокаттар, жеке заңгерлер және заңгерлік фирмалардың ақылы заңгерлік кеңес қызметінің ара-айырмасын анықтауға мүмкіндік бермейді.
Toggle Dropdown
Қазақстанда болып жатқан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық іске асыру негізі болып табылатын құқықтық мәдениетті дамыту процесін назарға ала отырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін құқықтық институттар қызметінің нысандары мен әдістерін одан әрі жетілдіру қажеттігі туындайды.
Toggle Dropdown
Сондықтан, елімізде тәуелсіздік алған жылдар ішінде жүзеге асырылған саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың әсерімен мемлекеттік-конфессионалдық қатынастар саласында елеулі өзгерістер қалыптасқанын ескере отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік саясатты құқықтық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру саласында қоғамдық бірлестіктермен тиімді іс-қимылды жүзеге асыра отырып, іске асыру қажет.
Toggle Dropdown
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Toggle Dropdown
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының құқыққа сай мінез-құлқына қол жеткізу болып табылады.
Toggle Dropdown
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу құқықтық түсіндіру жұмысы саласында мынадай міндеттерді шешуге ықпал етеді:
Toggle Dropdown
Қазақстан заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызметшілердің және жалпы халықтың құқықтық сауаты деңгейін арттыру;
Toggle Dropdown
бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, құқықтық түсіндіру жұмысында дүниежүзілік "ИНТЕРНЕТ" желісін қоса алғанда, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану;
Toggle Dropdown
құқықтық түсіндіру жұмыстары және құқықтық оқыту жұмыстарының өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді жандандыру.
Toggle Dropdown
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі
Toggle Dropdown
Қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру:
Toggle Dropdown
халықтың құқықтық хабардарлығымен;
Toggle Dropdown
құқықтық реттеу үдерісінде пайдаланылатын нормативтік материалдың сапасымен;
Toggle Dropdown
азаматтық қоғамның құқықтық нұсқамаларды саналы түрде орындауымен;
Toggle Dropdown
құқық жасау және құқықты іске асыру тетіктерінің тиімді қызметімен байланысты.
Toggle Dropdown
Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін Бағдарламада құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, мектепке дейінгі мекемелерде және барлық үлгідегі оқу орындарында құқықтық оқыту және тәрбиелеу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білімдерін көтеру жолымен Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдениетінің, санасының деңгейін одан арттыруға бағытталған шаралар кешені көзделген.
Toggle Dropdown
Шаралар кешенін іске асыру мақсатында:
Toggle Dropdown
мемлекеттік органдардың құқықтық көмекті ұйымдастыру, құқықтық насихат және халыққа заң көмегін көрсету мәселелері бойынша қызметін үйлестіру;
Toggle Dropdown
Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының, аумақтық органдардың құқықтық насихат және заңнаманы түсіндіру мәселелері бойынша жұмысын үйлестіру;
Toggle Dropdown
әдістемелік және түсіндіру материалдарын әзірлеуді жүзеге асыру, құқық қолдану практикасын қорыту және реттеу, сондай-ақ құқықтық түсіндіру жұмысын ұйымдастырудың, құқықтық қызмет көрсетудің және халыққа заң қызметін көрсетудің өзекті мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен құқықтық көмекті ұйымдастыру және заң қызметін көрсету, құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық оқыту және тәрбие мәселелері бойынша өзінің құзыреті шегінде өзара іс-қимылды жалғастыру қажет.
Toggle Dropdown
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Toggle Dropdown
Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық оқыту мен тәрбие жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шараларға тұтастай алғанда республикалық бюджет қаражатынан 227,033 миллион теңге бөлу қажет.
Toggle Dropdown
Республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы көлемі (227,033 млн. теңге) соның ішінде жылдар бойынша:
Toggle Dropdown
2009 жыл - 45,033 млн. теңге;
Toggle Dropdown
2010 жыл - 91 млн. теңге;
Toggle Dropdown
2011 жыл - 91 млн. теңге.
