• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 25.04.2011 г

Отправить по почте

Азаматтық және эксперименттiк авиацияның авиациялық персоналын аттестаттау ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы. 2002 жылғы 28 желтоқсан N 1402

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 25.04.2011 № 442 Қаулысымен (28.12.2002 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңын  және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берiлiп отырған Азаматтық және эксперименттiк авиацияның авиациялық персоналын аттестаттау ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2002 жылғы 28 желтоқсандағы
 N 1402 қаулысымен
 бекiтiлген
Азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық 
 персоналын аттестаттау ережесi 
Осы Азаматтық және эксперименттiк авиацияның авиациялық персоналын аттестаттау ережесi (бұдан әрi - Ереже) ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымы стандарттары мен ұсыныстарын (Халықаралық азаматтық авиация туралы 1944 жылғы 7 желтоқсандағы Чикаго конвенциясына 1-қосымша мен DOC 9379-AN/916) ескере отырып, "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы заң күшi бар N 2697 Жарлығына  сәйкес әзiрлендi.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
1. Осы Ереже авиациялық персоналды аттестациядан өткiзу тәртiбiн, шарттары мен мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ авиациялық персоналға қойылатын талаптарды анықтайды. 
2. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер: 
1) аттестаттау - уәкiлеттi органның аттестациялық комиссиясы өткiзетiн авиациялық персоналдың кәсiби бiлiмi мен практикалық дағдыларын тексеру рәсiмi; 
2) борттық электронды жабдықтар - электрлiк бөлiгiн қоса алғанда, әуе кемесiнiң бортында пайдалануға арналған кез келген электронды құрылғы, оның iшiнде радиожабдық, ұшуды автоматты басқару жүйесi және аспаптық жабдық; 
3) тiкұшақ - ұшуда негiзiнен шамамен тiгiнен орналасқан ocь айналасындағы күш қондырғыларының әсерiмен айналатын бiр немесе бiрнеше жеткiзгiш бұрамалары бар, ауаның қарсы әсерi есебiнен қалықтайтын ауадан ауырлау әуе кемесi; 
4) бір ұшқышпен ұшу үшiн сертификатталған әуе кемесi - сертификаттау кезiнде қабылданған тiркеу мемлекетiнiң шешiмi бойынша ең аз құрамдағы ұшу экипажы, атап айтқанда бiр ұшқыш қауiпсiз пайдалана алатын әуе кемесiнiң түрi; 
5) аспаптар бойынша ұшу уақыты - ұшқыштың әуе кемесiн сыртқы бағдарларды пайдаланбай, тек қана аспаптар бойынша басқарып ұшатын уақыты; 
6) планердiң ұшу уақыты - планердiң ұшу кезiнде қозғала бастаған сәтiнен бастап және ұшу аяқтағаннан кейiн оның тоқтаған сәтiне дейiнгi тiркеп сүйретумен немесe тiркеп сүйретусiз ұшуда болуының жалпы уақыты; 
7) екiншi ұшқыш - әуе кемесi командирiнiң функциясынан басқа, 
ұшқыштың кез келген функциясын орындайтын желiлiк ұшудың қолданыстағы куәлiгi (сертификаты) бар ұшқыш; бұған әуе кемесiнiң бортында ұшуға даярлықтан өту мақсатында ғана болған ұшқыш қосылмайды; 
8) бiлiктiлiк белгiсi - куәлiкте жасалған немесе соған қатысы бар және соның бiр бөлiгi болып табылатын жазба, онда осы куәлiкке қатысты ерекше шарттар, құқықтар немесе шектеулер көрсетiледi; 
9) әуе кемесiнiң командирi (бұдан әрi - ӘКК) - ұшқыштың қолданыстағы куәлігі (сертификаты), сондай-ақ әуе кемесiн өз бетiмен басқару үшiн қажеттi даярлығы мен тәжiрибесi бар адам; 
10) экипаждың ұшу құрамы - осы үлгiдегi әуе кемесiн және (немесе) оның жабдықтарын ұшуда пайдалану құқығына арнайы даярлығы мен куәлiгi (сертификаты) бар экипаж мүшелерi; 
11) медициналық анықтама - авиациялық персонал куәлiгi (сертификаты) иесiнiң денсаулығының жай-күйi бойынша жарамдылығына қойылатын талаптарға сәйкестiгiн растайтын және медициналық куәландырудың нәтижелерi бойынша берiлетiн белгiленген нысандағы құжат; 
12) нұсқаушымен ұшу - қандай да бiр тұлғаның тиiстi куәлiгi бар ұшқыш - нұсқаушымен бірге әуе кемесінің бортында ұшу даярлығынан өтетін ұшу уақыты. 
13) планер - қозғалысқа күш қондырғыларымен келтiрiлмейтiн, көтерiлу күшi негiзiнен ұшудың осы жағдайында қозғалыссыз қалатын жоғары қабаттағы аэродинамикалық қарсы әсер есебiнен құрылатын ауадан ауырлау әуе кемесi; 
