Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 983 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2021 жылғы 19 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 04.06.2021 жылғы № 375 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
«1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 12) тармақшасына, 10-бабының 7) тармақшасына және 77-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу не Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған, медициналық техниканы кейіннен денсаулық сақтау ұйымдарына қаржылық лизинг шарттарында беру үшін сатып алуды ұйымдастыру және оны өткізу қызметінің негізгі мәні болып табылатын ұйым (бұдан әрі – Лизинг беруші) қаражатының есебінен денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарында сатып алу тәртібін айқындайды.»;
«11) жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесі – біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген, сатып алудың жеңімпаздары деп танылған жағдайда шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер, шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сот шешімімен бұзушылық жіберген деп танылған, жосықсыз әлеуетті өнім берушілер тізбесіне осындай заңды тұлғаларды кіргізуге негіз болып табылған өнім берушілер туралы сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютер қалыптастыратын мәліметтер;»;
«15. Тендерді ұйымдастырушы алда болатын фармацевтикалық қызметтерді сатып алу туралы тендерлік өтініштерді қабылдау аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 20 күн бұрын аптасына үш реттен сиретпей шығарылатын және кемінде Қазақстан Республикасының аумағында таралатын мерзімдік баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау және ақпаратты сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыру жолымен әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.»;
«35. Сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор құрған жосықсыз әлеуетті өнім берушілер тізбесі бірыңғай тізбе құру үшін және оның интернет-ресурсында орналастыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.»;
«Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген, үш айдан асқан Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы (болуы) туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының салық органы басшысының не орынбасарының қолымен және аталған салық органының мөрімен бекітілген түпнұсқасы;»;
«4) техникалық өзіндік ерекшеліктер doc* форматындағы қағаз және электрондық түрде;»;
«47. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді берген кезде сатып алынатын дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу үшін бөлінген сомадан үш пайыз мөлшерінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, тендерді өткізу туралы хабарландыруда көзделген шарттарда оның тендерлік өтінімінде ұсынылған лоттар бойынша бір мезгілде кепілді міндеттеме енгізеді.»;
«2) сатып алуды ұйымдастырушыға осы Ережеге 6 немесе 6-1-қосымшаларға сәйкес осы Ереженің 88-1-тармағына сәйкес бірыңғай дистрибьютерге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға банктік кепілдік.»;
«77-2. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспайтын баға бойынша отыз күнге дейінгі қажеттілік кезеңіне сатып алуға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары бойынша жеткізу мерзімдерін Бірыңғай дистрибьютордың бұзуына байланысты тегін медициналық көмектің (жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек) кепілдік берілген көлемін уақтылы көрсету үшін тапсырыс берушілерде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдықтары болмаған жағдайда жол беріледі.»;
«4) қалдық жоқ болған кезде, тендердің қорытындысы шыққанға дейінгі кезеңге ағымдағы қажеттіліктегі дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен фармацевтикалық қызметті сатып алуды жүзеге асырудағы қажеттілік болғанда жүргізілетін сатып алу тәсілі.»;
«82. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тапсырыс берушілерді дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен жыл сайын бірінші шілдеден кешіктірмей уақтылы қамтамасыз ету мақсатында келесі күнтізбелік жылға бірыңғай дистрибьютордың тізімін бекітеді. Бірыңғай дистрибьютордың тізімі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қамтуы тиіс.
Бірыңғай дистрибьютордың тізімін уәкілетті орган әрбір атау бойынша шектеулі бағаны көрсете отырып, бірыңғай дистрибьюторға жолдайды, осы Ереженің 11-1-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, бірыңғай дистрибьюторда бұдан жоғары бағаға сатып алуды жүргізуге құқығы жоқ.»;
«84. Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютор тізімі бекітілген күнінен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға келесі күнтізбелік жылға алдын ала өтінімді ұсынады, онда мыналар қамтылуы тиіс:»;
«86. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды өткізгеннен кейін және келесі күнтізбелік жылға өнім берушілерді айқындағаннан кейін тапсырыс берушілерге тиісті күнтізбелік жылға бюджетті қалыптастыру (түзету) үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрқайсысының атауы бойынша бағасы мен ең аз қаптамадағы санын ұсынады.
Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерге Бірыңғай дистрибьютор белгілеген өзінің үстеме бағасын ескере отырып, белгіленген бағаға 10%-дан аспайтын мөлшердегі бағаларды ұсынады. Сонымен бірге үстеме баға сомасы орфандық препараттарға арналған қаптамаға төрт айлық есептік көрсеткіш сомасынан аспауы тиіс.
Үстеме баға саясатын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Бірыңғай дистрибьютор анықтайды.»;
«87. Тапсырыс берушілер жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған бюджет бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға бірыңғай дистрибьютордың тізімінде көзделген келесі күнтізбелік жылға арналған дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға түпкілікті өтінімді береді, онда мыналар қамтылуы тиіс:»;
мынадай мазмұндағы 87-1 және 87-2-тармақтармен толықтырылсын:
«87-1. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды қорытындылаған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде сатып алынатын дәрілік заттардың атауларының нақты бағасын көрсете отырып, белгіленген нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға нәтижелері туралы есеп береді.
