• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 29.10.2009 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы N 587 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 16 маусымдағы
 N 587 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат): 
1-тармақта: 
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Әбденов                  - Қазақстан Республикасының Еңбек 
Серік Сақбалдыұлы          және халықты әлеуметтік қорғау                              вице-министрі
Дәненов                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер 
Нұрлан Жұмағалиұлы         министрінің орынбасары
Исабаев                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет және   Бейбіт Өксікбайұлы         ақпарат вице-министрі
Ойнаров                  - Қазақстан Республикасы Қорғаныс 
Азамат Рысқұлұлы           министрінің орынбасары
Ыбырайым                 - Қазақстан Республикасы Парламентінің 
Нұрлан Мұхтарбекұлы        Мәжілісіндегі "Нұр Отан"                              халықтық-демократиялық партиясы                              фракциясының аппарат басшысы (келісім                              бойынша)