Toggle Dropdown
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Toggle Dropdown
Азаматтардың құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейі жариялы және жеке мүдделердің құқықтық реттелу саласында ымыраға келуге мүмкіндік береді, мемлекет пен қоғамның құқықтық мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етеді, жеке бастың құқығы мен бостандығына кепілдік береді, осы құқық пен бостандықты құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғайды.
Toggle Dropdown
Бағдарламаны іске асыру тізбесі олардың басымдықтарын негізге ала отырып әзірленген нақты іс-шаралардың негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Бағдарламада көзделген іс-шаралардың орындалуы:
Toggle Dropdown
қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге және қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің сапасын жақсартуға;
Toggle Dropdown
ақпараттық-құқықтық кеңістіктің бірлігін қамтамасыз етуге;
Toggle Dropdown
азаматтардың құқыққа сай емес әрекеттер мен әрекетсіздіктерден құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға;
Toggle Dropdown
азаматтардың білікті заңгерлік көмек алуға конституциялық құқықтарын жүзеге асырудың сапасын арттыруға жағдай жасауға;
Toggle Dropdown
құқықтық түсіндіру жұмысы, азаматтарды құқықтық оқыту және құқықтық тәрбиелеуді қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін үйлестіруге;
Toggle Dropdown
Қазақстан азаматтарының құқықтық сауаты деңгейін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Toggle Dropdown
1
8. Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Toggle Dropdown
Р/с N | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі | Болжанатын шығыстар | Қаржыландыру көзі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1. Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету |
| 1. | Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық түсіндіру жұмыстарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині | 2009 | Талап етілмейді | |
| 2. | Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.06.03 N 621 Қаулысымен. |
| 3. | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша республикалық үйлестіру-әдістемелік кеңесін құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині | 2009 | Талап етілмейді | |
| 4. | Халықтың жекелеген санаттарының құқықтық сауаттылығының міндетті минимумын жасау мен енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, БҒМ | 2009 | Талап етілмейді | |
| 5. | Жасөспірімдерге ұсынылмайтын ақпараттық өнімдер бойынша ұсыныстар жасау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, МАМ | 2009 | Талап етілмейді | |
| 2. Ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету |
| 1. | Жалпыға бірдей құқықтық оқу бойынша зерттеу бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру, соның нәтижесінде Қазақстан Республикасының құқықтық білім беру мектептерінде, жалпы білім беру мектептерінде және ЖОО-нда жалпыға бірдей құқықтық оқу нәтижелілігінің мониторингін жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ, Әділетмині | Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша | 2009 ж. - 2,0; 2010 ж. - 2,0; 2011 ж. - 2,0 Барлығы: 6,0 | Республикалық бюджет қаражаты |
| 2. | Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білімге қажеттілігі мен құқықтық сауаттылық деңгейін анықтау бойынша сауалнама жүргізу және кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині | Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша | Талап етілмейді | |
| 3. | Жалпы білім беру мектептеріндегі интерактивті сыныптарда заңгер-ғалымдардың құқықтүсіндіру дәрістерін жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ, Әділетмині | Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша | 2009 ж. - 2,0; 2010ж. - 2,0; 2011 ж.- 2,0; Барлығы: 6,0 | Республикалық бюджет қаражаты |
| 4. | Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық түсіндіру жұмыстарының өзекті мәселелері бойынша халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, ІІМ, ЖС (келісім бойынша) | Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша | 2009 ж. - 2,579; 2010 ж. - 7,0; 2011 ж. - 7,0 Барлығы: 16,579 | Республикалық бюджет қаражаты |
| 5. | Құқықтық тақырып бойынша баспа, электрондық оқып-үйрету, ғылыми және құқықтық тақырыптағы басқа да әдебиеттерді шығару | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині | Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша | 2009 ж. - 5,0; 2010 ж. - 5,0; 2011 ж. - 5,0 Барлығы: 15,0 | Республикалық бюджет қаражаты |
| 3. Бағдарламаны кадрмен қамтамасыз ету |
