Toggle Dropdown
1
Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттардың ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 8 ақпан N 183
Toggle Dropdown
Редакция 04.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық архивтердің ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы
8 ақпандағы N 183 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық архивтердің ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану қағидалары
Toggle Dropdown
1. Осы Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық архивтердің ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану қағидалары мемлекеттік және ведомстволық архивтердің (бұдан әрі – архивтік мекемелер) архив құжаттарын жасаушылармен және пайдаланушылармен қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді.
Toggle Dropdown
2. Архивтік мекемелер жеке және заңды тұлғаларға ақылы қызметті мына бағыттар бойынша көрсетеді:
Toggle Dropdown
1) архив ісін және құжаттамалық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізу және әдістемелік әзірленімдер енгізу;
Toggle Dropdown
2) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу;
Toggle Dropdown
3) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтініштері) бойынша құжаттау мен құжаттамаларды басқарудың қазіргі заманғы негіздеріне оқыту жөніндегі курстар мен семинарлар өткізу;
Toggle Dropdown
4) архив құжаттарын сақтаудың температуралық-ылғалдылық және физикалық-химиялық параметрлерін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар әзірлеу, әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
Toggle Dropdown
5) архивтік істер мен құжаттарды қайта қалпына келтіру, түптеу, архивтік қораптар дайындау;
Toggle Dropdown
6) архив құжаттарының сақтық көшірмелерін дайындау, мәтіндерін қалпына келтіру;
Toggle Dropdown
7) архив қорларына ғылыми-анықтамалық аппарат жасау мен жетілдіруде әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
Toggle Dropdown
8) тапсырыстар (өтініштер) бойынша тектану және тақырыптық сипаттағы ақпаратты анықтауды жүргізу және архив құжаттарын пайдалануды қоспағанда архив құжаттарын көшірмелеу.
Toggle Dropdown
3. Архивтік мекемелер жеке немесе заңды тұлғалармен жасасқан шарттардың негізінде ақылы қызмет көрсетеді. Бұл ретте ақылы қызмет көрсету жөніндегі келісімшартта заңнамада белгіленген талаптардан басқа, қызмет түрлері, олардың көлемі, баға көрсеткіші бойынша құны, қызмет көрсету мерзімдері және келісуші тараптардың жауапкершілігі туралы мәліметтер болуы тиіс.
Toggle Dropdown
4. 2-тармақта көрсетілген ақылы қызметтің баға көрсеткішін архив ісі саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті орталық атқарушы органы бекітеді.
Toggle Dropdown
5. Архивтік мекемелерде ақылы қызметтен түсетін қаржы мемлекеттік мекеменің ағымдағы «Ақылы қызмет көрсетуден алынатын қаражат» шотына есептеледі және кірістер мен шығыстар сметасына сәйкес қатаң түрде нысаналы бағыты бойынша жұмсалады. Оларға бюджет қаражатына билік ету құқығы берілген мемлекеттік мекемелердің басшылары иелік етушілер болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Архивтік мекемелер ақылы қызмет көрсетуден түскен қаржыны мыналарға:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік және ведомстволық архивтердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
Toggle Dropdown
2) ақылы қызмет көрсетуге қажетті жабдықтар мен керек-жарақтарды сатып алуға және оларды жөндеуге;
Toggle Dropdown
3) ақылы қызмет көрсетуге тартылған мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;
Toggle Dropdown
4) шаруашылық шығыстарға (жылуға, электр энергиясына, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы және шаруашылық мақсаттағы заттар мен материалдарды сатып алу, көліктік қызметке ақы төлеу);
Toggle Dropdown
5) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар тапсырыстары (өтініштері) бойынша құжаттау мен құжаттамаларды басқарудың қазіргі заманғы негіздеріне оқытуды жүргізу үшін және үй-жайды жалға алуға, оқу құралдарын, көрнекі материалдарды сатып алуға;
Toggle Dropdown
6) архивтану, құжаттану, археография және қосалқы тарихи пәндер бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиеттер шығаруға пайдаланылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
7. Ақылы қызмет көрсетуден түскен қаржының кірістер мен шығыстар сметалары қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалады және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітеді.
Toggle Dropdown
8. Ақылы қызметтен түсетін қаржыны есепке алу, оның есептілігі және бақылау заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.