Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір қаулыларына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қызметін реттеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 90 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 8 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5693 болып енгізілді
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Осы қаулының қосымшасының 5-тармағының бесінші, оныншы және он екінші абзацтарының қолданылуы осы қаулыны қолданысқа енгізгенге дейін жасалған қайта сақтандыру шарттарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен екінші деңгейдегі банк арасындағы банктік салым шарттарына таралмайды, бірақ осы қаулыны қолданысқа енгізген күннен бастап бір жылдан астам емес. Бұл ретте, олардың қолданыс мерзімін ұзартуды қоса алғанда, осындай шарттар өзгертілуге жатпайды.
Бұрын жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтеріндегі төлем қабілеттілігі маржасын және қайта сақтандырушының үлесін есептеу оларды жасасу сәтінде қолданыста болған әдістеме бойынша жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А.Түсіпов) 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде "Сақтандыру қадағалау" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені жетілдіруді қамтамасыз етсін.
5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 90 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1921 тіркелген) Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1921 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдісіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 433 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2634 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдісіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 101 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3594 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 103 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4227 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар:
Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) базалық сақтандыру сыйлықақысы – сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсеткені үшін есептелген комиссиялық сыйақының және/немесе қайта сақтанушыға (цедентке) комиссиялық сыйақыны төлеу бойынша есептелген шығыстардың сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақысының жиынтығында он пайызынан аспайтын мөлшерде сомасына азайтылған, сақтанушыдан (қайта сақтанушыдан) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша алуға есептелген сақтандыру сыйлықақысы;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) қайта сақтандыру шарты бойынша базалық сақтандыру сыйлықақысы – қайта сақтандыру шартын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсеткені үшін есептелген комиссиялық сыйақының және қайта сақтандыру шарты бойынша есептелген комиссиялық сыйақының сомасына азайтылған, қайта сақтандыру шарты бойынша қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтанушысы есептеген сақтандыру сыйақысы (қайта сақтанушысы қайта сақтандыру ұйымына нақты төлейтін сақтандыру сыйлықақысының сомасы);";
9-1-тармақтағы "оныншы жұмыс күнінен" деген сөздер "бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан" деген сөздермен ауыстырылсын;
32-2-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
32-5-тармақтың екінші абзацындағы "осы Нұсқаулықтың 32-2-тармағының екінші абзацына сәйкес айқындалады және" деген сөздер алынып тасталсын;
32-9-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
32-12-тармақтың бірінші абзацындағы "осы Нұсқаулықтың 32-2-тармағының екінші абзацына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
2. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2715 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, N 15) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 6 қаулысына өзгерістер енгізу жөнінде" 2005 жылғы 19 ақпандағы N 37 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3503 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 6 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 82 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4200 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер:
Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):
1-тармақ:
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) облигаторлық сақтандыру шарты - қайта сақтанушы (цедент) мен қайта сақтандырушы арасындағы келісім, оның талаптарына сәйкес қайта сақтандырушыда сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандырудың тиісті түрінің шарты бойынша (немесе басқа белгі бойынша біріктірілген (ұқсас мүліктік мүдде, сақтанушы мен сақтандыру тәуекелдері)) қайта сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттеме туындайды, оларға қайта сақтандыру өтеуі таралады, ал қайта сақтанушы қайта сақтандырушыға осындай сақтандыру шарттары бойынша оның пайдасына келетін қайта сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, сондай-ақ осы шартта көзделген өзге міндеттерді орындауға міндеттенеді;
1-2) пропорционалдық емес қайта сақтандыру – егер қайта сақтанушы жасасқан сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері осындай төлемдегі оның жеке өзінің ұстап қалуынан асып кеткенде, қайта сақтандырушының қайта сақтандыру шартында белгіленген сомасының шегінде қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндетін көздейтін қайта сақтандыру шартының талабы;
1-3) пропорционалдық қайта сақтандыру – қайта сақтанушы жасасқан тікелей сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің шартында белгіленген пайызында қайта сақтандырушының қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесін көздейтін қайта сақтандыру шартының талаптары;";
3) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) факультативтік қайта сақтандыру шарты – қайта сақтанушы (цедент) мен қайта сақтандырушы арасындағы келісім, оның талаптарына сәйкес қайта сақтандырушыда сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыру шарты бойынша қайта сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттеме туындайды, оларға қайта сақтандыру өтеуі таралады, ал қайта сақтанушы қайта сақтандырушыға қайта сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, сондай-ақ осы шартта көзделген өзге міндеттерді орындауға міндеттенеді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асырған кезде сақтандыру брокері тиісті құжаттарды ресімдейді, оның ішінде:
1) сақтандыру слипін;
2) қайта сақтандыру ковернотасын;
Сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының резидент емесі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қайта сақтандыруға берген кезде, қайта сақтандыру ковернотасында мына мәліметтер болуы тиіс:
қайта сақтандыру шартының түрі мен талаптары (факультативтік/ облигаторлық қайта сақтандыру; пропорционалдық/пропорционалдық емес)
сақтандырудың түрі;
сақтанушының атауы және орналасқан орны (факультативтік қайта сақтандыру бойынша);
қайта сақтанушының (цеденттің) атауы және орналасқан орны;
Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокерінің атауы және орналасқан орны;
Қазақстан Республикасының резиденті емес-сақтандыру брокерінің толық атауы (қысқарту мен аббревиатураны қолданусыз) және орналасқан орны (егер қайта сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының резиденті емес-сақтандыру брокері арқылы жасалған жағдайда);

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |