Toggle Dropdown
49
Халықтың көшi-қоны туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 204 Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 05.07.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, көшi-қон процестерiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн, сондай-ақ оралмандар үшін жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасауды белгiлейдi.
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
2
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Toggle Dropdown
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) бейімдеу қызметтері - оралмандар мен олардың отбасыларының мүшелеріне оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында көрсетілетін, құқықтық консультацияны, мемлекеттік тілді және қалауы бойынша орыс тілін оқытуды, кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын қызметтер кешені;
Toggle Dropdown
2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3) еңбек көші-қоны - жеке тұлғалардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде уақытша қоныс ауыстыруы;
Toggle Dropdown
4) заңсыз көшіп келушілер - келу, кету, болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өту тәртібін реттейтін заңнаманы бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және онда болатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
Toggle Dropdown
5) көші-қон - жеке тұлғалардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе мәжбүрлі қоныс ауыстыруы;
Toggle Dropdown
6) көшіп келу - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;
Toggle Dropdown
7) көшіп келушілер - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұруға келген шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
Toggle Dropdown
8) көшіп кету - Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін кетуі;
Toggle Dropdown
9) көшіп кетушілер - Қазақстан Республикасының басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп кеткен азаматтары;
Toggle Dropdown
10) көшіп-қонушылар - Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ себептеріне және уақытының ұзақтығына қарамастан Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударған адамдар;
Toggle Dropdown
1
11) оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
Toggle Dropdown
12) оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы - оралмандардың және олардың отбасылары мүшелерінің уақытша тұруына және оларға бейімделу қызметтерін көрсетуге арналған орын;
Toggle Dropdown
13) оралмандардың көшіп келу квотасы - Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін, осы Заңға сәйкес жеңілдіктермен, өтемақылармен және біржолғы жәрдемақылармен қамтамасыз етілетін оралмандар отбасыларының саны;
Toggle Dropdown
14) отбасымен көшіп келу - Қазақстан Республикасында тұрып жатқан өзінің отбасы мүшелерімен қосылу үшін отбасы мүшесінің және мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуі;
Toggle Dropdown
15) уақытша орналастыру орталығы - өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген адамдардың және олардың отбасылары мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болу орны;
Toggle Dropdown
16) ұжымдасып көшіп келу - Қазақстан Республикасына ұйымдасып қоныс аудару;
Toggle Dropdown
17) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; .
Toggle Dropdown
18) ішкі көші-қон - жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішінде тұрақты немесе уақытша, сондай-ақ маусымдық қоныс ауыстыруы.
Toggle Dropdown
2-бап. Халықтың көшi-қонын реттейтiн заңдар
Toggle Dropdown
Көшi-қон саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Toggle Dropdown
3-бап. Халықтың көшi-қонын реттеудiң негiзгi принциптерi
Toggle Dropdown
Халықтың көшi-қонын реттеу:
Toggle Dropdown
- Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етiлген адамның тұратын жерiн еркiн таңдау құқығын, еңбек бостандығын, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауын, кету бостандығын, жүрiп-тұру бостандығын қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
- шығу тегiне, әлеуметтiк, қызмет және мүлiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарай қандай да бiр кемсiтуге жол беруге болмайтындығы;
Toggle Dropdown
- Қазақстан Республикасы көшi-қон заңдарының республиканың қазiргi әлеуметтiк-экономикалық жағдайын, оның өткен тарихы мен дәстүрлерiн, даму перспективаларын ескере отырып, Көшi-қон жөнiндегi халықаралық ұйымның халықаралық нормалары мен ұсыныстарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
- ұлты қазақ адамдарды Қазақстан Республикасына қоныстандыруға жан-жақты жәрдемдесу, олардың қоныс тебуін ұйымдастыру, жұмыс орындарын ашу, оралмандарды әлеуметтік қамсыздандыру және оларға әлеуметтік көмек көрсету;
Toggle Dropdown
- әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруiне байланысты ықтимал көшi-қон мен көшi-қон лектерiнiң бағыттарын болжауға негiзделген iс-әрекеттердiң орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi бағдарламаларында әлеуметтiк-экономикалық ынталандыруды талдап жасау негiзiнде ел iшiнде де, одан тыс жерлерде де жөн-жосықсыз және ретсiз процестердi болғызбау;
Toggle Dropdown
- көшi-қон процестерiн ретке келтiрудi ұйымдастыруға тиiстi мемлекеттiк органдардың қатысуы;
Toggle Dropdown
- бастаманы мемлекеттiк атаулы қолдау жағдайында көшiп-қонушылардың жаңа қоныста жайласуға жеке өзiнiң қатысуы және әрқайсысының, ең алдымен экологиялық және дүлей зiлзала аймақтарынан қоныс аударушылардың өз бетiнше iс-әрекет етуi;
Toggle Dropdown
- басқа елдермен, әсiресе көшiп келушiлердi қабылдаушы елдермен оқып бiлiм алу, кәсiби даярлық, еңбек көшi-қоны түрiнде заңсыз көшiп-қонуды азайту саласында ынтымақтастық жасау принциптерiне негiзделедi.