| 1. | Ғалым-заңгерлерді, саясаттанушыларды, құқық қорғау, сот және өзге де органдардың неғұрлым тәжірибелі практикалық қызметкерлерін тарта отырып, құқықтық пәндердің оқытушыларын қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүргізу (жекелеген жоспарлар бойынша) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, БҒМ | Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша | 2009 ж. - 3,0; 2010 ж. - 3,0; 2011 ж. - 3,0 Барлығы: 9,0 | Республикалық бюджет қаражаты |
| 4. Ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету |
| 1. | "Қазақстан-2030" Стратегиясының, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі қағидаларын орындау, қоғамдық қатынастардың аса маңызды салаларында заңнаманы жетілдіру жөнінде тұрақты түсіндіру жұмысын жүргізу Ақпараттық-насихаттау жұмысының түрлі нысандары мен әдістерін пайдалана отырып, республика өңірлеріне шығуды тәжірибеге енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҚР Орталық атқарушы органдары, ЖС (келісім бойынша), ЭСЖҚА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | Жыл сайын, жарты жылдық және жылдық қорытынды бойынша | Талап етілмейді | |
| 2. | Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметін және мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын енгізу туралы насихаттау қызметі шараларын іске асыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, Орталық және жергілікті атқарушы органдар | Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша | Талап етілмейді | |
| 3. | Мерзімді баспасөз басылымдарында құқықтық тақырып бойынша ақпараттық материалдарды орналастыруды жалғастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, ІІМ, ЖС (келісім бойынша) | Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша | 2009 ж. - 7,5; 2010 ж. - 10,0; 2011 ж. - 10,0 Барлығы: 27,5 | Республикалық бюджет қаражаты |
| 4. | Құқықтық тақырып бойынша жарнамалық бет-бейне роликтер жасау және тарату | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, ІІМ, ЖС (келісім бойынша) | Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша | 2009 ж. - 5,0; 2010 ж. - 15,5; 2011 ж. - 15,5 Барлығы: 3,6 | Республикалық бюджет қаражаты |
| 5. | Орталық телеарналарда және радиотолқындарда құқықтық тақырып бойынша жұртшылыққа кең тарта отырып телебағдарламалары мен радиохабарлар жасау және тарату | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, ІІМ, ЖС (келісім бойынша) | Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша | 2009 ж. - 11,954 2010 ж. - 26,5; 2011 ж. - 26,5; Барлығы: 64,954 | Республикалық бюджет қаражаты |
| 6. | Орталық телеарналарда халықтың құқықтық мәдениет деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған деректі фильмдерді жасау және тарату | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, ІІМ, ЖС (келісім бойынша) | Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша | 2009 ж. - 6,0; 2010 ж. - 20,0; 2011 ж. - 20,0 Барлығы: 46,0 | Республикалық бюджет қаражаты |
| 7. | Неғұрлым өзекті құқықтық мәселелер бойынша, соның ішінде міндеттемелік, жер, неке-отбасылық қатынастары, меншік құқығын қорғау, ипотекалық кредит беру және тұрғын үй құрылысы, салық заңнамасы, бірыңғай кеден одағын құру аясындағы кеден ісі бойынша басшылар мен мамандардың БАҚ-та сөз сөйлеулерін жеке жоспарлауды жалғастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині | Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша | Талап етілмейді | |
| 8. | Халықтың жекелеген санаттарымен, соның ішінде журналистермен, мүгедектермен және аз қамтылған азаматтардың арасында тренинг нысанында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині | Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша | Талап етілмейді | |
| 9. | Мемлекеттік органдарда азаматтарға өз қызметіне қатысты сұрақтар бойынша заңи кеңестер беру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, ҚР орталық атқарушы органдары | Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша | Талап етілмейді | |
| 10. | Заңи білім беретін жоғары оқу орындарында құқықтық мәселелер бойынша ресурстық орталық құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ, Әділетмині | Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша | Талап етілмейді | |
| 11. | Мемлекеттік органдардың, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарын жетілдіру, әсіресе құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мен қажетті құқықтық ақпаратты орналастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, ҚР Орталық және жергілікті атқарушы органдар | Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша | Талап етілмейді | |
