• Мое избранное
Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 сәуірде № 6929 тіркелді

Редакция 05.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 30) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 жылғы № 294 Бұйрығына сәйкес (09.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 29.08.2024 жылғы № 425 Бұйрығына сәйкес (14.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже бекітілсін.
2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Б.С. Әбдірәсіловке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр                                      Б. Жұмағұлов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 126 бұйрығымен бекітілген
Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрiнiң 18.05.2012 № 225 Бұйрығымен (31.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді ҚР 04.05.2013 жылғы № 172 Заңымен ( 18.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 жылғы № 56 Бұйрығымен (04.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 04.12.2017 жылғы № 606 Бұйрығымен (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 жылғы № 512 Бұйрығына сәйкес (04.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2020 жылғы № 170 Бұйрығымен (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 09.03.2021 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес (30.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже (бұдан әрі – Үлгі ереже) «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 30) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Министрлік туралы ереже) 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 жылғы № 294 Бұйрығына сәйкес (09.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 29.08.2024 жылғы № 425 Бұйрығына сәйкес (14.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Үлгі ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) диссертациялық кеңестер – докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауды жүргізетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) жанындағы алқалы органдар;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 жылғы № 294 Бұйрығына сәйкес (09.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор – ғылыми-педагогикалық бағыт немесе кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерде диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәрежелер.
2-тарау. Диссертациялық кеңестердің қызметін ұйымдастыру
3. ЖЖОКБҰ-да диссертациялық кеңестер 3 (үш) жылға құрылады және докторантура кадрларын даярлаудың тиісті бағыттары не білім беру бағдарламаларының топтары (бұдан әрі – БББТ) бойынша:
3-тармақ өзгертілді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 09.01.2023 жылғы № 7 Бұйрығымен (09.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 жылғы № 294 Бұйрығына сәйкес (09.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ өзгертілді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.08.2025 жылғы № 421 Бұйрығымен (29.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) докторантура бағдарламасы бойынша білім беру қызметін жүргізуге арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша;
2) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-бабының 2-тармағына сәйкес соңғы 3 (үш) жылда Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізіліміндегі докторантураның білім беру бағдарламалары;
3) кемінде 3 (үш) жыл мерзімге аккредиттелген және Министрлік туралы ереженің 15-тармағының 21) тармақшасына сәйкес Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген докторантураның білім беру бағдарламалары;
4) Министрлік туралы ереженің 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес оқытудың 1 (бірінші), 2 (екінші) және 3 (үшінші)-жылына даярлау бағыты бойынша бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылардың контингенті болған жағдайда жұмыс істейді.
3-1. Консорциалдық келісім болған жағдайда ЖЖОКБҰ-ның (бұдан әрі – әріптес ЖЖОКБҰ) мыналары бар:
2-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 09.01.2023 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 22.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 жылғы № 294 Бұйрығына сәйкес (09.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1)ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелуі;
2)әріптес ЖЖОКБҰ докторанттары қатысатын мемлекеттік бюджеттен бағдарламалық-нысаналы немесе гранттық қаржыландыру шеңберінде соңғы 3 (үш) жылда докторантура кадрларын даярлаудың тиісті бағыттары бойынша орындалып жатқан немесе орындалған жобалары;
3) осы Үлгі ереженің 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген халықаралық рецензияланатын басылымдарда жарияланымдары бар, даярлау бағыты бойынша кемінде 3 (үш) ғалымы;
4) тиісті немесе аралас даярлау бағыты бойынша әріптес ЖЖОКБҰ-ның білім беру процесіне қатысатын кемінде 3 (үш) ғалымы ғылыми ұйымдармен бірлесіп, диссертациялық кеңестер құруына жол беріледі.
3-2. Осы Үлгі ереженің 3-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларын қолданбай, ЖЖОКБҰ-ларда мына шарттар орындалғанда диссертациялық кеңес құруға жол беріледі:
2-тарау 3-2-тармақпен толықтырылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.08.2025 жылғы № 421 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) докторантура кадрларын даярлаудың сұратылған бағыты бойынша диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің болмауы;
2) сұратылып отырған даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларынан/мамандықтардан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған докторантура түлектерінің болуы.
4. Ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ-ларда диссертациялық кеңестерді құру туралы өтінімді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) ЖЖОКБҰ-дан мынадай құжаттарды алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 жылғы № 294 Бұйрығына сәйкес (09.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ілеспе хат;
2) Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізілімінде соңғы 3 (үш) жылда докторантураның білім беру бағдарламаларының болуы (әскери, арнайы оқу орындарын (бұдан әрі – ӘАОО) қоспағанда);
3) докторантураның тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар контингентінің болуы туралы мәлімет (ӘАОО-ларды қоспағанда);
4) осы Үлгі ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелігіне үміткерлер туралы ақпарат;
5) қолданыс мерзімдерін көрсете отырып, мәтінді пайдалануды анықтаудың, оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша лицензиялық жүйесінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі (ӘАОО-лар үшін Плагиатқа тексеру жөнінде комиссия құру туралы мәлімет);
6) докторантураның білім беру бағдарламасының кем дегенде 3 (үш) жыл мерзімге аккредиттелгені және Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілгені туралы мәлімет (ӘАОО-ларды қоспағанда).
Ғылыми ұйыммен бірлескен диссертациялық кеңес құру туралы өтінімді әріптес ЖЖОКБҰ береді. Комитеттің диссертациялық кеңестің қызметін ұйымдастыру туралы шешімі қабылданған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады.
5. Диссертациялық кеңестің құрамы 7 (жеті) адамнан аспауы тиіс. Диссертациялық кеңестің барлық мүшелерінде ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 09.01.2023 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (09.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 жылғы № 294 Бұйрығына сәйкес (09.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ өзгертілді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 20.08.2025 жылғы № 421 Бұйрығымен (29.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Диссертациялық кеңестің кемінде 3 (үш) мүшесі басқа ЖЖОКБҰ-лардың және ғылыми немесе басқа да ұйымдардың өкілдері болып табылады.
Диссертациялық кеңестің құрамында диссертациялық кеңестің 4 (төрт) мүшесі, оның ішінде төраға, төраға орынбасары және ғалым хатшы тұрақты мүшелер болып табылады.
Диссертациялық кеңестің құрамында диссертациялық кеңестің 3 (үш) мүшесі докторлық зерттеу саласына байланысты докторанттың қорғау кезеңіне уақытша тағайындалады.
Бұл ретте 8D01 Педагогикалық ғылымдар, 8D02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар білім беру салалалары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларының 6-тармағына сәйкес халықаралық рецензияланатын басылымдарда мақаласы жоқ докторант қорғайтын жағдайда, диссертациялық кеңестің уақытша құрамына докторанттың диссертациялық жұмысына пікір беретін 1 (бір) шетелдік ғалым тартылады. Шетелдік ғалым келесі талаптардың біріне сәйкес келеді:
1) шетелдік ғалымның жұмыс орны Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкинг оф Ворлд Юниверситиес) немесе Times Higher Education World University Rankings (Таймс Хайер Едукейшн Ворлд Юниверсити Ранкинг) немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) халықаралық рейтингінің топ-500 (бес жүз) құрамына кіретін университет болып табылады;
2) шетелдік ғалым соңғы 5 (бес) жылда Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Артс энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) деректер базаларында индекстелетін журналдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу жариялаған;
3) шетелдік ғалымда Elsevier (Эльзевир), Brill (Брилл), CRC Press (СРС Пресс), DeGruyter (ДеГрюйтер), Edward Elgar Publishing (Эдвар Элгар Паблишинг), John Wiley & Sons (Джон Уайли және Сонс), McGraw Hill (Макроу Хилл), Palgrave Macmillan (Палгрейв Макмиллан), Peter Lang (Питер Лэнг), Prentice Hall (Прентис Холл), Routledge (Рутледж), Sage Publications (Сэйдж Публикейшен), Springer Nature (Шпрингер Нэйчар), Taylor and Francis (Тейлор және Фрэнсис), Wolters Kluwer (Вольтерс Клувер) баспаларында (бұдан әрі – сенімді баспалар) немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкин оф Ворлд Юниверситис) немесе Times Higher Education World University (Таймс Хайр Эдюкейшн Ворлд Юниверсити) топ-100 (жүз) рейтингіндегі университет баспасында шығарылған монографиясы бар.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері ретінде докторанттың ғылыми кеңесшілері, сондай-ақ докторантпен немесе оның ғылыми кеңесшісімен үлестес тұлғалар:
1) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;