Toggle Dropdown
4-бап. Көші-қон субъектілері және оларды тіркеу
Toggle Dropdown
Басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына қоныс аударған көшiп келушiлерге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оралмандар мәртебесi не Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген өзге де мәртебе берiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге заңды негiздерде қоныс аударған адамдар көшiп кетушiлер мәртебесiн алады. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметкерлерi, шет елдерде уақытша еңбек қызметiн жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары, бiтiмгершiлiк борышын орындап жүрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ шет елдерде оқып, емделiп жүрген, туристiк сапарда, ұйымдар мен жеке адамдардың шақыруы бойынша, қызметтiк iссапарда жүрген адамдар көшiп кетушілерге жатпайды.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасына келген кезде шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен көшi-қон карточкалары берiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағындағы әрбiр көшi-қон субъектiсi өзiнiң тұрақты немесе уақытша тұратын жерi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде тiркелуге мiндеттi. Көшi-қон субъектiлерiн тiркеу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады. Жеке басты куәландыратын құжаттар тiзбесiн және тiркеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында пана іздеген адамдардың және босқындардың құқықтық жағдайы "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Еңбек көші-қоны
Toggle Dropdown
5-бап. Еңбек көшi-қонын жүзеге асыру тәртiбi
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдегі Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Еңбек көшi-қонын реттеу кезiнде iшкi еңбек рыногын қорғауға басым мән берiледi. Бұл орайда еңбекшiлердi - Қазақстан Республикасы аумағына заңды түрде жiберiлген көшiп келушiлердi еңбек рыногындағы жағдайға байланысты көшiрiп жiберуге жол берiлмейдi.
Toggle Dropdown
Осы Заңның 11-бабында көзделген жағдайларда шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметi еңбек көшi-қоны ретiнде қаралмайды.
Toggle Dropdown
1
6-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде еңбек қызметiн жүзеге асыруы
Toggle Dropdown
Әскери қызметтегi адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде еңбек қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметiн жүзеге асыру мақсатымен шетелге баруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол берiледi.
Toggle Dropdown
34
7-бап. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына еңбек көшi-қоны бойынша келу шарты
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасына азаматтығын ауыстыруға байланыссыз, еңбек көшi-қоны ретiмен келген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, егер мемлекетаралық келiсiмдерде өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрғылықты жерi болуға тиiс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасына келген және жергілікті атқарушы органдардың тиiстi рұқсатынсыз еңбек қызметiн жүзеге асырушы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, егер мемлекетаралық келiсiмдерде өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасынан кетiруге тиiс.
Toggle Dropdown
2
8-бап. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруының шарттары
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бола алады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте заңды тұлға құрмай шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
Toggle Dropdown
Шетелдiк жұмыс күшiн тартатын, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз қаражаты есебiнен қазақстандық азаматтарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Көшiп келу
Toggle Dropdown
2
9-бап. Оралмандардың көшіп келу квотасын белгілеу
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша оралмандардың алдағы жылға және (немесе) перспективаға арналған көшіп келу квотасын белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі оралмандардың көшіп келу квотасын уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын ескере отырып, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша таратып бөледі.
Toggle Dropdown
1
10-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
Тұруға ықтиярхат алған көшіп келушілер Қазақстан Республикасында барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей міндеттерді мойнына алады.
Toggle Dropdown
11-бап. Көшiп келушiлер болып табылмайтын адамдар
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер олар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бөлiмдерде әскери қызметте тұрса;
Toggle Dropdown
2) дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың құрамына кiрсе;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасында оқуда немесе өндiрiстiк практикада жүрсе;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асырса;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасында ресми тiркелген дiни бiрлестiктерде кәсiби қызметтi жүзеге асырса;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасында тiркелген шетел бұқаралық ақпарат құралдарының, радиосы мен теледидарының өкiлдерi болса;
Toggle Dropdown
7) Қазақстан Республикасына турист ретінде, қайырымдылық әрі ізгілік көмек көрсету және іскерлік кездесулерді жүзеге асыру мақсатында келсе;
Toggle Dropdown
8) теңiз және өзен кемелерi, әуе, темiр жол және автомобиль көлiктерi экипаждарының мүшелерi болса, көшіп келушілер болып табылмайды.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды көшiп келушiлер деп танымайтын басқа да жағдайларды белгiлеуi мүмкiн.
Toggle Dropdown
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi.
Toggle Dropdown
12-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
13-бап. Көші-қон іс-шараларын қаржымен қамтамасыз ету
Toggle Dropdown
Көші-қон іс-шараларын қаржымен қамтамасыз ету республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат, сондай-ақ ұйымдардың, соның ішінде шетелдік ұйымдардың ерікті аударымдары, жеке адамдардың қайырмалдығы есебінен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
5
14-бап. Оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу
Toggle Dropdown
1. Оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі жеке өзі уәкілетті органның аумақтық органына береді. Жеке өзі жүгінуі мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші уәкілетті өкілге жүгінуге нотариалды расталған сенімхатты оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішпен қоса береді.
Toggle Dropdown
2. Оралман мәртебесін беру және (немесе) оралманның отбасын оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті қарауды, сондай-ақ осы мәселелер бойынша шешім қабылдауды уәкілетті органның аумақтық органы уәкілетті органның аумақтық органында тіркелген күнінен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Оралман мәртебесін беру өтініш берушілер осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген критерийлерді ескере отырып және тәртіппен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Оралмандардың көшіп келу квотасына оралман отбасының Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын мүшелері енгізілмейді.
Toggle Dropdown
3. Оралманға уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша куәлік беріледі. Оралманның куәлігі қатаң есептілік құжаты болып табылады және оның мәртебесін растау үшін негіздеме болады.
Toggle Dropdown
4. Оралман мәртебесі ол Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін тоқтатылады.
Toggle Dropdown
5. Уәкілетті органның аумақтық органдарының шешімдеріне уәкілетті органға және (немесе) сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
Toggle Dropdown
1
15-бап. Оралмандардың, олардың отбасылары мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
1. Оралмандардың және олардың отбасылары мүшелерінің жеңілдіктерді, өтемақыларды, біржолғы жәрдемақыларды, сондай-ақ жәрдемақылар мен атаулы көмектің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да түрлерін алуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
Осы Заңның 29-4-бабында көзделген қосымша жеңілдіктерді, өтемақылар мен біржолғы жәрдемақыларды қоспағанда, жеңілдіктерді, өтемақыларды, жәрдемақыларды және атаулы көмектің басқа да түрлерін алу құқығы оралмандардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына қарамастан, оралман мәртебесі берілген күннен бастап үш жыл бойы сақталады.
