• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 07.03.2017 г

Отправить по почте

6

Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 131 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 30 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5331 болып енгізілді.

Тақырып өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 жылғы № 146 Қаулысымен (01.04.2010 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 (он төрт) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 13.10.2010 жылы тіркелді
Тақырып өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 06.05.2014 жылғы № 77 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.08.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 7 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 жылғы № 304 Қаулысына сәйкес
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 жылғы № 146 Қаулысымен (01.04.2010 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 (он төрт) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 13.10.2010 жылы тіркелді
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 06.05.2014 жылғы № 77 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.08.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері осы қаулының қосымшасына сәйкес өздерінің күшін жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы Нұсқаулықтың 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 39, 41-тармақтарын қоспағанда 2008 жылғы  1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары 2009 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өз активтерін әртараптандырудың нормативтерін осы Нұсқаулықтың 39, 41-тармақтарының талаптарына сәйкес келтірсін.
Осы Нұсқаулықтың 40, 41-тармақтарының шарттарына сәйкес келмейтін қаржы құралдарына орналастырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қаржы құралдарын 2009 жылғы 1 шілдеге дейін сатсын.
5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
6. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) "Сақтандыруды қадағалау" автоматтандырылған жұмыс орнын Нұсқаулықтың 39, 40-тармақтарына сәйкес жетілдіруді 2009 жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде қамтамасыз етуді қоспағанда, 2008 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде "Сақтандыруды қадағалау" автоматтандырылған жұмыс орнын жетілдіруді қамтамасыз етсін.
7. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен қадағалау
 агенттігі Басқармасының
 2008 жылғы 22 тамыздағы
 N 131 қаулысымен бекітілген
Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулық
Атау өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 жылғы № 146 Қаулысымен (01.04.2010 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 (он төрт) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 13.10.2010 жылы тіркелді
Тақырып өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 06.05.2014 жылғы № 77 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.08.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулық «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есеп беру мерзімдерін белгiлейді.
Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 жылғы № 374 Қаулысымен (30.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.05.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 06.05.2014 жылғы № 77 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.08.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Нұсқаулықта көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалары бөлігіндегі нормалар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын тікелей иелену (банктер бойынша – жанама) нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен үлестес болып табылатын заңды тұлғаларға және олардың үлестес тұлғаларына қатысты қолданылмайды.
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының барынша төмен мөлшерi
Атау өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.01.2012 жылғы № 19 Қаулысымен (01.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
1. Жаңадан құрылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері мыналарды құрайды:
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 28.08.2009 жылғы № 198 Қаулысымен (29.04.2009 ж. редакцияны қараңыз)
"жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензия алған кезде -  1 100 000 000 (бір миллиард жүз миллион) теңге;
"өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензия алған кезде -  1 200 000 000 (бір миллиард екі жүз миллион) теңге;
"жалпы сақтандыру" саласы бойынша және қайта сақтандыру бойынша лицензия алған кезде - 1 200 000 000 (бір миллиард екі жүз миллион) теңге;
"өмірді сақтандыру" саласы бойынша және қайта сақтандыру бойынша лицензия алған кезде - 1 300 000 000 (бір миллиард үш жүз миллион) теңге;
қайта сақтандыруды айрықша қызмет түрі ретінде жүзеге асыру арқылы қайта сақтандыру бойынша лицензия алған кезде - 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге.
2. "Ипотекалық сақтандыру" сыныбының "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензия алатын жаңадан құрылған сақтандыру ұйымының жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері 1 600 000 000 (бір миллиард алты жүз миллион) теңге болады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 28.08.2009 жылғы № 198 Қаулысымен (29.04.2009 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 01.03.2010 жылғы № 22 Қаулысымен (30.11.2009 ж. редакцияны қараңыз)
2. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының және қайта сақтандыру ұйымының төлем қабiлеттiлiгi маржасының барынша төмен мөлшерi
Атау өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.01.2012 жылғы № 19 Қаулысымен (01.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
4. "Жалпы сақтандыру" саласы және қайта сақтандыру ұйымдары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері осы Нұсқаулықтың 5 және 6-тармақтарына сәйкес әдістермен есептелген шектердің бірінің барынша жоғары мәніне тең шекті білдіреді.
5. Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерін "сыйлықақы әдісін" пайдалана отырып есептеу тәртібі мынадай:
5-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 01.03.2010 жылғы № 22 Қаулысымен (30.11.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1) есеп осының алдындағы қаржы жылы үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының сомаларын немесе есеп үшін барынша жоғары шегі алынған осының алдындағы қаржы жылы үшін еңбек сіңірілген жиынтық сақтандыру сыйлықақыларын негізге алып жүзеге асырылады;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру сыныбы бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 50 пайызға өсірілуі тиіс;
3) осының алдындағы қаржы жылы үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының (еңбек сіңірілген жиынтық сыйлықақыларының) сомасы сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлемінің шығыстар сомасына, сондай-ақ негізгі қызметтің корпоративті табыс салығының сомасына кемиді;
4) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларына сәйкес 1 500 000 000 теңгеден аспайтын мөлшерде есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 18 %-ға көбейтіледі, қалған артық сомасы 16 %-ға көбейтіледі. Алынған нәтиже осы тармақтың 5) тармақшасына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне жинақталады және түзетіледі;
5) түзету коэффициенті осының алдындағы үш қаржы жылында есептелген сақтандыру төлемдеріндегі қайта сақтандырушының үлесін шегергендегі сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасының осының алдындағы үш қаржы жылы үшін есептелген сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Осы қатынас 0,5-тен төмен болуы тиіс емес. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шек 0,5-тен кем болса, онда есептеу үшін 0,5 алынады.
Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осының алдындағы үш қаржы жылы үшін сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаған болса, ұйымның төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерін есептеу кезінде түзету коэффициенті қолданылмайды.
6. Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерін "төлем жасау әдісін" пайдалана отырып есептеу тәртібі мынадай:
6-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 01.03.2010 жылғы № 22 Қаулысымен (30.11.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1) осының алдындағы үш қаржы жылында есептелген сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасы есеп айырысу үшін пайдаланылады;
заңның 6-бабының 3-тармағының 13), 14) тармақшаларында көрсетілген, тек қана сақтандыру тәуекелдерімен айналысатын сақтандыру ұйымы осының алдындағы жеті қаржы жылындағы сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасын есеп айырысу үшін пайдаланады;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру сыныбы бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасы 50 пайызға өсірілуі тиіс;
3) сақтандыру төлемдерінің жиынтық сомасы осының алдындағы қаржы жылының соңында жарияланған, бірақ реттелмеген шығындардың резерв сомасына өседі және мыналарға кемиді:
есепті қаржы жылының алдындағы үш жыл үшін қаржы жылының соңында жарияланған, бірақ реттелмеген шығындардың резерв сомасына;
осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген ұйымдар үшін - есепті қаржы жылының алдындағы жеті жыл үшін қаржы жылының соңында жарияланған, бірақ реттелмеген шығындардың резерв сомасына;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің есебі үшін мыналар пайдаланылады:
осы тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацына сәйкес алынған соманың үштен бір бөлігі;
осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген сақтандыру ұйымдары үшін - осы тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес алынған соманың жетіден бір бөлігі;
5) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларына сәйкес есептелген 1 000 000 000 теңгеден аспайтын мөлшердегі сақтандыру төлемдерінің сомасы 26 %-ға көбейтіледі, қалған артық сома 23 %-ға көбейтіледі. Алынған нәтиже осы Нұсқаулықтың 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес есептелген түзету коэффициенті бойынша жинақталады және түзетіледі.
Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаған жағдайда, төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшерінің есебі "төлем жасау әдісін" пайдаланбай жүзеге асырылады.
7. "Ипотекалық сақтандыру" сыныбындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері есепті кезең соңындағы сақтандыру сомасындағы қайта сақтандырушының үлесін шегере отырып, "ипотекалық сақтандыру" сыныбындағы есепті кезең соңында қолданыста болған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сомасының бес пайызына өседі.
7-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 01.03.2010 жылғы № 22 Қаулысымен (30.11.2009 ж. редакцияны қараңыз)