87-2. Бірыңғай дистрибьютор ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу және жеткізу мониторингін жүргізеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша есеп береді.»;
88-1, 88-2 және 88-3 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«88-1. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алатын медициналық техниканы, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарына кейіннен беру үшін Лизинг берушінің қаражаты есебінен медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарында сатып алуды ұйымдастырушы «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болады.
88-2. Ағымдағы нысаналы трансферттер шеңберінде бөлінген қаражат есебінен сатып алынатын медициналық техниканы сатып алуды дайындау және ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтау саласына бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілген күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушыға әрбір атау бойынша медициналық техниканың тізбесі, саны, мерзімі, жеткізу шарттары мен орны, бағасы және сатып алу үшін бөлінген сома қамтылатын ақпаратты ұсынады.
Денсаулық сақтау ұйымдарына кейіннен беру үшін сатып алынатын медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарында сатып алуды дайындау және ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Лизинг берушінің медициналық техника тізбесін ұсынған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде медициналық техниканың тізбесін келісуді жүзеге асырады.
Медициналық техниканың келісілген тізбесінің негізінде Лизинг беруші сатып алуды ұйымдастырушыға атауы, саны, бағасы, техникалық өзіндік ерекшелігі, мерзімі, жеткізу шарттары мен орны қамтылатын ақпаратты ұсынады.
88-3. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан ақпарат алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сатып алынуға тиіс денсаулық сақтау ұйымдарына кейіннен беру үшін қаржылық лизинг шарттарында сатып алынатын медициналық техниканы қоспағанда, медициналық техниканың техникалық сипаттамасының (техникалық өзіндік ерекшелігінің) оңтайлы параметрлерін анықтау үшін медициналық техниканың сұратылған үлгісінің бейіні бойынша мамандардан, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бас штаттан тыс мамандардан, медициналық ұйымдар мамандарынан, медициналық техниканың сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың сарапшыларынан тұратын сараптама комиссиясын құрады. Сараптама комиссияның құрамында сатып алынатын медициналық техниканың бейіні бойынша сарапшылар топтары құрылуы мүмкін. Сараптама комиссиясы және/немесе сарапшылар тобы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан және кемінде бес адамнан тұруы тиіс.»;
«88-8. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы 5 жұмыс күнінің ішінде тапсырыс берушілер ұсынған сатып алынатын медициналық техника тізімдерінің негізінде және/немесе осы Ереженің 88-2-тармағының үшінші абзацында көрсетілген ақпарат негізінде әрбір атау бойынша медициналық техниканың тізбесі, саны, мерзімі, жеткізу шарттары мен орны, бағасы және сатып алу үшін бөлінген сома, техникалық сипаттама (техникалық өзіндік ерекшелік) қамтылған сатып алынатын медициналық техниканың әрбір атауы бойынша және тендер жариялайды.»;
«бiрыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы;»;
«94. Комиссияның құрамына бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе ол өкілеттік берген тұлға, қызметкерлері, тапсырыс берушілердің өкілдері және/немесе тапсырыс берушілердің мемлекеттік басқару органының, Лизинг берушінің өкілдері енгізіледі.»;
«101. Сарапшылар (сараптама комиссиясы, оны құрған жағдайда) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың тізіміне сәйкес не медициналық техниканың техникалық сипаттамасының талаптарына сатып алынатын медициналық техниканың жиынтық тізіміне сәйкес сараптама қорытындысын береді және комиссия шешім қабылдау кезінде дауыс құқығы жоқ. Сараптама қорытындысы жазбаша түрде ресімделеді, сарапшылар (сараптама комиссиясының мүшелері) қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі. Сарапшылардың (сараптама комиссиясының) сараптама қорытындысын ең төменгі бағаны айқындау рәсіміне әлеуетті өнім берушінің өтінімін жіберу туралы мәселені шешу кезінде комиссия қарайды.
102. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен тендер өткізу туралы әлеуетті өнім берушілер өтінімдерді қабылдауды аяқтау күніне дейін жиырма күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі хабарландыруды республикалық мерзімдік баспа басылымдарында және (немесе) медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында жариялау жолымен хабарланады.»;
«Әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген соманы есептеу кезінде бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілердің алдын ала өтінімдеріне сәйкес уәкілетті орган анықтаған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың шектік бағаларын он пайызға азайтады.»;
«Әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып тендер өткізу туралы хабарландыруда көзделген шарттарда оның тендерлік өтінімінде ұсынылған лоттар бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу үшін бөлінген соманың үш пайызы мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.»;
«2) әлеуетті өнім беруші ұсынатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Кодекске, осы Ереженің 8, 8-1, 12 және 13-тармақтарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу тәртібіне сәйкес сатып алынатын дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға қойылатын талаптарға сай келмесе;»;
«127. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген тендер нәтижесі бойынша комиссия үш жұмыс күнінің ішінде екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген тендер қорытындысы жөнінде хаттамаға қол қояды, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:»;
«2) тендерде қандай да бір лот бойынша отандық тауар өндіруші болып табылатын осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушінің бір өтінімі ғана берілгенде не әлеуетті өнім берушілер олардың біреуі – отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім беруші осы Ереже талаптарына сәйкес келетін екі және одан көп өтінім берілгенде. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы аталған отандық тауар өндірушілерден бір көзден сатып алуды жүзеге асырады.»;
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне 9-қосымшада:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«____________________ жылғы «_______-____»
_________________________________________________________________
Бұдан әрі «Бірыңғай дистрибьютер» деп аталатын__________________,
негізінде әрекет өтетін бір тараптан ___________________________
бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын,___________________________
негізінде әрекет ететін екінші тараптан
Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталып, Бірыңғай дистрибьютор мен Тапсырыс беруші арасында төмендегідей дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Форс-мажор мән-жайлары пайда болған кезде, осы жағдай туындаған Тарап басқа Тарапқа осындай мән-жайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді және форс-мажор мән-жайлары пайда болған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде олардың туындауын тиісті құжаттармен растайды. Мұндай жағдайда Шарттың әрекеті форс-мажор мән-жайлары аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады және Шарттың қолданылу мерзімі форс-мажор мән-жайлары әрекетінің мерзіміне сай ұзартылады. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайларға сүйену құқығынан айырады.»;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Бірыңғай дистрибьютор тауарды беру кестесін сақтамаған болса, Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьюторды жазбаша нысанда хабардар еткеннен кейін Шарт шеңберінде кешіктірілген әр бір күн үшін Шарт сомасынан уақтылы берілмеген тауар сомасының 0,2% мөлшерінде аспайтын соманы бірақ уақтылы берілмеген тауар құнының 5%-нан тұрақсыздық төлемі ретінде шегеруге құқылы.»;
«8. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап не қажет болған жағдайда Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде міндетті түрде тіркегеннен кейін күшіне енеді.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Сатып алушы осы Шарттың 8-тармағына сәйкес шартты орындауды қамтамасыз ету сомасын Шарттың 25 және 26-тармақтарына сәйкес өсімпұл және/немесе айыппұл сомалары бойынша Өнім берушінің міндеттемелерін өтеу шотына ұстауға құқылы.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Жеткізілген өнімге төлемді негізсіз кідірткен жағдайда, Сатып алушы Өнім берушінің жазбаша хабарламасының негізінде Өнім берушіге кешіктірілген әр күні үшін берешек сомасының 0,1% мөлшерінде, бірақ берешек сомасының 5%-ынан аспайтын өсімпұл төлейді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 983 қаулысына қосымша
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне 6-1-қосымша
Банк кепілдігі (тендер өтінімін қамтамасыз ету нысаны)
Банктің атауы:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(көрсетілген Ереженің 88-1-тармағына сәйкес бірыңғай дистрибьютордың немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
№___ кепілдік міндеттеме
___________________ ____ ж. «__»________
(орналасқан жері)
Бізге _________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
бұдан әрі «Өнім беруші»,_________________________________________
(бірыңғай дистрибьютордың немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________ жалпы
сомасы ___________________________________________________ теңгеге
(жазумен)
___________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің атауы мен көлемі)
сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, тендерге қатысатыны туралы хабарлайды.
Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер тәсілімен сатып алу шарттарына сәйкес банктік кепілдеме түрінде тендер өтінімін қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушілердің енгізуі көзделген.
Осыған байланысты __________________________________________
(банктің атауы)
біз Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім берушінің:
тендер өтінімін қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін тендер өтінімін кері қайтарғанын;
екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланумен тендер жеңімпазы болып танылып, бірақ жеткізу шартын уақтылы жасаспағанын;
жеткізу шартын жасасып, орындамағанын не шартты орындаудың кепілді қамтамасыз етуді енгізу бойынша талаптарды уақтылы орындамағанын;
ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысуға рұқсат етілгенін, бірақ рұқсат ету хаттамасында көрсетілген мерзімде баға ұсыныстарын ұсынбағанын жазбаша растауыңызды алғаннан кейін өзімізге Сіздің талабыңыз бойынша
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(цифрмен және жазумен сома)
тең соманы төлеуге Сізге мерзімінде міндеттеме аламыз.
Осы кепілдік міндеттеме тендер өтінімі бар конверттерді ашу күнінен бастап күшіне енеді.
Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің тендерге қатысуға тендер өтінімінің соңғы мерзіміне дейін қолданылады және егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз тендер өтінімінің соңғы мерзіміне «__»________________алмайтын болсақ, бұл құжаттың бізге қайтарылғанына немесе қайтарылмағанына қарамастан толық және автоматты түрде мерзімі өтеді. Егер тендер өтінімінің қолданылу мерзімі ұзартылса, онда осы кепілдік міндеттеме осындай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілдік берушілердің қолы мен мөрі Күні және мекенжайы».
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |