«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 738 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 13 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 314-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: »;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасында:
«Әзірлеу үшін негіздеме» мынадай редакцияда жазылсын:
«Әзірлеу үшін негіздеме
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы және «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама)»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мынадай өлшемдерге сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілері Бағдарлама қатысушылары бола алады:
осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды іске асыратындар және (немесе) іске асыруды жоспарлайтындар;
машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату бойынша қызмет көрсету саласында инвестициялық жобаларды іске асыратын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда (ЭҚЖК коды 33), осы Бағдарламаның 2-қосымшасында ұсынылған өнімдерді өткізетіндер және (немесе) шығаруды жоспарлайтындар;
қаржылай тұрақты (банк(тер) немесе банк(тер) филиалы(дары) алдында барлық міндеттеме түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің және салықтық берешегінің болмауы және басқалар);
инвестициялық жобаның кешенді жоспары бар (инвестициялық жобаның кешенді жоспарын өтінім берушінің жеке өзі немесе Бағдарлама әкімшісі бекіткен тізбеден консалтингтік компанияны тарту арқылы әзірлеуі мүмкін).»;
«2. Бағдарлама операторы ұсынылған құжаттар пакетіне сараптамалық бағалау дайындайды. Сараптамалық бағалау Мемлекеттік бағдарламаның, салалық бағдарламалардың басымдықтарына, Бағдарламаның 1 және 2-қосымшаларына сәйкестігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындыдан және еңбек өнімділігі мен энергия тиімділігінің көрсеткіштерін салыстырудан, сондай-ақ консалтингтік компанияның инвестициялық жобаның кешенді жоспарының немесе консалтингтік компания әзірлеген инвестициялық жобаның кешенді жоспарын сараптамалық бағалау негізінде жаңғыртуды өткізу және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қажеттілігі туралы ақпараттан тұруы тиіс.»;
«7. Құрал операторының оң шешімі болған кезде Бағдарлама операторы, құрал операторы және қатысушы мониторинг туралы тиісті келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:
тараптардың құқықтары мен міндеттері;
құралды енгізу нәтижелерінің индикаторлары;
құрал операторының және қатысушының жауапкершілігі және т.б.»;
«3. Консалтингтік компанияларға қойылатын өлшемдер
Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптау үшін тартылатын консалтингтік компаниялар мынадай өлшемдерге сәйкес келуі тиіс:
компанияның инфрақұрылымдық жобалар мен өңдеуші өнеркәсіп жобалары бойынша бизнес-жоспарларды, ТЭН, ЖСҚ әзірлеу саласында біліктілігі мен кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
компанияның активінде инфрақұрылымдық жобалар мен өңдеуші өнеркәсіп жобалары бойынша бизнес-жоспарларды, ТЭН, ЖСҚ әзірлеу саласында кемінде 3 ірі жобаның болуы;
салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы.
Консалтингтік компаниялар тізбесін Бағдарламаның операторы консалтингтік компания өтінімдерінің негізінде қалыптастырады, ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарламаның әкімшісі бекітеді.
Консалтингтік компаниялар тізбеден Бағдарлама операторының ұсынысымен шығарылады және ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарлама әкімшісі бекітеді.»;
«4. Бағдарлама құралдары
Бағдарлама шеңберіндегі мемлекеттік қолдау мынаны білдіреді:
инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлемдер;
ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру;
инновациялық гранттар беру.
Мемлекеттік қолдау шараларын беру мынадай түрде жүзеге асырылады.
Консалтингтік компанияның кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлемдер.
Бағдарлама шеңберінде консалтингтік компанияның инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін кеткен шығыстардың 50%-ы, бірақ 7,5 млн. теңгеден аспайтын мөлшерінде төлеу көзделген.
Бағдарлама әкімшісінің қатысушыға консалтингтік компанияның кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлем тетіктері:
1. Өтінім беруші инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу үшін бекітілген тізбеден консалтингтік компанияны өз еркімен айқындайды.
2. Өтінім беруші және консалтингтік компания инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу туралы шарт жасасады.
3. Өтінім беруші Бағдарлама операторына құжаттардың толық пакетін ұсынады.
4. Оң сараптамалық бағалау және инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге немесе сараптамаға қатысушының шығыстарын растайтын құжаттардың негізінде Бағдарлама әкімшісі Бағдарлама операторына бюджеттік бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражатты аударуды жүзеге асырады.
Бағдарлама операторы Бағдарлама әкімшісі аударған қаражатты толық көлемде қатысушыға аударуды жүзеге асырады, бұл ретте Бағдарлама операторына қатысушыларға қаражатты аударғаны үшін сыйақы көзделмеген.
Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну.
Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды қатысушыға құрал операторы ұсынады. Құрал операторы - «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы «БРК-Лизинг» акционерлік қоғамы.
Өтінім беруші ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру құралын пайдаланғанда жобаны іске асыруда лизинг мәнінің жалпы құнының кемінде 15%-ы мөлшерінде ақша қаражатымен қатысуды қамтамасыз етуі тиіс.
Лизинг мәнінің жалпы құны кемінде 150 млн. теңге болуы тиіс (жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін - 75 млн. теңгеден кем емес).
Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Қатысушыға арналған қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы ставкасы 7,5 %-дан аспауы тиіс.
Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну тетігі:
1. Құрал операторына ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруға өтінім беруді қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысын алғаннан кейін белгіленген нысанға сәйкес жүзеге асырады.
2. Құрал операторы өтінімді белгіленген тәртіппен қарайды және ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну (ұсынбау) туралы шешім шығарады.
3. Құрал операторының оң шешімі болған жағдайда құрал операторы мен қатысушы қаржылық лизинг шартын жасасады.
Инновациялық гранттар беру.
Инновациялық гранттар жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық жобаларға:
инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін шетелде арттыру;
біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту;
консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту;
басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу бағыттары бойынша беріледі.
Құрал операторы – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты.
Инновациялық гранттарды беру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Инженерлік-техникалық персоналдың біліктіліктерін шетелдерде арттыруға, біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
«
2715 00 000 0 | Табиғи асфальт, табиғи битум, мұнай битумы, минералдық шайыр немесе өңделген минералды шайыр негізіндегі битумды қоспалар (мысалы, битумды мастикалар, жол қабаттарына арналған асфальтты қоспалар) |
2716 00 000 0 | Электр энергиясы |
3601 00 000 0 | Оқ-дәрі |
3602 00 000 0 | Оқ-дәріден басқа дайын жарылғыш заттар |
3605 00 000 0 | 3604 тауар позициясының пиротехникалық бұйымдарынан басқа сіріңкелер |
3606-дан | Жанғыш материалдардан жасалған бұйымдар: 1) жанармай ретінде қолдануға арналған пішіндерге сығымдалған метальдегид, гексаметилентетрамин және ұқсас заттар (мысалы, таблеткалар, таяқшалар және ұқсас түрлер); спирт негізіндегі жанармай және ұқсас қатты және жартылай қатты дайын жанармай; 2) темекі немесе ұқсас оттықтарды толтыру немесе қайта құюға қолданылатын, сыйымдылығы 300 см3-дан аспайтын контейнерлердегі сұйық немесе сұйытылған газ тәріздес жанармай; 3) қарамай алаулары, білтелер және ұқсас заттар. |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |