Toggle Dropdown
2
Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 424 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Магистральдық темiржол желiсiн пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы pecми түрде жарияланған күнiнен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 16 сәуірдегі
№ 424 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Магистральдық теміржол желiсін пайдалану қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
2
1. Осы Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалары) «Темір жол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және магистральдық теміржол желісін пайдалануды ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Toggle Dropdown
1
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) арнаулы пойыздар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше талаптар бойынша тағайындалатын жолаушыларды және/немесе аса маңызды әскери немесе стратегиялық жүктерді тасымалдауға арналған пойыздар;
Toggle Dropdown
2) график тармағы – пойыздың жөнелту, межелі және баратын пункттері, жөнелту, келу, технологиялық тұрақтар уақыты, орташа жүріс уақыты, сондай-ақ пойыздың басқа да техникалық параметрлері көрсетілген жүру маршрутының графикпен бейнеленуі;
Toggle Dropdown
3) диспетчерлік кесте – пойыздардың қозғалыс кестесінен шығып қалған, кезектен тыс, арнаулы, қосалқы пойыздардың, жолаушы және жүк пойыздарының жедел қозғалыс жоспары;
Toggle Dropdown
4) жүк тасымалдаудың айлық жоспары – тасымалдаушы жасайтын және күнтізбелік айға тиеу көлемдері, вагон ағындарының корреспонденциялары бойынша болжамды деректерді көрсететін құжат;
Toggle Dropdown
5) магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің үлесі (график тармақтарының саны) – уақыттың белгілі бір аралығында магистральдық теміржол желісінің қандай да бір бөлігінде пойыздар (пойыз жұбы) қозғалысының барынша жоғары мөлшерін қамтамасыз ету жөніндегі оның әлеуетті мүмкіндігі;
Toggle Dropdown
6) кезектен тыс пойыздар – қозғалыс графигінде көзделмеген (қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары, қар тазартқыштар, вагонсыз локомотивтер, өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрам), пойыздар қозғалысындағы кедергілерді жоюға, болжанбаған жұмыстарды орындауға және көлік құралдарын тиісінше көшіруге арналған пойыздар;
Toggle Dropdown
7) қосымша өтінімдер – пойыздар қозғалысының нормативтік графигі қолданыста болған кезеңде тасымалдаушылардан келіп түскен қосымша тасымалдауларға магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізуді ұсынуға арналған өтінімдер;
Toggle Dropdown
8) қосалқы пойыздар – жолаушыларды отырғызу пункттеріне, техникалық станцияларға және тұрақтау пункттеріне бара жатқан жеке локомотивтер немесе локомотив топтары (топтамалары), жолаушы вагондарынан, дизель және электр секцияларынан тұратын пойыздар, сондай-ақ пойыздардың нақтыланған қозғалыс графигінде қозғалысы көзделмеген ұлттық инфрақұрылым операторының өз мұқтаждарына арналған пойыздар;
Toggle Dropdown
9) қосымша тасымалдар – пойыздар қозғалысының нормативтік графигінде көзделмеген, магистральдық теміржол желісінің бос немесе белгіленген тәртіппен босатылған өткізу қабілеті есебінен жүзеге асыру мүмкін болатын қосымша қозғалыс тармақтарын бөлуді талап ететін тасымалдар;
Toggle Dropdown
10) магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған ұзақ мерзімді шарт – ұлттық инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушы арасында кемінде 5 (бес) жылдық кезеңге жасалған магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарт;
Toggle Dropdown
11) магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу – тасымалдаушылардың тасымалдарды жүзеге асыру үшін магистральдық теміржол желісі қызметтерін алу мүмкіндігі;
Toggle Dropdown
12) магистральдық теміржол желісі учаскесінің өткізу қабілеті – магистральдық теміржол желісінің, жылжымалы құрамның техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне және түрлі санаттағы пойыздардың өткізілуін ескере отырып, пойыздардың қозғалуын ұйымдастыру тәсілдеріне қарай есепті уақыт кезеңі (тәулік) ішінде магистральдық теміржол желісінің учаскесі бойынша өткізілуі мүмкін пойыздардағы (пойыз жұптарындағы) қозғалыс мөлшері;