| 12. | Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өзекті құқықтық мәселелер бойынша Интернет-конференциялар өткізуді жалғастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҚР орталық мемлекеттік органдар | Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша | Талап етілмейді | |
| 13. | Тұрғын халық арасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды жүргізу бойынша ҮЕҰ-мен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині | Жыл сайын жылдық қорытынды бойынша | Талап етілмейді | |
Toggle Dropdown
| 14. | Республикалық газеттердің (Юридическая газета, Заң газеті) көлемін ұлғайта отырып, оларды оның ішінде заңнаманы түсіндіруге бағытталған арнайы апталық газет ретінде айқындау мүмкіндігін қарау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, БАМ, Қаржымині, орталық атқарушы органдар, ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2011 жыл | Талaп етілмейді | |
| 15. | Республикалық «Қазақ радиосында» және республиканың барлық өңірлерінің радиосында «Сұрақ-жауап» құқықтық тақырыбы бойынша тұрақты бағдарлама жасау мүмкіндігін қарау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, БАМ, Қаржымині, орталық атқарушы органдар, ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), Атырау, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері | 2011 жыл | Талaп етілмейді | |
| 16. | Республикалық телеарнада құқықтық тақырып бойынша жаңа телебағдарлама жасау мүмкіндігін қарау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, БАМ, Қаржымині, ЖС, орталық атқарушы органдар, БП (келісім бойынша) | 2011 жыл | Талaп етілмейді | |
| 17. | Құқықтық саладағы білімді арттыруға бағытталған, мамандандырылған интернет- сайтты құру және қолдау мүмкіндігін қарау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, Қаржымині, орталық атқарушы органдар, ЖС (келісім бойынша), ЭҚСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2011 жыл | Талaп етілмейді | |
| 18. | Интернет- ресурстарда құқықтық насихат мәселелеріне арналған интернет- жарнаманы жасау және орналастыру мүмкіндігін қарау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, Қаржымині, орталық атқарушы органдар, ЖС (келісім бойынша), ЭҚСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2011 жыл | Талaп етілмейді | |
| 19. | Құқықтық тақырыпты жария ету жөніндегі жарнама науқанының медиа- жоспарын жасау және іске асыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БАМ, Әділетмині, орталық атқарушы органдар, ЖС (келісім бойынша), ЭҚСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2011 жыл | Талaп етілмейді | |
| 20. | Азаматтардың құқықтық мәдениеті деңгейін жоғарылатуға бағытталған полиграфия және сыртқы жарнама үшін дизайн әзірлеу мүмкіндігін қарау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, Қаржымині | 2011 жыл | Талaп етілмейді | |
| 21. | Азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылатуға бағытталған сыртқы жарнаманы (билбордтар, жарнамалық парақшалар сериясы және тағы басқа) жасау және орналастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Ақмола, Атырау, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері | 2011 жыл | 51,617 | Жергілікті бюджет қаражаты |
| 22. | Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ойын нысанындағы құқықтық сауаттылық элементтерін енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | 2011 жылғы жарты жылдық қорытындысы бойынша | Талaп етілмейді | |
| 23. | Жалпы білім беретін мектептің 1 және 9 - сыныптарында жүргізілетін негізгі жалпы білім беру пәндерінің бірінің мазмұнына құқықтық жалпыға бірдей оқытуды кіріктіру мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | 2011 жылғы жарты жылдық қорытындысы бойынша | Талaп етілмейді | |
| 24. | Жоғары оқу орындарындағы «Құқық негіздері» пәнінің бағдарламасына құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі мәселелер мен тақырыптарды енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | 2011 жылғы жарты жылдық қорытындысы бойынша | Талaп етілмейді | |
| 25. | Әділет органдарының, «Нұр Отан» ХДП қызметкерлерінің, адвокаттардың, нотариустардың және басқалардың қатысуымен «Әділет органдары кеңес береді» республикалық акциясын өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, «Нұр Отан» ХДП, жергілікті атқарушы органдар | 2011 жыл | Талaп етілмейді | |
| 26. | Журналистер конкурсын өткізу мүмкіндігін қарау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, Қаржымині | 2011 жыл | Талaп етілмейді | |
| 27. | Прокурорлық тексерулер нәтижесін БАҚ-та жариялау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҚР БП | Үнемі | Талaп етілмейді | |
