• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 Қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 19.06.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 122 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2021 жылғы 19 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 04.06.2021 жылғы № 375 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
7-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы «тапсырыс берушілердің» деген сөздерден кейін «және сатып алуды ұйымдастырушылардың» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың 7) тармақшасында:
«медициналық мақсаттағы бұйымдардың» деген сөздерден кейін «және медициналық техниканың» деген сөздермен толықтырылсын;
«дәрілік заттарды» деген сөздердің алдынан «сатып алу ұсынылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушінің ресми өкілі мәртебесі бар дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың әлеуетті өнім берушісі тендердің бір лоты бойынша дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың бір ғана өндірушісін білдіреді.»;
2-бөлімнің тақырыбы «Тапсырыс берушінің» деген сөздерден кейін «немесе сатып алуды ұйымдастырушының» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:
«40-1. Осы Ереженің 39-тармағында көзделген құжаттардан басқа, медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісінің тендерлік өтінімінде өндірушінің не сатып алу ұсынылатын медициналық техниканы өндірушінің ресми өкілінің мәртебесін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі болуы тиіс.»;
106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«106. Әлеуетті өнім беруші осы Ереженің 5-тарауында айқындалған тәртіппен тендерлік өтінімнің кепілдікті қамтамасыз етуін енгізеді.
Әлеуетті өнім беруші екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендер өткізу туралы хабарландыруда көзделген нысанда, тәсілмен және шарттарда оның тендерлік өтінімінде ұсынылған сатып алынатын дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника құнының үш пайызы мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.»;
121-тармақтағы «Баға» деген сөз «Бастапқы баға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«баға ұсыныстары» деген сөздер «бастапқы баға ұсыныстары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Әлеуетті өнім беруші тендердің қандай да бір лоты бойынша бастапқы баға ұсынысын ұсынбаған жағдайда әлеуетті өнім беруші осы лот бойынша келесі баға ұсынысын ұсыну мүмкіндігінен айырылады және тендердің жеке лоты бойынша ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысудан шеттетіледі.»;
131-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) екі кезеңді рәсімдерді тұтасымен пайдаланып немесе оның қандай да бір болмаған лоты бойынша тендерді тану кезінде;»;
145-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«145. Екі кезеңді рәсімдерді тұтасымен пайдаланып немесе оның қандай да бір болмаған лоты бойынша тендерді тану жағдайында әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің болмауына орай және бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға баға ұсыныстарының болмауына байланысты бірыңғай дистрибьютор уәкілетті органға дәрілік заттардың және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдардың шекті бағасын арттыру жағына қарай өзгертіп, Бірыңғай дистрибьютор тізіміне тиісті өзгерістер енгізуді ұсынады.
Бірыңғай дистрибьютор тізіміне өзгерістер енгізілген жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу осы Ереженің 10-тарауында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне 9-қосымшада:
5-тармақтың бесінші абзацындағы «құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелеріне» деген сөздер «Бірыңғай дистрибьютордың мөрімен бекітілген құжаттардың көшірмелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне 11-қосымшада:
3-бөлімдегі 1, 2 нөмірлеу 4, 5 деген сандармен ауыстырылсын;
4-бөлімдегі 1, 2 нөмірлеу 6, 7 деген сандармен ауыстырылсын;
5-бөлімдегі 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 нөмірлеу 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 деген сандармен ауыстырылсын;
6-бөлімдегі 1, 2, 3, 4, 5 нөмірлеу 20, 21, 22, 23, 24 деген сандармен ауыстырылсын;
7-бөлімдегі 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 нөмірлеу 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32 деген сандармен ауыстырылсын;
8-бөлімдегі 1, 2, 3, 4, 5 нөмірлеу 33, 34, 35, 36, 37 деген сандармен ауыстырылсын;
9-бөлімдегі 1, 2, 3 нөмірлеу 38, 39, 40 деген сандармен ауыстырылсын;
10-бөлімдегі 1, 2, 3, 4 нөмірлеу 41, 42, 43, 44 деген сандармен ауыстырылсын;
11-бөлімдегі 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 нөмірлеу 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52 деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                       К. Мәсімов