Toggle Dropdown
2. Оралмандар мен олардың отбасыларының мүшелері:
Toggle Dropdown
1) уәкілетті органның аумақтық органдарына оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өз өтініштерін қарау үшін қажетті отбасының барлық мүшелеріне дұрыс мәліметтерді табыс етуге;
Toggle Dropdown
2) денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық тексеруден өтуге, екпелер қабылдауға, емделу курсынан өтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындауға;
Toggle Dropdown
3) оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығына жолдама алған кезде үш күннің ішінде сонда қоныстануға және оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болудың белгіленген кезеңі аяқталғаннан кейін өздеріне берілген үй-жайды босатуға;
Toggle Dropdown
4) уақытша орналастыру орталығында және оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті.
Toggle Dropdown
15-1-бап. Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы
Toggle Dropdown
Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы мемлекеттік мекеме нысанында құрылады.
Toggle Dropdown
Оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету тәртібі мен уақытын уәкілетті орган айқындайды.
Toggle Dropdown
1
16-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
17-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
18-бап. Лауазымды адамдардың заңсыз көшіп келушілерді жұмысқа қабылдағаны үшін жауапкершілігі
Toggle Dropdown
Меншiк нысандарына қарамастан ұйымдар басшыларының Қазақстан Республикасы аумағына заңсыз келген көшiп келушiлердi жұмысқа қабылдау жөнiндегi қасақана iс-әрекеттерi, сондай-ақ лауазымды адамдардың олардың қатысуымен нотариаттық немесе қандай да бiр заңдық iс-әрекеттер жасауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Toggle Dropdown
4-тарау. Көшiп келудiң түрлерi. Көшiп келушiлердiң келу тәртiбi. Тұруға ықтиярхаттар
Toggle Dropdown
19-бап. Отбасымен көшiп келу
Toggle Dropdown
Көшiп келушiнiң отбасын мына адамдар құрайды: жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары және оның қарауындағы (соның iшiнде асырап алған) балалары, сондай-ақ ата-аналары немесе бұрынғы тұрған жерiнде оларды бағып-күтуге мiндеттi қорғаншылары жоқ кәмелетке толмаған аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасына он сегiз жасқа дейiнгi балалардың қоныс аударуы олардың ата-анасының және асырап алушыларының (қорғаншыларының немесе қамқоршыларының) келiсiмi бойынша шешiледi. Бұл орайда он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi балаларға олардың нотариат куәландырған келiсiмi ұсынылады. Дербес отбасын құрмайтын, бiрақ Қазақстан Республикасына ата-анасынан (қорғаншыларынан немесе қамқоршыларынан) бөлек қоныс аударатын он сегiз жасқа толмаған жасөспiрiмдерге қатысты олардың ата-анасының (қорғаншыларының немесе қамқоршыларының) ресми куәландырылған жазбаша келiсiмi талап етiледi.
Toggle Dropdown
20-бап. Ұжымдық көшiп келу
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тарихи отанына ұжымды түрде қайтып оралуға тiлек бiлдiрген адамдарды ұйымдастырып көшiру туралы шешiмiне сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
1
21-бап. Көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасына келу тәртiбi
Toggle Dropdown
Көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасы аумағына келуiн ресiмдеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Toggle Dropdown
6
22-бап. Шетелдiктiң және азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына келуiне бас тарту негiздерi
Toggle Dropdown
Шетелдiктiң және азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына:
Toggle Dropdown
а) мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi немесе халықтың денсаулығын сақтау мүдделерiне орай;
Toggle Dropdown
б) егер оның iс-әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;
Toggle Dropdown
в) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгiне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
Toggle Dropdown
г) егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздықты тұтандырса;
Toggle Dropdown
д) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
Toggle Dropdown
е) егер ол террористiк әрекетi үшiн сотталған болса не сот оны аса қауiптi рецидивист деп таныса;
Toggle Dropdown
ж) егер ол, оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасында болу және одан шығып кету үшiн қажеттi қаражатының бар екендiгi туралы растауды табыс етпесе;
Toggle Dropdown
з) егер оның Қазақстан Республикасында бұрын болған кезiнде шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнаманы, Қазақстан Республикасының кеден, валюта немесе өзге де заңнамаларын бұзған фактiлерi анықталса;
Toggle Dropdown
и) егер ол келу туралы өтiнiш жасаған кезде өзi жөнiнде жалған мәлiметтер хабарласа немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе, келуiне бас тартылуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шығарып жiберу туралы шешiм шығарылған күннен бастан бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.