| 28. | Заң тақырыбы бойынша маманданатын журналистер үшін олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тақырыпты игеруге көмек көрсету мақсатында арнайы оқыту семинарларын ұйымдастыру мүмкіндігін қарау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар | Үнемі | Талaп етілмейді | |
| 29. | Заңнама ережелерін түсіндіру бойынша әңгімелесу нысанында, соның ішінде «сұрақ-жауап», дәріс, тұрғындармен және БАҚ журналистері мен, оқушы жастармен, меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесу нысанында құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, орталық атқарушы органдар, ЖС (келісім бойынша), ЭҚСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2011 жыл | Талaп етілмейді | |
| 30. | Оқушылар үшін құқықтық ақпарат берудің пайдаланылатын нысандарының түрін дамыта отырып және балаларды құқықтық тәрбиелеу әдістемесін жетілдіре отырып, соның ішінде алдыңғы қатарлы әдістерді қолдану арқылы кәмелетке толмағандарды құқықтық тәрбиелеуді жандандыру мәселесін қарау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ, орталық атқарушы органдар, ЖС (келісім бойынша), ЭҚСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2011 жыл | Талaп етілмейді | |
| 31. | Ауыл тұрғындарына көшпелі консультация беруді тұрақты негізде ұйымдастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, орталық атқарушы органдар, ЖС келісім бойынша), ЭҚСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2011 жыл | Талaп етілмейді | |
| 32. | Құқықтық насихат және заңнаманы түсіндіру бойынша бірыңғай есептілікті қалыптастыру мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, СА, орталық атқарушы органдар | 2011 жылғы 3-тоқсан | Талaп етілмейді | |
| 33. | Қазақстан Республикасындағы заңи білім беруді одан әрі реформалау және жетілдіру мәселелерін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2011 жылғы жарты жылдық қорытындысы бойынша | Талaп етілмейді | |
| 34. | Адвокаттар алқасының, нотариаттық палатаның азаматтарға Ашық есік күндерін өткізу және тегін заң кеңесін беру практикасын енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині | 2011 жыл | Талaп етілмейді | |
| 35. | Құқықтық ақпараттық қызмет құру және оның тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету мүмкіндігін қарау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Әділетмині, Қаржымині, орталық атқарушы органдар | 2011 жыл | Талaп етілмейді | |
| 36. | Мемлекеттік органдардың ведомстволық оқу орындарының, оның ішінде ЖОО-ның жоғарғы курс студенттерін құқықтық насихатты жүргізуге оқу орындарында, еңбек ұжымдарында, қарттар үйінде, және басқа кездесулер ұйымдастыруға тарту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2011 жылғы жарты жылдық қорытындысы бойынша | Талaп етілмейді | |
| 37. | Жалпы білім беру мектептерінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен тоқсанына бір рет құқықтық тақырыпта дәрістер, әнгімелесулер, деректі фильмдер көрсетуді өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ, БП (келісім бойынша), ЭҚСЖКА (келісім бойынша), ІІМ (келісім бойынша) | 2011 жылғы жарты жылдық қорытындысы бойынша | Талaп етілмейді | |
| Жиыны: Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін одан әрі арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын қамтамасыз етуге арналған бюджеттік қаражат көлемі | 2009-2011 жылдар | 227,033 млн. теңге, соның ішінде: 2009 жыл - 45,033 млн. теңге; 2010 жыл - 91,0 млн. теңге; 2011 жыл - 91,0 млн. теңге; | Республикалық бюджет |
Toggle Dropdown
* Көзделетін сомалар жыл сайын тиісті жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Toggle Dropdown
Ескертпе: - ЭСЖҚА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Toggle Dropdown
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Toggle Dropdown
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Toggle Dropdown
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Toggle Dropdown
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Toggle Dropdown
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Toggle Dropdown
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Toggle Dropdown
ЖОО - жоғары оқу орындары
Toggle Dropdown
ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар
Toggle Dropdown
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
Toggle Dropdown
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Toggle Dropdown
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Toggle Dropdown
«Нұр Отан» ХДП - «Нұр Отан» Халықаралық демократиялық партиясы