14) ұшу уақыты - ӘК двигательдерiн iске қосу кезiнен бастап, ұшу аяқталғаннан кейiн оларды өшiруге дейiнгi ұшу уақыты; 
Жоғарыда көрсетiлген "ұшатын уақыт, ұшу уақыты" деген термин жалпыға бiрдей "толық ұшатын уақыт" немесе "қалыптарды жинаудан  бастап оларды орнатқанға дейiнгi уақыт" деген терминдердiң синонимi болып табылады, ол әуе кемесiнiң тиеу пунктiнен қозғалу сәтiнен бастап оның түсiру пунктiне тоқтағанға дейiн өлшенедi. 
15) ұшақ - қозғалысқа күш қондырғыларымен келтiрілетiн, көтерiлу күшi негiзiнен ұшудың осы жағдайында қозғалыссыз қалатын жоғары қабаттағы аэродинамикалық қарсы әсер есебiнен болатын ауадан ауырлау әуе кемесi; 
16) авиациялық персоналдың куәлiгi (сертификаты) (бұдан әрi - куәлiк (сертификат) - авиациялық персоналға жатқызылған тұлғада қажеттi бiлiм мен дағдылардың болуын, сондай-ақ оның денсаулығының белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына уәкiлеттi орган беретiн куәлiк (сертификат). 
3. Аттестаттаудың негiзгi мiндетi авиациялық персоналдың кәсiби даярлық деңгейiн анықтау, авиациялық персоналды олардың бiлiктiлiгiне сәйкес ұтымды iрiктеу және бөлу, ұшудың қауiпсiздiгi мен жүйелiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады. 
4. Аттестаттау: 
1) авиациялық персоналдың кәсiби деңгейiн растау (бiлiктiлiк сыныбын растау); 
2) кезектi бiлiктiлiк сыныбын беру мақсатында жүргiзiледi. 
5. Авиациялық персоналды жiктеу үш бiлiктiлiк сыныптары (бұдан әрi - сыныптар): үшiншi, екiншi және бiрiншi сыныптар бойынша анықталады. 
Бiрiншi жоғары сынып болып табылады. 
Бiлiктiлiк сыныбын беру кезiнде кезектiлiктi сақтау қажет: үшiншi, екiншi және бiрiншi. 
6. Аттестаттаудан өткiзу үшiн уәкiлеттi органда Аттестаттау комиссиялары (бұдан әрi - АК) және Жоғары бiлiктiлiк комиссиясы (бұдан әрi - ЖБК) құрылады. ЖБК мен АК-тың дербес құрамы уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiледi. ЖБК мен АК-тың құрамына уәкiлеттi органның, ғылыми ұйымдар мен азаматтық авиация ұйымдарының мамандары (келiсiм бойынша) енгiзiледi. 
ЖБК мен АК аттестация жүргiзу мерзiмдерiн анықтайды, аттестатталғанның жұмысына талдау жүргiзедi, аттестация қорытындысы бойынша шешiм шығарады. 
7. Уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiлген аттестаттауға жататын Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттiк авиациясының авиациялық персонал лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiнде көзделген қызметтi атқаратын адамдар аттестаттауға жатады. 
8. Уәкiлеттi органның AK: 
1) 1-сыныпты растау және куәлiктiң (сертификаттың) жарамдылық мерзiмiн ұзарту мақсатында, сондай-ақ осы Ереженiң 30-тармағында көзделген жағдайларда авиациялық персоналды аттестаттауды жүргiзедi; 
2) 1-сыныпты беру мақсатында авиациялық персоналды (бортсерiктер мен бортмеханиктерден басқа) аттестаттауды жүргiзедi; 
3) ұшудың ерекше жағдайларында көрсеткен жоғары шеберлiгi үшiн авиациялық персоналға мерзiмiнен бұрын 1-сынып бередi; 
4) авиациялық персонал ұшудың қауiпсiздiгiне тiкелей қауiп төндiретiн iс-қимыл жасаған немесе кәсiби сапасын жоғалтқан жағдайда сыныбын төмендетедi. 
9. Уәкiлеттi органның aттecтaттay комиссиялары: 
1) 3, 2-сыныптарды растау мақсатында авиациялық персоналды аттестаттауды және 1-сыныпты растау мақсатында бортсерiктер мен бортмеханиктердi аттестаттауды, сондай-ақ тиiсiнше куәлiктердiң (сертификаттардың) жарамдылық мерзiмiн ұзартуды жүргiзедi; 
2) 2-сыныпты беру мақсатында авиациялық персоналды аттестаттауды жүргiзедi; 
3) кәсiби деңгейiн растау мақсатында аса жеңiл авиацияның авиациялық персоналын аттестаттауды жүргiзедi және аса жеңiл авиация саласындағы тиiстi қауымдастықтар мен федерациялардың ұсынымы бойынша куәлiктер (сертификаттар) бередi. 
10. Мемлекеттiк авиация маманының бiлiктiлiк сыныбы бар авиациялық персонал мемлекеттiк авиациядан азаматтық және эксперименттiк авиацияға жұмысқа қабылданған кезде ЖБК-да аттестаттаудан өтедi. Оң аттестаттау кезiнде әуе кемелерiнiң игерiлген үлгiлерiнде жұмыс iстеу тәжiрибесiн ескере отырып, бiр жылдан кейiн сыныбын көтеруге ұсыныс жасау құқығымен, азаматтық авиацияның авиациялық персоналының бiр сынып төмен бiлiктiлiк