Toggle Dropdown
23-бап. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына арналған құжаттар
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға уәкілетті органнан рұқсат алған шетелдіктерге шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, ал азаматтығы жоқ адамдарға - азаматтығы жоқ адамның куәлігі беріледі.
Toggle Dropdown
Шетелдiкке Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Toggle Dropdown
24-бап. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартудың не тұрақты тұруға рұқсатты жоюдың негiзi
Toggle Dropdown
Шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға:
Toggle Dropdown
1) көрiнеу заңсыз көшiп-қонушыларға, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған адамдарға;
Toggle Dropdown
2) сотталғанға дейiн тұрақты тұратын жерi Қазақстан Республикасының шегiнен тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;
Toggle Dropdown
3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған адамдарға;
Toggle Dropdown
4) оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растауды Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерде табыс етпеген адамдарға;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдарының қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында эпидемияның таралуына себепшi болуы мүмкiн сырқаты бар адамдарға;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен уәкiлеттi органның, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шешiмдерi негiзiнде шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған адамдарға;
Toggle Dropdown
7) мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздықты тұтандыратын адамдарға;
Toggle Dropdown
8) әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған адамдарға;
Toggle Dropdown
9) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның бiрлiгi мен аумағының тұтастығын бұзуға шақырған адамдарға;
Toggle Dropdown
10) террористiк әрекетi, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталғандығы бар адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылуы не бұрын берiлген рұқсат жойылуы мүмкiн. Бұл ретте қылмыстың ауырлығы, сотталғандығының болуы немесе болмауы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады;
Toggle Dropdown
11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтiнiшхатпен жолданған кезiнде өзi туралы жалған мәлiметтер хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерде қажеттi құжаттарды дәлелсiз себептермен тапсырмаған адамдарға;
Toggle Dropdown
12) Қазақстан Республикасынан бұрын шығарып жiберiлген адамдарға;
Toggle Dropdown
13) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылуы не бұрын берiлген рұқсат жойылуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
Тұруға ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
25-бап. Саяси баспана беру
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруi туралы өтiнiшiн қанағаттандыруды немесе қабылдамауды әрбiр нақты жағдайда Қазақстан Республикасының Президентi жүргiзедi.
Toggle Dropdown
26-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
27-бап. Оралман отбасының оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілетін мүшелері
Toggle Dropdown
Оралмандардың көшіп келу квотасына оралман отбасының мынадай бірге тұратын мүшелері енгізіледі:
Toggle Dropdown
1) жұбайы (зайыбы);
Toggle Dropdown
2) ата-анасы;
Toggle Dropdown
3) балалары (оның ішінде асырап алынған) және олардың отбасыларының мүшелері;
Toggle Dropdown
4) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек, отбасылары жоқ аға-інілері мен әпке-қарындастары (сіңлілері).
Toggle Dropdown
28-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
29-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
29-1-бап. Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу
Toggle Dropdown
Көшiп келушiлердi Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4-1-тарау. Оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне берілетін жеңілдіктер, өтемақылар, біржолғы жәрдемақылар, сондай-ақ жәрдемақылар мен атаулы көмектің басқа да түрлері
Toggle Dropdown
1
29-2-бап. Орталық мемлекеттiк басқару органдары
Toggle Dropdown
Халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн орталық мемлекеттiк органдар оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне:
Toggle Dropdown
1) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес зейнетақы төлеудi;
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар төлеудi;
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы төлеудi;
Toggle Dropdown
азаматтығы қалпына келтiрiлгендердiң "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген өтемақыға құқықтарын iске асыруды;
Toggle Dropdown
оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеуді;
Toggle Dropdown
2) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган:
Toggle Dropdown
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде квoтa бөлудi;
Toggle Dropdown
3) Сыртқы iстер министрлiгi:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасына келуге виза беру үшiн консулдық алымдардан босатуды;
Toggle Dropdown
4) Қорғаныс министрлiгi:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қарулы Күштер қатарында қызмет атқаруға шақыруды кейiнге қалдыруды қамтамасыз етедi.
