Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
Отправить по почте
Қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 932 Қаулысы
"Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспардың орындалуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары:
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет 30 қаңтарға және 30 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 932 қаулысымен бекітілген
Қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту жоспары
Р/с N | Іс шаралар | Аяқ- талу нысаны | Орын- дауға (іске асыруға) жауап- тылар | Орын- дау (іске асыру) мерзі- мі | Болжам- ды шы- ғыстар (мың теңге) | Қаржы- лан- дыру көзде- рі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Қазіргі заман- ғы инфрақұры- лымды, оның ішінде прог- рессивті тех- нологиялар мен материал- дарды дамыту- дың әлемдік үрдістерін талдау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ (жи- нақтау), ККМ, АБА, ЭМРМ, АШМ, ИСМ, "Сам- ғау" хол- дингі" АҚ | Жыл сайын 30 қаңтар 30 маусым | Талап етілмей- ді | |
2. | Қолданыстағы стратегиялық және бағдар- ламалық құжат- тарды іске асыруды қазір- гі заманғы та- лаптар мен сұ- ранысқа сәй- кестігі мәніне талдау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ (жи- нақтау), ККМ, АБА, ЭМРМ, АШМ, ИСМ, "Самғау" холдингі" АҚ | Жыл сайын 30 қаңтар 30 маусым | Талап етілмей- ді | |
3. | Серпінді мак- рожобаларды іске асыруды инфрақұрылым- дық қамтама- сыз ету | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ (жи- нақтау), ИСМ, ККМ, АБА, ЭМРМ, АШМ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "Самғау" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" холдингі" АҚ | Жыл сайын 30 қаңтар 30 маусым | Көлемі жобалар- ды пысық- таудың шамасына қарай айқында- латын болады | Бюджет- тен тыс қара- жат |
4. | Азаматтық ави- ация саласын дамыту жөнін- дегі 2009-2011 жылдарға ар- налған шаралар кешенін әзір- леу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныс | ККМ | 2008 жылғы желтоқ- сан | Талап етілмей- ді | |
5. | Қазіргі заман- ғы телекомму- никация сала- сын дамыту жө- ніндегі 2009- 2011 жылдарға арналған шара- лар кешенін әзірлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныс | АБА (жи- нақтау), "Самғау" холдингі" АҚ | 2008 жылғы тамыз | Талап етілмей- ді | |
6. | Қазақстан Республикасы аумағына ұй- ымдастырудың бас схемасын әзірлеу жө- ніндегі дай- ындық іс-шара- ларын жүргізу, оның ішінде: | ЭБЖМ-ге ақпарат | ИСМ | 2008 жылғы 15 қаңтар, 2008 жылғы 15 шілде | 29974 | Респуб -лика- лық бюджет |
6.1. | Қазақстан Рес- публикасының бас схемасын әзірлеу және келісу тәрті- бін айқындау жөнінде ұсы- ныстар дайын- дау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныс | ИСМ | 2008 жылғы желтоқ- сан | Талап етілмей- ді | |
6.2. | 3.01-07-2001 "Қазақстан Республикасын- дағы қала құ- рылысы жобала- рының құрамы, оларды әзір- леу, келісу және бекіту тәртібі туралы нұсқаулық" Қазақстан Рес- публикасының ҚНЕ өзгеріс- тер енгізу | ЭБЖМ-ге ақпарат | ИСМ | 2008 жылғы 15 қаңтар, 2008 жылғы 15 шілде | 4760 | Респуб -лика- лық бюджет |
6.3. | Қазақстан Рес- публикасының аумағын ұйым- дастырудың бас схемасын әзірлеу жөнін- дегі ұсыным- дарды әзірлеу және белгілен- ген тәртіппен келісу | ЭБЖМ-ге ақпарат | ИСМ | 2008 жылғы 15 қаңтар, 2008 жылғы 15 шілде | 25214 | Респуб -лика- лық бюджет |
7. | Еуропа-Азия бағытында бір- ыңғай транзит жүйесін құру- дың халықара- лық инвести- циялық мега- жобасын іске асыру жөнінде шаралар кеше- нін әзірлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныс | ККМ (жи- нақтау), СІМ, Әді- летмині, Қаржымині, ЭБЖМ, АШМ, облыстар- дың, Астана және Алма- ты қалала- рының әкімдері, "Самғау" холдингі" АҚ, "Қазы- на" орнық- ты даму қоры" АҚ, "ҚазАгро" АҚ, "Атамекен" Одағы" ҚҰЭП | 2008 жылғы шілде | Талап етілмей- ді | |
8. | Бюджет қаража- тын тиімді пайдалануды бағалауды ұсы- на отырып, бағдарламалық құжаттардың қаржылық қам- тамасыз етілу- ін бағалау | ЭБЖМ-ге ақпарат | ККМ, АБА, ЭМРМ, АШМ, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ, "Сам- ғау" хол- дингі" АҚ | Жыл сайын 15 қаңтар 15 маусым | Талап етілмей- ді | |
9. | Мультимодальды тасымалдауды дамыту жөнінде шаралар кеше- нін әзірлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныс | ККМ | 2009 жыл | Талап етілмей- ді | |
10. | Әзірленген Қазақстан Рес- публикасының аумағын ұйым- дастырудың бас схемасын еске- ре отырып, қолданыстағы бағдарламалық құжаттарды тү- зету | Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің қаулысы | Мүдделі мемлекет- тік орган- дар | 2011 жыл | Талап етілмей- ді | |
11. | Қазақстан Рес- публикасының почта саласы мен почта жи- нақтау жүйесін дамыту жөнін- дегі 2011-2015 жылдарға арналған шара- лар кешенін әзірлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныс | АБА, "Сам- ғау" хол- дингі" АҚ | 2010 жыл | Талап етілмей- ді | |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
"Самұрық" холдингі" АҚ - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғам
"Қазына"
ОДҚ" АҚ - "Қазына" орнықты қоры дамыту" акционерлік қоғамы
"Самғау" холдингі" АҚ - "Самғау" мемлекеттік холдингі" акционерлік қоғамы
"ҚазАгро" холдингі" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы
"Атамекен"
Одағы" ҚҰЭП - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы" заңды тұлғалар бірлестігі
ҚНЕ - құрылыс нормалары мен ережелері
Ескертпеге өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.07.2009. № 1101 Қаулысымен. (12.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)