• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 28.10.2004 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 15 маусым N 771
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған: 
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің құрылымы; 
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін. 
2. Күші жойылды деп танылсын: 
1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1790  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1997 ж., N 56, 509-құжат);
     2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын 
мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігі мен Тергеу 
департаментiнiң штат санын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 373  

 
  қаулысы.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
     
                                           Қазақстан Республикасы 
                                                 Үкіметінің 
                                       1999 жылғы 15 маусымдағы N 771 
                                           қаулысымен бекітілген
     
         Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
              Тіркеу қызметі комитеті туралы
                           Ереже
     
                  1. Жалпы ережелер
     
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құзыреті шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жылжымайтын мүлік және онымен жасалатын мәмілелер үшін құқықтарды, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу аясында басшылықты жүзеге асыратын ведомство болып табылады. 
2. Комитет өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банктерде заңдарға сәйкес есепшоттары болады. 
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады. 
5. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.