Toggle Dropdown
13) магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшелігі (бұдан әрі – техникалық ерекшелік) – магистральдық теміржол желісі учаскелерінің және станцияларының техникалық сипаттамаларын, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің тәуліктік өткізу қабілеті, жүк пойыздарының қабылдау-тапсырудың (алмасудың) болжамды уақыты, магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетінің резервтелген үлестері, жөндеудің жоспарлы мерзімдері, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің еркін өткізу қабілеті туралы мәліметтерді, график тармақтарының жобаларын қамтитын ұлттық инфрақұрылым операторы жасаған және бекіткен құжат;
Toggle Dropdown
14) магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізуді ұсынуға арналған өтінім – магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік алу үшін тасымалдаушылар ұлттық инфрақұрылым операторына беретін құжат;
Toggle Dropdown
15) магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетін бөлу – осы Қағидаларда белгіленген қағидаттардың негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы жүзеге асыратын барлық тасымалдаушылар пойыздарының қозғалыс графигін қалыптастыру рәсімі;
Toggle Dropdown
16) магистральдық теміржол желісі учаскесінің тәуліктік өткізу қабілетінің сегменті – бөлек пункттер арасында жылдамдықтары және жүру уақыты жақын пойыздарды өткізу үшін бөлінген тәуліктің уақыт кезеңі;
Toggle Dropdown
17) магистральдық теміржол желісінің қызметтері – ұлттық инфрақұрылым операторы көрсететін, пойыздарды өткізу және қозғалысы үшін магистральдық теміржол желісін пайдалануға байланысты қызметтер;
Toggle Dropdown
18) жедел жоспарлау – ұлттық инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушының 12 (он екі) сағаттық кезеңдерге бөліп, бір тәулікке арналған жұмыс жоспарын жасау процесі;
Toggle Dropdown
19) өткізу қабілетін беруге жедел сұрау салу – ұлттық инфрақұрылым операторының диспетчері белгіленген тәртіппен тіркейтін, өткізу қабілетінің үлесін бөлу және диспетчерлік кесте шеңберінде арнаулы және қосалқы пойыздар қозғалысын ұйымдастыру туралы тасымалдаушының уәкілетті өкілінің құжаты;
Toggle Dropdown
20) пойыздардың қозғалыс графигі – ұлттық инфрақұрылым операторының магистральдық теміржол желісі учаскелерінде барлық санаттағы пойыздар қозғалысын ұйымдастыруды белгілейтін, шартты тәуліктердегі масштабты торда пойыздардың жүруін график түрде көрсететін, пойыздар қозғалысының нормативтік (жоспарлы жылға), нұсқалық (уақыттың жекелеген кезеңдерінде) және жедел (ағымдағы жоспарлы тәулікке) графигі болып бөлінетін құжаты;
Toggle Dropdown
21) пойыздарды қалыптастыру жоспары – тасымалдаушылардың пойыздарды қалыптастыру жоспары жобаларының негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен, магистральдық теміржол учаскелерінің өткізу қабілетін және станциялардың өңдеу қабілетін ескере отырып, теміржол станцияларында қалыптастырылатын пойыздардың санаттары мен межелі бағыттарын белгілейтін құжат;
Toggle Dropdown
22) пойыздардың қозғалыс кестесі – пойыздар қозғалысы графигінің негізінде белгілі бір күнтізбелік күндер бойынша пойыздар қозғалысы туралы ақпараты қамтитын құжат;
Toggle Dropdown
23) пойыздардың нақтыланған қозғалыс графигі – қосымша тасымалдарды, сондай-ақ график тармақтары уақытының нақтылануын ескере отырып, магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік беруге арналған өтінімде көрсетілген тасымалдау көлемдерінің түзетулері негізінде белгілі бір күнтізбелік айға нақтыланған пойыздар қозғалысының нормативтік графигінің нұсқасы;
Toggle Dropdown
24) пойыздар қозғалысының тәуліктік жоспары – ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен нысан бойынша тасымалдаушы жасаған және жөнелтілетін пойыздар, пойыздар қозғалысының жиынтық кестесіне сәйкес локомотивтер мен локомотив бригадаларының ауысуы туралы ақпаратты, сондай-ақ кестеде көзделмеген пойыздарды өткізуге арналған өтінімді қамтитын құжат;
Toggle Dropdown