Toggle Dropdown
1
29-3-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар
Toggle Dropdown
1. Халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн жергiлiктi атқарушы органдар:
Toggle Dropdown
1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуды;
Toggle Dropdown
жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруды;
Toggle Dropdown
2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:
Toggle Dropdown
"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудi;
Toggle Dropdown
жұмысқа орналасуда, бiлiктiлiгiн арттыруда және жаңа мамандықты игеруде көмек көрсетудi;
Toggle Dropdown
мұқтаж болғандарға мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау мекемелерiнен орын берудi;
Toggle Dropdown
мемлекеттiк тiлдi және орыс тiлiн оқып-үйренуге жағдай жасауды;
Toggle Dropdown
жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
2. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына оралмандардың көшiп келу квотасынан тыс көшiп келген оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне жеңiлдiктер мен өтемақылар белгiлеуге құқылы.
Toggle Dropdown
3. Оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, бау-бақша өсiру және саяжай салу үшiн жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес ауылдық елдi мекендердiң ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерiнен, көшiп келушiлер жер қорынан, арнаулы жер қорынан және жер запасынан уақытша қайтарымсыз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2
29-4-бап. Оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне берілетін қосымша жеңілдіктер, өтемақылар мен біржолғы жәрдемақылар
Toggle Dropdown
Мемлекет оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандар мен олардың отбасыларының мүшелеріне осы Заңның 29-2 және 29-3-баптарында көзделген жеңілдіктермен, өтемақылармен, жәрдемақылармен және атаулы көмектің басқа да түрлерімен қатар:
Toggle Dropdown
1) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
Toggle Dropdown
мүлікті шекара арқылы кеден төлемдерін алмай өткізуді;
Toggle Dropdown
2) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:
Toggle Dropdown
тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін (оның ішінде малын) жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеуді;
Toggle Dropdown
тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлуді;
Toggle Dropdown
біржолғы жәрдемақылар төлеуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін (оның ішінде малын) жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеу, тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Toggle Dropdown
5-тарау. Көшiп кету
Toggle Dropdown
30-бап. Көшіп кетушілердің кетуiн ресiмдеу тәртiбi
Toggle Dropdown
Көшіп кетушілердің кетуiн ресiмдеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Toggle Dropdown
31-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан кетуiн қаржыландыру
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа мемлекеттерге тұрақты тұру үшiн Қазақстан Республикасынан кетуiне байланысты шығындарды қаржыландыру көшіп кетушілердің өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, басқа көздерден де жүзеге асырылуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге тұрақты тұру үшiн кететiн Қазақстан Республикасының азаматтары өздерiне және өз отбасыларының мүшелерiне тиесiлi меншiк құқығы бар мүлкi мен соларға теңестiрiлген мүлiктiк игiлiктерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз есебiнен әкетуге құқылы.
Toggle Dropdown
Азаматтардың мемлекет үшiн мәдени, тарихи немесе өзге де жағынан құнды заттарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуi Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен және мемлекетаралық шарттармен реттеледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге тұрақты тұру үшiн кеткен адамдардың Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлiкке құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Toggle Dropdown
1
32-бап. Қазақстан Республикасынан кетуге рұқсат беруден бас тарту негiздерi Қазақстан Республикасының азаматына заңдарға сәйкес мынадай жағдайларда, егер ол:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi бiлетiн болса - осы мән-жайлардың күшi тоқтатылғанға дейiн;
Toggle Dropdown
2) қылмыс жасау сезiгi бойынша ұсталып не айыпкер ретiнде тартылса - iс бойынша шешiм шығарылғанға немесе сот үкiмi заңды күшiне енгенге дейiн;
Toggle Dropdown
3) қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса - жазасын өтегенге немесе жазадан босатылғанға дейiн;
Toggle Dropdown
4) өзiне сот жүктеген мiндеттемелердi атқарудан жалтарып жүрсе, - мiндеттемелердi орындағанға дейiн немесе тараптардың келiсiмге қол жеткiзуiне дейiн;
Toggle Dropdown
5) мiндеттi мерзiмдi әскери қызметтен өтiп жүрсе - осы қызметтен өтудi аяқтағанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес одан босатылғанға дейiн;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасынан кетуге құжаттар ресiмдеу кезiнде өзi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер хабарласа - осындай құжатты ресiмдеушi орган мәселенi шешкенге дейiн, бiрақ бiр айдан аспайтын уақытқа;
Toggle Dropdown
7) азаматтық сот iсiнде жауапкер болып табылса - iс бойынша шешiм шығарылғанға немесе сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн Қазақстан Республикасынан кетуге рұқсат беруден бас тартылуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының азаматына салықтық берешегі болған кезде басқа елге тұрақты тұру үшін одан тыс жерлерге шығуға рұқсат етілмеуі тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкiметi Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа елге кетуiне, онда төтенше жағдай қалыптасқан болса, соның салдарынан Қазақстан Республикасының азаматтары ол елге бара қалған жағдайда олардың қауiпсiздiгiне қатер төнуi мүмкiн болса, уақытша шектеу енгiзуге құқылы.
Toggle Dropdown
6-тарау. Көшi-қон процестерiн басқару
Toggle Dropdown
33-бап. Уәкілетті орган
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4
34-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Toggle Dropdown
Уәкілетті орган:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін талдайды және оған болжам жасайды;
Toggle Dropdown
2) халықтың көші-қонын реттеу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар талдап жасайды;
Toggle Dropdown
3) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі бағдарламалар мен нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
4) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Toggle Dropdown
5) оралмандардың көшіп келу квотасын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар талдап жасайды;
Toggle Dropdown
2
6) оралман мәртебесін беру тәртібін айқындайды;
Toggle Dropdown
2
7) оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу тәртібін айқындайды;
Toggle Dropdown
1
8) оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болу және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету тәртібі мен уақытын айқындайды;
Toggle Dropdown
9) келген оралмандарды тіркеуді, есепке алуды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
10) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
11) уәкілетті органның аумақтық органдарының оралман мәртебесін беруден және оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуден бас тартуы туралы шағымдар бойынша шешімдер қабылдайды;
Toggle Dropdown
12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
35-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7-тарау. Қорытынды ережелер
Toggle Dropdown
36-бап. Өтiнiштi қарауға байланысты шығындарды төлеу тәртiбi
Toggle Dropdown
Оралмандар деп танылған адамдар өтiнiштi қараудың барлық сатыларында мемлекеттiк органдар шегетiн шығындарды төлеуден босатылады.
Toggle Dropdown
37-бап. Құқық бұзғаны үшiн жауапкершiлiк негiздерi Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған, әкiмшiлiк немесе өзге де құқық бұзған көшiп келушiлер Қазақстан Республикасы бекiткен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленген жағдайлардан басқа реттерде, Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негiздерде жауапкершiлiкті болуға тиiс.
Toggle Dropdown
38-бап. Халықтың көшi-қоны туралы халықаралық шарттар
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар оның заңдары алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану үшiн оған заң шығару талап етiлетiн реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады.
Toggle Dropdown
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көшi-қонның осы Заңдағыдан өзге ережелерi белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Toggle Dropdown
1
39-бап. Дауларды шешу
Toggle Dropdown
Көшi-қон мәселелерi жөнiндегi даулар осы Заңда белгiленген тәртiппен және сот тәртiбiмен шешiледi.
Toggle Dropdown
40-бап. Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келгенi және Қазақстан Республикасынан заңсыз кеткенi үшiн жауапкершiлiк
Toggle Dropdown
Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келгенi немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан заңсыз кеткенi үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Toggle Dropdown
41-бап. Iшкi көшi-қон
Toggle Dropdown
Халықтың iшкi көшi-қоны саласындағы қатынастарын реттеудiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президентi