Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 131 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 250 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5536 болып енгізілді.
Toggle Dropdown
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5331 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықта:
Toggle Dropdown
кіріспесі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
" Осы Нұсқаулықта көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғалары бөлігіндегі нормалар "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызына тура иелік етуі (банктер бойынша – жанама) нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленген болып табылатын заңды тұлғаларға және олардың аффилиирленген тұлғаларына қатысты қолданылмайды.";
Toggle Dropdown
36-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"5-1) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздары;";
Toggle Dropdown
37-тармақта:
Toggle Dropdown
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"37. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз активтерін мынадай халықаралық қаржы ұйымдарының айналысқа шығарған, "Standard & Poors" агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бағалы қағаздарына орналастыра алады:";
Toggle Dropdown
9) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"10) Еуразиялық даму банкі.";
Toggle Dropdown
41-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
" 2-1) мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздарға жиынтық орналастыру (кері РЕПО операцияларын қоса алғанда) - қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспайды;
Toggle Dropdown
2-2) тізбесі осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына жиынтық орналастыру (кері РЕПО операцияларын қоса алғанда) - қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспайды;";
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 41-1 тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"41-1. Осы Нұсқаулықтың 41-тармағында көрсетілген әртараптандыру нормативтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының бағалы қағаздарына тарамайды.";
Toggle Dropdown
4-қосымшада:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4.1.-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
4.1. | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған, күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) борыштық бағалы қағаздары | 11141 | | 100 % | |
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 9-жолда " ескере отырып) " деген сөздерден кейін "тізбесі осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген " деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің қатысуымен жасалынатын (НД3) "кері РЕПО" мәмілелері отыз күннен аспайтын мерзімге және тек автоматты тәсілмен жасалынуы мүмкін, қайта сақтандыру активтерін шегергендегі активтерінің отыз пайызынан аспайды" деген екінші кестедегі "
Toggle Dropdown
2. | "Өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының сақтанушыларға беретін заемдарының жиынтық мөлшері - (НД5) қайта сақтандыру активтерін шегергендегі активтерінің он пайызынан артық емес | | |
" деген реттік нөмірі 2-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3, 4 -жолдармен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
3. | Мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздарға ("кері Репо" операцияларын қоса алғанда) жиынтық орналастыру (НД6) – қайта сақтандыру активтерін шегергендегі активтерінің он пайызынан артық емес | | |
4. | Тізбесі осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына ("кері Репо" операцияларын қоса алғанда) жиынтық орналастыру (НД7) – қайта сақтандыру активтерін шегергендегі активтерінің он пайызынан артық емес | | |
Toggle Dropdown
5-қосымшада:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8092-1 -жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
8092-1 | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздары | |
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 8103 -жол мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
8103 | Тізбесі осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары | |
Toggle Dropdown
6-қосымшада:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4.1.-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
4.1. | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған, күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) баланстық құнның 100% көлеміндегі борыштық бағалы қағаздары | | | | | |
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 8-жолда " Халықаралық " деген сөз " Тізбесі осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген халықаралық " деген сөздермен ауыстырылсын ".
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
3. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2009 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде "Сақтандырушылық қадағалау" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, " Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
Toggle Dropdown
5. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Toggle Dropdown
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Toggle Dropdown
Төрайым Е. Бахмутова