25) пойыздар қозғалысының жиынтық тәуліктік жоспары – жоспарланып отырған тәулікте пойыздар қозғалысын диспетчерлік реттеу және ұйымдастыру үшін тасымалдаушылардың пойыздар қозғалысының тәуліктік жоспарлары негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы жасаған құжат;
Toggle Dropdown
26) тасымалдарды айлық жоспарлау – магистральдық теміржол қызметтерін көрсетуге жасалған шарт шеңберінде тасымалдаушының жүк, вагон және пойыз ағындарын және тасымалдарды ұйымдастыру үшін станцияларда вагондарды өңдеу көлемдерін айлық модельдеу (болжау) процесі;
Toggle Dropdown
27) тасымалдардың жиынтық айлық жоспары – тасымалдаушылар мәлімдеген айлық жүк тасымалдау жоспарларының негізінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесімен және қатысы бар теміржол әкімшіліктерімен келісу үшін ұлттық инфрақұрылым операторы жасайтын құжат;
Toggle Dropdown
28) тасымалды жүзеге асырудың техникалық және технологиялық мүмкіндігі – магистральдық теміржолдардың және бөлек пункттердің пойыздардың қауіпсіз қозғалысын, кедергісіз өткізуді, қабылдауды, өндеуді және жөнелтуді жүзеге асыру жөніндегі қабілеті;
Toggle Dropdown
29) тасымалдаушының техникалық жоспары – тасымалдаушы жасайтын және күнтізбелік айға оның пайдалану жұмысының техникалық нормаларын, сондай-ақ ішкі және сыртқы түйісулер бойынша пойыздар мен вагондарды қабылдаудың/тапсырудың нормативті көлемдерін көрсететін құжат;
Toggle Dropdown
30) техникалық жоспар – тасымалдардың жиынтық жоспары, тасымалдаушылардың техникалық жоспарларының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесі ақпаратының негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы жасайтын құжат;
Toggle Dropdown
31) тасымалдарды жоспарлау – қызметтер көрсетуге жасалған шарттарға сәйкес белгіленген уақыт кезеңіне (жыл, ай, тәулік) магистральдық теміржол желісі объектілерінде (учаскелер мен станцияларда) тасымалдар жоспарын әзірлеу;
Toggle Dropdown
32) диспетчерлік реттеу – нақты уақыт режимінде тасымалдау процесі операцияларын басқару және мониторингілеу процесі;
Toggle Dropdown
33) тасымалдаушының пойыздарды қалыптастыру жоспарының жобасы – пойыздарды қалыптастыру тәртібі мен санаттарын, қалыптастыру, өңдеу, тарату станцияларын айқындатын, магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшеліктерінің деректерін ескере отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесі және Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы қабылдаған келісімдерде белгіленген қағидаттар мен талаптар негізінде жүк түріне қарай тасымалдаушылар үшін нарықтық тұрғыда қолайлы жеткізу мерзімдерін қамтамасыз ететін вагон ағындарын пойыздарға ұйымдастыру жоспарының жобасы;
Toggle Dropdown
34) тасымалдаушының пойыздар қозғалысының кестесі мен графигінің жобасы – магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшеліктерінің деректерін ескере отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер бойынша станциялар бойынша пойыздарды жөнелту, технологиялық тоқтап тұру, келу уақытын көрсететін кесте және график нысанында тасымалдаушы жасаған құжат;
Toggle Dropdown
35) штаттан тыс жағдай – магистральдық теміржол желісі объектілеріндегі ақаулықтар нәтижесінде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін не пойыздарды өткізу үшін кедергі келтіретін мән-жай;
Toggle Dropdown
36) Магистральдық теміржол желісінің қызметін көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі – шарт) – Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысымен бекітілген Магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартқа сәйкес тасымалдаушы мен ұлттық инфрақұрылым операторы арасында жасалған магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарт.
Toggle Dropdown
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мағыналарда қолданылады.
Toggle Dropdown
2
3. Магистралдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу үшін тасымалдаушы инфрақұрылым операторына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш (өтінім) жібереді.
Toggle Dropdown
1
4. Тасымалдаушының магистралдық теміржол желісі қызметтеріне рұқсат алуға арналған өтінімін ұлттық инфрақұрылым операторы мәлімдеген көлемдерге не басқа да жағдайларға қарамастан, тең жағдайда қабылдайды.