Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі N 458 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 31 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 18.03.2016 жылғы № 148 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгi шарттарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 45, 493-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 23 сәуірдегі N 458 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысымен бекiтiлген
Табиғи газды тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетудi ұсынуға арналған үлгі шарт
__________________ 200_ж. "___" _____________
(шарт жасасу орны)
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, табиғи газды тасымалдау
жөнiнде қызметтер көрсетудi ұсынатын (бұдан әрi - Қызметтер)
___________________________________________________________________
(қызметтi ұсынатын субъектiнiң атауы, құрылтайшылық құжаттары,
___________________________________________________________________
мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, берілген күнi мен берген орган)
____________________________________________________________ атынан
(лауазымы, т.а.ж.)
бұдан әрi, Қызмет берушi деп аталатын _____________________________
(құжаттың aтауы)
негiзiнде iс-қимыл жасаушы, бiр тараптан және _____________________
(тұтынушының атауы)
__________________________________________ бұдан әрi Тұтынушы деп
аталатын, __________________________________________________ атынан
(лауазымы, т.а.ж)
екiншi тараптан, төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.
1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
газ тасымалдау жүйесi - газ тасымалдайтын, газ бөлетiн ұйымның меншiгiндегi немесе өзге де заңды негiзде олардағы құрылысты магистральдық газ құбырларын, газ құбырлары-ағытқылары, газ бөлетiн желiлердi қамтитын газ құбырларының жүйесi;
табиғи газ - Тұтынушының меншiгi болып табылатын немесе кез келген заңды негiзде оның билiгiндегi Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн және сатып алынатын, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс сатып алынатын газ;
газды есепке алу аспаптары - нормаланған техникалық сипаттамасы бар және көлемiнiң және (немесе) энергия құрамы бiрлiгiнде газ мөлшерiн өлшеуге арналған өлшеу құралы;
беру пунктi - табиғи газды Тұтынушыға немесе оның уәкiлеттi өкiлiне беру жүргiзiлетiн табиғи газды тасымалдаудың түпкiлiктi пунктi;
газды қабылдау (бepу) пунктi - шарттарда Қызмет берушi, газ тасымалдаушы, газ бөлуші ұйымдар мен тұтынушы арасында айқындалған, әдеттегiдей газ есептеу аспабымен жарақталған газ жеткiзушi пунктi;
есеп айырысу кезеңi - жеткiзiлген газдың көлемi айқындалатын, Қызмет берушi, гaз тасымалдаушы, газ бөлушi ұйымдар мен тұтынушылар арасында жеткiзiлген газ үшiн өзара есеп айырысу жүргiзiлетiн кезең. Тараптармен келiсiлген есеп айырысу кезеңi шартта көрсетiледi;
реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне арналған тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган.
2. Шарттың мәнi
2. Шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша табиғи газды қабылдау пунктiнен беру пунктiне тасымалдау жөнiндегi қызметтердi көрсету бойынша Қызмет беруші өзiне мiндеттеме қабылдайды, ал Тұтынушы мiндеттеме тапсырады.
3. Табиғи газды тасымалдау көлемi, айлар бойынша бөлiнген тасымалдау кестесi, қабылдау пунктi мен беру пунктi Тараптармен қосымша келiсiледi және Шартқа қоса берiледi.
4. Шарт Тұтынушымен жеке тәртiппен жасалады. Заңнамада көзделген жағдайларда, Тұтынушының өз өкiлеттiгiн Шарт жасасу бойынша үшiншi тұлғаға беруге құқығы бар.
Қызметтер ұсынудың режимi - тәулiк бойы.
5. Табиғи газды тасымалдау жөнiндегi қызметтердi беру бойынша қызметтер ұсынудың техникалық шарттары мен сипаттамалары:
___________________________________________________________________
(осы тармақта нормативтiк техникалық құжаттардың
___________________________________________________________________
талаптарына сай болуы тиiс Шapт мәнiнiң техникалық
___________________________________________________________________
талаптары мен сипаттамалары көзделедi)
6. Газды тиiсiнше жеткiзу үшiн құқықтық, техникалық (технологиялық) және ұйымдастыру жағдайларының болуы, оның iшiнде:
1) Тұтынушы тарапынан - газ жабдығын пайдалану жөнiнде рұқсат беретiн құжаттардың, газ тұтынылатын қондырғылардың, жабдықтардың жарамдылығын растайтын құжаттардың болуы;