• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 маусымдағы N 940 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ  АУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Қазақстан Республикасында өлім жазасының күшін жою туралы мәселені зерделеу жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 687 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 281-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы N 905 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 37, 419-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы 
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 687 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1346 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 624-құжат). 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республика 
Премьер-Министрі                             К. Мәсімов